Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы шетелдік инвестицияны бағалау жолдарының өзектілігі


Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы
шетелдік инвестицияны бағалау жолдарының өзектілігі .
Еліміздегі ен байлықтың бірі мұнай мен газ өнеркәсібінің қарқынды дамуы айырықша екенін жақсы білеміз. Шетел инвесторларын Қазақстанға өндіріске, мұнай-газ саласына ауқымды инвестиция салуда. Мұнай-газ саласы Атырау өңірінде ғана емес, ел эканомикасының өркендеуіне тың серпін берген бірнеше жоба іске асырылды. Әрине айтуға жеңіл болғанымен Теңіз Новороссиск бағытындағы мұнай құбырын тарту үшін қаншама келіссөздер жүргізілді. Осы жобаның қазақ мұнайын Қара теңізге тіке шығаратын төте дәліз болатыны біраз елдің қызығушылығын тудырады. Ал, «Теңіз» кен орын мол көлемде инвестиция құйған «Шеврон» секілді әлемдік тәрбиесі бар компанияның біздің еліміге бет бұруында.
Қазіргі кезде Каспий қайраңын игеру бағытында мүделестік танытқан шетелдік компаниялар мұнай мен газ дайындау зауытын тұрғызуды қолға алды. Таяудағы жылдарда теңіз мұнайын игеру басталмақ.
Атасу-Алашаққай құбырының іске қосылуы да қазақ мұнайының және бір бағытқа тасымалдауына кең жол ашты. Міне осындай жобаларға инветиция салған шетелдік енвесторларға мұнай мен газ секілді байлықты игеріп қана қоймай, елдің әлеуметтік дамуына, инфра құрылымдарды жетілдіруге барынша қолдау білдіруді тапсыруының маңызы айрықша.
Еліміз осы зор көлемдегі шетелдік инвестицияларды игеру арқылы өзінің өндірістік әлеуетін күшейте бастады. Тек1992-2001. жылдар ішінде мұнай-газ саласына 8 млрд. доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылды.
Ресми айғақтарға сүйенсек, республика мұнай қоры жағынан әлемде 13-ші орын алады екен. Шетел инвесторларының Қазақстанға қызығушылығы жоғарылай бермек. Ал, республиканың мұнай компаниялары өздерінің стратегиялық серіктестеріне «жайлы инвестициялық климат» жасауды қолдайды.
1993 жылдың суірінде Қазақстан Республикасы 40 жыл мерзімде американдық Шеврон компаниясымен инвестициялық келісім шарт жасасты. Бұл аса бай кен орны - Теңізді игеруге бағытталды. 1997 жылдың қарашасында «Қарашығанақ» газ конденсаты өнімін бөлісу туралы АҚШ-пен ұзақ мерзімге келіссөз жасалды. Арнайы құрылған «Қарашығанақ интеграциялық ұйымына» «Аджип» (Италия) 32, 5%-бен «Тексако» (АҚШ) 20%-бен, «Лукойл» (Ресей) 15%-бен компаниялар енді. Инвесторлар Қарашығанақты игеру мен барлауға 11 млрд. доллар беруді жоспарлады. 1997 жылдың маусымда Қазақстан Республикасы Қытай ұлттық мұнай компаниясымен «Ақтөбемұнай» акциясының 60%-ын сату туралы шарт жасады.
Сөйтіп: мемлекетіміздің алдында қазірде әрекет етуші инвестициялық жобаға мемлекеттік тұрғыда қатысуды кеңейту мақсаты қойылды. Жалғыз мемлекеттік «Қазақойл» компаниясы елімізде өндірілетін мұнайдың 15-16%-ын ғана бере алады.
2001 жылы Қазақстан мұнай - газ саласы өзінің жеке дамуының 10 жылдығын атады. 55 мұнай кен орындарында тәулігіне 109485 тонна мұнай өндіріледі. Республика аумағында ірі мұнай қорының болуы шетел инвесторларының табысты қызметін қамтамасыз етеді. Алынған инвестицияның басым бөлігі Қазақстан экономикасының минералды - шикізат қорын дамытуға бағытталған. Тек 2001 жылдың жарты жылдығында кенді пайдалануға 1920, 1 млн. доллар жұмсауды оның 80%-ын тікелей шетеледік инвесторлардың түсті, 20%-ы отандық компаниялар үлесінде. Қазақстан сарапшыларының анықтауышна, кен көздерінің пайдалану компанияларының белсенді инвестициялық қызметі республиканың леуметтік-экономикалық жағдайына жағымды әсер етеді. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, кенді пайдалану объектілеріне 2001 жылдың 1 шілдесіне дейін тартылған жұмысшы саны 179337 болған, оның 177572-сі Қазақстан жұмыс күштері (жұмысшылар мен білікті мамандар) қазіргі уақытта.
Қазақстан экономикасының негізгі өзегі - мұнай-газ кешені. Бұл салаға еліміздің стратегиялық дамуында үлкен маңызды орында. Мұнай ұлттық экономиканың әрі қарай дамуының басым бағыттарын айқындайды.
«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы - геологиялық барлау, бұрғылау, өндіру, тасымалдау, көмірсутегі ресурстарын қайта өңдеу сияқты мәнді мәселелерді шеше алатын көптармақты, күрделі құрылым, әлемдік банктің мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасы инвестициялық қатынас жағынан әлем елдерінің арасында 20-шы орында. Ресми мәліметтерге сүйенсек тек 1999 жылы Қазақстан Республикасына 1, 5 млрд. АҚШ доллары тартылған. Ал еліміздің тәуелсіздігінің 10 жылы ішінде оның көлемі 10 млрд. долларға өсті. Еуропалық қайта құру мен даму банкі инвестиция тарту көлемі жағынан елімздің ТМД елдері ішінде Польша мен Венгриядан кейін үшінші орынды иеленетін анықтаған.
Ірі мұнай компаниялары, атап айтқанда «Шеврон», «Эксон», «Амоко» және басқа әлеуметтік компаниялардың инвестициялық ресурстарының басым бөлігі көмірсутегі орындарын барлау мен өңдеуге және мұнай-газ қайта өңдеу жұмыстарына жұмсалды. Мәселен, 60 жылдардың аяғы мен 70 жылдардың басында ОПЕК елдерінің мұнай өнеркәсібінде аса мәнді құрылымдық өзгерістер жүрді. Бұл мұнай өндіруге мемлекеттік бақылау қойылуына тығыз байланысты. Ирак, Венесуэла, Иран, Индонезия, Кувейт, Катарда - 100%, Ливияда - 80%, Сауд Арабиясында - 60% болды. Бұл саладағы мемлекеттік сектордың маңызды міндеті - ұлттық мұнай компаниялардың қызмет ауқымын кеңейте түсті.
Яғни бүгінгі таңда еліміздің мұнай-газ кешенінің қарқынды дамуы аймақтық салаларда әлеуметтік-экономикалық түбегейлі өзгерістердің болуына ықпал етеді. Ол факторлардың сыртқы инвестиция арқылы шешімін табуы осы аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық түбегейлі өзгерістердің болуына ықпал етуі сөзсіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz