Жаңа тұрпатты болашақ маман дайындаудың әлемдік тәжірибелеріне салыстырмалы талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жаңа тұрпатты болашақ маман дайындаудың әлемдік тәжірибелеріне
салыстырмалы талдау
Қазіргі кезеңдегі еліміздегі өзгерістер, экономиканы дамытудағы
стратегиялық жаңа бағдар, жедел ақпараттану мен әлеуметтік даму қарқыны
білім беру жүйесіне, мамандар даярлауға зор талап қояды.
Қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен
сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың күшеюіне байланысты өз
ісін жетік білетін және кәсіби біліктілігі биік мамандарды қажет етеді.
Дамыған елдерлің жоғары мектебі қоғам талабын қанағаттандырудың
бірнеше үрдістерін қарастырады: жоғары білімді демократизациялау; ғылымды,
білімді және өндірісті интеграциялау түрі ретінде ғылыми-оқу-өндірістік
кешендер құру; оқытуды және студент еңбегін дараландыру, білім беруді
ізгілендіру; жоғары білімді компьютерлендіру; оқытушылардың кәсіби
даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында оқытушы кадрларды даярлау
мен олардың кәсіби деңгейін көтеруде педагогика мен психологияның ролін
көтеру және т.с.с.
Мұндай процесс әртүрлі елдерде өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне,
экономикалық жағдайына, білім беру жүйесінің дәстүрлеріне қарай әртүрлі
деңгейде көрініс тапқан. Біздің елімізді дамытудың қазіргі әлеуметтік-
экономикалық, саяси жағдайлары және жоғары дамыған елдердің прогресшіл
тәжірибесі білім берудің мазмұнын жаңарту және мамандар даярлаудың сапасын
жетілдіру қажеттілігін тудырады. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейін де білім беру саласында
жоғары білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылады. Жаңа тұрпатты
мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады. Осы тұрғыдан келгенде
заманауи білім берудің, яғни адамды жан-жақты дамытудың негізгі құраушылары
оқыту, тәрбиелеу біртұтас болуы тиіс. Мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетінде
бұл процестердің бөлінбейтіндігінің, олардың үйлесімді болуын қамтамасыз
етудің кепілі болады және білім беру процесінің тиімділігін арттыруды
көздейді. Ал білім берудің тиімділігі, табысты болуы, қоғам талаптарына сай
нәтижелер алуы көбінесе оқытудың түрлерін, әдістерін және құралдарын
жетілдіруге байланысты болады. Мұғалім өзінің пәнін ғана үйретіп қоймайды,
ол өмірге бейімдейді, еңбекке, адамдарға қарым-қатнасқа үйретеді, адамның
қоғамдағы өз орнын анықтауға – дүниеге көзқарасын тәрбиелейді.
Чехтың ірі педагог-демократы және 17 ғасырдың қоғам қайраткері, сол
кездің педагогикасының негізін қалаушы демократиялық педагогиканың аса
көрнекті өкілі Ян Амос Коменский болды. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің
мақсаттарын, принциптерін, әдістерін анықтауда мұғалім тұлғасына, оның оқу-
тәрбие жұмысындағы роліне баса назар аударған. Ол мұғалім мен тәрбиешіге
көп білу керек, оқыту мен тәрбиелеу ісінің шебері болуы, адал және
еңбексүйгіш болуы қажет екендігін талап еткен [1].

Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жаңарту
жолында ең басты өзекті мәселе – экономиканы цифрландыру керектігін мақсат
етіп қойды. Цифрландыру – адам атқаратын жұмыстарды жасанды интеллектіге
арту деген сөз. Қазіргі кезде дамыған батыс елдерінде, сондай-ақ Оңтүстік
Корея, Жапония, Малайзияда жасанды интеллект құралдардың немесе қарапайым
сөзбен айтсақ, өндірістегі роботтардың салмағы артып келе жатыр. Болашақта
адам еңбегінің кейбір түрлерін, ауыр физикалық күшті немесе біртекті
қимылды қажет ететін жұмыстарды роботтар алмастыруы мүмкін. Осылайша,
адамның қоғамдағы ең басты монополиялық иелігі – еңбек монополиясының
іргесі сөгіледі. Сондықтан болашақта жұмыссыздық мәселесінің күрделену
қаупі де жоқ емес. Бұл – ғылыми-техникалық прогрестің дамуынан туындаған
заңды көрініс. 
Цифрландырылған экономикада тауардың немесе қызметтің өзіндік құнының
арзандауына байланысты кіретін табыс та жоғары болады. Өнеркәсіп саласына
жасанды интеллекті дендеп енген кезде босайтын жұмыс қолын адами капиталды
дамытатын салаларға мамандандыру арқылы шешуге болады. Өйткені болашақта
адами капиталды дамыту саласы өте өзекті бола түседі. Адами капиталдың
артықшылығы қоғамның басты байлығына айналады. Бұл жерде адами капитал
дегеніміз – білім, денсаулық, мәдени-рухани даму, саламатты өмір салты,
экологиялық таза азық-түлік, ортақ, т.б. Цифрланған экономикаға сай жаңа
мамандықтар, жаңа қызмет түрлері пайда болары анық. 
Жолдаудың жетінші бағыты Адами капитал – жаңғыру негізі деп аталып,
білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін шешуді көздеген мәселелер
көтерілген. Білім саласында жоғары оқу орнының осы бағытта атқарар ісі мен
орны өте маңызды. Жолдауда Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру
ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру
бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа
білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс деп атап өтілген. Жақсы білім
бір құрал секілді. Құралы бар кісі жұмысты тез әрі сапалы істейді. Біздің
жас өркен, жасөспірім жастарымыз бәсекеге қабілетті маман болуы үшін жаңа
негіздегі білім беруіміз қажет. Ол білім өнеркәсіптік, әлеуметтік
салалардың сұранысына жауап беруі тиіс. Еліміздің экономикасында шағын және
орта бизнестің әлеуеті артып келеді. Жоғары оқу орындары кәсіпкерлік
дағдыны меңгерген мамандарды дайындауы тиіс. Қазақстанның әлеуметтік
болмысы қатты өзгеріс үстінде. Соны сезетін әлеуметтің талабына сай
мамандар қатары қалыптасуы керек. Демек жоғары оқу орындары бұрынғы
классикалық білімнен бәсекеге қабілетті, кәсіпкерлікке бейім мамандарды
дайындауға түбегейлі бет бұруы – күттірмейтін мәселе.
Бүгінде ескі түсініктермен жұмыс істеп жатырмыз дегеннен аулақпын.
Білім жүйесіне көп жаңалықтар еніп жатыр. Оған еш күмән жоқ. Бірақ біз әлі
күнге дейін классикалық білім беру шеңберінен ауытқымай келеміз. Бұл
білімге, дағдыға деген қоғам мен экономиканың талабы өзгерген уақытта аздық
етеді. Кәсіпкерлік әлеуметтік құбылысқа айналды. Әлеуметтік мәселенің сан
қыры бар екені әлімсақтан белгілі. Ал біз маман дайындауда мұны ескеріп
отырған жоқпыз. Мысалы, жоғары оқу орындарында балаларды тәрбиелейміз деп
әлі күнге тәрбие ісі жөніндегі проректор лауазымын белгілейміз. Кәмелетке
толған, елдің азаматы атанған адамды қайта тәрбиелемекпіз бе? Керісінше
жоғары оқу орны оқуға түскен жас азаматтың мәдени, рухани, азаматтық
дамуына жол ашып, оларды бәсекелестікке қабілеттілік тұрғысынан дамытқан
әлдеқайда тиімді емес пе? Біз бар мәселені коммунистік түсінікке тірейтін
кеңестік идеологиядағыдай емес, тәрбиені адам баласының бәсекелестік
қабілетімен байланыстыруымыз керек. Соның ішінде адамгершілік, рухани
кемеңгерлік, рухани даму жөніндегі мәселе қалып қоймағаны жөн. Бәсекелестік
дегенде Адам адамға – қасқыр деген түсінікті ұстанбауымыз қажет. Адам
адамға – дос, бауыр деген ұстаным күн тәртібінен түспеуі керек. Білім
саласындағы бәсекелестікті Президент үштілділік тұрғысынан дамытуды үнемі
айтып келеді. Қазақстанның көптеген азаматтары екі тілді. Үшінші тіл –
ағылшынды меңгеретін болсақ, онда біздің ақпараттық кеңістігіміз кеңейіп,
білім саласында жасалатын жаңалықтар көбейері сөзсіз. 
2016 жылдың маусым айының басында Назарбаев университетінің
ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары басшыларын (топ-
менеджерлерін) даярлау және біліктілігін арттыру курсы бағдарламасына
қатысу сәті түсті. Курс Кәсіпкерлік университет деп аталып, оның
бағдарламасы 3 кезеңнен тұрды. Соның екінші кезеңі Оңтүстік Кореяда өтті.
Оңтүстік Кореяның білім-ғылым саласындағы жетістіктері һәм тәжірибесімен
танысу мақсатында Сеулде болғанымызда, шет тілін меңгерудегі сол елдің
стратегиясы қызықтырды. Мектепте оқушы қай тілде білім аламын десе де
мүмкіндік жасалған. Бірақ мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына түсемін деген
талапкердің алдынан ағылшын тілі күтіп тұрады. Себебі жоғары оқу орны
бағдарламасының 40 пайызы ағылшын тілінде. Жоғары оқу орнында білім алғыңыз
келе ме, осы талапқа көнесіз. Демек мектеп бітірген соң жоғары оқу орнында
оқимын деген азамат алдында не күтіп тұрғанын біледі. Екіншіден,
бакалавриат бітірген жас магистратураға, докторантураға түсетін болса да
ағылшын тілін 100 пайыз меңгеруі керек.
Олар магистранттарды өз жерінде, ал докторантураны АҚШ пен
Ұлыбританияда оқытқан. Сөйтіп шетелде білім алып, елге оралған PhD
мамандары бакалавриат, магистранттарға дәріс беріп, оларды мамандыққа
баулыған. Біз барған КAIST атты университет әрбір студентті, әсіресе
магистратураға түскен студентті кәсіпкерлікке дайындайды. Магистратурада
оқуға талпынған талапкер өзінің бизнес идеясын да ұсынады. Егер бизнес
жобасы көңілге қонымды болса, жақсы баға алады. Магистратура оқу барысында
сол жобаны жүзеге асырып, оқу бітірген соң өзінің бизнесін нарыққа қоса
алатын маман болып шығады. Бүгінгі адам капиталы деп отырғанымыздың мәні
осында. Еліміздегі ЖОО-да адамды бағалау, оны кәсіпкерлікке баулу жағы
кемшін болғандықтан, бітіруші мамандар да кәсіпкерлікке бірден мойын бұра
қоймайды. Жолдауға сүйенетін болсақ, біз студенттерді бакалавриат кезінен
бастап кәсіпкерлікке баулуымыз керек. 
Қазір білім бағдарламасы екі жыл сайын жаңаруда. Алдағы уақытта біздің
төрт жылда берген біліміміз кәдеге аспауы әбден мүмкін. Сондықтан
мамандықтың шеңберінде қалып қоймай, дүниетанымы кең, ойлау қабілеті
креативті жастарды тәрбиелеуіміз керек. Әлі күнге идеологиялық мақсаттағы
мәселелерді бір қалыппен кірпіш құйғандай, тар шеңбердің аясында ғана
оқытамыз. Жастарға неге кәсіпкер болмайды? деп кінә да артамыз. Қазіргі
заманда университеттердің миссиясы болашақ маманды нарық заңдылығына
бейімделе алатын, тың идеялар тауып, тығырықтан шығатын, психологиялық,
физикалық тұрғыдан дайын, саламатты азамат ретінде тәрбиелеуге көңіл бөлуі
керек. ЖОО-дағы миссия дұрыс қойылмай, жаңа заманға бейімделген мамандар
шықпайды.
Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы — білім
болып табылады. Жаңа заман жаңа көзқарас тудырып, іргелі жаңғыртулар жасау
мен білімді дамытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етіп отырған кезеңде
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз назарында ұстап
отыруының орны ерекше. Қазақстан-2050 стратегиясында Қазақстандағы білім
беру туралы: ...Біріншіден, барлық дамыған елдердің өзіндік бірегей білім
беру жүйелері бар. Біздің алдымызда ұлттық білім берудің барлық буындарын
жетілдіру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға дейін Қазақстандағы 3–6
жас аралығындағы балалардың 100 пайызын мектепке дейінгі білім берумен
қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Демек, бұл балаларды заманауи білім беру
әдістемелерімен және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету аса маңызды
болып табылады. Орта білім беруде жалпы білім беретін мектептердің деңгейін
Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу қажет. Мектеп
түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығуы тиіс. Оқытудың
нәтижесінде оқушылар сыни тұрғысынан ойлау дағыдыларын, өзбетінше зерттеу
жүргізу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруі тиіс, – делінген
[1]. Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп
отыратыны-заңды құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа
білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог
қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей байланысты. Кез келген елдің
болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты
болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде
білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Қазақстан Республикасында орта білім
мазмұнына жаңартулар енгізілуде, білім беру бағдарламасына өзгерістер
енгізу бұл бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім
беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Сондықтан болашақ ұрпақ ХХІ ғасырда
табысты болу үшін нені оқыту керек? және Оқытудың тиімді әдістері қандай?
деген сияқты негізгі сұрақтар туындайды. Табысты болу үшін оқушыларға білім
қандай қажет болса, дағды да сондай қажет екендігі дәлелденіп отыр.
Сондықтан дамыған, жүлдегер елдердің білім беру жүйесін қамтамасыз ететін
мына факторларға көңіл бөлуіміз қажет [2]. ( Өздерінің дәстүрлі мәдениетін,
дәстүрлі құндылықтары мен бағдарын сақтауға бағытталған білім беру саясаты;
( Шығармашыл, бірегей ойлайтын, үйлесімді дамыған және рухани бай жеке
адамды тәрбиелеу әрі оқыту; ( Мұғалімдердің кәсіби қызметі сапалылығына қол
жеткізу: ( мұғалім мамандығының жоғары әлеуметтік және құқықтық мәртебесі;
( педагогикалық жоғары оқу орындарында даярлауға лайық талапкерлерді (
іріктеу жүйесі; ( жоғары оқу орындарында студенттерді даярлау сапасы; (
мұғалім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты тарихшы мұғалім дайындаудың мәселелері
Жаңа тұрпатты мұғалімнің біліктілік сипаты педагогикалық мамандықтар бойынша МЖМББС-ның мазмұндық негізі
Қазіргі қоғам және ондағы мұғалім
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ 2007-2008 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 1-ШІ ЖАРТЫСЫНДА ӨТКІЗГЕН АШЫҚ САБАҚТАРЫН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білім берудің құрылымы
Колледждегі оқушылар контингенті
Пәндер