Қазақстан және Оңтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру жүйесінің салыстырмалы анализі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ӘОЖ 378. 091. 4(519. 5)

БИТЕН САЛТАНАТ АЛТЫНБАЙҚЫЗЫ

«Қазақстанда және Оңтүстік Кореяда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы»

Мамандығы: 6М010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

6М010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы

бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық

дәрежесін алу үшін орындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі: Булшекбаева А. И

PhD, қауымдаст. проф. м. а.

C:\Users\Bektas\Desktop\Булшекбаева А.И. код.png

Қорғауға жіберілді:

Педагогика және психология Институтының директоры

Алмухамбетов Б. А.

«28». 05. 2020ж

Кафедра меңгерушісі, п. ғ. к., қауым. профессор Қыяқбаева Ұ. Қ.

«27». 05. 2020ж

Әдістемелік семинар төрағасы, п. ғ. д., профессор Манкеш А. Е.

«26». 05. 2020ж

Педагогика және психология Институтының директорыАлмухамбетов Б. А.«28». 05. 2020ж: C:\Users\Bektas\Desktop\Альмухамбетов Б.А. qr code.gif
Кафедра меңгерушісі, п. ғ. к., қауым. профессор Қыяқбаева Ұ. Қ.«27». 05. 2020ж: C:\Users\Bektas\Desktop\Кыякбаева.gif
Әдістемелік семинар төрағасы, п. ғ. д., профессор Манкеш А. Е.«26». 05. 2020ж: C:\Users\Aigul\Pictures\qr-code.gif

Алматы, 2020

MAЗМҰHЫ

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
3
:
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР: АНЫҚТАМАЛАР МЕН ТЕРМИНДЕР
3: 5
:
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР: ҚЫСҚАРТУЛАР
3: 6
:
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР: КІРІСПЕ
3: 7
: 1
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР: ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
3: 12
: 1. 1
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР: Қазақстан мен Оңтүстік Корея мемлекеттерінің мектепке дейінгі білім беру жүйесінің тарихы
3: 12
: 1. 2
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР: Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Кореяда мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі маңызды реформалар
3: 28
: 2
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР: ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
3: 45
: 2. 1
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР: Қазақстан және Оңтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы
3: 45
: 2. 2
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР: Қазақстан және Оңтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру жүйесінің салыстырмалы анализі
3: 65
:
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 74
:
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 80
:
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР: ҚOCЫMШAЛAP
3: 84

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диссертацияда келесі стандарттардың сілтемелері қолданылған

Назарбаев Н. Ә. « Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Н. Ә. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері». Астана, 2018 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1998 жылдың 7 қазанындағы № 284, 2007 жылдың 21 мамырындағы № 254-Ш нөмірлі Заңдармен енгізілген өзгерту және толықтырулармен бірге. Алматы, 2008 ж.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы 29 сәуір 2005 жылы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың «2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 11 қазан 2004 жылы Қазақстан Республикасындағы «2007-2009 жылы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуды қолдау бойынша шаралардың жоспары» 2016 жылғы 12 тамыздағы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 2010 жылғы 28 мамырдағы Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі ерте жастағы
(1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі)
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі мектепке дейінгі кіші жастағы
(3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі)
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «зерек бала» бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жылғы 28 қаңтар 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ТЕРМИНДЕР

Балабақша- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме

Конфуцианизм- жоғары моральдық қасиеттерге ие адамның идеалына дейін жетілдіру, тәңірге құрмет көрсету идеологиясы

Буддизм- күнделікті өмірде мінез-құлықтың және қарым-қатынастың моральдық нормаларын меңгеру мен сақтау бойынша салт-дәстүр ережелері мен іс-әрекеттер жүйесін меңгеру қажеттілік идеологиясы

Христиандық- адамның өмірі жер әлемімен шектелмейді, мәңгілікке созылады. Адам мәңгілікке арналған идеологиясы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы

Критерий - кез келген нәрсені бағалауға, анықтауға, жіктеуге мүмкіндік беретін сапа көрсеткіші

Салыстырмалы педагогика - педагогика ғылымының шетелдердегі тәрбие және оқыту жүйесін салыстырмалы түрде зерттейтін саласы

PISA (Program for International Student Assessment) - білімі мен іскерлігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы

PIRLS(Progress in International Reading Literacy Study) - "Оқу және мәтінді түсіну сапасын зерттеу" халықаралық жобасы

TIMSS (Third International Mathematics and Science Study) - Математика және жаратылыстану ғылыми білім сапасын бағалау

McKinsey&Company - білім сапасының жоғарылауы мен оның динамикасының айырмашылықтар неге байланысты екенін зерттейтін компания атауы

Субсидия - Үкімет мектепке дейінгі мекемелердің қызметтері үшін төлемді азайтуға бағытталған бағдарламалар

Kids Note- барлық іс-шаралардың кестесі ата-аналарға айдың басында балабақша мәзірімен бірге берілетін арнайы мобильді қосымшасы

ҚЫСҚАРТУЛАР

PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) - "Оқу және мәтінді түсіну сапасын зерттеу"

PISA (Program for International Student Assessment) - білімі мен іскерлігін бағалаудың халықаралық бағдарлама

TIMSS (Third International Mathematics and Science Study) - Математика және жаратылыстану ғылыми білім сапасын бағалау бойынша халықаралық зерттеу

МДҰ- мектепке дейінгі ұйым,

ҰОҚ - ұйымдастырылған оқу қызметі

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

БҚИ- бәсекеге қабілеттілік индексі

ҚСПК - Қазақстанның салыстырмалы педагогика кеңесі

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

Қаз КСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

ЭЫДҰ - экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. ХХІ ғасырда білім мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық ресурсы болып табылады. Жаңа жүз жылдыктың басында білім беру жүйесі бүкіл әлем денгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғам негізін құрайтын басты тетіктердін біріне айналды. Сондықтан да бүгіні күні сапалы білім алу адамның рухани қажеттіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы болып отыр. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай ғылыми зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер қарастырылуда. Қазақстаның білім беру жүйесі бір жағынан, әлемдік білім беру үрдісіне сай жаһандану жағдайында түрлі әлемдік білім беру тенденцияларының ықпалы негізінде дамыса, екінші жағынан, білім беру жүйесі нарықтық экономикада білім беру және білім беру қызметтері еліміздің экономикасын дамытуға, сондай-ақ, білімді капиталдандыруға жағдай жасауда. Бүгінгі күні алдымызда тұрған ауқымды міндеттердің бірі - сапалы білім беру арқылы үздіксіз білім берудің ұлттық моделін жасап, жаңаша ойлайтын жас буынды қалыптастыру. Осы орайда Әбу Насыр әл Фарабидің: «Білім мен тәрбие жас ұрпақтың қос канаты», - деген өнегелі сөз ойымызға оралады[1] .

Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы «қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты қазақстан халқына жолдауында «ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады» деп, еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы мен оның гүлденуінде балаларға мектепке дейінгі сапалы білім беру мен ерте жастағы балалардың қабілеттерін дамытудың қоғамдағы орны өте маңызды екенін ерекше атап өтті[2] .

Мектепке дейінгі білім беру алғаш Я. А. Коменский еңбектерінде көрініс тапты. Сонымен қатар Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо, Ф. Фребель, И. Песталоцци, Р. Оуэн, Д. Дьюи мектепке дейінгі педагогиканың дамуына өз үлестерін қосты[3] . Ал мектепке дейінгі педагогиканы зерттеген ресей ғалымдары К. Д. Ушин­ский, Е. Н. Во­до­во­зо­ва, А. С. Си­мо­но­вич, Е. И. Кон­ра­ди П. Ф. Кап­те­рев, П. Ф. Лес­гафт, П. Кер­го­мар, Л. К. Шле­гер[4] .

Мектепке дейінгі білім беру Г. Н. Ким, Hye Sin, Gang Ho, Gui Yeon, Man Chul корей ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапты[5] . Қазақстанда XX ғасырдың басында мектепке дейінгі тәрбие берудің бірінші теоретиктері мен ұйымдастырушылары, әйгілі педагогтар мен қоғам қайраткерлері, О. Д. Мухля, Е. Л. Романова, М. Г. Солдатова, Н. С. Құлжанова, Б. Б. Баймұратова, А. К. Меңжанова, К. Д. Травина, М. Ф. Покровский, Жиенбаева С. Н., Ш. Бегимбетова, Г. Х. Дүкенбаева, Сулейменова Р. А., Манкеш А. Е., Мендаяхова К., Мовкебаева З. А., Батибаева С. Г., Метербаева К. М., Искакова А. Т., Таубаева Г. З., Абаева Ғ. А., Аймағамбетова Қ., Сәтмұхамбетова Қ. және т. б. болатын[6] . Жаһандану дәуірінде әртүрлі елдердің білім беру жүйелерінің дамуын салыстыра зерттеу де маңызды. Қазақстанның білім беру саласындағы салыстырмалы-педагогикалық зерттеу тұлғаны білім беру арқылы дамыту мен қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерттеуге, сонымен қатар білім берудің ұлттық үлгілерінің үздік дәстүрлерін сақтауға, әлемдік аренада қазастандық білім беру сапасы мен тиімділігін жоғарылату үшін біздің елімізге алдыңғы қатарлы тәжірибелерді бейімдеудің жолдарын іздеуге бағытталған. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету» қажеттігі айтылған[7] . Осы мақсатта мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау кезінде жоғары орынға ие Оңтүстік Корея тәжірибесін атасақ болады. Корея Республикасында мектепке дейінгі білім беру жүйесі бір қырынан ұлттық дәстүрлердің сақталуымен, екінші қырынан мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың дамуы және олардың қазіргі таңдағы ғылым, инновациялардың заманауи жетістіктеріне сәйкестігімен сипатталады. Жалпы педагогика тарихына шолу жасағанда әр түрлі мемлекеттердегі оқыту әдістемесін салыстырудың толық дамымағаны байқалады. Салыстырмалы педагогиканы білу педагогикалық мәдениетті байытады және құндылықтар мен білім берудің басқа жүйелеріне менталитет пен толеранттылықты дамытады. "Салыстырмалы педагогика" термині алғаш рет француз ғалымы М. А. Жюльен "Салыстырмалы педагогика бойынша жұмысқа нобайлар және алдын ала жазбалар" (1817) брошюрасында, яғни 200 жыл бұрын ғылыми айналымға енгізді. Сонымен қатар Сорбон университетінің профессоры Виктор Кузен, неміс педагогтері К. А. Крузе, Фредрих Тирш, Ф. Харкорт, америка педагогтері Г. Манн, Г. Бернард, К. Стоу, Ч. Турбер, А. Флекснер, ағылшындық М. Сэдлер және т. б. Бұған ресейлік К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Н. Даденков, П. Копнист, П. Г. Мижуев, А. Музыченко, М. А. Поспелов және т. б. педагогтарды жатқызуға болады[8] . Кеңес Одағында салыстырмалы педагогика баяу дамыды. Белгілі ғалым-компаративист Б. Л. Вульфсон өзінің "Салыстырмалы педагогика: теория мен әдіснаманың өзекті мәселелері" атты мақаласында былай деп жазады: "Кеңес уақытында шетелдік мәселелерді талдау ерекше қиындықтармен байланысты болды . . . " [9] . Қазақстанда салыстырмалы педагогика бойынша алғашқы ғылыми жұмыс 1996 ж. А. Қ. Құсайновтың "Германия мен Қазақстанда білім беруді дамыту (салыстырмалы-педагогикалық сипаттама) " тақырыбында орындалды [10] . Кейінгі жылдары Қазақстанның ғалым-компровистері: Г. К. Нұрғалиева, К. С. Мусин, Ы. А. Наби, З. Кенесарина, М. Т. Есеева, Р. К. Тұрысжанова, Б. А. Жетписбаева, Б. Р. Құлбекова, Г. К. Тлеужанова, А. Қалиева, О. Я. Сулеименова және т. б. әлемдік тәжірибені зерделеу және шынайы ғылыми салыстырмалы педагогиканы құру бойынша зерттеулер жүргізді [11] . Егер білім беру жүйесінің өзгерісі кезінде әр түрлі елдерде қолданылып жүрген мектепке дейінгі білім берудегі әдістемелік жүйелердің оң нәтижелерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан сараптап, еліміздегі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде тиімді пайдалансақ, ол мектепке дейінгі білім беру процесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік туғызады. Алайда педагогика тарихына шолу жасағанда салыстырмалы педагогика мен әр түрлі мемлекеттердегі оқыту әдістемесін салыстырудың толық дамымағаны байқалады. Ол әсіресе әлеуметтік-экономикалық және саяси реформа кезеңдерінде әлемнің түрлі елдеріндегі халыққа білім берудің жайын терең зерттеген тұста айқын да өткір сезіледі. Осылайша, жоғарыда аталған қарама-қайшылықтар тақырыбымызды «Қазақстанда және Оңтүстік Кореяда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы» деп таңдауымызға негіз болды. Зерттеу жұмысында Қазақстан мен Оңтүстік Корея мемлекеттерінің мектепке дейінгі білім беру жүйесін салыстыру параметрлері өңделіп, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің құрылымы айқындалады, сонымен қатар, екі мемлекеттің мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары сипатталады. Зерттеудің мақсаты: Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру жүйесінің тарихын, білім беру мазмұнын, даму тәжірибесін салыстырмалы талдау. Зерттеу нысаны: Қазақстан және Оңтүстік Корея мемлекеттерінің мектепке дейінгі білім беру жүйесі. Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея мемлекетінің мектепке дейінгі білім беру жүйесінің салыстырмалы сипаты Зерттеу міндеттері: - Қазақстан және Оңтүстік Корея мемлекеттеріндегі мектепке дейінгі білім беру жүйесінің тарихи- педагогикалық негіздерін нақтылау - Қазақстан және Оңтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру жоспары мен бағдарламаларына талдау жасау - Қазақстан және Оңтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру жүйесінің салыстырмалы анализін құрастыру Зерттеудің әдіснамалық негіздері: Зерттеу жұмысы жүйелік, құрылымдық, тарихи аймақтық, параметрикалық тұғырларына және салыстырмалы педагогикадағы Г. К. Нургалиева, Қ. С. Мусин, Ы. А. Наби, Г. Д. Урастаева, З. Кенесарина, М. Т. Есеева, Р. К. Тұрысжанова, Б. А. Жетпісбаева, Н. Анарбек, Б. Р. Кулбекова, Г. К. Тілеужанова, А. Қалиева, О. Я. Сүлейменова, А. Қ. Құсайнов, А. Ә. Булатбаеваның және т. б. ғалымдардың зерттеулеріне негізделді. Зерттеу көздері: - Қазақстан мен Оңтүстік Корея мемлекеттерінің ресми құжаттары, Мемлекеттердің білім беру саясатын айқындайтын заңнамалық актілері: Қазақстан мен Оңтүстік Корея мемлекеттерінің Конституциялары, ҚР «Білім туралы Заңы» және мемлекеттердің Білім және ғылым Министрліктеріндегі құжаттар; - Салыстырмалы педагогика аясындағы Қазақстан және Оңтүстік Корея мемлекеттерінің мектепке дейінгі білім беру мәселесіне байланысты түпнұсқалы дереккөздері; - Қазақстан және Оңтүстік Корея мемлекеттерінің мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі бағдарламалар, оқу жоспарларына қосатын ақпараттық және оқу әдістемелік құралдар; - Әлем мемлекеттері мен Қазақстан және Оңтүстік Корея мемлекеттерінің интернет- сайттары. Зерттеу әдістері: Теориялық әдістер (отандық және шетелдік философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи және саясаттану саласындағы еңбектерді, ғылыми-әдіснамалық әдебиеттерді, сонымен қоса, мерзімдік ғылыми басылымдар мен диссертацияларды, білім беру саласындағы құжаттар мен заңнамаларды, білім беруді дамыту бағдарламалары мен стратегияларды зерттеу, талдау, синтездеу, салыстыру, жалпылау, үлгілеу) . Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ортақ және өзіндік ерекше тұстары анықталды, оларды салыстырудың параметрлері ұсынылды. Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: - Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуға (жетілдіруге) бағытталған ұсыныстар әзірленеді; - Зерттеу жұмысының нәтижелерін салыстырмалы педагогика, білім беру саясаты курстарында қолдануға болады. Диссертация ақпараттары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру жүйесін жобалау үрдісінде де қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру жүйесіне қатысты жұмыстарға бағытталған ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелде және түрлі практикалық семинарларда қолданылуы мүмкін. Диссертацияның құрылымы зерттеудің қойылған міндеттерін бірізді шешу логикасына сәйкес құрылды, соған сәйкес, зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, төрт тармақшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі айқындалып, зерттеу жұмысының ғылыми аппараты негізделген, сонымен қоса зерттеудің негізгі идеясы сипатталған.

1 ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қазақстан мен Оңтүстік Корея мемлекеттерінің мектепке дейінгі білім беру жүйесінің тарихы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Кореяның қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесі
Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарттарын қамтамасыз ету бағдарламалары
Оңтүстік Кореядағы круиздік туризмнің ерекшеліктері
Қазіргі кезеңде Кореядағы әйелдің гендерлік мәртебесі
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА - ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
Шетелдегі халыққа білім беру жүйесі
Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың тиімділігін арттыру мәселесін қарастыру
Корея Республикасының пандемия кезіндегі қоғамдық дипломатияның үздік үлгісі
Корей саясатының ерекшеліктері
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz