Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызда ойнау әдіс-тәсілдері, әуендік құрлыс өзгешілігі



Қаратау күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге келсек – Қаратау күйлері, Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Қаратауға сонымен қатар қобыз өнері де қонған жер. Қаратау шертпе мектебінің негізін қалаған Сүгір Әлиұлы, өзіне дейінгі күйшілердің мұрасын терең меңгерген, өз сазгерлігімен күй өнерін жаңа белеске көтерген дарын иесі. Ол Ықыластың төл шәкірті ретінде осы екі аспапты да тең меңгерген. Мұндай феномен Сүгірдің шәкірті – Жаппас Қаламбаевқа да қонып, әрі қарай жалғасын тапқан.
Сонымен, төлтума қобызшы Ж. Қаламбаев, Сүгір мектебінің дәстүрін жалғастырушысы болып саналады. Сонау көне заманнан бізге дейінгі қазақтың аспаптық музыкасын жеткізіп, аманат еткен халық аспаптар оркестрінің алғашқы құрамындағы орындаушылардың бірі – Жаппас Қаламбаев. «Қобыз қазағымның, ата-бабамның өнері, ғажайып дарыны екен. Сондықтан халқым алдында өтелмеген қарызым көп, шамам келсе соны өтей бермекпін», - деп айтатын Жаппас .
Ж. Қаламбаев 1909 жылы 1 – ші қаңтарда Шымкент облысының Созақ ауданына қарасты Талап ауылында өмірге келеді. Қоршаған табиғи көркем өңірі, халықтың бай музыкасы, оның табиғи дарынының оятып дамуына дәрісін тигізді. Жаппастың өнерге деген ықыласы жас кезінен байқалды. Ол жасынан сезімтал, ізденімпаздығымен көзге ерекше түседі. Жаппастың кіші қызы Құндыздың айтуы бойынша: - Әкемнің атасы – Қасымбек он саусағынан өнер тамған кісі болатын, домбырада күйлерді шебер орындайтын, неше түрлі музыкалық аспаптар жасап өзі гармонмен ән шырқайтын. Баласының бойындағы өнерге деген құштарлығын байқаған әкесі, өзі жасаған домбырасымен ән – күй үйреткен. Алты жасынан бастап әкем домбыраны шебер меңгеріп ойнайтын, күйлерді бір естігеннен – ақ жылдам жаттап алатын. Ал, әжем – Жібек, күміс көмей әнші, ауыл аймаққа беделді, сыйлы

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызда ойнау әдіс-тәсілдері,
әуендік құрлыс өзгешілігі
Қаратау күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер
қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге
келсек – Қаратау күйлері, Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір
арнасы болып табылады. Қаратауға сонымен қатар қобыз өнері де қонған жер.
Қаратау шертпе мектебінің негізін қалаған Сүгір Әлиұлы, өзіне дейінгі
күйшілердің мұрасын терең меңгерген, өз сазгерлігімен күй өнерін жаңа
белеске көтерген дарын иесі. Ол Ықыластың төл шәкірті ретінде осы екі
аспапты да тең меңгерген. Мұндай феномен Сүгірдің шәкірті – Жаппас
Қаламбаевқа да қонып, әрі қарай жалғасын тапқан.
Сонымен, төлтума қобызшы Ж. Қаламбаев, Сүгір мектебінің дәстүрін
жалғастырушысы болып саналады. Сонау көне заманнан бізге дейінгі қазақтың
аспаптық музыкасын жеткізіп, аманат еткен халық аспаптар оркестрінің
алғашқы құрамындағы орындаушылардың бірі – Жаппас Қаламбаев. Қобыз
қазағымның, ата-бабамның өнері, ғажайып дарыны екен. Сондықтан халқым
алдында өтелмеген қарызым көп, шамам келсе соны өтей бермекпін, - деп
айтатын Жаппас .
Ж. Қаламбаев 1909 жылы 1 – ші қаңтарда Шымкент облысының Созақ
ауданына қарасты Талап ауылында өмірге келеді. Қоршаған табиғи көркем
өңірі, халықтың бай музыкасы, оның табиғи дарынының оятып дамуына
дәрісін тигізді. Жаппастың өнерге деген ықыласы жас кезінен байқалды.
Ол жасынан сезімтал, ізденімпаздығымен көзге ерекше түседі. Жаппастың
кіші қызы Құндыздың айтуы бойынша: - Әкемнің атасы – Қасымбек он
саусағынан өнер тамған кісі болатын, домбырада күйлерді шебер орындайтын,
неше түрлі музыкалық аспаптар жасап өзі гармонмен ән шырқайтын.
Баласының бойындағы өнерге деген құштарлығын байқаған әкесі, өзі жасаған
домбырасымен ән – күй үйреткен. Алты жасынан бастап әкем домбыраны шебер
меңгеріп ойнайтын, күйлерді бір естігеннен – ақ жылдам жаттап алатын.
Ал, әжем – Жібек, күміс көмей әнші, ауыл аймаққа беделді, сыйлы болған
адам. Осы атаммен әжемнің өнерге деген сүйіспеншілігі менің әкеме
дарыған.
Ж. Қаламбаев ертеде дарынды өнер иелері сал-серілердің музыкасымен
сусындап, үлкен жиын – мерекелерге, би – шешендердің бас қосуына, айтыс –
тартыстарына қатысып, белгілі халық сазгерлердің өнер дәстүрін меңгеріп
халыққа жеткізген. Осы тұрғыда, ол әрқашанда тыңдаушылардың көңілінен
шығып, орындаушылық шеберлігін арттыра түседі. Сонымен қатар, Жаппас
қазақтың көне қобызын игеруді өзіне мақсат еткен. Ол аз уақыттың ішінде
аспапты шебер меңгеріп, белгілі қобызшы атанды. Менің музыкалық
талабымның әрі қарай жалғасуына, ауылымыздан өте қашық емес жердегі Созақ
жәрменкесіне қатынасқан халық таланттары, ақын, жыршы, бишілердің әсері
тиді - дейді екен Жаппас.
Ол Қаратау күй мектебінің әйгілі өкілі Сүгір Алиұлымен
кездесіп, Ықылас күйлерін алғашқы домбыра арқылы үйренеді, кейінірек
оларды қобызға лайықтап, өзіне ғана тән мәнерімен, техникалық шеберлігі
айқын орындаушыға айналады. Сүгір Алиұлы өзінің қайталанбас күйлерінің
әсерлі үнін Жаппастың ішкі дүниесін тербелетіп бойына сіңіре білді.
Сөйтіп, оның үлкен музыка әлеміне шығуына ықпал етті. Сондай – ақ Жаппасты
қобызшылық өнерінің қалыптасып дамуы үшін оны әрі қарай тұрақты еңбек ету
керектілігіне бағыттаушы, қадағалаушысы академик А. Жұбанов болатын.
1934 жылы Алматыда өткен бүкілқазақстандық өнерпаздар слётіне Ж.
Қаламбаев қатысып, өзінің орындаушылық өнерімен ерекше көзге түседі. Сол
кезде жаңадан ұйымдаса бастаған Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар
оркестрінің құрамына қабылданып, оркестрдің іргетасын қалаушылардың бірі
болып, аспаптық өнерін әрі қарай жалғастырады. Осыған дәлел Б. Ғизатовтың
жазған сөздері: Слётке Қазақстанның түкпір – түкпірінен дарынды
домбырашылар, қобызшылар, сыбызғышылар әншілер келіп өз өнерлерін көрсетті.
Ғ. Матовтан кейін сахнаға ақ костюмде, аласа бойлы, қобызшы Жаппас
Қаламбаев шықты. Қолындағы көпшік тәріздес кішкентай қобызымен ол
Ықыластың Аққу, Қаскыр,Жез киік, Ерден Қамбар күйлерін нақышына
келтіріп орындады. Осы орындаған күйлер арқылы, ол қазақтың кең байтақ
даласын бейнеледі. Мұны тыңдаған жұрт қазақ даласының керемет қобызшысы
екенін мойындады.
Әйгілі оркестрдің мүшесі ретінде 1967 жылға дейін альт қобызшылар
тобының концертмейстері және оркестрдің жеке орындаушысы болып, қылқобызда
небір Ықыластың күйлерін сайрата ойнады. Осы ұжымда ол ұзақ жылдар бойы
еңбек етіп, 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен онкүндік қазақ өнерпаздардың
декадасына қатысып, жүлдегер атанды.
Қобызда орындаушылық дәстүрін жалғастырып, оны әрі қарай дамытып, үлкен
шеберлікпен ойнайтын аспапшының өнерін А. Жұбанов жоғары бағалап
жазады: - Жаппас өзінің кыл ішек тағылған қобызын тартқанда, тірек болу
үшін сол құлақтың бірін сол жақ шекесіне тіреп қояды. Оның халық қобызын
ұстаудағы түйінінің үлкен акустикалық мәні бар. Ал қобыздың орындауы
домбырадан анағұрлым басқа, қиын екенін музыка танушылар жақсы біледі.
Онда ойнау скрипкадан да гөрі қиынға соғады. Өйткені қобызда саусақтарды
басатын мойны жоқ. Солай бола тұрса да, Жаппас не бір техникалық күйлерді
құйқылжытып тартқанда, адам баласының ала алмайтын қамалы жоқтығына таң
қаласын.
Жаппастың ойнау ерекшелігі географиялық өмір сүрген ортасына да
байланысты. Ол екі өнер мектебін бірдей игерген. Біріншісі – домбыра,
екіншісі- қобыз. Екі аспапта да шебер орындаушылық үлгісін танытты.
Үлкен өнер иесі домбырашылар Тәттімбет, Сүгір, Дәулеткерей, Дина, Тоқа,
Дайрабай күйлерін қобызға салып орындайтын. Сонымен қатар, Жаппас өзінің
ауызекі түрде жаттап алған шығармаларына өзіндік мәнерін, стилін қосқан
өнер иесі. Ол орындаушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне, күй мен
әндеріне жаңашыл ырғақ, мақамында өлшем қосқан шебер күйші. Сол күйлердің
образдық әлемін, ойнау тәсілдерін, өрнектеу әдістерін, ойнау техникасын
және теріс бұраудағы домбыра күйлерінің даму композициясын қобызға
түсіріп, айнытпай орындаған. Мысалы, Қорқыт, Кертолғау, Жез киік.
Бес Төре, Сылқылдақ.т. б.
Жаппастың ендігі бір кереметтілігі Аққу күйін орындағанда қобыз,
құстың қанатының суылы мен көркем музыкалық үнін береді. Осы арада қобызшы
флажолеттің басқа европалық ысып ойнайтын аспаптарда кездеспейтін бір
түрлерін көрсетеді. Оның үстіне трельдер қосылғанда, шын мәнісіндегі
аққудың ұшқан қанатының үні құлаққа келеді. Осының бәрін де аспапшы, көбіне
сол қолдың саусақтарының техникасы ойнау ерекшелігі арқылы береді.
Қобызда мұнымен қатар екі дауысты бір кезде ала береді. Біз бір дауыста
әуен жүріп, екінші дауыстың остина толық жүргізуін айтпаймыз. Ол жәй ысып
ойнайтын қобызды былай қойғанда, қағып ойнайтын домбырада да адам
таңқалатындай хәлде беріледі. Ал Жаппастың орындауында қос дыбыстың екеуі
де қозғалады, екеуінде де әуен жүреді. Ішектің мойынға жақын басылуға
ыңғайлы болмай, ілулі тұрған қалпында сондай қос дыбысты жүргізе алатын
қобызшы, оның орындаушылық техникасы тамаша әсер қалдырады – деп, оның
дарынына баға беріп жазады А. Жұбанов.
Жаппастың орындауындағы өзіндік дара стилі, жоғары көркемділігі
ерекше көзге түсетін. Күйшінің орындаушылық шеберлігін жоғары бағалап,
көптеген музыкатанушылар да өз пікірлерін жазып қалдырған. Соның ішінде
белгілі жазушы И. Жақанов та Қобыз Атасы - Ықылас деген кітапта Жаппас
туралы өз ойын білдіріп жазған: - Аққу күйін алғаш жеткізіп, қайталанбас
шеберлікпен тартқан адам Қаламбаев Жаппас еді. Әрі құс қанатының желпи
қаққан суретін, әрі жанға жайлы есті сарынын тыңдаушының көңілі мен
көкірегіне қатар ұялатар құдіретті Жаппастың орындаушы суреткерлері десе
лайық. Қобыз ішегіне жанасқан саусағы біресе дірілдеп, біресе тербеліп,
енді бірде көз ілеспес жылдамдықпен жорғалап жөнелгенде адам өмірінің
шытырман тағдырын айтуға келгенде, әуен – саздың тілінің мейлінше жүйрік
екеніне күмәнсіз сенесіз.
Бірте – бірте Қаламбаев алғашқы қадамын басқан тұңғыш Құрманғазы
атындағы кәсіби оркестр ұжымының жеке орындаушысы, сахнаның санаулы
шеберлерінің біріне айналды.
Оркестрдің жарқын жеке орындаушысы бола жүре, ол осы оркестрдің
болашағын ойлап ұстаздық қызметінде де қажырлы еңбек етті. Тәрбиелеп
шығарған шәкірттердің ішінде еліміздің мәдениетінде өзіндік биік орын алған
көптеген белгілі қайраткерлер бар мысалы: Ф. Балғаева, А. Исмаилов, А.
Жаманшалова, Ж. Қасымов, Д. Тезекбаев, Өзінің кәсіби шеберлігі құпиясын
шәкірттеріне үйрете жүріп, жаңа сым қобыз мектебіндегі орындаушының (3-4
ішекті) қобыздың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың саз өнерінің тағлымы
Дәстүрлі музыкалық өнер
Дәулет Мықтыбаев (1904-1976) мектебінің өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктері
Қылқобыздың қос қыраны
Ішек қылған, қобызым
Қорқыт ата күйлері және ерекшелігі
Фольклорлық музыка аспаптары
Қорқыт- қылқобыз өнерінің негізін қалаушы
Қазақтың аспаптық музыкасы
Ықыластың әкесінен игерген алғашқы күйі Қорқыт күйі
Пәндер