Аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуын бағалау және қазіргі жағдайы


Аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуын бағалау және қазіргі жағдайы
Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік- экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аумақтық экономика ие болып отыр. Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. әр аймақ еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аумақтық экономиканың ерекшелігі. Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып отыр. Аумақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты- аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету. Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан- жақты зерттеуден құрылады. Аймақ экономикалық мазмұны рационалды, ғылыми негіздерден саясат пен стратегия әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде әрбір аймақтардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты нақты экономикалық мәселелерді шешуде дифференцияланған бағытты қолдану ерекше маңызды тек аймақтың барлық табиғи, экономикалық, демографиялық, геогрфиалық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан - жақты қатаң есепке алу ғана экономиканың көтерілуіне қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Бұл жұмыстың мақсаты - аймақтың әлеуметтік - экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын анықтау, аймақ экономикасын дамыту болып табылады. Және де муниципалдылық менджметтүсінігі қазіргі кезде басқарудың тиімді түрі ретінде қаралады нарықтың экономикасын талаптарына сай келеді. Жергілікті жеке меншікті басқару формасы бойынша муниципалды мененджмент.
Соңғы жылдары экономиканы аумақтық басқару мағынасы көп қолданылып жүр. Қазіргі кезде, негізгі орынды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мақсаттар, сонымен қатар еліміздің экономикалық даму жетістіктеріне жету жолдары алады. Аумақтық экономика - бұл экономика білім жүйесіндегі ең маңызды салалардың бірі болып тадыблады. Аумақтық экономикалық пәні, Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерін әлеуметтік-экономикалық аумақтық орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды табиғи-экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған қоса аймақаралық, ішкі аумақтық және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды зерттейді. Басқаша айтқанда, аумақтық экономиканы зерттеудің маңызды құралы болып қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістіктік аспектісін зерттеу болып саналады. Аумақтық экономика білімнің ғылым саласы ретінде, аумақтық аспетіде әлеуметтік инфрақұрылымының және өндіргіш күштердің барлық элементтерінің қағидаларын, заңдылықтарын зерттеумен, талдаумен және болжаумен айналысады, сонымен қатар экологиялық талаптары мен әлеуметтік-экономикалық дамытудың жалпы стратегиясын қосқанда өндіргіш күштерді орналастыру бағыттарын негіздеумен; республика мен аймақ экономикасын және аймақаралық экономикалық байланыстарын зерттеумен, шаруашылық аумақтық ұйымын зерттеумен айналысады. Аумақтық экономика Қазақстанның табиғи ресурстық потенциалын, оның аймақтарын, тұрғындарын, еңбек ресурсын және қазіргі демографиялық проблемаларын қарастырады, сонымен қатар нарықтық қатынастардың құрылу және оның аймақтарының экономикалық деңгейін талдайды. Әлемдік шаруашылық жүйесінде еліміздің алатын орнын, экономикасының құрылмдылық қайта құру бағытын, нарыққа өту кезіндегі өндіргіш күшті орналастыру факторларын анықтайды және шаруашылық құрылымын зерттеп, оны тиімді пайдалану жолдарын қарастырады. Аумақтық экономика анықтамасына келмес бұрын, бірінші территория аймақ деген ұғымдарға түсінік беріп өтелік. Территория - бұл географиялық жағдаймен және тағы басқа да белгіленген белгілі бір территорияны сипаттайтын, жердің беткі қатты шектелген бөлігі. әртүрлі белгілері бойынша басқалардан ерекшеліктерін және оның элементтерін құрайтын өзара байланысты бүтінділікке ие территорияны анықтайды. Аймақ территориядан белгілі бір мақсаттары және тапсырмаларымен ерекшеленеді. Әр ғылымда аймақты бөлуде өзінің критериялары қолданылады: экономикалық-әкімшіліе басқару диспозициясы; еңбекті аумақтық бөлудегі рөлі; әлеуметтік-экономикалық роблемаларды шешу; экономикалық кеңістік - бұл олармен байланысы: жергілікті пунктер, егістік, жерді иелену, көлік инженерлік торабы және тағы басқа. Әр аймақтың сыртқы экономикалық кеңістікпен байланысты өзіндік экономикалық кеңістіктің сапасы келесідей сипаттамалармен анықталады: тығыздық ( халық саны, жалпы ішкі өнім, негізгі капитал, табиғи ресурстар) ; орналастыру (тең көрсеткіштер, халықты бөлу, экономикалық қызмет) ; байланыстылық (экономикалық байланыстардың қарқындылығы, тауар, капитал, еңбек қозғалысының жағдайы) .
Аумақтық экономика - бұл табиғи экологиялық жағдайлармен тығыз байланысты, еліміздің территориясының және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық процестерін, өндіргіш күштерді орналастыру және дамытуды зерттейтін ғылым саласы болып табылады. Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аумақтық экономиканы дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Қайта құру процестерде туындайтын барлық проблемалар аумақтық факторлар мен жағдайлардың іс - әрекетімен тығыз байланысты. Аумақтық экономиканы дамыту мақсаты, тек әлеуметтік бағытталған ғана емес, мемлекетпен реттелетін нарық қүру болып табылады. Осындай реттеу жалпы аймақтың халық шаруашылығының тиімді қызмет ету жағдайын жасау керек. Ең алдымен, бұл тиімді, яғни аймақтың мамандануы, еңбек ресурстарын пайдалану және шығынды минималдау мен табиғи жағдайларға байланысты.
Аумақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданады, оның ішінде баланстық әдіс маңызды болып табылады. Салалық және аумақтық баланс жасау нарықтық маманданған салалар, территориялық кешенді толықтырушы, яғни алдағы салалардың да, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін, салалар және қызмет сферасындағы салалар арасындағы дұрыс қатынасты таңдауға мүмкіндік береді. Баланстар (тепе-теңдіктер) санымен қатар тиімді аймақаралық және аймақ ішіндегі байланыстарды дайындау үшін де қажет. Кәсіпорын жылжуын экономикалық негіздеу (кәсіорынды құрал-жабдықпен қамту, құрылыс орнын анықтау, оны шикізатпен, энергиямен, сумен, жылумен, еңбек және басқа ресурстармен қамтамасыз ету есебін жүргізу үшін аймақ таңдау) баланстық әдістің мазмұнын құрайды. Аймақ экономикасының негізгі аумақтық өндіріс және өнімнің негізгі түрлерін тұтыну тепе-теңдігі (балансы) кіреді. Аумақтық байланыстарды құру үшін өнделетін әдістер қолданатын үлкен жобалы жұмыстар мен эксепдициялар алдын-ала жүргізілуі тиіс. Салалық және аумақтық баланстар құру аймақтың кешенді даму деңгейін, оның дамуындағы диспропорциялардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.
Нарықтық жағдайда аймақтардың рөлі және қызметі халықтың өмірінің қызметі арасында экономикалық қатынастар қалыптастыруда көрінеді. А. К. Осипов аумақтық рөлін толығырақ сипаттап, оның қызметтерін бөлді: институтционалды қызметтер - бір жағынан экономикалық дербесті, екінші жағынан, халыққа еркін өмір сүру, қай жерде өміп сүруінен тәуелсіз және әлеуметтік және заңды қорғамауына конституциялық құқықты кепілдейтін, мемлекеттің жалпы экономикалық бірлігінің саясатын анықтайды; экономикалық қызметтерді, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экономикалық қызметті еркін жүзеге асыруға мүмкіндік және жағдай туғызуға бағытталған; әлеуметтік қызметтері, халықтың әлеуметтік дамуын, аймаққа экономикалық потенциалын қамтамасыз ету мүмкіндіктері мен құқығын кепіл етеді; экологиялық қызметтері, халықтың дұрыс өмір сүруін қамтамасыз етеді, табиғи қорғау және басқа да қоршаған ортаны жақсарту бойынша шараларды жүзеге асырады. Қазіргі кезде аумақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік, әкімшілдік бағыттардың бірігуіне негізделеді. Реттеудің нарықтық әдістері жалпы танылған маркетинг жүйесі мен экономикалық тұтқалары мен ынталары арқылы мемлекеттік реттеуден шығады.
Мақсаттар мен тапсырмалар жүйесі көзқарасынан қарайтын болсақ, аумақтық экономика өзінің мазмұны бойынша қайшы, ал ең алдымен жалпы республиканың мүддесі үшін дамиды. Аумақтық экономиканы зерттеудегі басты артықшылықтары аймақтардың экономикасына әсер ететін процестерді білу, әсіресе: еңбек бөлінісін жетілдіру, аумақтық шаруашылықтарды территориялдық ұйымдастыру, экономика құрылымдық қайта құру, халықаралық қауымдастықты және жеке аймақтардың өндіргіш күштерін орналастыруды дамыту болып табылады. Нарықтық қатынастардың құрылуы және даму барысында мамандану және шаруашылықтың кешенді дамуы деген түсінік қалыптасады, яғни қазіргі кезде Қазақстанның жалпы шаруашылық кешенінің қызмет етуін жақсарту үшін әр аймақтың жинақ қорын көтеру ғана емес, сонымен қатар әрбір аймақ тұрғындарының мүдделерін біршама толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету қажет.
Аймақтардың дамуын болжау әдістемесі 15 жылға дейінгі кезеңді қамтитын өндіргіш күшті орналастыру мен дамытуды ретроспективті талдаудың міндетті түрде жүргілуін қарастыруы керек. Бұл әдісте ретроспективті кезеңде аймақтардың әлеуметтік даму аспектілерін бағалау, ішкі аумақтық дифференциясын ескере отырып маңызды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру деңгейі қарастырылуы тиіс. Табиғи, экономикалық және ғылыми ерекшеліктерін ескеріп халықтың өмір сүру деңгейі баңалануы тиісті.
Экономикалық талдаудың басты бағыттары болып депрессивті зоналар мен экономикалық өсуі тез территориялардың пайда болуы, аумақтық шаруашылық кешенін құру және аумақтық ресурстарды пайдалану тиімділігіне нарықтық маманданудың әсер етуін анықтау болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz