Жасампаз қалам – Жамбылым


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жасампаз қалам - Жамбылым

«Жамбылым қандай тамаша», деп Шона Смаханұлы жырға қосқандай, Әулиеата өңірінің өзіне тән ерекшелігі бар. Әсіресе көне тарих көмбесіне айналған аймақтың бүгінгі бейнесі, даму деңгейі мен ілкімді істері көпшіліктің көз алдында.

Ежелгі «Әулиеата» 1939 жылдан жыр алыбы Жамбылдың атын алған, мың жылдық тарихы бар қаланың биік мәртебесін асқақтатар айшықты ой түю қажет.

Қойылған сәтті өзіңе,

Жамбыл деп даңқты ұлы есім.

Тарихқа дарқан сенің де

Ғажайып қосқан үлесің.

Қайырманың үшінші жолындағы «тарихқа» сөзі кейіннен «өмірге» болып өзгертілді. «Бастапқы шумақ көтеріңкі, экспрессивті леппен басталған соң екінші шумақ Жамбыл өңірінің келбетін ашатын, оның береке-байлығын паш етуі тиіс» - деп түйді ақын ішінен.

Ақын толғаныс, терең ой үстінде. Көңілі желді күнгі Ақкөлдің айдынындай толқу үстінде. Сол тербелген сезім толқынын, жыр тілімен сөйлету оңай емес. Ой ағысы осы жерге келгенде алда тұрған кедергі, бөгетті бұзып-жарып, өлең болып құйылды.

Көркейткен жайсаң жерімді,

Кенім бар бақыт - берекем.

Кенелткен байтақ елімді

Ақ алтын дәнге мол екен.

Жалғыз жолаушы аттың бірқалыпты тербеген жүрісімен Жалғамысқа жеткенін де білмей қалыпты. Көктемде су жайылған көлтабан орнында ажырық пен өлең шөп бітік өскен. Өріс толы топ-топ болып жайылған сиыр. Аттың тізгінін қаққан Шона жан-жағына шола қарап таныс ала қашарды көзімен іздейді. Іздеген жоғын табын арасынан кезіктірмеген соң аттың басын Домалақкөлге қарай бұрды.

Елуінші жылдардың басында уақ, майда колхоздарды ірілендіру нәтижесінде ауылдағы жұрттың жағдайы едәуір түзелді. Қырық жылға жуық қиындықтарды басынан өткерген халықтың мейір-шапағаты артты. Үстеріне жамаусыз киім ілді. Нанға тойынды. Құдайға шүкір елдің тұрмыс жағдайы бұрынғыға қарағанда едәуір түзелді. Аудан орталығында төбесін қамыспен жапқан аласа, табаны сыз үйлердің орнына шифермен жабылған еңселі жайлар соғыла бастады. Аралбек туысы да Абай көшесінің ең басынан еденіне тақтай төселген төрт бөлмелі үй салып алды. Қалада сәулетті, екі қабатты үйлер бой түзеді. Осының бәрі ақынның көңіл ауанына әсер етіп те жүрген. Өңірге келген өзгерісті өлеңге қосты[1] .

Сәулетті, сәнді, тұрмысты,

Байлығың шалқар шалқыған.

Ақпейіл, азат, ырысты

Айналдым туған халқымнан.

Жамбыл қаласы орналасқан мекен Талас пен Аса өзендерінің аралығындағы жап-жасыл шұрайлы аймақ. Қала айналасын табиғи желек көмкерген. Түстік шығысындағы Алатаудың бір сілемі Талас өзенінің жағасына тұмсығын тірей тоқтаған. Күнбатыс бетінде қатпар-қатпар қарт Қаратаудың жатаған төбелері басталады. Әрі батысқа өрлеген сайын кеудесін керіп, бойын көтере түсетіндей. Таудан басталып, сансыз бұлақ суынан нәр алған шәрбет дәмді қос өзен қаланың қос қабырғасымен капталдай ағады. Қаланың сансыз көшелеріндегі арық арнасымен үй маңындағы мәуесі төгілген жеміс ағаштарын ылғалдандырады.

Алатау менен Қаратау

Тоғысқан жері - тұрағың.

Сімірсем суы шәрбат-ау,

Мөлдіреп ерке бұлағың.

Әннің соңғы қайырмасына кезек келді. Әдетте ән қайырмасы шумақ сайын қайталанып отырады. Алайда ноқтаға басы сыя бермейтін Шона бұл қағиданы елемей әр шумаққа жеке-жеке қайырма келтіруді мақұл көрді. Кең даланың төсінде бүйірі қызып көсіле шапқан жарау аттай шалқыған шабыт бой берер емес[2] .

Ақын қаланың қазіргі сипатын көз алдына елестетті. Көне қаланың орталығы көкбазардан басталатын кең көше Қарахан ата мазарының бір қапталын ала ескі атшабардың жоғары жағымен терістік-батысқа қарай бой түзеді. Айналасы атшаптырым Атшабардың үсті тегістеліп облыстық партия комитеті мен атқару комитетінің кеңсесі бой көтерген. Алды кең алаң. Мұндай алаң еш облыстың орталығында жоқ. Сол көше бойында күйдірген қыштан екі қабатты тұрғын үйлер қаз-қатар жарыса бой түзеген. Құрылыс жылдан-жылға қарқын алып қала жасара түскендей. Көшеге жасыл желек көрік беріп, жайқалған жас орман қанатын жаюда. Қаланың бас қақпасы темір жол вокзалынан басталып Абай көшесі бойындағы зәулім шынарлар көкке бой түзеп қаланың ажарын ашты. Қала қандай көрікті, қандай әсем десеңші!

Қанатын жайып жас орман,

Үйлерің өскен жараса.

Жыл өткен сайын жасарған

Жамбылым қандай тамаша! - деген жыр жолдары тілге оралады…

Атақты «Жамбыл жастары вальсінің» мәтіні қаладағы жұмыс үстелінде емес осылайша кең даланың төсіндегі Ақиық - Жалғамыс - Домалақкөл - Ақкөл аралығында ат үстінде туған еді.

Ақын Алматыға барысымен ән мәтінін композитордың қолына тапсырды. Артынша әуен де дүниеге келді. Қос автордың шығармашылығынан туындаған жаңа ән радио толқыны арқылы ұшы-қиырсыз қазақ кеңістігіне таралып кетті[3] .

Қазіргі таңда қазақтың облыс, өңірлері, аудан, қалалары, тіптен жекелеген ауылдарына арналған әндер өте көп. Ал ақын Шона Смаханұлы мен композитор Садық Кәрімбаевтың «Жамбыл жастарының вальсі» сол туған өлке жайлы жазылған әндердің алғашқы қарлығашы еді. Көп ұзамай бұл вальс жамбылдықтардың сүйікті әуеніне айналды. Сыртта жүрген әр жерлесіміз туған жерге деген сағынышы мен мақтанышын «Жамбылым қандай тамаша» деген ән жолдары арқылы жеткізетін. Басқа өңірдің тумалары әуен айтылғанда жамбылдықтарға қызыға қарайтын. Әсіресе, Алматыда оқитын жерлес студенттер бас қосқанда ерекше екпінмен айтылып жүрді.

Жамбыл қазіргі Тараз шаһары. Тараз шаһары тарихи оқиғаларға бай. Бұл қала Аулие-атадан бастап, Талас, Наманган, Йени-Тараз, Жамбыл, Мирзоян болып аталды. Киелі топырақта б. э. 1 ғасырында көшпенді халықтар өмір сүрген. Әйгілі ғалым В. Бартольдтің зерттеуіне сүйенсек, Тараздың іргесі б. э. д. қаланған. Сырдария мен Талас өзендерінің маңында б. э. д. 1 ғасырда 600 000-нан астам қаңлы тайпасы қоныстанған. Олар Жетісулық үйсіндермен жауласып, нәтижесінде ғұндармен бірігіп одақ құрған. Бұл оқиғаға Л. Н. Гумилевтің «Б. э. д. 36 жылдағы Таластағы соғыс» дерегі дәлел. Чжи-Чжи Талас бойында қалып, ұлы кент құрады. Екі жыл бойы соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Дуалы екі қабаттан тұрды - сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір деректерде, Талас деп атанған шаһардың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген деп көрсетілген.

Тараз еліміздің тарихында зор маңызға ие болуы ХV ғасырдың орта тұсында Қазақ хандығының іргесі қалану кезеңіне тұспа-тұс келеді. Хижраның 870 жылы, 1465-1466 жылдар Қазақ хандығының құрылған кезі болып қабылданған. Мұхаммед Хайдар Дулат өңір Моғолстан хандығының батыс шеті болғандығын айтып, оны Иса Бұға ханның Жәнібек пен Керей сұлтандарға үлеске берілгендігін айтады. Жаңадан қаланған Қазақ хандығына бұл аймақ өте қолайлы мекен болды. Өзбек ұлысын билеуші Әбілқайыр хан қаза болып, оның құрамындағы қазақ тайпалары Жәнібек пен Керей басқарған хандыққа біржола өте бастайды. Алғашында жаңа хандық өзбек-қазақ елі деп аталады[4] .

Темір жол қатынасы 1928 жылдың қоңыр күзінде іске қосылды. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарта түсті. Түркісібтің салынуы ауданда ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптің өріс жаюына маңызды ықпал етті. Аудан тіршілігіне қажет жанармай, ауылшаруашылық техникалары, басқа да тауарлар тасымалданды. Аудан үстінен өткен темір жол торабы 144 шақырымға, ал Қосқұдықтан Бетпақдалаға дейін созылған ішкі темір жолдың ұзындығы 130 шақырымға, аудан ішіндегі көлік жолы - 359 шақырымға жетті.

Орта ғасырда қала Тараз деген атауымен әйгілі болды. Ең бірінші қоныстанған этнос - Ферғана өзбектері. Тарихи атауы 1997 жылынан бастап қалаға қайтарылды. Тараз өзінің 2000 жылдық тарихи мерейтойын 2002 жылы атап өтті. Сондай-ақ, көне Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі болған. Әсіресе Қарахан билігінде дами бастаған. ХІХ ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы деп аталды. 60-шы жылдарда Ресей империясының құрамына енген. Кейінірек Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендеді.

Бүгінгі Тараз

Тарихы мол қала бүгінде Жамбыл облысының орталығы болып табылады. Халық саны - 350 000 адамға жуық. Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыс, корей, өзбек, түрік, татар, неміс, күрд, қырғыз, дүнген, қырғыз, грек, ұйғыр ұлт өкілдері тұрады. Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген. Сондай-ақ, мұнда Қарахан, Айша бибі, Бабаджа Хатун, Дәуітбек, Тектұрмас т. б. кесенелері, Мыңбұлақ сквері, Достық үйі, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент, Бақылау мұнарасы, т. б. әлем және республикамызға танымал жәдігерлер мен орындар бар.

Айша бибі кесенесі - ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Кесененің іргесі Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан. Сыртқы көрінісі керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен алуандығы жағынан еліміздегі басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде теңдесі жоқ. Кірпіштердің түрлілігінің өзі кез-келген адамды аң-таң қалдырады. Ескерткіштің тұңғыш қалпы б. у. д. тек батыс қабырғасында сақталған. Безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген[4] .

Тараз - көпжылдық тарихы бар, өзіндік ерекшеліктерімен де талай жұртқа танымал шаһар. Қала тұрғындары да өте мейірімді, аққөңіл, мәдениетті, саламатты өмір салтын ұстанатын жандар. Мен өз қаламды ерекше ұнатамын, сүйемін, сыйлаймын әрі құрмет тұтамын. «Алып анадан туады» демекші, Тараз қаласынан әлемге әрі ұрпаққа аты әйгілі боп қалған көптеген танымал тұлғалар: ақындар, жазушылар, ғалымдар, халқына қалаулы, еліне елеулі азаматтар - шыққан. Менің қалам - мақтан тұтарлық қала! Тараз қаласының жастары қоршаған ортамыз табиғатқа ықыластана қамқорлық жасайды. Өйткені, өсіп тұрған әрбір тал-дарақ біздің өмірімізге, оның ішінде денсаулығымызға көп пайдасын тигізуде. Табиғат ана бізге сый берсе, біз де оған «сыйға-сый» ретінде айрықша қамқорлық таныта білуіміз қажет. Біздің қаламызда жылма-жыл дерлік жас көшеттер отырғызу ісі дәйектілікпен жүзеге асырылып отырады. Сол көшеттер бізді жаман иістерден қорғайды. Тараздың мәңгі жасыл қалаға айналуына септеседі. Айтпақшы, былтыр қала тұрғындары Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік іс-шараларға ата-анама ілесіп мен де бардым. Үлкен ағалардың жаңадан көптеген гүлзарлар ашқанын көрдім. Әсіресе, маған Керей мен Жәнібек хандарға тұрғызылған ескерткіштің маңы, «Көне Тараз» ашық аспан астындағы мұражай-саябағы кереметтей ұнады. Тараз гүл-қалаға, таза қалаға айналды. Қаламыздың осы қалпы сақталуына біз де үлес қосамыз. Оның әрбір тал-гүлін, көшетін аялауға тиіспіз. Гүлзар алаңдарды енді достарыммен бірге демалыс сайын келіп тамашалауды дағдыға айналдырамын. Әркім де туған жерінен жыраққа кетсе де, туған жерін аңсамауы мүмкін емес. Ақылың қаланы қаласа, жүрегің әрқашан туған өлкеңді қалайды. Мен әрқашан өз қаламды мақтан тұтамын!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбылдың ұстазы еді майкөт ақын
Мұхтат Әуезов өмірі, қазақ әдебиетінің негізін салушы
М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушы
Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.)
Ұлттық публицистика дәстүрі
Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы
Еңлік – Кебек
Араб философиясы
Қиялдың физиологиялық негіздері
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz