Гипс бұйымдарын өндіру технологиясына жалпы шолу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 Гипс бұйымдарын өндіру технологиясына жалпы шолу
2 Гипс бұйымдарын қайнату пештерінде өндіру қондырғылары
3 Гипс бұйымдарын айналу пештерінде өндіру қондырғылары
4 Шет елдерде қолданылатын гипс алу қондырғылары мен тізбегі
4.1 Петерс СҒ кальцинаторы
4.2 Петерс диірмені бар кальцинатор
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Гипс байланыстырғыш заттарын өндіру үшін шикізат ретінде табиғи гипс тасы, табиғи ангидрит, сол сияқты негізінен кальций сульфаттарынан тұратын химия, металлургия, т.б. өнеркəсіп қалдықтарын пайдаланады.
Гипсті барабандарда өндіру əдісі бойынша өлшемі 2 см ұсақ тасты айналмалы барабанда күйдіреді. Бұл үшін пеш ошағының барабанның бір шетіне температурасы 600-700оС газ жіберіледі. Барабанның екінші шетіне орнатылған тартқыш вентилятор күшімен газ, барабан ішіндегі газ ағымына қарсы жылжып келе жатқан материалды жол жөнекей қыздырғаннан соң, сыртқы шығарылады. Осылай күйдірілген гипс шарж немесе кəдімгі ұн тартатын тас диірмендерде майдаланады. Құрылыс гипсі 3 əдіс бойынша шикізатты майдалау мен оны күйдіру процестерін бір кезде, бір агрегатта жүргізу арқылы өндіріледі. Гипсті əртүрлі қондырғыларды қыздырғанда, екі сулы гипстің бəрі бірдей жарты сулы гипске ауыспайды. Оның біразы, екі сулы күйінде қалып, ал біразы - сусыз ангидрит күйіне көшеді. Бұл екі өнім де құрылыс гипсінің сапасына зиянды. Сондықтан гипс қыздыру құрылғысынан шыққан күйде арнаулы силосқа жіберіліп, онда біраз уақыт ұсталынады. Бұл жағдайда сусызданып үлгермеген екі сулы гипс жарты сулы күйіге көшеді де, ал сусыз ангидрит - су буын бойына тартып, жарты сулы гипске айналады. Осының салдарынан алынған құрылыс гипсінің сапасы əжептəуір жақсарады.
Гипстің жылдам қатаюы мен жоғары қалыптау қасиеттері, гипс бұйымдарын өндірудің технологиялық процесін қысқартуға қалыптардың айналымдылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұл ғимараттардың құралмалы ірі өлшемді элементтерін дайындауға жəне құрылыс төмендетуге жол ашады. Гипс бұйымдары салыстырмалы төмен тығыздығына қарамастан беріктігі, жылу өткізгіштігі мен дыбысизоляциялық қасиеті жоғары. Олар механикалық өңдеуге ыңғайлы (кесіледі, бұрғыланады, т.б.) жəне əртүрлі түстерге боялады.
Гипс пен гипсбетон бұйымдарын өндіруде құрылыс беріктігі жоғары, сондай-ақ беріктілікті жоғарлатуымен бірге, болат арматура коррозиясын туғызбайтын гипс-шлак араласпа цементін қолданады. Дайындалуы бойынша гипс пен гипсбетон бұйымдары мына топтарға бөлінеді: аралық қабырғаларға арналған тақталар мен панельдер, аралық төсемдерге арналған бұйымдар; қабырғаларды өңдеуге арналған парақтар (құрғақ гипс сылағы); қабырғалық тастар: жылу изоляциялық бұйымдар; сəулетті-əсемдік бөлшектер (карниздер, төбелік розеткалар, плафондар, фризолар, т.б.).
Гипс тасын тек қана гипс өндірісінде емес, сонымен бірге цемент өндірісінде және де басқа өндірістерде пайдаланады.
Гипс тасы ангидридке қарағанда өте көп тараған, ангидрит сирек кездеседі. Ангидрит суландырғанда 8%-ға дейін байланысқан су қалады. Химия өндірісінің қалдығынан жасалған гапс байланыстырғыш материалына фосфогипсті жатқызуға болады, құрамында 98%-дейін екі сулы кальций тұзы бар.

1 Гипс бұйымдарын өндіру технолгоиясы және өндіріс құрылғыларына жалпы шолу

Гипс байланыстырғыш материалы өндірісінің технологиясы гипс тасын ұнтақтау мен кептіру процессінен тұрады. Олардың алу жолының өзгешеліктері, тізбектегі қондырғылардың орын ауысып отыруында.
Технологиялық тізбектің мына түрлері бар:
Ұсақтау -- ұнтақтау -- қайнату
Ұсақтау -- кептіру -- ұнтақтау-- қайнату
Ұсатау -- кептіру + ұнтақтау -- қайнату
Ұсақтау -- ұнтақау -- қайнату -- ұнтақтау
Ұсақтау -- кептіру -- ұнтақтау -- қайнату -- ұнтақтау
Ұсақтау -- күйдіру -- ұнтақтау
Ұсақтау -- күйдіру + ұнтақтау
Бірінші төрт тізбекке, төменгі температурада өңделіп жасалатын гипс байланыстырғышы жатады. Оларды гипс қайнататын қазандарда өңдейді, сондықтан оларды қайнату деп атайды.
Құрылыс гипсі ұсақтау, ұнтақтау, күйдіру қайнату процесстері арқылы өңделетіндіктен, кей жағдайда бұл процесстер әртүрлі қондырғыларда іске асырылады. Мысалы, құрылыс гисін ұнтақтау үшін шахталы диірмендерді қолданады.

1-Сурет-Шахталы диірмен
1 -- шахта; 2 -- биллдер; 3 -- ыстық газ жіберуге арналған каналдар

Құрылыс гипсінің күйдірілу температурасы 140-180°С аралығында. Кейбір жағдайда гипс байланыстырғыш материалында нашар күйдіргеннің әсерінен екі сулы гипстің болуы мүмкін, ол гипс байланыстырғыш материалының қасиетіне әсерін тигізеді.

Сурет-Гипс байланыстырғыштарын универсалды араластырғыш құрылғы

Гипс материалдары мен бұйымдар пайдалану орнына байланысты, өлшеміне, конструкцияның ерекшелігіне және басқа да факторларға байланысты әр түрлі тәсілмен дайындалады:
- қабырғалы;
- ағынды-агрегатты;
- конвейерлі.
Қабырғалы тәсілде материалдар мен бұйымдарды қозғалмайтын қалыпта қалыптайды. Қажетті материалдар мен қондырғылар осы қалыпқа орналастырылады. Барлық өндірістік цикл бір орында жасалады.
Ағынды-агрегатты тәсілде материалдар мен бұйымдарды дайындау арнаулы бірнеше орында жасалады. Бір орыннан екінші орынға тасымалдау, бұйымдарды бір орыннан екінші орынға ауыстыру кран қондырғысының көмегімен жүргізіледі.
Конвейерлі тәсілде бұйымды дайындау процесі бірнеше арнаулы конвейердің постысында белгіленген ара қашықтықта қозғалу арқылы жүргізіледі.
Бұл тәсіл технологиялық операциялардың бір-бірімен байланыстылығымен сипатталады жәнеде берілген жылдамдықта тұрақты конвейердің қозғалысымен жүргізіледі.
Бұл тәсілдің артықшылығы өндіріс процесінің жоғары дәрежедегі механизациялануы мен автоматтандырылуы технологиялық тізбектің бір-бірімен байланыстылығы.

1-Кесте-Гипс байланыстырғышының дайындау және жылумен өңдеу тәсіліне байланысты қасиеттері

Қондырғының түрі
Байланыстырғыштың түрі
ҚҚ
Уақыт ұстамдылығы
Беріктілігі, МПа

бас-уы
аяқталуы
иілген
сығылған
Табиғи шикізаттан алынған гипс байланыстырғышы
Айналу пеші
- жарты сулы
0,73
13
28
4,8
11,2
Қайнату қазаны
- жарты сулы
0,64
9
22
5,2
14,0
Колосникті пеште
Көп фазалы байланыстырғыш (сылақ гипсі)
0,60
6
35
5,1
15,5
Автоклав
- жарты сулы
0,38
10
22
12,3
40,4
Гипсі бар қалдықтардан алынған гипс байланыстырғышы
Айналу пеші
- жарты сулы
0,74
5
13
4,7
11,0
Қайнату қазаны
- жарты сулы
0,92
14
45
6,2
12,5
Колосникті пеште
Көп фазалы байланыстырғыш (сылақ гипсі)
0,56
6
20
6,7
20,8
Автоклав
- жарты сулы
0,39
13
26
11,7
43,9

Барлық тәсілдерде мынандай негізгі технологиялық кезеңдерден өтеді:

Шикізатты әкеліп, оны ұсақтап беру

Гипс байланыстырғышын басқа компоненттермен бірге мөлшерлеу және оларды араластыру

Бұйымды қалыптау

Бұйымды кептіру

Дайын материалды өңдеу, жинақтау және жинау

Қалдықтарды алып тастау

2 Гипс бұйымдарын қайнату пештерінде өндіру қондырғылары

Құрылыс гипсі қазандарда, айналып тұратын барабандар немесе басқа арнаулы құрылғыларда қыздыру арқылы алынады. Алдымен гипс тасы өлшемі 3-4 см түйіршіктерге ұсатылып, содан кейін шахталы немесе аэробильді диірменде бір уақытта кептіріліп, майдаланылады. Осылай майдаланып кептірілген гипс тасы, механикалық араластырғышпен жабдықталған қазанға түседі. Гипсті қазанда қайнау уақыты 3-4 сағатқа созылады. Гипсті барабандарда өндіру əдісі бойынша өлшемі 2 см ұсақ тасты айналмалы барабанда күйдіреді. Бұл үшін пеш ошағының барабанның бір шетіне температурасы 600-700°С газ жіберіледі. Барабанның екінші шетіне орнатылған тартқыш вентилятор күшімен газ, барабан ішіндегі газ ағымына қарсы жылжып келе жатқан материалды жол жөнекей қыздырғаннан соң, сыртқы шығарылады. Осылай күйдірілген гипс шарлы немесе кəдімгі ұн тартатын тас диірмендерде майдаланады. Құрылыс гипсі 3 əдіс бойынша шикізатты майдалау мен оны күйдіру процестерін бір кезде, бір агрегатта жүргізу арқылы өндіріледі.

2-Сурет-Құрылыс гипсін қайнату тәсілімен өндіретін қазан.
1- топка; 2-отынға арналған бункер; 3-араластырғышты жетек ; 4-тиеу шанағы; 5- ұнтақ гипс тасына арналған бункер ; 6- күйдірілген гипске арналған бункер; 7-қазандықтағы гипсті түсіру түтігі ; 8-шибер ; 9- қазан; 10- буды жоюға арналған келте құбыр; 11-араластырғыш

Гипсті əртүрлі қондырғыларды қыздырғанда, екі сулы гипстің бəрі бірдей жарты сулы гипске ауыспайды. Оның біразы, екі сулы күйінде қалып, ал біразы - сусыз ангидрит күйіне көшеді. Бұл екі өнім де құрылыс гипсінің сапасына зиянды. Сондықтан гипс қыздыру құрылғысынан шыққан күйде арнаулы силосқа жіберіліп, онда біраз уақыт ұсталынады. Бұл жағдайда сусызданып үлгермеген екі сулы гипс жарты сулы күйіге көшеді де, ал сусыз ангидрит - су буын бойына тартып, жарты сулы гипске айналады. Осының салдарынан алынған құрылыс гипсінің сапасы əжептəуір жақсарады. Айта кетерлік бір жағдай: құрылыс гипсі қазанда қайнату жолымен алынғанда, қазан мен оған салынған ұнталған гипс тасының биіктігі артқан сайын, "қайнау процесі" қатты жүреді де, алынған өнімнің сапасы жақсарады. Мұның себебі, қазандағы гипстің төменгі қабаттарында орналасқан бөлшектері өздерінің 1,5 молекула суын температурасы 123°С-қа жеткен кезде ғана сұйық күйінде бөліп шығаруында, ал алынатын 0,5 сулы гипстің кристалдарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гипсті қабырғалық бұйымның сипаттамасы
Ауада қатаятын байланыстырғыш материалдар
Құрылыс туралы жалпы түсінік
Гипс байланыстырғыш материалы
Газды бетон бұйымдарының түрлері
Құрлыс туралы түсінік
Құрылыс материалдарына шолу
Медициналық мақтаны орамдау технологиялары
Фарфор бұйымдарының шығу тарихы
Құрылыс гипсі туралы жалпы мәліметтер
Пәндер