АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА СҮТТІ БАҒЫТТАҒЫ ЗААНЕН ЕШКІЛЕРІН ӨСІРУ
УДК

А. Ғалымжанова, Ж.Оңғарбай - 1курс магистранттары,
М.Қ. Сәденова,Қ.М.Омарова - а.ш.ғ.к., аға оқытушылар
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қ.
Аңдатпа. Бұл мақалада Ақмола облысы жағдайында сүтті бағыттағы Заанен ешкілерін өсіру жағдайлары мен тиімділігіне, тұқым ерекшеліктеріне назар аударылды. Сонымен қатар өнімнің сапасын түбегейлі жоғарылату және жақсарту бағыттарын, азықтандыруды жетілдіру, яғни өнімнің сапасын, өнімділігін көбейту мақсаттарымен әр түрлі жұмыстар жүргізіледі деп жоспарланған.
Кілттік сөздер:Мал шаруашылығы, Заанен тұқымы, Ақмола облысы,сүт өнімділігі,өнім сапасы,азықтандыру жүйесі, күтіп бағу, сүт құрамы, төлдету,жоңышқа,тиімділік.
Кіріспе. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың жаһандану жағдайында еліміздің ауыл шаруашылығының маңызы үлкен мәнге ие болып отыр. Себебі, елімізде әлеуметтік-экономикалық қана емес, саяси салмағы да басым жетекші салалардың бірі - ауыл шаруашылығы. Ал ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды саласы мал шаруашылығы болып табылады.
Қазақстан экономикасында жыл сайынғы күрделі өзгерістерге сәйкес мал шаруашылығы саласындағы ғылымдардың алдына іргелі және қолданбалы зерттеулердің деңгейін арттыру, зоотехния, биотехнология, генетика салаларындағы ғылыми таңдауларды жеделдету, олардың тиімділігін көтеру, мамандандыруды тереңдету, мал шаруашылығын қарқынды дамыту арқылы өнім өндіруді еселеп арттыру міндеттері қойылуда.
Елбасымыздың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты Халқына жолдауында аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керектігін, шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажеттігін, өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтауды айтты [1].
Сонымен бірге, Елбасы Қазақстан 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында: азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне тоқтала келе, бүгінде әлемде 1 миллиардқа жуық адам азық-түлік жетіспеушілігін сезініп отыр. Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінде сапалы серпіліс жасауы шарт. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар, - деген болатын [2].
Осы орайда Агроөнеркәсіп кешенінің маңызды салаларының бірі мал шаруашылығы өнімдерін арттыруда сүт өнімдерін дамыту үшін ең алдымен мал шаруашылығын қолға алу керек. Соның бірі ешкі шаруашылығы. Себебі ешкі ең тез көбейетін жануарлардың бірі. Барлық елде мал шаруашылығы ішінде сүтті ешкі шаруашылығы өнімдері диеталық және емдік құрамымен даму болашағы бар екендігін көрсетеді.
Зерттеу әдістемесі. Республикада cүтті бағыттағы ешкі өсіруді дамыту және осы сала бойынша бәсекеге қабілетті өнімдердің әлемдік нарықтық стандарттарға сәйкес келу перспективалары асыл тұқымды және асыл тұқымды әдістерді, биотехнологияны, өндіріс және өңдеу технологиясын және толық құнды ешкі азықтандыру жүйесін құру және енгізу арқылы шет елден әкелінген сүтті бағыттағы Заанен тұқымы ешкілерін жерсіндіріп, мал басын көбейту және жетілдіруді қажет етеді.Мақаладағы зерттеу объектісі - Ақмола облысы Зеренді асыл тұқымды ешкі шаруашылығы ЖШС жағдайында Заанен сүтті ешкілері әлем бойынша сүттілігі жөнінен екінші орын алатын тұқым болып табылады.
Қазақстанның АӨК-де ұлттық бәсекеге қабілетті өнім болып табылатын ешкі сүтінің өндірісі мен сатылуына мүмкіндік жасайтын Заанен тұқымы ешкілерін жетілдіру және көбейтуде ешкі төлдерінің өсіп-жетілу үрдістеріне ғылыми-негізделген қарқынды технологиясын дайындау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу нәтижесі.
Зерттеу нәтижесінде Солтүстік Қазақстан жағдайында Заанен сүтті ешкі тұқымы ешкілері мен төлдерінің өсіп-жетілуі және жыныстық-жас топтары бойынша қолайлы азықтандыру және күтіп-бағу технологиялары, сүт өнімділігі бойынша зерттеулер жүргізіліп, тиімді өсіру технологиясы ұсынылады.
Заанен тұқымын ерекшелігіне қарай сипаттап кетсек, көптеген жақсы қасиеттерге ие болғандықтан, ірі және шағын шаруашылықтарда сақталуы өте жоғары. Тұқым ірі, сүйектері мықты, массивті. Шоқтығы 90 см ге дейін жетеді. Аяқтары күшті, тік қойылған. Желіні үлкен, алмұрт тәрізді, емізіктері жақсы жетілген. Басы шағын, маңдайы кең, көлемді. Құлақтары үнемі тіке бағытталған.Кейбірінің мойынында сырғалық болады - бұл өскін тазақандылықтың айрықша белгісі. Ешкілер ақ түсті, терісінде және желінінде ұсақ дақтар болуы мүмкін. Практикалық тұрғыда барлық текелерінде сақал болады. Мүйіз барлық түр өкілдерінде бола бермейді.
Мамандар бұл ешкілер бірінші төлдеудің өзінде 700 литрге дейін өнім береді деп көрсетеді. Ал, келесі төлдеуде өнімділігі жылына 1-2 тонна сүт алуға дейін өседі. Яғни, төлдеуі көбейген сайын өнімділігі жоғарылайды.4-5 лақтаудан кейін сүт беруі жоғарылайды,бұл кезеңде тәулігіне 12 литрге дейін сүт алуға болады.Сүт сапасы жоғары, дәмі жағымды, нәзік кілегейлі.Сүттің сапа көрсеткіштері мал жасына,сауу маусымына және басқа да факторларға байланысты өзгеріп отырады. Төлдің туған кездегі салмағы 4,5 кг болады және ай сайын 4-5кг салмақтан қосып отырады.Тұқым етті тұқым болмаса да олардан жоғары сапалы ешкі етін алуға болады. 3 тен 5 айға дейінгі ешкі етін қолданған дұрыс деп есептелінеді.Селекцияда жаңа түр алуда жиі қолданылады [3].
Аталған шаруашылық бұдан шамамен 1 жыл бұрын Қажымұқан ауылының іргесінен ашылып, осы көктемде ешкі сүті өнімдерін өндіре бастады. Қазір мұнда 72 ешкіге арналған автоматтандырылған сауын алаңы мен жылына 4 мың тонна сүт өңдей алатын зауыт дайын тұр. Қазіргі уақытта шаруашылықтың емдік қасиеті бар ешкі сүтінен бөлек ірімшік, тәтті сүзбе және шикізат қалдығының қайта өңдеу өнімі маңызды сүт сарысуы секілді 10-нан астам өнім түрі нарыққа шығарылуда.
Сүтті типтің көрсетілінуі - сүтті малдың кешенді сипаттама береді. Ережеге сай, бұл малдар ірі, салыстырмалы кішкентай басты, ұзын мойынды, кең және терең кеуделі, көлемді құрсақты болады. Арқасы мен сегізкөзі түзу, ұзын, кең, аяғы түзу, тұяғы берік. Терісі жұқа, берік, иілімді; жүн жамылғысы жылтыр, жалтырақ. Желіні толық, көлемді, дұрыс дөңгелек немесе алмұрт пішінді, біртегіс дамыған үлестерімен, ірі емізіктерімен және үлкен қормен [4].
1 кесте - Шаруашылықтағы Заанен тұқымының дене өлшемдері, см
Көрсеткіштер
Ересек ешкілер (n=10)
Аналық
Аталық
Тірілей салмағы
52
77
Өлшем атаулары,см
Шоқтық биіктігі
72+-0,3
78+-0,8
Кеуде тереңдігі
27,3+-0,2
32,4+-0,4
Кеудесінің кеңдігі
19,3+-0,3
20,0+-0,2
Тұрқының қиғаш ұзындығы
73,5+-1,2
75,8+-1,4
Кеуде орамы
93,8+-1,5
94+-2,0
Жіліншік орамы
9,0+-0,3
11,5+-0,4
Мықынаралық кеңдігі
38,0+-0,6
40,2+-0,8
Сербек аралығының кеңдігі
7,2+-0,4
8,3+-0,6
1 кестеде шаруашылықтағы аталық пен аналық ешкілердің дене өлшемдерін алдық, олардың сүтті типті ешкілерге сай болды. Яғни, ересек аналықтардың шоқтығы тура бағытталған, биіктігі 72+-0,3см, аталықтардың шоқтығының биіктігі 78+-0,8см болды, кеудесі терең және ұзын, аналықтардың кеуде тереңдігі 27,3+-0,2см, аталықтарының кеуде тереңдігі 32,4+-0,4 см болды.
1 сурет.Тұлға индекстері
2 кесте - Заанен тұқымы төлдерінің дене көлемінің өсуі, см
Алынған өлшемдер
Туған кезі
Бір айлық
Үш айлық
Алты айлық
Еркек лақтар
Шоқтығының биіктігі
27,01
30,8
44,16
49,64
Тұрқының қиғаш ұзындығы
28,8
35,08
51,09
58,7
Кеуде тереңдігі
15,05
16,8
20,8
23,3
Кеуде орамы
35,6
42,8
57,57
71,46
Жіліншік орамы
3,4
4,8
6,8
7,9
Ұрғашы лақтар
Шоқтығының биіктігі
26,3
28,2
53,5
58,15
Тұрқының қиғаш ұзындығы
24,3
32,42
40,8
47,91
Кеуде тереңдігі
14,8
16,5
20,7
22,21
Кеуде орамы
34,6
42,5
57,18
69,2
Жіліншік орамы
2,3
4,6
6,5
7,2
Келтірілген 2 кестедегі мәліметтерге сай, еркек лақты енесінен 4,3 кг, ұрғашы лақтарды 3,8 кг салмақпен туады да әрі қарай тұрақты өсіп, 6 айлық жастағы еркек лақтардың салмағы 33 кг, ұрғашы қозы салмағы 31 кг-ға жетті.Осыған қарап Заанен тұқымы ешкілерінің салмағы мен денесінің көлемі жақсы өсіп жетілетіндігін көруге болады.
Мал азығының құнарлылығы, яғни биологиялық тұрғыдан құндылығы, оның энергетикалық қуаттылығын бағалауда есептелінетін протеин, май, клетчатка мен АЭЗ тобындағы қоректік заттардың жалпы мөлшерімен қоса олардың сапалық құрамын ескеруді талап етеді. Айталық, азық протеинінің (гректің protos - алғашқы деген сөзінен шыққан) құндылығы оның жалпы, яғни "шикі" және қорытылатын мөлшерімен қатар аминқышқылдық құрамын талдауды қажет етеді.
Ешкілер азық түрін онша таңдамайды, басқа малдармен салыстырғанда олар қоректік заттарды, əсіресе, клетчатканы жақсы қорытады. Негізінен, ауа райының бір қалыпты жағдайында ешкілердің қоректік заттарды қорыту үрдісі басқа мал түрлеріне қарағанда айырмашылығы аз. Сонда да, əлемнің əр жерінде жүргізілген 20 зерттеудің 12-сінде, ешкі малы азықтың мынадай қоректік заттарын басқа мал түрлеріне қарағанда жақсы қорытатыны анықталған [5].
Заанен тұқымды ешкілерді азықтандыруға арналған рациондағы азықтардың химиялық құрамы мен қоректілігін қарастыру көрсеткіштері 3-4 кестелерде берілген.
3 кесте Заанен тұқымының рационындағы азықтардың химиялық құрамы және құнарлылығы
Көрсеткіштер
Жоңышқа пішендемесі
Жоңышқа шөбі
Жоңышқа
пішені
Сабан пішен
Табиғи пішен
Бидай жармасы
Арпа қалдығы
Құрғақ зат, %
43,6
28,3
84,8
82,4
26,9
85,3
89,0
Оның құрамында бар, %:
- күл
4,34
9,19
6,88
8,89
3,88
4,9
5,39
-органикалық заттар
95,66
90,81
93,12
91,11
96,12
95,1
94,61
- шикі протеии
14,77
16,96
14,86
9,92
14,02
15,3
8,21
- шикі май
3,14
2,47
2,24
3,36
3,38
3,7
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz