Аралас гипске сипаттама



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 Аралас гипске сипаттама
2 Аралас гипс түрлері мен номенклатурасы
3 Аралас гипстің өндіріcі
4 Аралас гипстен өндірілетін бұйымдар мен материалдар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Аралас гипсті беріктілігі жоғары құрылыс гипсін ұнтақталған жылу электр орталықтарының күлдерімен, домна және қазандық қождарымен араластыру арқылы алынады.Бұл қоспаларды беріктілігі жоғары емес гипс алу үшін қосады.
Ұнтақтап түйішіктелген шлак қосылған гипс гидравликалық қасиеттерге ие болады. Оның сапасынарттыру үшін ұнтақтау кезінде 3-8 % әк қосу ұсынылады.
Аралас гипстің суға төзімділігі гипс пен шлактың 1:0,75 пен 1:7 қатынасы кезінде пайда болады.
Аралас гипске домна қожы ғана емес, сонымен қатар жартысулы гипс те әсер етеді. Аралас гидравликалық гипсте де, аралас гидравликалық емес гипсте де жартысулы гипсбелсенділігі маңызды рөл атқарады: жартысулы гипс белсенділігі жоғары болған сайын аралас гипстің де белсенділігі артады.
Жаңа байланыстырғышқа аралас гидравликалық гипс атауы берілген себебі бұл байланыстырғыштың гидравликалық қасиетке ие болуымен байланысты. Бұл байланыстырғыш гипсті болып табылады, себебі, байланысу уақыты ( уақыт ұстамдылығы) тез жүреді (5-20 мин) және беріктілігі жылдам жоғарылайды. Сумен араласқанда алдымен жартысулы гипстің гидратациясы жүреді, нәтижесінде гипс тасы пайда болып, әрі қарай физико-химиялық процесстер орын алып, гипстің құрғақ, сулы және дымқыл ортада беріктілігінің жоғарылауы байқалады. [1]

1 Аралас гипсқа сипаттама

Аралас гипстің қатаюы мен беріктілігінің жоғарылауы келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады деп болжауға болады:
1. Жартысулы гипстің гидратациясы жүріп, бірігуін тездетіп, гипс тасы пайды болады.
2. Гипс пен қождың құрамындағы кальций алюминаты өзара байланысып, тұрақты кальций сульфоалюминатының пайда болуын қамтамасыз етеді.
3. Қождың кристалдық бөліктерінде бірігу гидролизі жүреді:
2CaS+2H2O=Ca(SH)2+Ca(OH)2
Кальций гидрат тотығы пайда болып, қождың шыны тәрізді бөлігі қоздырғыш ретінде жүреді.
Пайда болған кальций сульфатогидраты көмірқышқылы әсерінен күкіртті сутек бөледі:
Ca(SH)2+CO2+H2O=CaCO3+2H2S
Кальций силикаты мен алюминатының кальций гидроокисьімен және сумен бірігуі біркальцийлі силикат пен екікальцийлі алюминат түзеді.
Жартысулы гипсті ұнтақталған домна шлактарын 1:0,5 пен 1:4 арақатынасында болып, гидравликалық байланыстырғыш қасиетке ие болады., яғни сумен араласқаннан кейін байланыстырғыш ауада ғана емес, сонымен қатар сулы ортада да қатаяды.
Домналы түйіршіктелген қождарды қосу арқылы клинкерсіз цемент алу үшін көптеген ғалымдар түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сол ғалымдардың ішінде жақсы нәтижеге қол жеткізген Украиналық зерттеу академиясының мүшесі , Сталин сыйлығының лауреаты профессор П.П. Будников болды. П.П.Будниковтың гипс, зерттеулері және қолданылуы атты классикалық еңбегінде және оның бірінші Украиналық құрама құрлылыс конференциясында жазған ғылыми зерттеу жұмысында клинкерсіз қожды цемент өндірудің оптималды құрамын ойлап табу туралы жазған ғылыми жобасында егжей-тегжейлі баяндалған.
Зерттелген жұмыс нәтижесінде клинкерсіз қожды цемент алу үшін домна қожды түйіршіктерін келесі мөлшерде қосу ұсынылады: CaO-46 % кем емес, Al2O3-9% кем емес , FeO-2%кем емес , MnO-3% кем емес. Егер Al2O3-12%-дан жоғары болса, СаО мөлшері белгіленген нормадан төмен болуы мүмкін. П.П.Будников қожды қоздырғыш ретінде 5% күйдірілген долмит пен 5% ангидрит жақсы нәтиже береді деп көрсеткен.
СССР-дегі көптеген зерттеулер нәтижесінде клинкерсіз қожды цементті және қожды гипсбойынша ГОСТ 2543-44 жасалды. ГОСТ-тың 1 анықтау бөлімінде келтірілген мәлімет бойынша
1. Клинкерсіз қожды цемент гидравликалық байланыстырғыш ұқрамында ұнтақталып кептірілген домналы қож (85-90% салмағы бойынша) бен қатаюды тездететін қождар (күйдірілген доломит, табиғи ангидрит) және жартысулы гипсболады.
2. Қожды гипсті цемент гидравликалық байланыстырғыш ұсақталған кептірілген түйіршікті домна қожы (80-85% салмағы бойынша) бен екісулы гипс және портландцемент клинкері немесе әк гидратынан тұрады.
Жоғарыда аталған зерттеуден басқа да зерттеулер жүргізілген, ол зерттеу нәтижесінде негізгі байланыстырғыш ретінде гипс, ал қоспалар ретінде ұнтақталған домналы түйіршікті қож және әк қоланылған. Бұл жұмыстар профессор А.В.Волжанкийдің суға төзімді гипс алуы үшін жүргізілген гипс болатын.
А.В.Волжанский құрылыс гипсіне ұнтақталып түйіршіктелген қожды әртүрлі комбинацияда қосу арқылы суға төзімді гипс ойлап тапқанымен , ол гипс құрылысшылар қызығатындай беріктіліккеие болмады.
А.В.Вожанский мен П.П.Будниковтың зерттеулері нәтижесінде жартысулы гипс пен қожды қосу нәтижесін түрлі ережелермен бекітті:
1. Жартысулы гипс 5-10% құраса , ұнтақталған домна қожы 80-90 құрап, үшінші компонент ретінде әк немесе цемент қатысуымен жүргізілді.
2. Жартысулы гипс басымдылыққа ие болып 70%- құраса, ал ұнтақталған домна қожы әкпен бірге 30% құрайды.
Осылайша ғалымдар жүргізген зерттеулер нәтижесінде түйіршіктелген қождардың белсенділігін арттыру үшін қождарға 10-20% мөлшерінде арнайы қоздырғыштар қосады. Минералды қоздырғыштар дербес байланыстырғыш ретінде қолданылмайды да, қарастырылмайды да, сол себепті қоздардың белсенділігін қоздырушы ретінде күкірт қышқылды кальций (табиғи гипс, табиғи ангидрид, ерімейтін ангидрид, эстрих гипс,жартысулы гипс, цемент ангидгиді) сонымен қатар доломит тектес қосымшалар қосылады.

2 Аралас гипс түрлері мен номенклатурасы

Жоғары беріктілі гипс пен аралас гипстердің пайда болуымен гипсті бетонның номенклатурасы мен қолданылу аймағы айтарлықтай кеңіді. Сол себепті бұл бұйымдарды белгілі мөлшерде кірпішті, цементті және ағаш бұйымдарымен алмастыруға болады. [2]
Гипсті бұйымдар номенклатурасы:
А - Гидравликалық емес гипс негізіндегі:
1. Қолқаға арналған плиталар;
2. Қабаттарға арналған плиталар;
3. Қабаттарға арналған жабынды плиталар мен тастар;
4. Вентиляционды кораптарға арналған плиталар;
5. Қабырғалық тастар;
6. Архитектуралық бұйымдар;
7. Отқа төзімді қаптауға арналған плиталы және фасонды бұйымдар;
Б - Гидравликалық гипс негізінде:
1. Қалқаға арналған плиталар;
2. Қабаттық жабынды плиталар;
3. Өнеркәсіптік ғимараттарға арналған жабындаушы плиталар;
4. Каналдарды жабындауға арналған плиталар;
5. Құрғақ сылаққа арналған плиталар;
6. Қабырғалық тастар;
7. Кабельды блоктар;
8. Қабатаралық және шатырға арналған жабынды бөренелер;
9. Қабатаралық еденді жабынды бөренелер;
10. Термоизоляциялық материалдар;
11. Архитектуралы бұйымдар;
12. Отқа төзімді қаптауға арналған плиталы және фасонды бұйымдар.
А номенклатуралы гипс бетонды бұйымдары тек ылғылды емес немесе ылғылдан оқшауланған ортада ғана қолдану ұсынылады. А номенклатуралы бұйымдарды сулы және ылғалды орталы жерлерге ( монша, өндірістік санитарлы ғимараттарда) қолдануға болмайды.
А номенклатуралы қабырғалық тастарды құрғақ немесе төмен ылғалды үшінші классты ғимараттарға қолдану керек.
Бұл тастарды сыртқы қабырғаларға қолдану үшін тек гипс материалы жергілікті материал ретінде қолданылатын аймақта ғана қолданылуы тиіс, ал ылғалды климатты аймақтарда қоспамен немесе басқа да ылғалдан қорғаушы жабындармен қапталған болуы тиіс.
Б номенклатуралы гипсті бетонды бұйымдарды А номенклатуралы бұйымдар тобы қолданылатын аумақта қолданылады. Сонымен қатар Б номенклатуралы бұйымдарды ылғалдылығы жоғары ортада да қолдануға мүмкіндігі бар.
Әртүрлі қолданысты және формалы гиспті бетон маркаларының сығуға беріктігі :
А) Қабырғалар менқалқаларға арналған плиталар мен тастар үшін -35кгсм2 кем емес;
Б) Отқа төзімді қаптауларға арналған фасонды бұйымдар мен плиткалар үшін 5 кгсм3 кем емес;
В) Жабындауға арналған плиталар үшін -75 кгсм3 кем емес;
Гипсті бетондардың маркалары қабырғалары 70+-1 мм 3 кубтың сығуға беріктігін сынау арқылы анықтаймыз. Қабырғалық тастардың сығуға беріктік шегі:
Тұтас қабырғалық тастар үшін: 30,50 және 75 және 100 кгсм3 бос денелілер үшін 35,50 және 75 кгсм3
А номенклатуралы қабырғалық тастардың аязға төзімділігі 10-15 мұздатуы арқылы белгіленеді.
Б номенклатуралы бұйымдарға арнаулы ылғалдылық мөлшері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жартылай алмалы - салмалы протездердің түрлері
Ангидритті цементтен жасалған құрылыс қоспалары
Гипс бұйымдарын өндіру технологиясына жалпы шолу
Құрылыс гипсінің технологиялық схемасы
Гипс байланыстырғыш материалы
Ауада қатаятын байланыстырғыш материалдар
Жасанды Кеуек материалдар
Қойдың ортан жілігінің сынығын емдеу
Мүсін өнерінің түрлері оның жасалу техникасының теориялық негіздері
Құрылыс гипсі туралы жалпы мәліметтер
Пәндер