Жаңа білім беру жүйесіне көшуде жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлаудың ғылыми - теориялық негіздері


Жаңа білім беру жүйесіне көшуде жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлаудың ғылыми-теориялық негіздері
Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымының теориялық еңбектерде қарастырылу жайы, айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды да қолданудың дидактикалық шарттары, ақпараттық технологияларды қолдану мазмұны сынды мәселелер өз шешімін табуды көздейді.
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша бакалавриаттың халықаралық бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны үйлескен білім беру бағдарламалары жасалып, оқытудың кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары жүзеге асады. Білім берудегі осындай өзгерістерге сәйкес жаңа тұрпатты мұғалім дәстүрлі оқыту формаларын ақпараттық-коммуникациялық, басқа да жаңашыл технологиялармен үйлестіріп жүргізе алуға қабілетті болуы керек деп есептеймін.
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. «Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».
Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымын психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден жаңа типті мұғалім, жаңа буын мұғалімі терминдері түрінде кездестірдік.
Жаңа тұрпатты мұғалім анықтамасы 2005 жылғы 18 тамызда жарияланған «ҚР жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «ҚР жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» бір мәселеге деген екі түрлі көзқарас көрсетілген. Екі тұжырымдама авторлары бір мәселені екі түрлі шешуді ұсынады.
Дегенмен, бұларда бірін-бірі қайталайтын тұстар да баршылық. Жаңа тұрпатты мұғалімдерге қойылатын талаптардың «Жоғары педагогикалық білім» және «Жоғары педагогикалық білім беру құрылымы» бөлімдерінде олар бір-бірін қайталаған. Егер бірінші тұжырымдама негативті факторлар ретінде «бірін-бірі жалғастырып жататын білім беру стандарттары мен бағдарламаларын құруға ғылыми негізделген ұстанымның болмауын» атаса, екінші тұжырымдама авторлары «стандарттардың, типтік оқу бағдарламаларының жетілдірілмегендігін . . . » атайды. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондықтан, осы екі тұжырымдама негізінде біреуін жасау қажеттігі сөзсіз.
Педагогикалық білім берудің ең жоғарғы мақсаты - жаңа тұрпатты мұғалімнің жалпы және кәсіби дамуының үздіксіз жүргізілуі деп есептейміз. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезінде маман-адам, азамат пен оның кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары арасындағы үзіліп қалған байланыс қайта жалғасын табуы керек. Болашақ маманның жеке тұлғалық позициясын, оның кәсіби білімі мен іскерліктерін біріктіру жүзеге асуы жөн. Бұл біріктіру жалпы қосынды емес, сапалық жағынан жаңа құрылым болып, тұтастығы мен ішкі құрылымы жаңа типті мұғалім даярлау мен қалыптастыру мақсатын қоюға болады. Педагогикалық білім беру мақсаты, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қызметінің инвариантты, идеалданған көрсеткіштері біліктілік сипаттамасының негізіне қойылатын профессиограммада ашылады. Біліктілік сипаттамасы типтік кәсіби педагогикалық міндеттер жүйесі түрінде құрылып, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қүзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарды құрайды.
Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты. [3]
Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті мұғалім», «мұғалім идеалы», «шебер мүғалім» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты мүғалім» термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз - кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Жоғары мектеп педагогикасы теориясында зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі - педагогикалық модельдеу мәселесі. Жоғары білім беруді модернизациялау ең алдымен оның мазмұнын терең жаңартумен байланысты. Тек қана информатика пәнінің мұғалімі ғана емес, сонымен бірге кез келген пән мұғалімінің ақпараттық технологияны меңгеруі - жаңа тұрпатты мұғалімге тән басты белгі деп айтуымызға болады.
Жаңа тұрпатты мұғалімнің ақпараттық технологияны меңгеруі жоғары оқу орнында қалыптасатын болғандықтан, оқытушылардың ақпараттық сауаттылығы, олардың кәсіби деңгейінің заманауи талаптарға лайық болуы, студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қамтамасыз ету, олардың барлық оқу формалары бойынша іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қажеттігі туындайды.
Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә. Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол - арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала - мектеп және оның мұғалімі.
Педагогикалық іс- өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді. [1]
Бүгінгі мектептің басты міндеті- өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.
ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр - марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр.
Аманатқа қиянат жасамау-халқымның ізгі ұлылық дәстүрі. [2]
Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда «Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының» жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге - рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Мұғалім идеалы - білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.
Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.
Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т. б. ) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.
Мына ғаламдық қарышты даму дәуірінде шәкірттерге берілер білім мен білік күн өткен сайын күрделеніп, жаңарып келеді. Өйткені, қоғам дамуына қарай ғылым салаларының жаңа түрлері пайда болатындығы тарихтан белгілі. Соған сәйкес қазіргі білім беру саласындағы рухани дүниені дамытуға бағытталған гуманистік білім беру парадигмасының дүниеге келіп, тәрбиелеу парадигмасы да түбірімен өзгеріп, жаңа ғасырдағы білім беру жүйесінің негізгі проблемасы «жан-жақтылы қолайлы жағдай тудыру арқылы бала тұлғасының даму және қалыптасу процесін басқару» деп айқындалды. Демек, бала бұрын тәрбиенің нысаны болса ендігі жерде тәрбие процесінің белсенді мүшесіне, субьектісіне айналады. Назар аударатын нәрсе, тәрбие ісіне жалғыз сынып жетекшісі ғана жауапты болып қалмауы тиіс. Тәрбие берудің қиындығы көп, оны бірлесіп, бір бағытта жұмыс істегенде ғана дұрыс жолға қоя аламыз. Оның үстіне, оқу сапасы да тәрбиеге байланысты екендігін, баланың тәрбиелік деңгейі жоғары болса білім көрсеткіші де жоғары болатынын ескерсек, «Тәрбие-тамыр, білім бұтақ» деген халық даналығының шындығына көз жеткізе түсеміз. Демек, білім беру жүйесінде сөз жоқ, тәрбие беру ісі бірінші кезекке қойылуы керек. Тәрбиемен көпшілік болып, бір бағытта айналысу керек. Сонда ғана елдің ертеңі-жас ұрпақты заман қажетіне сай азамат етіп қалыптастыра аламыз. [3 ]
Қазақстандағы білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі-шығармашыл тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім білім беру. Осы тұрғыдан, бүгінгі таңда алаңдайтын мәселе сол ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Халқымыздың озық ойлы ұлдарының бірі М. Дулатұлы «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда, теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқу білімнің арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні қараң, келешегі-тұман» деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткендей, жас ұрпаққа, жас буынға білім беруде, ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін саналы тәрбие мен сапалы білімді ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың рөлі өте зор. [4 ]
«Кез келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдаратады…» делінген ҚР орта білім беру жүйесі дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында. Жеке тұлғаны тәрбиелейтін адам-мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды. Мектеп білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасқан және кәсіби шыңдарға бағытталған білім беру. [5 ] Білім адамның сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, біздің жағдайымызда ол педагогикалық мамандардың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады сол себепті біз оның өмір сүру барысында өзгере алатын, оған өзінің әлеуеті жететін ашық жүйе ретінде қарастырамыз. Ал ол бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Мамандарды оқу орындары дайындайтын болса, оның кәсіби дәрежесінің көтерілуі тәжірибе арқылы, тәжірибеде өзін-өзі анықтап, алға ұмтылуы арқылы жүзеге асады. Кәсіби қалыптасуы мен даму кезеңінде маман «біліктілік» деген ұғымға сәйкес айналадағы өзгерістерге орай өз әрекетін жоғары деңгейде жобалап, ұйымдастыра алу, өз санасына түзетулер енгізе алу, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесінде авторлық бақылау мен бағалау жасау сияқты әрекеттермен айналысуы тиіс. Бұл оның кәсіп иесі ретіндегі өзінің сапасын арттыруға деген қажеттіліктерінен, өмірдің талаптарынан туынайды да, біліктілікті арттыру арқылы жүзеге асады. Мұндағы біліктілікті арттыру деп отырғанымыз-мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсібилік пен құзырлық деңгейін көтеру мақсатында арнайы білімдік бағдарламалар арқылы оқыту, кәсіби дамыту іс-шараларына қатыстыру және оның өз білімін көтеру. Қоғамның қазіргі даму сатысында адамның ақыл-ойын бағалау, оның шығармашылық әлеуетін мейлінше көтеру ерекше мәнге ие болып отыр. Қай қоғамда да «істің тетігін маман шешеді» деген қағиданың негізінде шындық бар, яғни білімді маманды дайындау, бүгінгі мектеп партасында отырған оқушының сапалы білім алуы-ұстаздарға тікелей байланысты. [6 ] Немістің гуманист педагогі және «Неміс мұғалімдерінің мұғалімі» А. Дистервергтің: «Сен маған шәкіртіңді көрсет, мен сені танимын» деген ұраны мұғалімдердің ағарту ісіндегі шешуші рөлін көрсетеді. Бұл сөз түптің түбінде қазіргі білім берудің теориясы мен практикасының дұрыс немесе дұрыс еместігін дәлелденетіндігін меңзейді. [7 ] Академик М. Қозыбаевша айтсақ: «Ұстаз-шебер ұстадай алмасты шыңдау үшін отқа салып, суға малып, не сан шытырманнан өткізіп алып, қайтадан суға салып, шикіні пісіруге, шаланы жетілдіруге шыңдауға шыдамы жететін жан». Бұрын ең басты міндет-блім болса, енді барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып баланың қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау. Енді ғана есігін ашқан білімді синергетикалау ғасырының басты талабы креативті ойлай білетін кәсіби мұғалімді даярлау. . [8 ] «Басқаларды оқытуды нәтижелі болсын десе, ең әуелі педагогтың өзі білімді болуы керек» деген даналық сөз бар. Білім сапасын арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты рөл атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізері анық. Бүгінгі күні мұғалімнен шығармашылық ізденістер және білім саласының құзырлы тұлғасының зерттеушілік білігі мен шығармашылық қабілеттерінің үйлесімділігі талап етіледі. Осы үдеден шыққанда ғана бүгінгі ұстаз заман талабына жауап беретін, жаңаша ойлай біліп, өзінің де, өзгенің де жан-жақты дамуына үлес қоса отырып, жұртшылық пен ынтымақтастық орнатуға икемді, шығармашыл тұлға болып қалыптасады. Шығармашыл педагог-үнемі ізденіп жүретін, жаңалық ашуға қабілетті тұлға. [9] Белгілі ғалым М. Поташниктің пікірінше, шығармашылықтың негізгі белгісі: жаңаны құрастыра білу, күнделікті қолданыстағы бар нәрсені жаңалап жетілдіре білу. Әр ұстаз тұтас педагогикалық технологияның заңдылығына сүйене отырып, тек өзіне тән дербес шығармашылық тәжірибені айқындайды. [10] ҚР-да білімді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасында мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңа мазмұн мен жаңаша оқыту үлгілеріне көшіру негізгі фактор ретінде қарастырылған. Бұл жағдай жаңа педагогикалық менталитетті қалыптастырып, технологиялық амалға көшуді тездетеді. Соның бірі мұғалімнің жетістікке жетуі білім сапасын арттырудағы акмеологиялық бағыт. Білімін тұрақты көтеріп отыру мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі. Қазіргі кезде мұғалімге шығармашылықтың теориясы мен практикасы жайлы біліп қою жеткіліксіз. Біліктілікті арттыру жұмысы шеңберінде мұғалімнің өзін-өзі өзгертуі, кәсіби шеберліктің
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz