ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ КІРІКТІРІЛГЕН ӘДІСТЕР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ КІРІКТІРІЛГЕН ӘДІСТЕР. CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің хабарламалары мен жолдауларында көпұлтты Қазақстан үшін көптілділікті дамытудың маңыздылығы жайлы бірнеше рет айтып өткен. Елбасымыз Қазақстандағы көптілділік идеясын ең алғаш 2004 жылы хабарлады. 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында Елбасы үштілділіктің болашағымыз үшін маңыздылығын тағы да атап өтті. Елбасы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңмен іске асыруды бастауды ұсынды. Сол кезеңнен бастап еліміздің жаңа тілдік саясаты басталды. Халықтың рухани жаңғыруына енген тіл саясаты, ауқымды әлеуметтік модернизация жалпы саясаттан бөлінбейді. Елбасымыздың ойы бойынша модернизацияның жетістігі үшін әрбір азамат өз отанына пайдасын тигізгені маңызды. Тек осындай түсінікпен ғана ауқымды қоғамдық консенсус пен жетістікке қол жеткізуге болады [1] .

Біздің жоғарғы оқу орнымыз педагогикалық бағыттағы арнайы бөлімшелерді іске асыратын жоғарғы оқу орындарының қатарына енгендіктен, 2014-2015 оқу жылдарынан бастап институт «химия» мамандығы бойынша үш тілді меңгерген кадрларды дайындауда (ҚР білім және ғылым министрлігінің хаты № 03-3/828. 08. 08. 2014ж. ) . Химияны ағылшын тілінде өткізгенде әртүрлі технологиялар қолданылады. Мақаламда CLIL технологиясы, химия пәнін оқытудағы негізгі кіріктірілген әдістер жайлы айта кетейін.

Кіріктірілген оқыту

Шет тілін оқытуда кіріктірілген оқыту бірнеше өңірдің мәліметтерімен қатар, мәдени - тарихи және саяси сипатын зерделеуді көздейді. Бұл ретте әңгіме жай ғана пәнаралық байланыс жайлы ғана емес, бірнеше пәндердің бірігуі, пәндердің синтезі, өнер, ұлттық мәдениет жайында болмақ. Кіріктіре оқыту оқушыларда шет тілін үйренуге деген ынтасын арттырады, күнделікті өмірде шет тілін еркін қолдана білуге үйретеді, оқушылардың ой-өрісін арттырып, басқа мәдениет пен құндылықтарды қабылдауға көмектеседі, оқушларға таңдаған мамандықтарын жалғастыруға және лингвистикалық және коммуникативтік құзіреттілікті жетілдіруге көмектеседі [2] .

CLIL(content and language integrated learning) - пәндерді шет тілдерінде жүргізу әдістемесін сипаттайтын термин. CLIL технологиясының екі мақсаты бар. Олар: пәнді шет тілі арқылы уйрену және шет тілін жүргізіліп отырған пән арқылы үйрету. CLIL әртүрлі білім беру контексттерінде қолданылады. Олар: бала- бақшадағы жоғарғы топтан бастап, жоғарғы білімге дейін. Бұл терминді 1994 жылы Дэвид Марш (Ювяскюля университеті, Финляндия) ойлап тапқан. Ол «оқу пәні немесе оқу пәнінің бөлімі шет тілінде оқытылады және шет тілін оқи отырып пәнді оқу мақсаты қойылған» деп жазды [3] .

CLIL термині ағылшын тілінен content and language integrated learning дегенді білдіреді. Сontent - бұл оқудың мазмұны, ал language - тіл. Бұл технологияны көптілді топтарға қолдану орынды болып табылады. Ең алдымен осы технология қолданылған сабақтың үлгісін қарастыру қажет [4] .

Әрбір сабақ төрт «С» тұрады. Осылайша ол мыналарды қосады: сontent(мазмұны) - білімді, біліктілікті дамыту; communication(қарым-қатынас) - оқытуда шет тілін қолдану; cognition (таным) - жалпы көзқарасты қалыптастыратын танымдық және ойлау қабілетін жетілдіру; culture(мәдениет) - өзін мәдениеттің бір бөлігі ретінде түсіну. Студенттерді CLIL технологиясымен таныстырғанда оның төрт аспектісін де қарастырады. Олар: жазу, тыңдау, оқу және айту. Бұл мәліметтерді түсініп, талдау үшін қажет. Оған қоса CLIL технологиясы студенттің алынған мәліметтерді сыни тұрғыда ойлау әдісін қолдана отырып, сараптап, бағалауына көмектеседі [5] .

Қөптеген CLIL сабақтар студенттерді әртүрлі мәдениеттер мен мәдениет аралық икемін дамытуғу бағытталған. CLIL сабақтарындағы ең маңызды нәрсе ол тілді шынайылықпен байланыстыру. Осылайша студенттер ана тіліндегі сабақтар секілді сұрақтарға жауаптар іздей отырып, лексиканы, грамматиканы меңгенреді. Сонымен қатар CLIL технологиясы көптілді топтармен қатар арнайы тілдік топтарда да сәтті жұмыс істейді. CLIL сабақтарының жұмысының әртүрлі формаларын қарастырамыз [6] .

Суретті(мақсат) ілу үшін сіз шегені (мазмұн) қабырғаға балғамен (құрал) қағасыз. Экспериментті (мазмұн) сипаттау үшін (мақсат) оқушыларға құрал қажет, мысалы, суреттің реті. Әдістемелік құралдарға мұғалімге немесе оқушыға бағытталған әдістер, материалдар, оқу және оқыту процесін қолдау құралдары жатады. Әдістемелік құрамдар мазмұнына тәуелді емес, олардың қолданылуы нақты әрі дидактикалық түрде енуі керек. Құралдардың көмегімен оқушылардың қажеттілігін толықтыратын ынталандыру, күрделі оқу жағдайын ойлап табуға болады. CLIL технологиясының осындай құралдарының бірі «Speech and Thought Bubbles» болып табылады. Бұл құрал ойды сөз көпіршік арқылы жеткізуді көздейді. Сөз және ой көпіршігінің арқасында маңызды техникалық тілдің қалыптасулары және интеллектуалдық фон қызықты әрі ұмытылмастай жеткізіледі. Бұл құралдың пайдалы тұстары келесі аспектілерде көрсетілген.

  • Сөздік көпіршіктер сөздің және тұжырымдамалардың құралдары ретінде қызмет етеді.
  • Сөздік және ойлау көпіршіктері - жақсы есте сақтау қабілеті
  • Оқушыға түсінікті, пайдалы, қысқа слогандарға ұқсас тұжырымдамалар
  • Сөздік көпіршіктерді оқушылар өздері оңай құрастыра алады.

Сөздік көпіршіктер ол ұзақ ойлар мен ұзақ ойлар мен ұзақ шешімдердің әлсіреуі.

Сурет1. «Speech and Thought Bubbles» құралын пайдаланып постер дайындау

Сурет 2. «Speech and Thought Bubbles» құралын пайдаланып постер жасау

Үшінші курс студенттеріне «Судың және топырақтың химиялық анализі» пәні бойынша «Табиғи судың тұздылығы» тақырыбына өткізілген сабақта «Speech and Thought Bubbles» құралы қолданылды. Сабақ барысында студенттер белсенділік көрсетті. Бұл құрал студенттерге өткізілген тақырыпты ағылшын тілінде меңгеруге үлкен көмегін тигізді. Студенттер тақырыпты меңгеруден өте жақсы көрсеткіш көрсетті. Бұл технологияны қолдану мектептердегі заманауи білім жүйесіне үлкен өзгерістер алып келеді деп ойлаймын. Осы CLIL технологиясын пайдалана отырып өзімінің педагогикалық шеберлігімді арттыратын мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын. CLIL технологиясы мектептерге жылдық жоспарды құруға, ал мұғалімдерге сабақ жоспарын құруға үлкен көмегін тигізеді. Жаңа оқулықтар CLIL технологиясына негізделетіндіктен мұғалімдерде оқу материалына бейімделуге көп уақыт жұмсалмайды. CLIL технологиясы оқулыла үшін де, мұғалімдер үшін де өте қолайлы. Сол себепті бул технологияны сабақтарға қолдануға кеңес беремін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнаралық байланыстар
Химияны кіріктірілген модульдік оқыту тұжырымдамасы
Химияны кіріктірілген модульдік оқытудың тұжырымдамасы
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Білім беруді цифрландыру
Кіріктірілген оқыту принциптері
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz