Мектеп жасына дейнінгі балалардың есінің дамуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп жасына дейнінгі балалардың есінің дамуы

1. Ес туралы ұғым

2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі

3.

1. Ес туралы ұғым

Ес- адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.

Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И. П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Қазақ ғұламасы Абай ес туралы “Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, - дейді.

Мектепке бару балалардың логикалың есін дамытуда улкен роль атқарады. Оқушының есін тәрбиелеуге де мұғалім олардың жас дара ерекшеліктерін нақты ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Төменгі сынып оқушылары оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан, мұғалім уйге тапсырма бергенде материалдарды қалай оқу керектігін үнемі ескертіп отыруы керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ балалардың назары бұған кейде жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескергені жөн. Төменгі сынып оқушылары, әсіресе, 1-2 сыныптар көбінесе сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдырғанша оқи береді. Оқулықтағыдай білім болғаны деген ой қалыптасады. Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы, әрі жинақылығы себеп болады. Сондықтан, мұғалім бір жағынан баланың сөздік қорын дамытып, өз бетінше айта білуге үйретуі қажет.
Бала есінің дамуы өмірінің бірінші күндерінен басталады. Жүйке жүйесінің, біртіндеп дамуы негізінде тәрбие процесі, ойын, оқу, еңбек және тіл қатынастары жетіледі. Баланың есте қалдыруы өмірінің бірінші айларында қимыл байланыстарына, қозғалу ассоциациясына сүйенеді. Айжарым жастағы баланы тамақтандырайын деп қолға алғанда, емшек еметін қимылдар жасайды. Көру, есту анализаторлары біртіндеп жұмыс істей бастайды, төртінші, бесінші айлардағы бала анасын көріп, оның даусын естіп қимылдайды. Тілі шыққан бала өзінің сөз қорына сөз қосады, көрген-білгенін үйренеді, бірақ өмір тәжірибесі әлі аз, ойлауы, тіл дамуы жеткіліксіз, сондықтан есте қалдыру да механикалық болады.

2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі

Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасының жоғары деңгейге көтерілуі жаңа әрекет түрлерінің бала психикасына әсер етуі және үлкендердің балаға қойылатын талап тілектерінің күрделенуіне тікелей байланысты.

Мектепке дейіңгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделеңгендігі байқалады. 3-4 жастан бастап бала қоршаға ортамен жан - жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс - әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай - ақ, іс - әрекеттің орындалуы барысында байқаусызда, материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.

Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленді. Мектепке дейінгі кезеңде сөз логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциалық сезімдік естің маңызы зор.

Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін, естігенін өз сөзімен әңгімелеп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.

Зинаида Михайловна Истомина 3-тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының 3 дәрежесін анықтаған.

I дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.

II дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай - ақ жүзеге асады.

III дәрежесінде бала еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс - тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.

Еске сақтаудың осы II және III дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.

Бала 6 жасқа келгенде тек механиккалық есі емес, сөз логикалық есі жақсы дамығынын байқауға болады.

Баланың сөз логикалық есінің жақсы дамығанын оның жақсы түсінген материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға болады. Мысалы, 6 жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз сөзімен қайталап айтқан кезде өзіне онша таныс емес «азамат» деген сөзді өзіне таныс күнделікті айтылып жүрген «ағай» деген сөзбен ауыстыра алады.

Кейде олар ертегі әңгіменің мазмұның өзгертпей, өз логикасымен толықтырып, қосып, тек жүйесін ғана өзгертуі мүмкін.

Баланың сөз логикалық есін дамытуда оқу әректімен шұғылдануының маңызы зор. Осы кезеңдегі сөз - логикалық естің жүзеге асуының өзі 3 кезеңнен өтеді:

Практикалық; Сөздік әрекеттік;

Ақыл - ой әрекеті негізінде.

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

Қазіргі уақытта оқу - ағарту саласында мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда.

Адамның тал бойындағы барлық қабілет - мүмкіндіктерінің арасындағы ең бірегейі - оның еске сақтау қабілеті. Алайда бүгінгі технология ғасырындағы басты індеттің бірі - жастың да, жасамыстың да күннен - күнге еске сақтау қабілетінің нашарлауы.

Бұл тек жасы егде тартқан жандар үшін ғана емес, сонымен қатар балалардың арасында да белең алып бара жатыр. Қазіргі жаңа заман уақытында ІТ технологиялардың дамуы баланың жеке қасиеттеріне, қабілеттеріне, психологиялық үдерістеріне кері әсер еткізіп жатыр. Балалардың еске сақтау қабілеті жылдан - жылға төмендеп бара жатыр, олардың барлық назары интернет, смартфон, гаджеттар мен планшеттерде. Берілген материалды еске сақтауының төмендеуі, баланың, ес үдерісінің жоғалуына әкеліп тұр. Мұның өзі мектепке дейінгі жаңа
психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі
Психологиядағы балалардың ес процестерінің даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау үрдісін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің қалыптасу жолдары
Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейіні
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін арттыру жолдары
Ойындар, жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінінің дамуы деңгейін теориялық айқындау
Мектепке дейінгі жастағы балалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz