Жаңа тұрпатты мұғалімнің құзырлы іс - әрекетін ұйымдастырудың педагогикалық шарттары


Жаңа тұрпатты мұғалімнің құзырлы іс-әрекетін ұйымдастырудың педагогикалық шарттары
Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс - тәжірибемізде қолдану арқылы оқу - тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі.
Жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл - ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл тұлға жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін - өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық талғамы бар білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер қалыптастырудамыз.
Қазіргі ақпараттық құралдарды меңгермеген мұғалім «ескірген» немесе «ескі көзқарастағы» педагог деп аталды. Сондықтан қазіргі жаңа формация мұғалімі құзырлықтың төрт түрі: арнайы, әлеуметтік, білім беру, ақпараттық құзырлықты игерген болуы шарт. Оның барлығы да негізгі болады. Бірақ, жетекші - ол білім беру құзырлылығы, оның кәсіби шеберлігі.
Жаңа тұрпатты мұғалімнің құзырлы іс-әрекетін ұйымдастырудың педагогикалық шарттары :
1. Мұғалім білім берудің жаңа құндылықтарына бағытталған, жаңа мектептердің тұжырымдамаларын, тәрбие мен білім берудің балама жүйелерін біледі; білім мазмұнын құрудың жаңа әдістерін айта алады.
2. Дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін біледі.
3. Оқытуды кіріктіру және саралаудың тұжырымдамалық әдістері мен прициптерін, маңыздылығын біледі.
4. Жастық және педагогикалық психология бойынша базалық білімі бар: әр түрлі жас кезеңдеріндегі оқушылардың, ұжымның психологиялық заңдылықтарын және оларды диагностикалауды; педагогикалық өзара әдістер мен тәсілдерді, өздік талдауды ұйымдастыру принциптерін игерген.
5. Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру қарым-қабілеті бар, яғни құрастырушылық, кәсіби, әлеуметтік, жеке тұрмыстық құзырлықтарға ие.
6. Жалпы және кәсіби білім беруді қазіргі модернизациялау арқылы қоғамның талабы мен жеке тұлғаның сұранысын қамтамасыз ете алады.
Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.
Ұстаз қолында адам тағдыры, ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс атқарады. Мұғалім сөзі мен іс-әрекетімен мәдениетімен, білікті біліммен, ұйымдастырушылық қабілеті мен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтың мәртебесін биік ұстай алады. Қазіргі қоғамға қажетті де осындай ұстаздар.
Егер мұғалім өз немесе басқа пәндер төңірегіндегі, ұжыммен, жекелей проблемалық шығармашылық топтардағы т. б. әріптестерімен бірлесе қызмет ету, кәсіби қарым-қатынаста болмай дараланып, жеке басының жетістіктері мен кемшіліктерін бірлесе бағалай алмаса, өз шығармашылығы мен қалыптасқан нәтижелі жетістіктерін көрсете алмаса, онда ол тек сыншы педагог.
Білім, білік, дағдыны және мақсат қоюға оны шешуге ұмтылыс жасамай ынта жігерсіз, педагогика мен психология негіздерін игермей іс жүзінде психологиялық жағдаяттар шешімінсіз тұйыққа тіреліп, өмірдің түссіз жағымен ғана еңбек етсе, онда ол Гете сөзімен айтқанда бір нүктеде тоқтаған мұғалім.
Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін - өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс - тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру - заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау - бүгінгі өмір талабы.
Білім беру - шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып белсенді іс - әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Оқушының өзін тану үшін ғылыми және өмірлік проблемаларын шешудің бірден - бір тәсілі - өзін - өзі рефлекциялық басқаруды жүргізе алуы. Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде бастауыш және орта білім кезеңінен - ақ демократиялық қарым - қатынастарды орнықтыру көзделеді. Ол үшін оқытудың мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама - қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже түйіндеу;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу;
«Оқушы дайын білімді игеруші» түсінігі орнына « адам - шындықты танушы тұлға» түсінігі қалыптасады.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру -
-адамның қалыптасуы, оның өз бейнесін табуы, даралық, руханилық, шығармашылық бастамасы - тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету;
- сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу, оны қолдау және дамыту негізінде өзін - өзі реттеуге, өзін - өзі қорғауға, өзін - өзі тәрбиелеуге әкеледі.
- адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы. Ол - тұлғаны түсіну, өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым - қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзінідік қатынастың негізін қалау.
- адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.
Қазіргі заман мұғалімі - рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.
ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен іс əрекетін жүйелі ұғыну үшін оған жаңа теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы қадам, ауыл мұғалімдерін арнайы əлеуметтік кəсіби топ деп қарай отырып, оларды зерттеу бағытында психологиялық педагогикалық жəне əлеуметтік ілімдердің біріктірілуі қажет. Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, оның кəсіптік мəдениетінің өрістеуіне жан -жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай жасалуын ескерген жөн. Жақсы мұғалім - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі.
Ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:
- Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі;
- Қызметке бейімділігі;
- Кәсіптік білімі мен біліктілігі;
- Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім;
- Ұйымдастырушылық қабілет;
- Заманға сай жаңашылдық.
Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Қазіргі кезде білімберудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудіңәдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологиялардың, педагогикалық жұмыста қалыптасқан нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолсалуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Жаңа тұрпатты мұғалімнің құзырлы іс-әрекетін ұйымдастырудың педагогикалық шарттары:
Кейбір оқытушылардың өзіне қолайлы педагогикалық технологияны пайдалануда
қиындықтарға тап болуы;
Педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге колледж басшылары тарапынан әдістемелік көмектің жеткіліксіздігі;
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгертуге материалдық базаның әлсіздігі;
Педагогикалық технология негіздерін болашақ оқытушының жоғары оқу орнында толықтай меңгермеуінен жас маманның педагогикалық технологияның ерекшеліктерін ұға алмауы;
Оқытушылардың қысқа арнайы курстардада оқып келген технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіруде білім алушының даярлық деңгейін ескермеуі.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді, қоғамдық қасиеттер, ата-ана мен бала психологиясы өзгерді. Қазіргі балалардың көпшілігі ешнәрседен қорқа қоймайтын, өзінің өміріне тек тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик қиялшыл емес жауапкершілікті жете қабылдамайтын, көп нәрсеге сене бермейтін жанашырлығы бауырмалдығы аз адамдар. Сондықтан кез-келген мұғалімдерді олардың жан дүниесі қабылдамайды. Олардың сұранысы өте биік. Бүгінгі күнгі мектеп мұғалімі жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматты бар болғанда ғана жаңа формациядағы ұстаз бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz