Қазақстан Республикасының білім беру саясаты, оның дамуы мен құрылымдық жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім беру саясаты, оның дамуы мен
құрылымдық жүйесі

Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да
өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде,
әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-
ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер,
діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны
тарихтан белгілі.
Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында
көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық
жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту
ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4
жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп
бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер
мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны болып қана қоймай, ірі мәдениет
орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих,
логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер
енгізілген. Медреселердің жанында салиқалы кітапханалар болған.
Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздық
егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұқсан келтіргенімен, Батыс
пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы,
Змеиногорскіде (Шығыс Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-
кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында
"Азиялықтар мектебі" ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы Орынбор
қаласында да ашылды.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр
түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің,
оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім
беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді
басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi
роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi
айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын,
объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа
талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай:
Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін
тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің
алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың
әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшин) балаларына Неплюев
кадет корпусына (1825), Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына рұқсат
етілді. Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы
Орынбордағы шекара комиссиясының жанынан ашылған болатын.
Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім
беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет
аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі
енгізілді. Мәскеуде құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі
принциптерінде былай делінген: мусылман елдерін ыдырату, арасына от жағу,
яғни, пантүркішілдік пен панисламдыққа қарсы күресу; бұратана халықтарды
провославие дініне көшіріп, шоғындыру, халықты ата-баба тарихынан, ұлттық
мәдениетінен қол үздіру, орыс алфавитін енгізу; мұсылмандық мектептер мен
медреселерді біртіндеп жою, олардың орнына орыс-түзем, орыс-қазақ
мектептерін ашу, кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру, шет
аймақтардағы отаршылдық саясатты жүзеге асыру үшін миссионер ғалымдар,
оқытушылар кадрларын көптеп даярлау. Омскідегі "Азия мектебі", Орынборда
Неплюев кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген
шаралардың жүзеге асуының нақты көрінісі болатын.
Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде
танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында
Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика
саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ
халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып түрпиі кезеңге
тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси
күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай,
миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып,
Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.
XIX ғасырдық аяқ кезінде "қазақ мектептері қандай болу керек" деген мәселе
күн тәртібіне қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі
көзқарас пайда болды.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман
дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,
қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз
пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы
жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл
тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады,
дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге
қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі,
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға
қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік,
дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік,
ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен
сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты,
шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы
аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық
технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты
білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және
жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.
Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен
ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде
білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет.
Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің
қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы
адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға
бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім
беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына
бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру-
оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін
қажет дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу
бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу
жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық
технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу
оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік
позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы
барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде
кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде
проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті
жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы
құзыреттілікті меңгере отырып тек  кәсіби икемділігін оңтайландыруды
қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін  үнемі оқып – үйрену
және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен
қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы
мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең
алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі
бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды
қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты
қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы
саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына,
өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен
жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің
сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің,
зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде
білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты
мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім
кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның
құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру
жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы
алғанда құзырлылық ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылық ұғымы –
соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше
көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы сомпетенсбелгілі сала бойынша
жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір
сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді
деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева ... өзінің практикалық әрекеті
арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын –
құзырлылықтар деп атаймыз  деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның
көзқарасы бойынша, Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның
дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы .
Бірі - бұратана халықты шала сауатты қалдырып, төл мәдениетінен қол
үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздейтін миссионерлер
(Н.И.Ильминский, т.б.), ал екіншісі – орыс халқының прогрессивті озық
мәдениет үлгілерін игеру арқылы "Өз елін өркениетті елдердің деңгейіне
көтеру қажет"- дейтін қазақ ағартушылары (Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев) еді. Оқытудық жәдид (төте оқу) деп аталатын ағымы отар-шылдық
орыстандыру саясатына қарсы түркі тектес үлттардың өзін-өзі сақтап қалу
жолындағы қажырлы күресінен туған еді. Отаршылдар оның өрісін тарылтып
бақты. Патша үкіметі ұлт мектептеріндегі екі ағымды (хадим-ескі діни араб
оқуы, ал жәдид-жаңа араб әрпімен дүние үй білім беру) бір-біріне қарама-
қарсы айдап салу арқылы ұлттың сана-сезімнің оянуын тежеуді көздеді. Осының
нәтижесінде хадим ағымының өкілдері жәдидшілерді, "қүдайға күпірлік жасады"
деп айыптап, олардың үстінен патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды.
Жәдид ағымына белсене қарсы шыққандардық бірі - Н.И.Ильминский. Жәдид ағымы
мектеп, медресеге байланысты мына мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары
мен бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін бір ізге түсіру, оқу
жоспарына арифметика, жағырапия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді енгізу
арқылы қазіргі заман талабына сай шәкірттерге орта білім беруді қамтамасыз
ету, сауатсыз, фанатик молдаларды тиісті білімі бар молдалармен алмастыру,
дыбыстық оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан
тапсыртып, оқушыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери міндетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлекеттің араласу деңгейі
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы
Аймақтық саясат құрылымы
Мемлекеттің ақша несие саясаты. ҚР бюджет-салық саясаты
Отандық еңбек нарығындағы тұрғындардың жұмысбастылық мәселесі
ҚР-ғы әлеуметтік саясат
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Пәндер