Көшпенді номад мәдениеті
Көшпенді номад мәдениеті
Номадизм - [грек, nomades - көшпенді] - өндіріс процестерінің қарқынды интернационализациясы кезеңінде (ұлттық шекаралардың шайылуы, капиталдың жөнсіз "құйылуымен" және диаспоралар белсенділігімен ерекшеленетін) аса танымал болған қоғамтанудағы ұғым. XX ғ. 70-ші жж. Э.Тоффлердің еңбектерінде көрініп, 1990-шы жж. Ж.Аттали, М. Маффезоли, Р. Брайдотти және т.б. еңбектерінде жетілдірілген. Ерекше пұрсатты халықтың шағын топтарының және ондай ерекшеліктерден жұрдайлардың арасындағы терең айырмашылықтардың жүргізілуі жағдайында "номадизм" ұғымын түсіндіру өндірістік факторлар арқылы жүзеге асырылады ("көшпелі өмір" әлемдік экономиканың қызметін оңтайландыру ретінде), сондай-ақ өмір салты, мәдени стилі және 2000 жылдан кейін тұтыну түрі ретінде көрінеді. "Мінсіз номад" келесідей негізгі сипаттарға ие: а) шағындылығы (шекараларды көзге ілмей, өзгенің аумағын басып өту мүмкіндігі); ә) тәуелсіздігі (өзін элем азаматы деп сезіну, этникалық, ұлттық, азаматтық, нәсіл, таптық белгілерге меңзейтін ішкі шекараларды жою; б) тиістіктен тыс (үзілді-кесілді биліктен тыс болу, коммуникацияның магистралдық торабынан және билік өндірісінен; в) үздік сараптамалық қабілет және білімнің жоғары деңгейі; г) іс-әрекет (номад тұлғасы аса белсенді және саясаттандырылған, "номадтың грамматикалық уақыты - мінсіз емес: белсенді және ұзақ" (Е. Брайдотти, "Номадизм жолымен"). Бірқатар сарапшылар (Ж. Ведел, Г.П. Мартин және X. Шуман және т.б.) "бай номадтардың" мәдени мәнділігіне күмәнмен, сынмен қарайды. Олардың пікірінше, шынайы билікті иемдену (саяси, экономикалық, масс-медиа билігі) космополиттік кәсіпкерлік және интеллектуалдық топтар өкілдерінің қоғамдық мәнді шешімдерді қабылдау- да жоғары моральды-этикалық сапаларымен ақталмаған. Керісінше, бұл страта осыған дейін ұстанып келген қағидаларды тоталитарлық "жабық қоғамдармен" теңдестіреді. А. Негри мен М. Хардтың "Империя" еңбегінде "номадизмге" "аз ғана пұрсатты топтардың ерекше тәжірибесін" ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, әлемдік масштабта өршіп келе жатқан еңбек миграциясын да жатқызады. Аумақсыздандырылған көптеген "кедей көшпенділерді" (бүкіләлемдік еңбек армиясының жұмысшыларын) "Коммунистік манифест" қисынына сәйкес әлемдік саяси империялық ықпалдасудың өршуіне қарай халықаралық ынтымақтастық, таза таптық сана деңгейіне көтеріледі және әлемді эгалитарлық қайта құруға бағыт алған жаңа интернационалды "пролетариат" болады деп түйіндеуде.
Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия территориясында өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография, археология, педагогика, антропология, философия, дінтану, семиотика, лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді.
Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан бастап қызығушылық таныта бастады. Көшпенділердің б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) суперэтникалық тайпаның жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі, Ресей мемлекетінің славян тарихын жазуымен байланыстыруға болады. Өйткені қазіргі орыс халқының территориясында өмір сүрген ежелгі сақтар (скиф) туралы тарихи деректер антикалық авторлардың жазбаларында ғана кездеседі. Сондай-ақ орыс ғалымдары өз зерттеулерінде славяндардың генетикалық туыстығын, сол ежелгі көшпенділерден шыққанын ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болды.
Орыс тарихы сақтардан (скиф) басталуы керек пе? деген сұрақ ғылымда бір жақты жауап болмады. Скифологтардың мәселесін шешуде артефактілер басты рөл атқарды. Көне ескерткіштерді археологтар, нумизматиктер, филологтар, лингвистер, өнертанушылар зерттеуге кірісті. Ресей ғалымдарының жан-жақты зерттеулерінің арқасында ортақ бір шешімге келе алмады.
Мәдениеттану саласында қазақ халқының сақ (скиф) мәдениетімен сабақтастығын зерттеуде ауыз әдебиеті мен этнографияның маңызы зор. Кеңестік кезеңде этнография, ауыз әдебиеті салаларындағы ұлттық маңыздылығы бар тақырыптарға шектеу жасалып, тарихтан аластатылды.
Мәдениеттанумен барлық ғылым салалары айналысады. Олар: философия, дінтану, тарих, этнография, педагогика, антропология, этнопсихология, әлеуметтану, саясаттану т.б. Бұл ғылым салалары қоғамда болып жатқан процестерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ал мәдениеттану тарихи кезеңдер мен өркениеттерді талдап, оның қоғамдағы рөлін көрсету басты белгісі болып табылады. Сондықтан көшпенділердің ділін, дінін, этнографиясын және салт-дәстүрін философия ғылымының ғана заңдылықтарына сай зерттеу тақырып аясын тарылтады. Көшпенділердің б.з.б. өркениетті мемлекет болып өмір сүргенін дәлелдеу үшін энциклопедиялық әр ғылымның деректемелері қажет. Бүгінгі күні мәдениет ұғымын анықтайтын екі жүздей ғылыми дефиниций бар. Олардың бәрін төрт топқа бөліп талдауға болады. Қоғамдағы адамдардың рухани және материалдық шығармашылықтары семантикалық шеңбер құрып -- мәдениет деген ұғымның жалпы мағынасын береді.
Көшпенділердің мәдениеті мен тарихын сараптауда көне артефактілердің маңызы зор. Таулы Алтайдағы Қатан өзенінің бойындағы қорғандардан қазба жұмыстары кезінде В.В. Радлов 1865 жылы көптеген құнды дүниелер тапты. Алтайдағы үлкен Улаған өзен өңіріндегі Пазырық шатқалында сақ (скиф) кезеңдерінен қалған әртүрлі көлемдегі бес обаны 1929 жылы М.П. Грязнов, ал 1947- 49 жылдары С.И. Руденко археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген.
Көпшенділердің артефактілерінің динамикасын зерттеуде ділін, салт-дәстүрі мен наным-сенімдерін, ғұрыптарын талдау арқылы заттық болмыстың символикасы анықталды. Ондай деректер С.И. Руденконың Таулы Алтайда табылған көне ескерткіштерінен, М.П. Грязновтың Таулы Алтай өңіріндегі Пазырық, Шібе қорғандарынан табылған материалдық заттарынан жиналған. Ежелгі көшпенділердің дүниетанымы, рухани дүниесі мен алғашқы дінінің пайда болуы артефактілер арқылы аныкталды.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың еңбектерінде ежелгі көшпенділердің салт-дәстүрі, тілі, ділі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Көшпенділердің антика дәуірінен б.з.б. кезеңдермен байланысы жоқ, сондай-ақ бүгінгі күнге дейін әр дәуірдің мәдениеті өз алдына жеке қарастырылған. Көшпенділерді (б.з.б VIII -- ІV ғғ.) зерттеген ғалымдар иран, парсы, грек деректеріне сүйеніп, сақтардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz