Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы құзырлық қатынасты қалыптастырудың әдістемелік негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы құзырлық қатынасты қалыптастырудың әдістемелік негіздері

ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен іс əрекетін жүйелі ұғыну үшін оған жаңа теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы қадам, ауыл мұғалімдерін арнайы əлеуметтік кəсіби топ деп қарай отырып, оларды зерттеу бағытында психологиялық педагогикалық жəне əлеуметтік ілімдердің біріктірілуі қажет. Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, оның кəсіптік мəдениетінің өрістеуіне жан -жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай жасалуын ескерген жөн. Жақсы мұғалім - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі.

Ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

- Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі;

- Қызметке бейімділігі;

- Кәсіптік білімі мен біліктілігі;

- Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім;

- Ұйымдастырушылық қабілет;

- Заманға сай жаңашылдық.

Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Қазіргі кезде білімберудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудіңәдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологиялардың, педагогикалық жұмыста қалыптасқан нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолсалуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Жаңа тұрпатты мұғалімнің құзырлы іс-әрекетін ұйымдастырудың педагогикалық шарттары:

Кейбір оқытушылардың өзіне қолайлы педагогикалық технологияны пайдалануда

қиындықтарға тап болуы;

Педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге колледж басшылары тарапынан әдістемелік көмектің жеткіліксіздігі;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгертуге материалдық базаның әлсіздігі;

Педагогикалық технология негіздерін болашақ оқытушының жоғары оқу орнында толықтай меңгермеуінен жас маманның педагогикалық технологияның ерекшеліктерін ұға алмауы;

Оқытушылардың қысқа арнайы курстардада оқып келген технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіруде білім алушының даярлық деңгейін ескермеуі.

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді, қоғамдық қасиеттер, ата-ана мен бала психологиясы өзгерді. Қазіргі балалардың көпшілігі ешнәрседен қорқа қоймайтын, өзінің өміріне тек тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик қиялшыл емес жауапкершілікті жете қабылдамайтын, көп нәрсеге сене бермейтін жанашырлығы бауырмалдығы аз адамдар. Сондықтан кез-келген мұғалімдерді олардың жан дүниесі қабылдамайды. Олардың сұранысы өте биік. Бүгінгі күнгі мектеп мұғалімі жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматты бар болғанда ғана жаңа формациядағы ұстаз бола алады.

XXI -ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс.

Ол сонымен бірге ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгерген, ғаламдасуға байланысты «Интернет» жүйесін меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу керек. XXI -ғасыр ақпараттық-қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына байланысты, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалім - қоғам айнасы. Бүгінгі мұғалім кім ? Бүгінгі мұғалім -ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері, оқытушы, ұстаз, оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріптеуші, таратушы. Педагогикалық еңбекті ұйымдастырудың моделін жасау -қоғамдық-экономикалық сферадағы өзгерістерге сай шығармашылық жағашылдық білім беру жолдарын талап етеді. Сондықтан мектептерде мұғалімнің кәсіби шеберлігі, мәдениеті, жоғары болып, шығармашылықпен жұмыс атқарып, өз білімін үнемі көтеру қажеттігі туындайды.

Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

Әр ұстаз - ХХІ ғасыр педагогына сай болу үшін - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты білім алушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.

Ұстаз-әмбебап, білімдар, салауатты маман иесі болса, шәкірт-ұстазының ұлағатты іс-әрекетін үйреніп, одан білім алушы, жаны жақын, болғандықтан, шәкірт онымен ашық-жарқын, жасқанбай пікірлесіп, ойын ашық айтса, ұстаздың көңілі көтеріліп, шәкіртіне сырын ашып, арман биігіне жетелейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелік көбіне ұстазға байланысты. Нағыз ұстаз ғана салуатты да саналы, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады. Е. Зұлқарнайын бірде: «Даңқ пен абыройға кеңелуіме мен бір адамға қарыздармын, ол-өз ұстазым, Аристотель» десе, Абылайхан Төле биді, ал Шәкәрім ұлы ақын Абайды «ұстазым» деп, шексіз құрметтеп өткен. Тарих тағылымы көрсеткендей өмірде бәрі өтпелі, үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер. Бұл заңдылық. Тек ұстаздың ұлағаттылығы ғана өзгермейді. «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деген екен ұлы педагог К. Ушинский. Білім жетілдіру-алға жылжудың, жеңіске жетудің нышаны. [18]

Сондықтан да мұғалім қазіргі уақыт ағымына лайық өзінің де білім беру ісін рухани дамыта отырып, инновациялық ізденіспен жұмыс істеп, білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болуы керек. Ұстаздық қызмет - қыры мен сыры мол біртұтас гуманистік мамандық. Осындай қасиеттерді өз бойына сіңіріп, игі мақсатқа ұмтылған кең жүректі адам ғана осы құрметті мамандықты игере алады. [19]

Қазіргі жоғары педагогикалық оқу орындарының алдында тұрған міндеттердің бірі -ол заманауи талапқа сай жаңа тұрпатты мұғалім даярлау. Яғни болашақ мұғалімдерді дайындап қана қоймай, оларды баланы жан-жақты тәрбиелеуге, оның ішінде отбасылық тәрбие беруге әзірлеу өте маңызды болып тұр. «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы-мұғалім» және «Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуреніне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, ең қадірлі орын-мұғалімдікі. »- деп алаш зиялысы М. Жұмабаев айтып кеткендей, бүгінгі дәуір мұғалімнінің кешегі жоғалтқан қадір-қасиетін қайтару, осы мәртебелі мамандыққа жастардың қызығуын қайта ояту-бүгінгі билік басындағылардың басты міндеті. Бұл жерде М. Жұмабаевтың ойынша, тәрбие, оны кең мағынасымен алғанда, қандай да бір жан болса, тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету, ал адамзат туралы айтқанда, адам баласы кәмелет жасқа толып, өзіне-өзі қолбасшы болғанша, адами тұрғыдан азық беруге тиіспіз. Тоқсан ауыз сөзің тобықтай түіні М. Жұмабаевтың ойынша, бала тәрбиесі жеңіл нәрсе емес, ол-үлкен өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Осы ғұлама сөзіне илансақ, әрбір мұғалім, ата-ана тәрбие жолын ешкімнен үйренбей-ақ, оқып білмей-ақ өз бетімен бере алмайтынын мойындауға міндеттіміз. Демек, оның айтқандарының болашақ мұғалімді, болашақ ата-ананы отбасы тәрбиесіне даярлау керек деген ой түюге болады және ғұлама педагогтің ойынша, әрбір ұлттың бұрыннан келе жатқан ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан бай рухани-адамгершілік тәрбие жолы бар. [20] Баяндамамды ағылшын ағартушысы У. Уордтың мына сөзімен аяқтаймын: «Жәй мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады», шәкірт даярлауда мәңгі нұрдың қызметшісі, тынымсыз лаулаған жалын иесі-ұстаз еңбегі ерен әлі өлшеусіз. Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін мың рахмет!

Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты. [3]

Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті мұғалім», «мұғалім идеалы», «шебер мүғалім» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты мүғалім» термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз - кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Жоғары мектеп педагогикасы теориясында зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі - педагогикалық модельдеу мәселесі. Жоғары білім беруді модернизациялау ең алдымен оның мазмұнын терең жаңартумен байланысты. Тек қана информатика пәнінің мұғалімі ғана емес, сонымен бірге кез келген пән мұғалімінің ақпараттық технологияны меңгеруі - жаңа тұрпатты мұғалімге тән басты белгі деп айтуымызға болады.

Жаңа тұрпатты мұғалімнің ақпараттық технологияны меңгеруі жоғары оқу орнында қалыптасатын болғандықтан, оқытушылардың ақпараттық сауаттылығы, олардың кәсіби деңгейінің заманауи талаптарға лайық болуы, студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қамтамасыз ету, олардың барлық оқу формалары бойынша іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қажеттігі туындайды.

Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә. Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол - арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала - мектеп және оның мұғалімі.

Педагогикалық іс- өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді. [1]

Бүгінгі мектептің басты міндеті- өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.

ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр - марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр.

Аманатқа қиянат жасамау-халқымның ізгі ұлылық дәстүрі. [2]
Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда «Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының» жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге - рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Мұғалім идеалы - білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.

Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.
Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т. б. ) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.

Мына ғаламдық қарышты даму дәуірінде шәкірттерге берілер білім мен білік күн өткен сайын күрделеніп, жаңарып келеді. Өйткені, қоғам дамуына қарай ғылым салаларының жаңа түрлері пайда болатындығы тарихтан белгілі. Соған сәйкес қазіргі білім беру саласындағы рухани дүниені дамытуға бағытталған гуманистік білім беру парадигмасының дүниеге келіп, тәрбиелеу парадигмасы да түбірімен өзгеріп, жаңа ғасырдағы білім беру жүйесінің негізгі проблемасы «жан-жақтылы қолайлы жағдай тудыру арқылы бала тұлғасының даму және қалыптасу процесін басқару» деп айқындалды. Демек, бала бұрын тәрбиенің нысаны болса ендігі жерде тәрбие процесінің белсенді мүшесіне, субьектісіне айналады. Назар аударатын нәрсе, тәрбие ісіне жалғыз сынып жетекшісі ғана жауапты болып қалмауы тиіс. Тәрбие берудің қиындығы көп, оны бірлесіп, бір бағытта жұмыс істегенде ғана дұрыс жолға қоя аламыз. Оның үстіне, оқу сапасы да тәрбиеге байланысты екендігін, баланың тәрбиелік деңгейі жоғары болса білім көрсеткіші де жоғары болатынын ескерсек, «Тәрбие-тамыр, білім бұтақ» деген халық даналығының шындығына көз жеткізе түсеміз. Демек, білім беру жүйесінде сөз жоқ, тәрбие беру ісі бірінші кезекке қойылуы керек. Тәрбиемен көпшілік болып, бір бағытта айналысу керек. Сонда ғана елдің ертеңі-жас ұрпақты заман қажетіне сай азамат етіп қалыптастыра аламыз. [3 ]

Қазақстандағы білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі-шығармашыл тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім білім беру. Осы тұрғыдан, бүгінгі таңда алаңдайтын мәселе сол ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Халқымыздың озық ойлы ұлдарының бірі М. Дулатұлы «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда, теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқу білімнің арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні қараң, келешегі-тұман» деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткендей, жас ұрпаққа, жас буынға білім беруде, ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін саналы тәрбие мен сапалы білімді ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың рөлі өте зор. [4 ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
“Педагогикалық шеберлік” пәніне типтік оқу жоспары
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Қазіргі кезең ақпараттық оқыту технологиялары мен құралдарының оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы рөлі
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Мұғалімнің тұлғалық бейнесі
Білім берудің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz