Жаңажол кенішінде тереңдігі 3900 м пайдалану ұңғымасын бұрғылау

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Жұмыс ауданының климаттық-географиялық жағдайы
1.2. Геолого-физикалық зерттелеуі және кен орнын игеру тарихы
1.3. Литолого-стратиграфиалық сипаттама
1.4. Тектоника
1.5. Мұнайгаздылығы
1.6. Сулылығы
1.7. Ұңғыны қазу кезінде кездесетін қауіпті аймақтар мен қиындықтар
1.8. Өнімді қабаттарды ашу және сынау
1.9. Ұңғыдағы геофизикалық зерттеулер
II ТАРАУ. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. Бұрғылау тәсілін таңдап алу
2.2. Ұңғы құрылмасын жобалау
2.2.1. Ұңғы құрылмасын жобалауының тәсілдері
2.2.2. Шегендеуші құбырлар мен қашаулардың диаметрін таңдау
2.2.3. Цементтеу аралықтарын таңдау
2.3. Бұрғы тізбегінің құрылымын жобалау, бұрғы
құбырлар тізбегін беріктікке есептеу
2.3.1. Ауырлатылған бұрғылау құбырларын (АБҚ) есептеу
2.3.2. Ауырлатылған бұрғылау құбырларды аралық тізбек астына есептеу
2.3.3. Ауырлатылған бұрғылау құбырларды кондуктор астына есептеу
2.4. Ұңғыны жуу
2.4.1. Жуу сұйығының түрін таңдау және оның
параметрлерін әр тереңдік аралықтары үшін тағайындау
2.4.2. Жуу сұйығының барлық түрі үшін саздың, судың химиялық реагенттердің, ауырлатқыштың және тағы басқа материалдардың
шығындарын анықтау
2.4.3. Жуу сұйығын дайындау, химиялық өңдеу үшін және ұңғы сағасына
сақылаусыздыққа орналынатын жабдықтарды таңдау
2.4.4. Ұңғыны жуудың гидравликалық есебі
2.5. Бұрғылау мұнарасын таңдап алу
2.6. Бұрғылау тәртібінің параметрлерін жобалау
2.6.1. Өндірістік статистикалық мәліметтер бойынша қашаулар өлшемдері
мен моделдерін таңдап алу және олардың жұмыс көрсеткіштерін
жобалау
2.6.2. Бұрғылау тәсілдеріне байланысты, әр тереңдік аралықтары үшін жуу
сұйығының шығынын жобалау
2.6.3. Қашауға өстік салмақ пен оның айналу жиілігн жобалау
2.6.4. Бұрғылау тәртібінің параметрлерін бақылау
2.7. Ұңғыны бекіту
2.7.1. Шегендеуші құбырлар тізбектерін жобалау және оларды беріктікке
есептеу
2.7.2. Аралық және пайдалану құбырлар тізбегінің төменгі құрамалары
2.7.3. Шегендеуші құбырлар тізбегін түсіруге дайындық жұмыстары және оларды түсіру
2.7.4. Цементтеу тәсілін таңдау және тізбектерді цементтеуге есептеу
2.8. Ұңғыларды игеру
III ТАРАУ. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
3.1. Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны бүлдіруден және ластанудан
сақтау
3.2. Қауіпсіздік техника шаралары
IV ТАРАУ. АРНАЙЫ БӨЛІМ
4.1. Ұңғыны бекіткенде оның сапасын арттыратын, ұлғаятын цемент қолдану
4.1.1. Ұлғаятын тампонажды материалдарды ашу принципі
4.1.2. Цемент тасының ұлғаюына әсер ететін кейбір факторлар
4.1.3. Базалық тұтқырлық структура құрамының жылдамдығын басқару
V ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
5.1. Ұңғы құрылысындағы жұмыстарды ұйымдастыру
5.2. Ұңғы құрылыс циклының нормативті ұзақтылығы
5.3. Ұңғыны бекітумен бұрғылаудың қосынды құнын және негізгі техника –
экономикалық көрсеткіштерді есептеу
5.4. Жаңа техника және бұрғылау технологиясына экономикалық тиімділікті
енгізу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
АҢДАТПА
Өзекті сөздер ҰҢҒЫМА, ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ПРОФИЛЬ, ҰҢҒЫМА КОНСТРУКЦИЯСЫ, БҰРҒЫЛАУ СҰЙЫҒЫ, ҚАШАУ, БҰРҒЫЛАУ СҰЙЫҒЫНЫҢ ШЫҒЫНЫ, МҰНАЙ МЕН ГАЗДЫ ЖАНАУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ, ТАСЫМАЛДАУ, ЭКОЛОГИЯ, ЕҢБЕК ҚОРҒАУ, ТЕХНИКАЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР.
Жобада Жаңажол кенішінде тереңдігі 3900 м пайдалану ұңғымасын бұрғылау кезіндегі физикалық процесстер қарастырылады.
Кенішінің геологиялық тәріптемесі берілген, бұрғылау техникасы мен технологиясы бойынша есептеулер жүргізілген, ұңғыма құрылысын жүргізу кезіндегі еңбек және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылған. Жобаланған ұңғыма құрылысының сметасы құрастырылған.
АННОТАЦИЯ
Ключевые слова: СКВАЖИНА, ГЕОЛОГИЧЕСКИЙ ПРОФИЛЬ, КОНСТРУКЦИЯ СКВАЖИНЫ, БУРОВОЙ РАСТВОР, ДОЛОТО, РАСХОД ПРОМЫВОЧНОЙ ЖИДКОСТИ, СБОР И ПОДГОТОВКА НЕФТИ И ГАЗА, ТРАНСПОРТ, ЭКОЛОГИЯ, ОХРАНА ТРУДА, ТЕХНИКО – ЭКОНОМИЧЕСКИЕ ПОКАЗАТЕЛИ.
Настоящий проект предусматривает физические процессы проводки и эксплуатации скважины глубиной 3900 м на месторождении Жанажол.
Даны геологические описание месторождения, произведены необходимые расчеты по технике и технологии бурения, рассмотрены вопросы по охране труда и охране окружающей среды при строительстве скважины.
Составлена смета на строительство проектируемой скважины.
КІРІСПЕ
Өндіріс өнімдерінің ішінде мұнай өнімдерін тұтыну мен мұнай және газ өндіру үлкен маңызға ие болады.
Сондықтан біздің Республикамызда мұнай өндірісінің дамуына зор мән береді. Ғылыми-техникалық процестің жедел даму міндеттерін шешу үшін жаңа кен көздерін ашып іске қосумен бірге, бұрғылаудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін еңбек өнімділігін және еңбекті ұйымдасты-руды жақсарта отырып шұғыл түрде бұрғылау жұмыстарының көлемін арттыру. Бұрғылау өндірісін жаңа техникалармен және технологиялармен жабдықтау.
Негізгі назар өндірісті кеңейту, қашаудың бұрғылау мен шегендеу құбыр-ларының сапаларын арттыруға аударылады. Ұңғы бұрғылаудың техникалық процестер жүйесін басқаруды автоматтандыру, дамытуға үлкен көңіл бөлінуі тиіс.
Қазіргі кезде бұрғылау әр түрлі бұрғы қондырғыларымен іске асырылады.
Ұңғы құрылысының толық циклі төмендегі негізгі элементтерден тұрады:
1. Мұнара құрылымының құрылысын салу және тұрғызу.
2. Ұңғыны бұрғылау жұмысына дайындау.
3. Бұрғылау процессі.
4. Жер қыртысын ашу.
5. Бұрғылау мұнарасы мен жабдықтарын бұзып жинау.
Қазіргі кезде еңбекті және ортаны қорғауға үлкен көңіл бөлінеді. Ұңғы құрылысы бөлінген жерді пайдаланған кезде, оған қолданылатын жуу сұйық-тарында, әртүрлі физико-химиялық қасиеттеріне, химиялық реагенттердің улылығына, бұрғыланған жыныстардың құрамына және басқа да факторларға байланысты.
Жоба оқу кезіндегі алынған білімімді көрсету мақсатында жасалынады.
Әрбір бөлімді дайындап әзірлеуге үлкен көңіл бөлінеді. Ұңғы құрылысын салғанда, қоршаған ортаға зиян өте аз мөлшерде зор ықлас бөлінуі керек.

Жаңажол кен орны Мұғаджар тауы мен Ембі өзенінің алқабының ортасында орналысқан Оралманы платосы шамасында жатыр. Әкімшілік жағынан Ақтөбе облысы Мұғаджар ауданы құрамына кіреді. Облыс орталығы Ақтөбе қаласы қарастырып жатқан кен орнынан солтүстік жағында 240 км жерде орналасқан.
Осы алқаптың рельефі аздап тауланған жазық, дараланған арқалықтан және жыралардан тұрады және плюс 125- тен плюс 270 м-ге дейінгі белгілермен мінезделеді. Төменгі мәндері Ембі өзеніне қарай тартылған. Өзендегі су минералдалған және ол техникалық қажеттіліке ғана қолданылады. Ал тұрмыстық мақсатқа су құдықтан алынады. Құдықтағы және Ембі өзеніндегі судың мөлшері 2 м және одан астам.
Ауданның ауа райы құрғақ, тез өзгергіш, температураның жылдық және тәуліктік ауытқуы тез және ылғалдылығы өте төмен температура қыста минус 40 С –ға дейін түседі, ал жазда плюс 40С –қа дейін көтеріледі. Қантар мен ақпан айлары ең суық болып табылады. Алғашқы қардың жатыу қарашаның ортасында басталады және ол наурыздың соңына дейін сақталады.
Атмосфералық жауын- шашынның жылдық орташа мөлшері көп емес, ол жылына 120-140 мм- ге жетеді. Ең ыстық ай болып шілде мен тамыз табылады.
Аудан аз қонысталған, ең жақын елдімекен болып Жаңажол совхозы табылады.Ол солтүстік-шығыс жағында 15 км жерде орналасқан. Және солтүстік- батыс жағында 35 км жерде Кеңкияқ мұнай кәсіпшілігі орналасқан. Атырау- Орск мұнайқұбыры 100 км қашықтықта өтеді.
Кен орнын Октябрьск және Жақсымай өндірісті- техникалық қызмет көрсету және құрылғыларды комплектациялау базалары материалды- техникалық құрал- жабдықтармен қамтамасыз етеді.
1.2. Геолого-физикалық зерттелеуі және кен орнын игеру тарихы.
Ауданың геологиялық құрылымы туралы мәліметтер алғаш С.К.Ковалевский және А.П. Гаригросс жұмыстарында басылып шығарылған. Олар 1940 жылы Ат-жақсы, Темір, Ембі өзендері маңайын зерттелген.
Аймақты жете және жопарлы зерттеу 1944 жылдан бастады. 1944-1946 жылдарда Г.И. Водорезов жетекшілігімен масштаб бойынша М40 геологиялық түсірім өткізілді. Бұл жұмыстар нәтижесінде аймақтың стратиграфиялық және тектоникалық сұрақтары жарықталған геологиялық карта құрылған. Картаға түсініктемелік хаттама жазылған.
1949 жылы В. И. Самадуров пен И.В.Иванов Жаңажол кіретін М-40-ХХХIV мекенін 1: 200000 масштабпен геологиялық түсіру өткізді. Авторлар аймақтың геологиялық кұрылым сипаттамаларың дәл ұсынады. 1952 жылы аудан дәл сондай масштабты гравиметрикалық түсіріммен жабылған.
1952-1954 жылдарда бұл ауданда 1:50000 масштабты геологиялық түсіру өткізілген (А.С. Зингер).
Жаңажолды көтеру (салу) 1960 жылы басталды. Және 1961 бұрғылауға дайындау жұмыстары жүргізілді. 1976 жылдан бастап Ақтөбе мұнайбарлау экспедициясымен іздеу жұмыстары жүргізілді. 1978 жылда Қазмұнайгаз геологиясы бірлестігі Кеңкияқ мұнайбарлау экспедициясын жүргізді. Кен орнында алғаш рет өнеркәсіптік мұнай 1978 жылы №4 ұңғыдан алынды.1981 жылдан бастап кен орнында Ақтөбе мұнайгаз геологиясы бірлестігі іздеу және барлау жұмыстарын жүргізді.
1981 жылдың ақпанында Жаңажол кен орнында жоғарғы карбонатты қабатындағы мұнайгазконденсатты кенішінде барлау жұмыстары аяқталды. Ал төменгі карбонатты қабатында барлау жұмыстары жалғасып жатты.
1982 жылдың 23- маусымда кен орнының мұнай, газ және конденсат қоры ГКЗСССР бекітілген (№9015 және №9016 протоколдары). Олар С – бірінші категория ( жоғарғы) карбонатты қабат (КТ-I) және С –екінші категория (төменгі) карбонатты қабат (КТ-II) бойынша негізделген.
Кен орнын игеру бірінші карбонатты қабаттың объектілерін бұрғылаудан басталды.
1989 жылдан бастап ЦКР СССР қаулысына сәйкес негізгі бұрғылау объекттілерін екінші карбонатты қабатқа тасымалдау жүзеге асырылды. Бұл үлкен объектілерді жедел игеруге септігін тигізді.
1.3.Литолого-стратиграфиалық сипаттама
Жаңажол кен орнының айқын далған және зерттелген шөгінді қабаттың қимасы таскөмір жүйесінің ( төменгі, ортаңғы және жоғарғы бөлімдері), Пермь жүйесінің ( төменгі және жоғарғы бөлімдері), триастық, юралық, бор жүйелерін және де төрттік антропогендік жүйелердің шөгінділерінен құралған.
- Палиозой тобы, Р2
- Таскөмір жүйесі,С
- Төменгі бөлім, С1
Жаңажол аумағында ашылған ең ежелгі қабат болып ортавизейялық жастағы С терригенді жыныстар табылады.
Қиманың жоғарғы жағы терригенді жыныстар карбонатты қабаттармен ауысады.Бұл жыныстар жоғарғы визейялық серпухов жасында жатыр. Құрамында әктас, доломит және сирек жұқа қабатты қарасұры аргиллиттер кездеседі. Бұл қабаттын қалыңдығы 140-150 м.
Кен орнындағы төменгі карбон қабатының ашылған қалындығы 308 м.
-Ортанғы карбон, С2
Ол екі қабаттан тұрады:
-Башкир ярусы, С2В
-Мәскеу ярусы, С2Т
Башкир ярусының қалындығы 224 м (3892-3668). Ол доломиттелген, сұры, ақшыл-сұры, органогенді, кесек-кесек әктастардан, сирек жұқа қабатты аргиллиттерден тұрады.
Ал мәскеу ярусы екі бөлімшелерден тұрады: төменгі мәскеулік және жоғарғы мәскеулік.
Төменгі мәскеулік ярус верейлік және каширлік горизонттармен ұсынылған. Оның қалыңдығы 108-156 м. Ол карбонатты жыныстар мен бірлі жарым аргиллит қабатшаларынан тұрады.
650 м қалыңдықтағы жоғарғы және визейялық- төменгі мәскеулік карбонатты қабат кешені Төменгі карбонатты қабат дейтін жыныстар қа-батынқұрады. Оның индексі КТ-II деп белгіленеді.
Жоғарғы мәскеулік ярус подолдік және мячковтік горизонттардан тұрады.
Подольдік горизонттың төменгі бөлігі органогенді- опырылғыш, ұсақ түйіршікті әктастардан тұрады. Бұл горизонттың қалыңдығы 144-220м.
Ал мячковтік горизонт органогенді, органогенді- опырылғыш, ұсақ түйіршікті әктастар мен доломиттерден тұрады.
Оның қалыңдығы 115-164 м аралығында.
-Жоғарғы бөлім, С3
Ол екі қабаттардан тұрады:
-Касимдік ярус, С3К
-Гжелдік ярус, С3G
Касимдік ярус литологиялық құрамы жағынан әктастар мен доломиттерден тұрады. Солтүстік- Шығыс жағына қарай доломиттер мен әктастар ангидриттелген. Ангидриттелу дәрежесі төменнен жоғары қарай жүреді. Бұл ярустың қалыңдығы 50-97 м аралығында.
Гжелдік ярус оңтүстік-батыс жағында 65-85% балдырлар мен фауна қалдықтарынан тұратын органогенді әктастар орын алып жатыр. Солтүстік- шығыс жағы толық ангидритке ауысқанша ангидриттелу күшейеді.
-Пермь жүйесі, Р
-Төменгі бөлім, Р1
Төменгі Пермь қимасы ассель және кунгур ярусымен қарастырылады.
-Ассель ярусы, Р1AS
Оның қалыңдығы 230-250 м аралығында.
-Кунгур ярусы, Р1K
Көптеген зерттеулер арқылы кунгур ярусының орналасуын үш байламға (пачка) жіктедік:
А) төменгісін-сульфатты-терригенді;
Б) ортаңғысын-галлогенді;
В) жоғарғысын-терригенді.
Кунгур қабатының қалыңдығы 1700-1600 метрді құрайды.
-Жоғарғы бөлім, Р2
Жоғарғы Пермь қалыңдығы 633 м-ден 1808 м-ге дейінгі аралықта өзгереді.
-Триас жүйесі, Т
-Төменгі бөлім, Т1
Триастық қабат төменгі және жоғарғы бөлімдік жыныстардан тұратыны анықталған.
Төменгі триастық қабат кеңінен таралған. Бұл қабатта остракод фаунасы анықтамасы бойынша ветлуждық және бескуншак сериялары бар.
Ветлуждық серия құмды-сазды жыныстардан тұрады. Ол төменгі триастың төменгі жағында орналасқан.
Жоғарғы жақтағы Бескуншак сериясы қанық қызыл кірпіш түстес саздан тұрады.
-Ортаңғы бөлім, Т2
Ортатриастық қабаттың литологиялық құрылымы құм, саз, аргиллит және құмтастардың қабатшаларының қабаттасып орналасуынан тұрады. Ортатриастық қабаттың қалыңдығы 1000м және одан да көп.
Осы аймақта жоғарғы триастық қабат толығымен зерттелмеген.
-Юра жүйесі, J
Бұл жүйеде үш бөлім айқындалған.
Төменгі және ортаңғы қабат континентті-лагуналық шөгінділері мен көрсетілген. Ал, жоғарғы бөлік теңіздік шөгінділерімен көрсетілген.
-Төменгі Юра, J1
Бұл қабатта ашық-сұры және сұрғыш-ақ құмдардың ақ және ақшыл-сұры
сазбен араласып орналасқан.
- Ортаңғы бөлім, J2
Бұл уақыттың жыныстары оңтүстік-шығыс жағында кеңінен орналасқан. Және ол саздардың, құмдардың, құмтастардың және құбакөмірлердің қабатшаларының араласып орналасуынан тұрады. Яғни, бұл Байос және Бат ярустарында жатыр.
-Жоғарғы бөлім, J3
Жоғарғы юралық қабат негізгі сазбен аздап құмның және құмтастың араласуынан тұрады. Жоғарғы юралық қабаттың қалыңдығы 0-210 м аралығында аутқиды.
-Бор жүйесі, К
-Жоғарғы бөлім, К2
Жоғарғы бор қабаты тегіс төрттік қабатпен жабылып жатыр. Аздаған қалыңдықтағы (2-3 м) саздақтардан және құмайттардан тұрады.
1.4. Тектоника
Жаңажол кен орны тектоникалық жағдайы жөнінде Каспий маңы ойпатының Шығыс қыраты бөлігінің Орал геосинклиналдың аймағынан бөлінген Ащысай мен солтүстік-коллектиндік жарығында орналасқан.
Геологиялық дамудың негізгі мінездемесі аймақтың интенсивті түсуімен тұнба чехолының 7-10 км қуатты түзілуімен сипатталады.
Бұл қуаттың негізгі бөлігін докембрийлік фундамент пен кунгур қабатының галоген тұнбасының ұлтанының арасына орналасқан тұз асты қалдықтар комплексі құрайды.
Моноклинальды тұздық қалдықтардың беті Ащысай жарығынан батысқа 2,0-2,5 км және беттеу күмбезінің меркаданынан 5,5-6,0 км еніп орналасқан. Көрсетілген моноклиналь шегінде бірнеше қатарланған баспалдақтар ерекше бөлінген. Бұл негізінде төменгі жазықтықта толық көрініп, бірте-бірте ойпаттың орталық бөлігіне қарай енеді.
Шығыстан батысқа қарай Жаңажол, Кеңқияқ, Қожасай және Шұбарқұдық асты баспалдақ жүйесінде ерекшеленіп, тұз қалдықтары 3-3,5 км, 3-4 км, 4-5 км, 5 км төмен тереңдікте орналасқан. Жаңажол баспалдақтары қуатты карбонатты массивтердің дамуымен ерекшеленіп, үлкен дүмпуімен күрделенеді.
Кеңқияқтан солтүстікке қарай Остансүк иіні ерекшеленеді, ол Талдысүк, остансүк, солтүстік остансүк және Байжаршынның батыс шекарасының өнебойына қарай бұзылып шектеледі. Ол солтүстікке қарай Ақтөбе перкли-нальдық иіні ұласады.
Тектоникалық баспалдақтар негізінен жарылып бүлінуімен күрделенеді. Жаңажол баспалдақтарының ерекшеліктерінің бірі карбонатты массивтердің қуатты дамуы ол келесі кезекте брахиантиклинальдық дүмпумен күрделенеді.
Жаңажол кен орны подольско-гжель дәуіріндегі жыныстан құралған кең-көлемдегі карбонатты массивінің үстіңгі бөлігімен сабақтас. Газдылығының ауданы 39825 мың м3, мұнайлылығының ауданы 71715 мың м2.
Ұңғы қимасын салыстыру арқылы үстіңгі карбонатты қабаттардың үш өнді-рістік коллектор қорабы анықтайды. Олар А, Б, В деген индексация, “В” өндіріс қорабы үш коллектордан тұрады. Олардың қалыңдығы 2 м және одан жоғары қыртыстарға бөлінген. Жемісті қабат 4,8 м –ден 41 метрге дейінгі аралықта. Орта есеппен газдылығы мен мұнайлылығы бай қабат 11 м және 18 метр болып табылады. Мұнайлылығы жоғары қорабқа, газдылығы аз қорабқа сәйкес келеді.
Мұнай 6 ұңғыдан алынса, газ 2 ұңғыдан алынған. Алынған мұнай дебиті 1м3тәулік 3мм штуцерден 174 м3тәулік, 8 мм штуцерге дейін, ал газ дебиті 54 мың м3тәулік және 34 м3тәулік конденсат.
2651 м белгісі ВНК жағдайына, ал 2560 м белгісі ГНК жағдайына қабылдан-ған. Газ төбесінің биіктігі солтүстік бөліктің 50 м, және 30 м оңтүстікте. Мұнай шоғыры 91 м биіктікте.
Газдылық ауданы 16775 мың м3,
Мұнайлылық ауданы 54525 мың м3.
Төменгі карбонатты қабат (КТ - II)
Қабат желістігі 23 криелевтік ұңғымен анықталған, бұл 3682-3748 м интервал-ды бұрғылау кезінде мұнай ағымы алынған. Алынған керн материалды қима не-гізінен әктен тұратынын көрсетеді. КТ – II 4 ұңғымен айқындалған, 23 басқа бұнда мұнай дебиті 22 мм штуцер арқылы тәулігіне 108 м3, өндірістік ағыс №27 ұңғыда алынған 10 мм штуцер арқылы №3 ұңғыны бұрғылау кезінде 5 интервал байқап көрілген, біруінен газды-сазды сұйық алынса, оның 2-де мұнай болған.
Алынған материалдан мұнай шоғырының таралу шекарасын анық білуге болады.
Шартты сулымұнайконденсат (ВНК) 2880 метрдегі өндірістік мұнай ағымын берген №27 ұңғының жемісті ұлтанының қуаттылығын қабылдауға болады. Мұнайлылықтың жоғарғы шегі 2630 м. №3 2609-2769 м ұңғының орташа интервалына сәйкес келеді. Мұнай шоғырының биіктігі жобамен 140 м. Шоғыр-дың түрі массивті.
1.5. Мұнайгаздылығы
Жаңажол Қазақстандағы бірінші ең ірі карбонатты коллекторлы кен орыны. Ол бұрыннан белгілі Кеңқияқ, Құмсай, Көкжиде, Башенкөл, Қаратөбе, Ақжар және Қопа кен орындары орналасқан. Мұнай шоғыры төменгі бор, юра, төменгі триастық, жоғарғы және төменгі пермдік қалдықтар жиында орналасқан.
Мұнай шоғыры екі карбонат қабатына негізделген, тығыз терригендік қалдықтармен бөлінген. Алғаш мәлімет Жаңажолдың мұнайгаздылығы №1 ұңғыны бұрғылағанда газ көрсеткіші жоғары және керндегі таскөмір қалдықтарында мұнай белгілерінің болуымен белгілі болды.
2930-2850 м тереңдікте байқап көргенде, әлсіз газды судың ағыны байқалды, құрамы 62,5% -СН4, 1%-С2Н4 және 1% ауыр көмірсутегі. 1978 жылы 3 мартта №4 ұңғыдан газданған мұнай ағыны алынды. Кейін сол 1978 жылдың 31 мау-сымында 2 тамыз күндері 2767-2894 метр аралығында атқылаған мұнай алынды, дебит 8 мм штуцер арқылы тәулігіне газ дебит 66,8 мың м3 және 107,6 мың м3.
Қазіргі кезде Жаңажолда екі өндірістік жоғарғы және төменгі карбон қалдықтарына негізделген карбон қабаты орнатылған.
Жоғарғы карбондық қабат (КТ-І)
Бірінші карбондық қабатқа КТ-І
3 объекті белгіленген: “А”, “Б”, “В”.
Литологиялық қалдықтар әктердің доломиттердің және өтпелі түрлерімен сипатталады.
Ұңғының қималарын салыстыру арқылы жоғарғы карбонат қабатында 3 жемісті коллектор қорабын анықтады. Олар “А”, “Б”, “В”индексациясын алды.
Стратиграфиялық байланыста алғашқы 2 қораб гжельдік және касимов ярус-тардың жоғарғы карбонына негізделген, ал “В” қорабы москвалық ярустың ортаңғы карбонына негізделген. 2 қорабтың жалпы қалыңдығы 35-80 метр, ал “В” қорабының қалыңдығы 50-95 м. Өндірістік қыртыс құрайтын қораб кол-лектордың саны 1-12 метрге дейін, ал әрқайсысының қалыңдығы 1-40 метрге жетеді. “А” өндірістік қорабы 1-2 қатармен ерекшеленеді, олар оңтүстік аумақта толығынан және батыс қабаттың солтүстік аумағында толық сезіледі. Қораб құрылысының негізгі карбонатты қыртыс коллекторының ангидриттарымен солтүстік-шығыс аудан бөлігінде толық орын басуымен ерекшеленеді.
Орташа өлшенген газданған қалыңдығы 26 м құрайды, ал мұнайланған 12 м. Мұнай дебиті 1,4-64 мың м3тәулікті, ал газдікі 175 мың м3тәулікті, ал кон-денсат 146 мың м3тәулікті құрайды. Мұнай алудың ең төменгі абсолюттік белгісі 2640 м жатыр. Сынау кезінде су 2637 м-ден алынады.
Өндірістік-геофизикалық нәтижелер бойынша сумұнай жанасуы (ВНК) оңтүстік бөліктегі структура бойынша 2650 м белгіде қабылданды, ал №6 және №4 ұңғылар аймағында 2637 м және 2631 м тиісінше.
Газмұнай жанасуы (ГНК) 2650 м белгіде қабылданған. Бұл №22 ұңғылардан алынған нәтижелерге сүйеніп алынған. Осы 2650 м белгіде мұнай, газ және конденсат алынған.
Осы ГНК мен ВНК қабылдап жағдайларына байланыста шоғырланудың биіктігі 293 м болады, соның ішінде газ бөлігінің биіктігі 203 м, ал мұнайдікі – 90 м. Газдылықпен мұнайлылықтың ауданы тиісінше 77475 және 70350 мың м3 болады. Өнімді “Б” қорабы үш коллекторлы қабаттан қосылған, олар барлық аудан бойынша тегіс таралған.
Коллекторлар қабаты қабаттардан тұрады. Олардың саны ұңғы бойынша 2-5 дейін болады. Орташа өлшенген мұнайланған қалыңдығы 12 м, ал газданған
14 м құрайды.
Қораб мұнайгаз шоғырына арналған. Оның өнімділігі 8 ұңғыны байқап көру-дің нәтижесімен анықталған, соның ішінде 6 ұңғыда мұнай, оның дебиті 3 мм штуцер арқылы 5 м3тәулік жоғары болған. Ал газ дебиті 214 мың м3тәу 9,6 мм штуцер арқылы, ал конденсат 162 мың м3тәу. Қораб бойынша ВНК 2631 м-ден 2647 м-ге дейін, ал ГНК “А” қорабындағы 2560 м белгіде қабылдаған.
Мұнайгаз шоғырының биіктігі 200 м тең, оның ішінде 110 м газ, ал 90 м мұ-най. Жаңажол кеніші жоғарғыкең карбонатты массивтік, подольскі-гжельдік жыныстан құралған. Сейсмикалық нәтижелер бойынша, төменгі карбонатты қалыңдығы 600 м құрайды. Ол №1 ұңғыны бұрғылағанда кезде болады.
Бұрғылау арқылы зерттелгендей, дүленуі, амплитудасы 250 м құрайды, ал батыс жақ қанаты 8-10 градус шығыс жағына 4-7 градус қарағанда тіктеу.
Жалпы карбонат массивті жыныс жазықтықтың өне бойына жоғарғы көтеріңкі амплитуда структурасы сақталған, тек шоғыр-жиынының ұлтанында кунгур ярусында тұздық қабаттың қалыңдығы, терриген жыныс қалыңдығында күрт өзгеру болады, ол 15 –600 м-ге дейін структуралық жоспар бұзылатын сияқты.
Екінші КТ-ІІ қалыңдығы.
Екінші қалыңдықта 4 игеру объектісі бөлінеді: “Т-ПГ”, “Дв-Г”,”Дн-Г”, “Д-П”. Өндірістің-тәжірибелік игеру 1983 жылдан басталады. Ол КТ-І, карбонатты қалыңдықты бұрғылаудан басталды. Ол “Гипровостокнефть” институтының жасаған технологиялық схемасы бойынша жасалған.
Өндірістік игеру 1986 жылдан бері “Игерудің технологиялық схемасы” №1234 ЦКР протоколы бойынша жүзеге асырыла бастады. Мұнда негізгі бұрғылау көлемі екінші карбонатты қалыңдыққа КТ-ІІ көшірілген. Бұл КТ-І өнімді қабатының структурасын дәлірек анықтап, бұдан өнімдірек КТ-ІІ шоғырын бұрғылауды тездетіп игеруге жол ашты.
Өндіру негізінен атқылау арқылы жүзеге асырылады. №2042, №2043, №2038 ұңғыларынан басқа. Бұл ұңғыларды механикалық ШГН тәсілімен, ал №2016 ұңғы аут-ауық компрессорлы-газлифтілік тәсілмен өндіріледі.
Кеніште 471 ұңғы бұрғыланған, оның ішінде 350 өндіруші, 93 айдаушы, 8 консервацияланған, 8 тұрған, 11 бақылаушы, 1 тұзды.
Барлық бұрғылау периодында 9 ұңғы жойылған: 6 ұңғы геологиялық себептермен, ал 3 ұңғы техникалық себептермен.
Жаңажол кенішін игерудің барысында:
• сұйық 26701,855 мың тонна, жобаланғаны 30000,6 мың тонна
• мұнай 26398,652 мың тонна, жобаланғаны 28564,2 мың тонна
• айдалғаны 25054,536 мың м3, жобаланғаны 30225,1 мың м3
Өндіру жоспарын іске асыру, төмен дебитті ұңғылардың жұмысының интенсивтілігін геолого-техникалық шаралар бойынша арттыру арқылы орын-далды. Сондай-ақ суланған және газданған ұңғыларды осылай іске асырамыз.
01.01.2002 жылы жылдық мұнай өндіру 2350,0 мың тонна, 30250 мың тонна жобалау бойынша, сұйық өндіру 2371,4 мың тонна, жоба бойынша 3380,1 мың тонна, суды айдау 5444,6 мың м3, жоба бойынша 7144,6 мың м3, газ өндіру 701566,8 мың м3 құрады.
Есеп беру периодында бұрғылау 4 ұңғы шықты: 3- өндіруші, 1 – айдау. Өндіру 24,288 мың тоннаны құрайды. “Г-Ш” қорабы. Объект мұнайгазкон-денсат шоғырымен көрсетілген. Бастау Рпл ГНК-36,7 МПа, ал ВНК-39,4 МПа, Тпл 77 градус.
Объект 1989 жылы игеруге қосылған. Есептеу периодында 3 ұңғы бұрғылан-ған. №2407, №2557, №2573, бұлардан 24,288 мың тонна мұнай өндірілген.
01.01.2003 жылы пайдалану фонды 85 ұңғыны құрайды. Барлық өнім беріп тұрған ұңғы, атқылау тәсілімен жұмыс істейді.
Орта тәуліктік дебиті 57,6 ттәу, жоба бойынша 29,7 ттәу, сулылығы 0,1%. Жиналған өндіру 6745,4мың тонна, бұл жоба бойынша нәтижеден артық. Қабат-тағы ағу қысымы 33,0 МПа құрайды.
1.6. Сулылығы
Жаңажол кенішінің ауданы Каспий маңы артезиан бассейнінің Шығыс бөлігінде орналасқан. Мұнда тұз асты жыныс комплексінің қимасында, сулы горизонтты докунгурлық, төменгі пермдік, және төменгі таскөмірлік терриген-дік жиынтығында бекітілген. Карбонаттық жыныс жоғарғы карбон подольдік және каширлік горизонтта. Жер асты суы ұңғыны кеніште сынау кезінде алынған. Олар жоғарғы қысымды өзі ағатын, минералды, хлоркальций құрамында еріген органикалық заттар конструкциясы жоғары, әсіресе иісті көмірсутегінің көптігі оның жиынтығының өнімді екенін көрсетеді.
Су дебиті өзі шығып жатқан сағасында 20-39,4 м3тәулік. КТ-П суы Жаңажол Қожасай, Кеңқияқ аудандағы ұңғыларды сынаған кезде зерттелген. Олар жоғар-ғы қысымды және хлоркальцилі типтес. Судың статикалық деңгейі сағадан 55-80 м тереңдікте орналасқан. Дебиті 40 м3тәулігіне дейін.
Кенішті бұрғылаумен қатар, қабат қысымын қалыпты ұстау шаралары ППД жүйесін құру жүзеге асырылады. Суландыруды технологиялық жобалау кезінде бірнеше схемасы жасалынады. Кенішті қазіргі уақытта 93 сору ұңғылары бар. Техникалық сумен қамтамасыз ету үшін 20 су алатын ұңғы бұрғыланған. 1992 жылғы “Техникалық схемаға қосымша” келісімімен Рпл көмектесу үшін, объектіде суды айдау 1995 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ол үш қатарлы барьерлі суландыру әдісінің негізінде жасалған. Есеп жылында бұрғылаудан 1 сору ұңғысы №3307 қабылданды. Айдау мақсатында 16 ұңғы бар су айдау, жыл басынан бері 1475,3 мың м3, ал игерудің басынан 2114,2 мың м3. Алу компенсациясы 14,2%, жоба бойынша 52%. Жыл басына 50%, игеру басынан 128%. Ұңғы приемистості 150-350 м3тәу. Периодтық пайдалануда 2 ұңғы бар.

Терең бұрғылау кезіндегі техника-экономикалық көрсеткіштерді көтеру негізі болып қиындықтарды алдын алуға және жоюға бағытталған технологиялық жұмыстар табылады. Карбонатты, терригенді және тұзды жыныстардағы ұңғы-ларды бұрғылауда қабаттың өзіне сай қиындықтары кездеседі.
Терригенді материалдар қосылған карбонатты жыныстар түйіршік арасын-дағы кеуектілік аз 2-5%. Бірақ, әртүрлі конфигурациялық кеуектіктер мен жарықшақтар кездеседі. Жұтылудың пайда болуы мен оның қарқындылығы жыныстың канал жасауына және бұрғылаудың режимдік-технологиялық параметріне тікелей байланысты.
Терригенді қабаттар, біріншіден, олар сазды, төмендегідей қиындықтар кешенімен сипатталады:
Үгітілу, құлау, каверна пайда болу.(сазды қабаттарда);
Сальник пайда болуы және тұзды жабысқақ саздың ісінуінен ұңғы қабырға-сының бітелуі;
Төмен қысымдағы қабаттағы жыныстардың ұстап қалуы;
Аномальды жоғары қысымның әсерінен сазды қабаттың бұрғылау құрал жабдықтарын ұстап қалуы;
Осы кен орнында саздар мен аргилиттерді өту кезінде осы қабатты бұрғылау ертіндісі ылғалдау әсерінен үгітілу мен құлау болу мүмкін. Құлауға саздың ісінуі әсерінен тигізеді. Саздан басқа құлауға тектоникалық күштер әсер тигі-зеді.
Терең қабатта негізінен карбонатты жыныстар орналасқан. Сондықтан бұл жерлерде жуу сұйығының жұтылуы байқалу мүмкін. Осы қиындықтарды болдырмау үшін, бұрғылау ертіндісінің тығыздығын қадағалау қажет.
Кейбір бұрғылап өтетін қабаттардан мұнай мен су орналасқан. Олар ұңғыға кірген кезде бұрғылау ертіндісін лақтыру мүмкін. Бұл жағдайда да қысымды реттеп отыру керек, кері жағдайда фонтандалу жүруі мүмкін.
Ұңғының стратиграфиялық қимасы
Ұңғының тереңдігі, м
Стратиграфиялық
бөлімнің индексі
Тау жыныстары
Қабаттың табына
бойынша жату
элементтері
Тау жыныстарының
қуыстылық
коэффициенті
Атауы
Аралық-
тағы %
мөлшері
Құлау
бұрышы
Азимут
0-5
Q+N
саздақтар
100
2-3
0-360
1.15
5-400
K
Құмдар
Саз
мергель
10
25
20
0-360
1.1
400-520
J
Саз
Құм
құмтас
50
30
20
1-5
0-360
1.1
520-670
T
Саз
Алевралит
құмтас
50
35
15
1-6
0-360
1.1
670-1800
P2
саз
Құмтас
Алевралит
ангидрит
65
15
15
5
1-10
0-360
1.15
1800-2250
P1K
Тас тұзы
Ангидрит
саз
55
40
5
1-24
0-360
1.15
2250-2400
P1S
Аргилит
алевралит
75
25
1-24
0-360
1.5
2400-2700
P1AS
Аргилит
Алевралит
құмтас
55
25
20
1-5
0-360
1.6
2700-2800
C3G
Аргилит
Эктас
доломит
55
20
25
1-7
0-360
1.15
2800-2900
C3K
Эктас
аргилит
90
10
1-7
0-360
1.15
2900-3550
C2m2m+pd
Эктас
Аргилит
Алевралит
доломит
45
25
20
5
1-8
0-360
1.4
3550-3650
C2m2KS
Эктас
Аргилит
90
10
1-7
0-360
1.35
3650-3750
C2m2
Эктас
Аргилит
90
10
2-7
0-360
1.4
3750-3900
C2B
Эктас
аргилит
90
10
1-7
0-360
1.5
Ұңғының бұрғылауда кездесетін шиеленіс аймақтар
Бұрғылау ертіндісінің жұтылуы
Стратиграфия-лық
бөлімнің индексі
Аралық,м
Жұтылудың
Max-ді қарқындылығы
Циркуляция-ның
Жоғалуы
(ия,жоқ)
Жұтылу қысымның
градиенті
Жұтылу пайда болу жағдайлары
Ашу кезінде
Тұйықтау жұмыс-н кейін
K
P2
C3q-C2m2mc+pd
C2m1ks-C2b
5-35
540-1845
2700-3190
3590-3900
5-10
10-15
20-40
60-қа дейін
иә
иә
иә
иә
1,12
1,12
1,10
1,11
1,58
1,60
1,69
1,76
Гидро-
статикалық қысымнан артық болуы
Ұңғы қабырғасының құлауы және үгітілуі
Стратигра-фиялық
бөлімнің индексі
Аралық,м
Ұсынылған бұрғылау сұйығы
Қиындық
Басталуға дейінгі,
Тәулік
Қиындық салдарынан жою үшін қолданылатын
шаралар
Жуу сұйғының
түрі
Тығыз-дығы
гсм3
Беріктікке
әсер ететін
ертіндінің
қосымша
мәліметтері
Q+N+K+J+T
0-540
Лигносуль-
фонатты
1,15
10см330мин
10
Қайта өңдеу,
жуу
P2
540-1845
1,18
7см330мин
15
P1S
2115-2290
Полимерлигно-
сульфонатты
1,06
6см330мин
15
C2m2pd
3190-3590
1,06
5см330мин
15
Мұнайгазсудың білінуі
Стратигра-фиялық
бөлімнің индексі
Аралық,м
Білінген
Флюид
түрі
Газ біліну кезіндегі газ бағанының
биіктігі
Қоспаның тығыздығы артық қысымды есептеу үшін
Пайда болу жағдайлары
Біліну түрі
ішкі
сыртқы
С3q
2700-2770
газ
Мәлімет жоқ
0,852
0,852
Түптік қысымның
Қабат қысымның аз болуы
Газ көпіршіктері мұнай қабыршағы
Мұнай қабыршағы
C3K
2770-2820
Мұнай конденсат
0,639
0,639
C2m2mc+pd
2820-3190
су
C2m1ks-C2b
3620-3700
Мұнай конденсат
0,664
0,664
C2b
3700-3900
су
Қысылып қалуға қауіпті аралықтар
Страти-гра-фиялық
бөлімнің индексі
Аралық,м
Қысылып
қалу
түрі
Ұсынылған ертінді
Құралды
Қозғаусыз
Және
Жуусыз
Қалдыруға шектеулер
Пайда
Болу
жағдайлары
түрі
Тығыздық
гсм3
Субергіштік
см330 мин
Майлайтын қоспа
Q+T
0-540
үгітілу
Лигносуль-фонаты
1,15
10 аз
СМАД-1
Графит ГС-1
иә
Саз интервалын субергіштігі жоғары бұрғылау сұйығымен бұрғ-да
P2
540-1845
сондай
сондай
1,18
5-7
СМАД-1
иә
P1S+KS
2115-2700
сондай
Полимерли-гносульфо-наты
1,06
4-6
сондай
иә
C2m2pd
3190-3590
сондай
1,06
5 аз
сондай
иә
Аққыш тау жыныстары
Стратиграфиялық
бөлімнің индексі
Аралық,м
Тау жынысының қысқаша атауы
Аққыштығы болдырмайтын жуу сұйығының min тығыздығы
Пайда болу жағдайлары
P1kq
1800-2170
Тас тұзы
2,08-2,10
Тығыздығы ескерілгеннен төмен кезде
Басқа да қиындықтар
Стратиграфиялық
бөлімнің индексі
Аралық,м
Қиындық түрі
Қиындық пайда болу жағдайлары
P1kq
1800-2170
Каверна пайда болуы
Тұздың еру әсерінен
Пайдалану тізбеген сынау (игеруге) қажет материал көлемі
Объект номері
Аты немесе шифры
өлшем бірлігі
Қажет көлемі
1
Хлорлы кальций
Т
14,7
2
Mn02 Ингибиторы немесе “Север-1”
Т
0,1
3
Мұнай
Т
200
4
Ингибиторленген тұзды қышқыл, 24-27% концентрациялы, А- маркалы
Т
24*2=48
Өнімді горизонтты ашу
Стратигра-фиялық
бөлімнің индексі
Аралық,м
өнімді түптің конструкциясының
түрі
Зерттеу қондырғысының
түрі
Қабат фонтанды
(ия, жоқ)
Ұңғыны игеру және ағын шақыру үшін жасалатын операциялар кезекті тізімі
C2m1ks
3590-3700
Колонна, цемент
стационарлы
ия
1. ертіндіні ингиби-тормен өңделген мұ-наймен ауыстыру.
2. Ағын болмаған жағдайда свабирлеу-ге ауысады.
3. Межшқалтехқарау келісімінен кейін ұңғыны газ және азот айдау арқылы игеру
Сынау кезінде пайдалану құбырлар тізбегін перфорациялау жұмыстары
Перфорациялық орта
Перфорация қуаты,м
Перфорация түрі
өлшем түрі
1м-дей тесік саны
Бір мезгілде түсірілген заряд саны
сұйық
Тығыздық, гсм3
Ертінді
1,05-1,06
30-50
кумулятивті
YD-127
20
480-800
Ұңғыдағы геофизикалық зерттеу жұмыстары
Зерттеу атауы
Жазба масштабы
өлшем мен сынақ алынған аршық,м
Тереңдік,м
Аралық,м
Бұрғылау кезіндегі каротаж түрі
КВ,ПР,ГК,НГК
ПС,2ст,зонд
инкл
1:500
1:500
1:500
850
2115
3900
0-850
800-2115
2065-3900
Бұрғылаудан кейінгі каротаж түрлері
DLL
MSFL
AC
CNL
ZDL
GR
SP
CAL
DLL
MSFL
AC
CNL
ZDL
GR
SP
CAL
1:200
1:200
1:200
1:200
1:200
1:200
1:200
1:200
1:200
1:200
1:200
1:200
1:200
1:200
1:200
1:200
3900
3900
3900
3900
3900
3900
3900
3900
3900
3900
3900
3900
3900
3900
3900
3900
2700-3190
2700-3190
2700-3190
2700-3190
2700-3190
2700-3190
2700-3190
2700-3190
3590-3900
3590-3900
3590-3900
3590-3900
3590-3900
3590-3900
3590-3900
3590-3900
Цементтеу сапасын бақылау каротаж түрлері
АЦК
АЦК
АЦК
ГК
1:500
1:500
1:500
1:500
850
2115
3900
3900
0-850
0-2115
1645-3900
1645-3900
Кен орнының мұнайгаздылығы мұнайлылық
Стратигра-фиялық
бөлімнің индексі
Аралық,м
Коллектор
түрі
Тығыздық, гсм3
Қозғалғыштық,
ДсП
Күкірттің мөлшері,
Салмақ
Бойынша
%
Парафиннің мөлшері,
Салмақ
Бойынша
%
Бос дебит
м3тәу
Еріген газ параметрі
Қабат жағдайында
Дегизация
дан кейін
Газдық фактор
м3м3
Күкірт
Сутектің мөлшері
%
Көмірқышқыл газдың мөлшері
%
Ауамен
Салыстырмалы газдың тығыз-
Сығу
коэффициенті
Қабаттық жағдайдағы қанығу қысымы, кгсм2
C3q
C2m2mc+pd
2755
2845
Кеуекті жарықшақты
0,639
0,808
0,1-0,3
0,6-0,98
7-ге дейін
7-39
275,5
5,2
0,7
1,027
0,893
250-290
C2m1ks
C2m2
3590
3660
Сол сияқты
0,664
0,827
0,1-0,2
0,6-0,1
7,13-ке дейін
39,4
242,2-344,2
5,89
2,75
0,821-1,035
0,893
306-324
C2b
3660
3700
Сол сияқты
0,713
0,84
0,1-0,2
0,6-0,1
3,3-6,2
50-ге дейін
238,2-314,7
5,89
1,38
0,821-1,035
0,893
306-324
Газдылық
Стратигра-фиялық
бөлімнің индексі
Аралық,м
Коллектор
түрі
Түрі (газ,конденсат)
Көлем бойынща мөлшері
Ауамен салыстырмалы газ тығыздығы
Қабаттықжағдайдағы газдың сығылу коэффициенті
Бос дебит,
м3тәу
Газ конденсат тығыздығы,гсм3
Фазалық өтімділік,мД
Күкірт сутек
Көмірқышқыл газ
Қабаттық жағдайда
Ұңғы сағасында
C3q
2700-2755
Кеуекті жарықшақ
газ
6-ға дейін
0,94-1,24
0,852 дейін
0,785-0,913
212
0,238
0,754
11,5-61
Кен орнының сулылығы
Стратигра-фиялық
бөлімнің индексі
Аралық,м
Коллектор
түрі
Тығыздық, гсм3
Бос дебит,
м3тәу
Эквивалентті формадағы судың химиялық құрамы, мг
Минералдылық дәрежесі, мг-эквл
Сумен бойынша су түрі
Ауыз суға жарамдылығы
(ия, жоқ)
аниондар
катиондар
Q+K
0-360
кеуекті
1,0
17,2-250
5,8
22,2
11,9
0,7
0,6
38,6
79,8
ГКН
ия
J
360-455
кеуекті
1,02
800
1,4
1042,87
32,8
93,96
13,44
969,69
2154,16
ХЛК
жоқ
T
455-540
кеуекті
1,04
500
2,0
3482,1
37,2
78,7
52,8
338,7
7039,8
ХЛК
жоқ
P2
540-1845
кеуекті
1,05
150
1,7
1441
58,7
175,8
99,4
1222
2988,6
ХЛК
жоқ
P1
1845-2700
жарықшақты
1,13
300
10
286,5
50,4
39,3
5,2
302
693,4
СФН
жоқ
C2m2mc+pd
2820-3190
Кеуекті жарықшақты
1,063
100
3,56
1483
43,9
197
131
120,25
3060,96
ХЛК
жоқ
C2b
3700-3900
Кеуекті жарықшақты
1,048
100
13,74
1168-1383,2
20,9-25,87
188,9-434,3
69,25-70,5
949,2-
912,75
2404,99-
2834,94
ХЛК
жоқ
Өнімді қабаттарды ашу және сынау
Пайдалану тізбегіндегі горизонтты өнімділікке сынау
Сорапты-компрессорлық құбыр тізбегінің параметрлері
Лифтті тізбек номері
НКТ секциясының
номері
Секция қондыру аралығы,м
Құбыр мінездемесі
Секция
ұзындығы,
м
Секция массасы,
г
Беріктік қор коэффициенті
Номинал сыртқы диаметр
түрі
Маркасы беріктік тобы
Қабырға қалыңдығы, мм
Теориялық массасы,1мкг
созылу
Артық қысымға
сыртқы
ішкі
КОУК-89-Д*35К2-мен
1
1
1350-3900
73
ВАМ
С-75-2
7,01
11,41
2500
29,1
77:(29,1+15)=1,75
1,15
1,3
2
850-1350
88,9
ВАМ
С-75-2
6,45
13,2
500
6,6
88,9:(35,7+15)=1,74
1,15
1,3
3
0-850
88,9
ВАМ
6,45
13,2
850
11,2
106:(46,9+15)=1,7
1,15
1,3
КОУК-73-Д*35К2-сыз
1
1
700-3900
73
ВАМ
С-75-2
5,51
9,23
3150
29,5
62:(29+6)=1,75
1,15
1,3
2
0-700
73
ВАМ
С-75-2
7,01
11,41
700
8,0
77:(37+6)=1,77
1,15
1,3
1.8. Өнімді қабаттарды ашу және сынау
Пайдалану және барлау ұңғыларын бұрғылау кезіндегі қабатты ашу деп өнімді қабатта оның мұнайгаздылығына бағалау мақсатында бұрғылау табылады. Бұл кезде қандайда технологиялық операциялар жүргізілгеннен кейін қабаттың су өткізгіштік дәрежесі анықталады.
Өнімді қабатты екі рет ашады. Біріншісі – бұрғылау кезіндегі қашаумен ашу, ал екіншісі – қабатты шегендеу құбырмен бекіткеннен кейінгі ашу.
Ұңғыны бұрғылау іс тәжірибесінде қабатты қашаумен ашу технологиясында келесілер әсер ететіні анықталған: қабат қысымының мәні; коллектор сипат-тамасы; флюид қабатының табиғаты; жыныс температурасы және т.б.
Қабат қысымының мәніне байланысты коллектор үш топқа бөлінеді:
1. аномальді жоғарғы қабат қысымы, (АЖҚҚ);
2. гидростатикалық қысымға жақын қысым;
3. гидростатикалық қысымнан төмен қысым.
АЖҚҚ –ғы коллекторлар жоғары тығыздықтағы бұрғылау ертіндісімен ашылады. Бұл ұңғы бағанындағы бұрғылау ертіндісі ашылып жатқан қабат қысымынан кішкене жоғары ұстау үшін жоғарлатады.
Екінші топтағы коллекторды сазда бұрғылау ертіндісі, қатты фазасы өте аз ертінді, мұнай негізіндегі ертінді, техникалық су, ББЗ арқылы ашуға болады.
Үшінші топтағы коллектор мұнай негізіндегі ертінді, аэрланған бұрғылау ертіндісі және ауа немесе газ үрлеу арқылы ашылады.
Бірінші және екінші топтағы өнімді қабатты репрессия арқылы ашады. Ол бұрғылау ертіндісі жасап тұрған қысымның қабат қысымынан төмендігімен сипатталады. Соның себебінен мұнай және газ ұңғыға енеді. Егер бұны қадағаламаса, фонтандалу жүріп алға апатқа ұласу мүмкін. Репрессияны баяу және ұқыпты жүргізу керек. Кері жағдайда ұңғы түбінің табиғи параметрі өзгеріп, ұсақ түйіршіктер жиналып, қабат өткізгіштігі азайып мұнайгаздылығы кемиді. Ұңғы түбіндегі қысым бұрғылау ертіндісінің тығыздығымен реттеліп, қабат қысымынан 0,5-1 МПа тең болуы керек. Сонда қабаттың білінуінің алдын алады. Мұнайгазда қабатты негізіндегі ертіндімен ашуда субергіштігін азайту керек. Су бергіштігі төмен бұрғылау ертінділері өткізгіш қабаттың бетінде жұқа эластикалық аз өткізетін қабықша түзеді. Соның себебімен фильтрат қабатына қатты бөлшектер өте алмайды.
Қабатты ашқан кезде қатты фазасы төмен бұрғылау ертіндісін қолданған жөн. Су негізіндегі бұрғылау ертіндісінің тұтқырлығы төмен болу керек. Су негізіндегі бұрғылау ертіндісімен қабатты ашқанда төмендегі талаптар орын-далуы керек:
а) Ұңғы қысымы қабат қысымынан кішкене көп болатындай етіп ертіндінің тығыздығының мөлшерін тағайындайды;
б) Су бергіштігі төмен;
в) Тұтқырлық мүмкіндігінше төмен;
г) Ертінді ингибитормен өңделген болу керек.
Өнімді қабатты ашқан кезде кері құбылыстарды болдырмау үшін осы қабат-тың қасиеттеріне сай әдісті таңдау қажет. Бұл әдіс жыныстарының коллек-торлық қасиеттерін максимальды етіп сақтайды.
Өнімді қабатты ашу әдісі
Қабатты ашу әдісі қабат сұйығының физика-химиялық сипаттамаларына байланысты таңдалады. Және қабат қысымы, өткізгіштік және ұңғы түбінің литологиясы қарастырылады.
Жобалық ұңғыда кеуекті жарықшақтардан құралған өнімді қабат ашылуда. Бұрғылау ертіндісі қабат қысымы гидростатикалық қысымынан төмен болуы-нан жұтылуы мүмкін. Ұңғы горизонталь және фонтанды болғандықтан ертін-діні ингибитерленген сумен ауыстырамыз. Өнімді қабатты бұрғылап болған соң пайдалану тізбегімен цементтеп бекітеміз. Содан кейін екінші рет ашу әдісін қолданамыз. Мұнда ертіндінің оптимальды тығыздығын таңдап, қысымды ескеріп перфорациялаймыз.
Қабаттарды сынау аралықтары мен тәсілдері
Өнімді қабаттың мұнай және газ құралы туралы геофизикалық жұмыстар толық мәлімет бере алмағандықтан қабатты сынау мақсатқа қойылды. Яғни, қабатты сынау арқылы қабаттың мүмкіншілігін біле аламыз.
Қабат сынағыштар көмегімен қабаттың флюидпен қаныққандылығы және оның параметрлері туралы толық мәлімет аламыз. Қазіргі уақытта қабат сынағыштардың үш түрі кеңінен тараған: бұрғылау құбырымен бірге түсірілетін ұңғыға кабель көмегімен түсірілетін және бұрғылау құбырының ішіне түсірілетін. Өнімнің келуін ұңғы түбінде құбырлық қабат сынағышпен ұңғы түбіне тіреп және тіремей сынайды.
Құбырлық қабатсынағыштың жұмыс істеу принципі келесідегідей. Пакер арқылы сыналып жатқан аралықта басқа жоғардағы аралықтан айырады. Пакер астындағы аралықта депрессия болатындай етіп ұңғы қысымын төмендетеді. Депрессия мәнін тізбектегі сұйық бағанының биіктігіне байланысты реттейді. Қабат сынағышты қондырылған тереңдік параметр қысым өзгерісін және басқа да өзгерістерді жазып отырады. Осы алынған қабат флюидтерінің сынамасы қабат сынағышпен көтеріледі. Максимальды термометр түптік температураны жазып алады.
Өнімді қабатты ашу және сынау жұмыстар бұрғылау кезіндегі жауапты саты болып табылады. Өнімді қабатты ашу сапасына мұнай және газдың ұңғыға келу, дебит мөлшері тікелей байланысты. АЖҚҚ өнімді қабатты ашқан кезде қауіпсіздігіне де қабатты ашу сапасына тура әсерін тигізеді.
Қабатсынағыштармен осы өнімді қабатқа баға беріледі. Кейбір аралықтарда коллекторды сынамас бұрын каротаж-сынау-каротаж әдісі қолданылады.
Құбырлық қабатсынағыш ретінде МИГ-146 көрсеткіштеріне сәйкес Қытай қабат сынағышы қолданылады. Ал екінші рет ашқан кезде YD-127 құрылғысы қолданылады.
1.9. Ұңғыдағы геофизикалық зерттеулер
Ұңғы қимасындағы литологияны, стратиграфияны, жыныстың физикалық қасиеттерін, мұнайлы коллектор параметрлерін зерттеу үшін, керн алу аралық-тарын анықтау үшін, ұңғының техникалық жағдайын бақылау үшін геофизи-калық зерттеулер кешені қарастырылады.
Ұңғы қимасының әр аралықтары бұрғылаумен қоса зерттеу жұмыстары жүргізіп отырады.
Ұңғыны геофизикалық зерттеу кешенінің бірнеше әдістері бар. Олар радио-активті, анустикалық әдіс, газды каротаж – зерттеліп жатқан тереңдіктегі ұңғы-дағы газдың болуын диагностика жасайды.
Кавернометрия түптік температура туралы мәлімет береді. Және басқада геофизикалық жұмыстар жүргізеді: сейсмокаротаж, КВ, ПР, ГК, НГК, ПС, 2 ст. зонд инклинометрия, т.б.
ҚР геология министрлігімен күтіп отырған өнімді қабатқа 100 м қалғанда газ каротаж станциясын қондыру керек екені бекітілген. Бұл станция газометри-калық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажет.
Барлық айтылған геофизикалық жұмыстарда “Ақтөбемұнайгаз” ұңғыларды геофизикалық зерттеу экспедициясын жүргізеді.
Геофизикалық зерттеу жұмыстары туралы мәліметтер кестеде берілген:
№ пп
Зерттеу атауы, олардың мақсаты
Жазба масштабы
Зерттеу аралығы, м
1
Стандартты каротаж: 1 зонд МО, 5М2А, ГК, кавернометрия, профилеметрия және 20 НКГ
1:500
0-150
2
Толық жинақ ГИС: БК3-5 зонд, МК, БМК, БК, ИК, ПС, АК, ГК, ИННК, НКГ-30, ГГК-П, кавернометрия, термометрия, резистиметрия
1:500
150-350
3
Термометрия ОЦК және АКЦ
1:500
350-650
4
Термометрия
1:500
650-750
5
НКГ, ГК
1:500
750-1200
6
Газды каротаж
1:500
1200-1500
7
Сейсмокаротаж
1:500
1500-2130
8
АК
1:500
2130-3100
9
АК және ГГК-П
1:500
3100-3900
Кесте – Геофизикалық зерттеулер
Геофизикалық жұмыстар көлемі:
1) геофизикалық зерттеулерге мыналар кіреді:
• байланыстырушы каротаж
• аралық каротаж
• аяқтаушы каротаж
2) инклинометрия бұрғылау процессі уақыты бойынша жасалатын зерттеу жұмыстары. Ол телеметрикалық жүйе көмегімен іске асырылады.
3) Геофизикалық партияның кезекшілігі зенит бұрышын бұрудан басталып, веритикаль оқпанды бұрғылап аяқтағанша жүргізіледі;
4) Егер ұсынылып және таңдалынып жатқан геофизикалық құрылғылары болмаса, оның дәл сондай қасиетке ие шетелдік құрылғыны қолдануға болады.
Вертикаль оқпанды радиоактивті каротаж көмегімен өнімді қабатты зерттейді.

Пайдалану ұңғыларды белгіленген аудандарда жер қыртысынан мұнай газ немесе мұнайгазды конденсат алу үшін бұрғылайды.
Тау жыныстарын қопару үшін механикалық, термиялық, физико – химия-лық немесе электроұшқынды және басқа әдістер қолданылады. Бірақ өндірісте тек механикалық әдіс қана қолданылады. Қалған әдістер жиі тек эксперимен-талдық түрде қалып отыр.
Механикалық бұзу соққы немесе айналдыру әдістер арқылы іске асырыла-ды. Айналдырып бұрғылау әдісі кезінде жынысты бұзуға бір мезетте қашауға күш және айналу моменті әсер етіп, жынысты бұзады.
Айналдырып бұрғылаудың екі әдісі бар – роторлық және забойлық электрқозғалтқыштар. Тиімді бұрғылау әдісін қолдану ол, алдын алу жобалау кезінде немесе бұрғылау технологиясын белгілі бір геолого – технологиялық жағдайлар кезінде немесе жетілдіру кезінде іске асырылады.
Эксперименталды бұрғылау кезінде, ең тиімді бұрғылау әдісі таңдалып алынады. Негізінде айналдырып бұрғылау әдісі қолданылады. Бұрғыланған жыныстың бөлшектері бұрғылау кезінде, үнемі айналысқа түсіп тұрған бұрғылау сұйығының арқасында сыртқа шығарылады.
Тәжірибе көрсеткендей Жаңажол және соған көршілес кен орындарын (өзінің геологиялық құрылымы жағынан ұқсас) терең вертикальды бұрғылау кезінде роторлы бұрғылау әдісі тиімді болады, себебі бұрғылаудың басқа әдісін қолдану түрлі қиыншылықтарға соқтырады, өйткені қашау жұмыстарының жағдайы зерттелмеген.
2.1. Ұңғы құрылмасын жобалау
Ұңғы қабырғаларын бекіту және бұрғыланатын жазықты білу үшін ұңғы құрылмасын жобалау қажет.
Ұңғы құрылмасын бұрғылаудың технико – экономикалық көрсеткішіне үлкен әсер етіп, ұңғыны жобалау, тереңдігіне жетуіне үлкен ықпал етуі. Бұл үшін ұңғы құрылмасын ұзақ уақыттық объекті есебінде қарап, ұңғы құрлысының сапасының ең жоғарғы деңгейде болуын қамтамасыз ету керек.
Сондықтан терең ұңғыларды бұрғылау кезінде, бұрғылау құрылмасын мықты және беріктікке үлкен мән беру керек және ол жақсы тәжірибеден өткен әдістерді қолдану қажет.
Ұңғы құрылмасы, таулы жыныста бұрғыланған оқпаннан, бірнеше шегендеу құбырлары, құбырмен оқпан қабырғаларын аралығын толықтай немесе жартылай толтырып тампонаж тасынан тұрады. Ұңғының құрылмасы оған түсірілген шегендеу құбырмен оның ұзындығымен диаметрі, әрбір құбырға арналған оқпанның диаметрімен цементтеу аралығының орналасу жағдайымен сипатталады.
Ұңғы құрылмасы – бұл шегендеу құбырларының жиынтығы, шегендеу құбырларын түсіру тереңдігі, шегендеу құбырлар диаметрі, қашау диаметрі және шегендеу құбырларын цементтеудің аралығы.
Ұңғы құрылмасын таңдау мына факторларға байланысты:
• ұңғының тағайындалуы;
• ұңғы тереңдігі;
• кен орнының зерттелуі және оның геологиялық құрылымы;
• жыныстың геолого – физикалық мінездемесі;
• қабат сұйықтарының құрамы;
• ұңғы профилі;
• ұңғы сағасының жағдайы;
• бұрғылау әдісі;
• өнімді қабаттарды ашу әдістері;
• ұңғының температуралық режимі;
• қазба байлықтарын және қоршаған ортаны қорғау заңдары;
• экономикалық факторлар.
Ұңғы құрылмасын таңдау кезінде мыналар ескерілу керек, мұнай және газ қабаттарының шоғырланған тереңдігі, ондағы қысым, бұрғыланатын жыныстың сипаттамасы, ұңғыны бұрғылау кезінде кездесетін қиындықтар, пайдалану жағдайы және жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері.
Ұңғы құрылмасы берік болуы өнімді қабат изоляция жасануы, кен орнын зерттеу кезінде және пайдалануда оған кететін шығын аз болуы, қажеттікті пайдалану режиміне қол жеткізу, өндірілген мұнай мен газды тасымалдау кезінде қолданылатын энергияны толық пайдалану және ұңғыны жобалау тереңдікке жеткізу қажет.

Ұңғыны бұрғыламас бұрын алдын – ала ұңғы құрылмасы орнатылуы керек, яғни ұңғыға қанша шегендеу құбырлары түсірілу керек, олардың диаметрі, бұрғылауға қажет қашаудың диаметрі, бұрғыланған сулымұнайлы-газды қабаттарды ескере отырып құбырдың арғы жағына қанша цемент керек, осылардың бәрінің есебімен ұңғының құрылмасы жобаланады.
Ұңғы құрылмасын жобалаудың екі әдісі бар.
Бірінші әдіс:
Жобаланатын ұңғы құрылмасын орнату үшін, қабат қысымының Рқ , жұтылу қысымы Рж , бұрғылау сұйығының оқпандағы қысымы Роқ , өзгеріс-терінің бірлескен графигін тұрғызу қажет. Берілген мәннің координатасына “қысым градиентінің эквиваленті – тереңдік”. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz