Жаңа тұрпатты мұғалімді даярлаудың психологиялық және педагогикалық негіздері
Жаңа тұрпатты мұғалімді даярлаудың психологиялық және педагогикалық
негіздері
Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім
дайындау Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың
үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан
Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында жаңа
тұрпатты мұғалімге – рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне
сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар,
жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Мұғалім идеалы –
білімнің құндылығын айқын түсінетін, мәдениеті аса жоғары адам, өз пәнінің
жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға
бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде
дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.
Білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін,
мектеп оқушыларына білімді өз бетінше жаңа инновациялық технологиялар
негізінде кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр.
Білім беру жүйесіндегі педагогтың кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізін
айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын келтірейік.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – кәсіптік мамандануы, кәсіби іс-
әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігі.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі үшін психологиялық-педагогикалық және
арнайы білімдерді меңгеруі керек, сонымен бірге, ол білімдерін нақты бір
ситуацияларда қолдана алуы тиіс. Кәсіби құзыреттілік мұғалімнің өз ісіне
қаншалықты шебер екенін анықтайды. Қазіргі кезде кәсіби құзыреттілікті
қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілері көптеген ғалымдардың
зерттеу нысаны болып отыр.
Кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың әдіснамалық және теориялық
аспектілері Дж.Равен, М.А.Холодная, Э.Ф.Зеер, А.К.Маркова, Ю.Н.Петров,
С.С.Құнанбаева, К.С.Оспанов, А.К.Қозыбай, Б.Б.Баймұханова, В.А.Дегтярев,
Н.А.Аминов, Л.Н.Боголюбов (әлеуметтік құзіреттілік), А.Л.Бусыгина,
И.Б.Бичева, А.С.Белкин, О.М.Гущина, Д.Н.Кулибаева, М.Н.Карапетова
(педагогикалық құзіреттілік), Н.Г.Витковская, И.М.Аксянова, В.В.Лукин,
Г.А.Уманова, А.Т.Чакликова (ақпараттық құзіреттілік), П.Э.Шендерей
(зерттеушілік құзіреттілік), Г.К.Нұрғалиева, Г.М.Кертаева,
Д.М.Джусубалиева, М.Ж.Балабекова, Л.К.Керимова, В.Н.Бобрикова және т.б.
ғалымдардың жұмыстарында жан-жақты көрсетіліп, оны қалыптастырудың
спецификасы қарастырылған. Сонымен қатар, жекелеген пәндер бойынша
құзіреттілікті қалыптастыру мәселесіне Б.Баймұхановтың, С.Е.Шәкілікованың,
М.Ә.Құдайқұловтың, А.Е.Әбілқасымованың, Ш.Т.Таубаеваның, Ж.А.Қараевтың
еңбектерінде ерекше көңіл бөлінген.
Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой-тұжырымдарын
терең талдай отырып, қазіргі білім беру жағдайында мұғалімнің
құзыреттілігін мынадай кешенде сипаттауға болады:
• мәндік аспект, өтілетін материалды жете түсінуі, ұғынуы және
оған деген көзқарас, бұл жағдайда оқытудың теориялық негізін, өткір
мәселелерді ұғыну;
• мәселелік практикалық аспект: бұл – осы жағдайда педагогтың
алдына мақсат орындау жолдарын, міндет нормаларын қойып, жинақтауды
сипаттайды;
• коммуникативтік аспект: бұл – педагогтың оқу үдерісіне қатысын
және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік құзіреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу
қабілеті (ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған
кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу. Яғни, мұғалім оқушылармен
қарым-қатынаста өз тактикасын баланың жасына, рухани өсуіне байланысты
өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға,
соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі тиіс.
Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік
пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру
қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық
және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі дегеніміз – кәсіби іс-әрекетті
орындаудағы мүмкіндіктері. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы
мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды
дербес және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін мұғалім педагогикалық
теорияларды игеріп, оны практикада қолдана білуі тиіс.
Ұлы чех педагогы Я.А.Коменский: Мұғалімдерге тамаша міндет жүктелген,
Күн астында одан жоғары тұрған ешкім жоқ, - деп айтса, гуманист-педагог
Ы.Алтынсарин: Мұғалім – мектептің жүрегі, - деген анықтама береді. Әрине,
педагогикалық мамандыққа кездейсоқ адамдар келмеуі керек. Мұғалім маман өз
атына лайық болуы тиіс. Мұғалім оқушыға барлық жағынан, яғни, өзін-өзі
ұстай білуі, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-кию мәдениетімен үлгі болады. Бұл
жетіліп келе жатқан оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер
етеді. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын мұғалімді
оқушы да сыйламайды. Ондай ұстаз оқушыларына тәлім-тәрбие бере алмайды.
Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя
білмейтін, оқу үдерісін ұйымдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол
жеткізе алмайды,- деп ойлаймыз.
Қазіргі білім беру жағдайындағы жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі
құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық.
Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге
мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын,
эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және
т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау,
зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-
қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік
білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді
қарастырумен байланысты.
Қазіргі кезде, педагогикалық қызметте шығармашылықты талап ететіні
барлығымызға түсінікті. Адамның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуы
тұлғаның интеллектуалды, эмоциялық, рухани потенциалының баюына, өзін-өзі
жетілдіруге, танытуға ұмтылуына нақты жағдай туғызады. Осыған байланысты,
мұғалімдердің кәсіби дайындығының мақсаты да өзгереді. Кәсіби
құзіреттіліктің қалыптасу үдерісі кәсіби білімнің, біліктің, іс-әрекеттің
қалыптасуын қамтиды, педагогтың жалпы мәдени дамуын, өзінің көзқарасының
және тұлғалық кәсіби құнды қасиеттердің қалыптасуын қамтиды.
Жаңа тұрпатты мұғалім үнемі ізденісте болып, жаңаша оқытудың
модульдік, рейтингтік жүйесін, дамыта оқытуды, сын тұрғысынан ойлау
технологияларының әдіс-тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушының қабілетіне,
қабылдау деңгейіне қарай, іріктеп қолданғаны жөн. Сонымен қатар,
психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіріп, сол білімін өз ісінде шебер
пайдалана білгені өте қажет. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр
болуы тиіс. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын
үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ,
тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны
қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.
1. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан реформада білім жүйесінің
барлық деңгейі және бүгінгі күннің талаптары жан-жақты қарастырылған.
“Білім туралы” Заң тиімді білім жүйесін қалыптастыру, кәсіби білімді
жандандыру, білім кеңістігінде қоғамдық қатынастарды заңнамалар арқылы
реттеуді жетілдіру, барлық білім беру ұйымдарының тұрақты жұмысын
қамтамасыз ету, оқыту үрдісін әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыру жағын
көздейді. Жаңа нормаларға сәйкес Қазақстанда төрт деңгейлі оқытуды жеті
деңгейлі білім жүйесі алмастырады. Бастауыш, негізгі орта және ортадан
кейінгі білім деңгейлері енгізілді. Келесі жылдан бастап 12 жылдық білім
беруге көшу мәселесі қарастырылып отыр.
2. Елімізде білім жүйесінің ұлттық дәстүрін сақтай отырып, жаңаша
дамыту жолдары да қарастырылған. Атап айтар болсақ, бәсекеге қабілетті
мамандарды даярлаудың көп деңгейлі жүйесі белсенді түрде енгізіледі, жоғары
мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады; жоғары кірісті
экономикалық қызметте жаңа білім мен технология трансформациясы үшін
жағдайлар жасалады; білім беру мен ғылымның байланысы нығайып, әрі кеңейе
түседі; шетелдік әріптестермен үздіксіз білім алуға байланысты тәжірибе
алмасулар жалғасын табады.
Отандық білім қызметінің мақсаты жаңа білім мен кәсіптік білікті
игерудегі жеке тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыру, шығармашылық
білімді тарату және жас буын өкілдерін кәсіпке баулу бұл азаматтардың
біліми әлеуетінің нығаюына әкеледі.
Білім – дәл қазір еліміздегі басым бағыттардың біріне айналып отыр. Ол
адамның тұлғалық қасиеттерін толықтай дамытуға, қоғам, мемлекет мүддесіне
қызмет етіп келеді.
Жоғары білімді әрі қарай жетілдіру қазіргі қоғамдағы жоғары оқу
орындарының рөлін жан-жақты ойластырумен тікелей байланысты. Бүгінде
университеттер мамандар даярлаумен қатар, олардың көпшілігі экономиканың
нақты секторларына қатыса алатын жаңа ғылыми идеялар орталығына айналып
келеді. ЖОО-лар біршама академиялық еркіндіктерге ие, ғылыми-зерттеулер
белсенді сипат алды, ғылымды қаржыландыру ұлғайтылды, академиялық ұтқырлық
дами түсті. Қазақстан жоо-ларында білім алғысы келетін талапкерлер өз
елімізде ғана емес, шетелдік студенттер арасында да артып отыр. Бұл білімді
реформалауға жасалған қадамдардың нәтижесі деп білеміз.
Қазақстан ЖОО-лары жаңа, бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық
экономиканы құруға өзінің қомақты үлесін қосу үшін талпыныстар жасауда.
Университеттік стратегияның негізгі басымдықтары: интеллектуалдық
әлеуетті толық әрі жан-жақты пайдалану, ғылыми базаны жетілдіру және
кеңейту, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауда ғылым мен техниканың тың
жетістіктерін қолданысқа енгізу, университет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz