Азық түлік өндірісінің қоршаған ортаға əсері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қауіпсіздік түсінігі көп қырлы болып табылады жəне бірнеше құбылыстарды қамтиды. Олар ядролық, радиациялық қауіпсіздік, сəулелену қауіпсіздігі, өнеркəсіптік, механикалық, химиялық, электрлі, жылу жəне өрт қауіпсіздіктері, сонымен қатар жарылыс қауіпсіздігі жəне биологиялық қауіпсіздік түрлері болып бөлінеді. Жалпы алғанда қауіпсіздік ұғымы - адам денсаулығы жəне өмірі, мүлік, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қатердің болмауын түсіндіреді.

Адам үшін азық-түлік қауіпсіздігі проблемасы əрқашан болған. Азық-түлік, ауа жəне климат адамзат тіршілік əрекетінің базисті жинағын құрайды. Азық-түлік қауіпсіздігі жеке адам, адамдардың кез келген тобы жəне толығымен алғанда қоғамның қажетті материалды жағдайы болып саналады, демографиялық, экономикалық, саяси, мəдени, ақыл-ой жəне т. б. дамуының қызметін жəне мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сондықтан тұрғылықты халықты тұрақты жəне қауіпсіз азық- түлікпен қамтамасыз ету мəселесі аса маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады, ұлт денсаулығы едəуір деңгейде соның шешіміне тəуелді болады.

Биологиялық қауіпсіздікті адам жағдайына сəйкес бірінші кезекте азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан, оның тіршілік əрекетін маңызды құрастырушы ретінде, сонымен қатар санитарлы-эпидемиялогиялық салауаттылығы тұрғысынан қарастыру қажет.

Азық түлік өндірісінің қоршаған ортаға әсері

Азық-түлік шикізаты жəне олардан өңделген өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі мəселесін шешу проблемасы - Қазақстан халқының салауатты тамақтану саласындағы мемлекет саясатының концепци- ясын іске асыру жөніндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Азық-түлік тауарларының сапасын қалыптастырудың негізгі ұстанымдарының ішінде олардың қауіпсіздігін, адамға тағайындалатын тағамға сəйкес өнімнің тағамдық құндылығын атап кеткен жөн. Өнімнің сыртқы түріне, органолептикалық көрсеткіштері, қаптамасы, сапасы туралы тұтынушыға арналған ақпаратқа жəне өнімнің қолданылу бағытына үлкен мəн беріледі.

Экономикасы дамыған елдерде өнім сапасы:

- өнеркəсіп кəсіпорындарының ғылыми-техникалық прог рестің соңғы жетістіктерін жеделдетіп қолдануға қабілеттілігі;

- ішкі жəне халықаралық нарықтың талаптарын, тұтыну- шылардың түрлі категорияларының қажеттілігін мұқият зерттеу;

- «адам факторын» пайдалану: жұмысшылар жəне же тек шілерді оқыту, тəрбиелеу, біліктілігін жүйелі түрде жоғарылату, материалды жəне моральды ынталандыруды қолдану сияқты негізге алынатын факторлардың əсерімен қалыптасады.

Қазіргі уақытта сапасыз тауар өндіретін кəсіпорындар шығындарының əсерінен өнім сапасына жаңа қатынас қалыптасуда жəне кəсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне сапаның əсері өсуде. Сырттан əкелінген сапалы тауарлар отандық өнімдерге бəсекелестік тудыруда. Халықаралық стандарттардың талаптарына бағытталған сапаны қамтамасыз етудің қазіргі заманғы жүйелерін əзірлеген жəне қолданатын кəсіпорындар құрылуда. Жоғары сапалы тағам өнімдеріне қажеттілікті қанағаттандыру қазіргі күннің негізгі əлеуметтік-экономикалық проблемалардың бірі. Осы өнімдердің қауіпсіздігі бойынша түзілген сұрақтарды жылдамдатып шешу қажеттілігі бойынша туындаған проблемалар бірнеше ондаған жылдар бойы бақылаусыз қолданылған минералды тыңайтқыштар, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдар, жануарларға арналған жемдік қоспаларға байланысты ушығуда.

Экологиялық ахуал, бақылаушы органдар мен ұйымдардың жұмысы, стандарттау жəне сертификаттауға қатысты кейбір сұрақтар шешімдерінің жетілмеуі, отандық нормативтік құжаттардың халықаралық жəне еуропалық стандарттарға сəйкес келмеуі тағам өнімдерінің сапасына ерекше əсер етеді. Болашақ тұтынушы нарығынан тыс қалмас үшін сапа жүйесін құру жəне оны жетілдіру бағытында белсенді жұмыс жүргізу қажет. Осындай бағыттардың біріне əлемнің экономикасы дамыған мемлекеттеріндегі тағам өнімдерінің сапасын бақылау жүйесінде кеңінен мақұлданған «сапа ілмегі» бойынша қызмет жатқызылады.

Азық-түлік қауіпсіздігі проблемасының бірнеше онжылдықтар- мен өлшенетін тарихы бар. Əлемдік қауымдастық бұл сұрақпен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген елдерді азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасының өткірлігі өскен кезде саналы түрде айналыса бастады. Осы кезеңде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өз Жарғысында басқа да кезек күттірмейтін міндеттердің арасында адам тамағының тапшылығын жеңуді қадап көрсетті. Азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларымен жүйелі түрде БҰҰ жəне оның атқарушы органдары, соның ішінде бүкілəлемдік азық-түлік қауіпсіздігі Комитеті айналысады. 1996 жылдың қазанында Римде XXII сессия өтті, онда «Бүкілəлемдік азық-түлік қауіпсіздігінің Рим декларациясы» қабылданды. Декларация азық-түлік мəселесі бойынша жоғары деңгейдегі Бүкілəлемдік кездесуде мақұлданды (1996 ж, қараша) . БҰҰ азық-түлік қауіпсіздігі ең біріншіден ғаламдық деңгейде қарастырылады.

Басты мақсат 2015 жылға дейін ашыққандардың санын қазіргі деңгеймен салыстырғанда екі есеге төмендету бо- лып отыр. Қазіргі уақытта бүкіл əлем бойынша 800 млн адам тағам өнімдерінің тапшылығын бастан кешіруде. Мұның негізгі себебі 7 төмен кіріс, сұрапылды жəне антропогенді апаттар болып табылады. Бұдан басқа да қарама-қайшы əсерлер қоршаған ортаны нашарла- тып, халықтың өсуіне кері əсерін тигізуде. Бүкілəлемдік кездесуге қатысушылар азық-түлік жағдайын жақсарту мақсатында əлемдік қауымдастық қабылдаған міндеттер мен іс-шараларды біріктіретін əрекет Жоспарын мақұлдады (1-кесте) . Бұл азық-түлік қауіпсіздігі кешенді міндеттерді құрайтынын куəландырады, жəне оның жүзеге асырылуына барлық мемлекеттер өз үлестерін қосуы тиіс.

1-кесте

Азық-түлік проблемалары бойынша бүкілəлемдік кездесуде қабылданған іс-шаралар жоспары

Міндет
Мақсат
Міндет: 1. Кедейшілікті түп- тамырымен жою үшін орнықты жағдай құруға мүмкіндік туғызатын саяси, əлеуметтік жəне экономикалық жағдайды қамтамасыз ету.
Мақсат: 1. 1. Дау-жанжалдардың алдыналу жəне оларды бейбіт жолмен шешу, азық-түлік қауіпсіздігін қозғайтын іс-шараларда жəне шешім қабылдауда барлық ұлттардың тең құқықта қатысуын қамтамасыз ету; 1. 2. Тұрақты экономикалық жағдайды қамтамасыз ету; 1. 3. Халықтарға қоғамдық, экономикалық жəне саяси өмірде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызу
Міндет: 2. Толық құнды азық-түлік, сонымен қатар оны қолдануға қол жеткізу үшін кедейшілікпен теңсіздікті түп- тамырымен жоюға бағытталған саясат жүргізу
Мақсат: 2. 1. Парасатты ұлттық саясат арқылы қоғамның кедей бөлігінің табысын барынша көбейту мақсатында халықтың сенімді жəне төленетін жұмыс басты болуына жəрдемдесу; 2. 2. Азық-түліктен таршылық көретін отбасылармен азаматтардың азық-түлік қажеттіліктерін қанағаттандыру; 2. 3. Халықтың қажеттілігін қанағаттандыруды азық-түлікті жеткізумен теңбе-тең болуын қамтамасыз ету.
Міндет: 3. Азық-түлік, ауыл- шаруашылық, балық жəне орман шаруашылығы саласында біріккен саясат жүргізу
Мақсат: 3. 1. Тұрақты күшейтілген жəне көптүрлі азық-түлік өндірісіне жету, өнімділік, тиімділік жəне қауіпсіздігін жоғарылату 3. 2. Азық-түлік қауіпсіздігінің табиғи қауіп- қатерлерімен, əсіресе құрғақшылықпен жəне ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу 3. 3. Дамушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға қажетті технологиялар мен бағдарламаларды қолдануға жəне алмасуға көмектесу 3. 4. Ауылшаруашылық, балық жəне орман шаруашылығының өндірістік потенциалын ұлғайту облысында, ғылыми ынтымақтастықты күшейту мақсатында мемлекеттік жəне жекелеген сектордың ынтымақтастығына белсенді қатысу
Міндет: 4. Əлемдік сауда жүйесінің азық-түлік қауіпсіздігіне жəрдемдесуге күш салуы
Мақсат: 4. 1. Бүкілəлемдік жəне аймақтық сауда келіссөздерінде қол жеткізген мүмкіндіктерді қолдану жəне қажеттілікті қанағаттандыру 4. 2. Əрбір мемлекетке кіретін сырттан əкелінетін тауарлардың негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруы
Міндет: 5. Уақытша жəне төтенше қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз ету үшін тағам өнімдеріне күш салу
Мақсат: 5. 1. Антропогенді төтенше жағдайлардың алдын-алу жəне оларға дайындықты күшейтуді белсендету арқылы төтенше азық-түлік көмегіне деген қажеттілікті қысқарту 5. 2. Төтенше жағдайлар пайда болуының алдыналу жəне оларға дайындықты күшейту мəселелері бойынша қысқа мерзімде стратегия əзірлеу 5. 3. Халықаралық, ұлттық жəне жергілікті деңгейде төтенше жағдайларға қарсы жауап қайтару механизмдерін жетілдіру
Міндет: 6. Азық-түлік жəне ауылшаруашылық жүйелерін дамыту үшін инвестицияның орнықты бөлінуіне мүмкіндік туғызу
Мақсат: 6. 1. Инвестиция салу арқылы азық-түлік бағдарламалары жəне ауылдық аймақтардың тұрақты дамуына мүмкіндік туғызу 6. 2. Дамушы елдердің ауылшаруашылығы жəне азық- түлік өндірісін тұрақты қалыптастыруға бағытталған инвестицияны көбейтуге күш салу

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарының көпшілігі субъектінің бір деңгейіне емес, бірнеше немесе көпшілігіне бағытталған. Осылармен бірге азық-түлік қауіпсіздігін түзетін мақсаттар жинағына жауапты құрылымдар бар, олар үкімет жəне мемлекеттің заң шығару органдары. Қазіргі уақытта мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін қалыптастыру жəне дамыту міндеті өзекті болып отыр. Жүйелі қадамның мəнін түсіну үшін экономикалық аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің теориялық құрылымын алға қойылған мақсатқа сəйкес қарастыру қажет. Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі үшін жүйе құраушы фактор ретінде оның агроөнеркəсіптік кешені қабылданады (АӨК) .

Агроөнеркəсіп кешенімен жүйелі түрде:

- өткізу жəне тарату;

- азық-түлік қоры;

- азық-түлікті тұтыну;

- басқару;

- қызметкерлермен қамтамасыз ету;

- ақпараттық қамтамасыз етілуі;

- қаржымен қамтамасыз ету;

- материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;

- технологиялық қамтамасыз етілуі, зерттеулер сияқты кіші жүйелер байланысты болады.

Кіші жүйелердің жүйеге бірігуі:

1) функционалды (кіші жүйелер жүйенің басты мақсатын орын- дауды аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді) ;

2) ұйымдастыру (жүйенің басты мақсатын орындау үшін кіші жүйелер бір-біріне бағынады жəне байланысады) ;

3) ресурсты (кіші жүйелер барлық жүйенің сандық жəне сапалық сипаттамасын қамтамасыз етеді) ;

4) технологиялық (мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті кіші жүйелер үшін байланыс əдістері қалыптасады) сияқты қағидалар бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының жəне оның аймақтарының азық- түлік қауіпсіздігі - халықтың қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін деңгейде, азық-түлікке деген қажеттілікті қанағаттандыруға кепілдік беретін мемлекеттің қабілеті ретінде қарастырылады.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі критерилеріне:

- халықтың қоректі заттар мен энергияға физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі, адам денсаулығына қауіпті тағам өнімдеріндегі заттарды ең төменгі деңгейге түсіріп, адам тамағының рационына сəйкестендіру;

- тағам өнімдерінің физикалық жəне экономикалық тұрғыдан халықтың түрлі топтарына қолжетімді болуы, Қазақстанның азық-түлік нарығында бағаның тұрақты болуы;

- азаматтарды тағам өнімдерімен қамтамасыз етуді тəуелсіз ету деңгейі жəне агроөнеркəсіптік кешенді ресурспен қамтамасыз ету арқылы шетелден сатып алынатын тауарлардан тəуелсіз ету деңгейі;

- отандық агроөнеркəсіптік кешен салаларының даму деңгейі 14 жəне қарқыны, олардың кеңейтілген түрде ұдайы өндірілуін қамтамасыз ету мүмкіндіктері;

- мемлекеттің стратегиялық азық-түлік қорларының жəне жеделдетілген (оперативті) азық-түлік қорларының өлшемдері жатады.

Ұлт денсаулығын сақтау жəне нығайту үшін аймақтардың құрылымымен келісілген, табиғи жəне экономикалық жағдайларды, демографиялық ерекшеліктерді, еңбек қызметінің түрлерін жəне ұлттық дəстүрлерін ескере отырып, толық құнды тағаммен қамтамасыз ету қажет. Адам ағзасының қоректік компоненттерге жəне энергияға деген физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыра отырып, бір уақытта тағам өнімдері ауруды алдын алу жəне емдік қызмет атқаруы тиіс. Экстремалды жағдайда жұмыс істейтін жұмысшылар, балалар, кəрі жастағы адамдар жəне созылмалы аурумен ауыратын науқастардың тиімді тамақтануын ерекше назарға алу қажет.

Азаматтар тамақтануының минималды рұқсат етілетін деңгейі ретінде тұтыну нормасы қабылданады, ол тағам өнімдерінің саны жəне ассортименті, құрамындағы қоректік заттары мен энергетикалық жеткіліктілігі бойынша минималды тұтыну кəрзеңкесін есеп- тегенде шығады. Азық-түлікті тұтыну қауіпсіздігін сипаттайтын параметрге тағам өнімдеріндегі денсаулыққа зиянды заттардың шекті рұқсат етілетін мөлшері жатады.

Адамдардың тағамдық заттар жəне энергияға физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыруды шешу міндеті - тұтынушылар үшін тағам өнімдерінің қажетті мөлшерін жəне ассортиментінің физикалық жəне экономикалық қолжетімді болуын қамтамасыз етуді талап етеді. Физикалық қолжетімді болуы - адамның төлеуге қабілетті сұранысына сəйкес (тұтыну орнына) көлемі жəне ассортименті бойынша азық-түліктің үздіксіз келіп түсуін болжайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯ ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ. Оқу құралы
Ауаны ластанудан қорғау
Азық-түлік қауіпсіздігі түсінігі, мәні және қауіпсіздікке жету жолдары
Радиациялық ластану
Тамақ өнеркәсібі туралы толық танысу
Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары
Қауіпсіздік ұғымы
Экологиялық таза өнім
Экология жəне табиғат қорғау мəселесі
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz