Қазақстандағы табиғи монополиялар


Қазақстандағы табиғи монополиялар
Табиғи монополия - өндірістің, көрсетілетін қызметтердің (өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың) технологиялық ерекшеліктеріне байланысты осы өндіріс, (өткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар) нарығында бəсекелестік жағдай жасаудың мүмкін болмауы немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуы себепті оларға деген сұраным тиімді түрде қанағаттандырылмайтын нарық жағдайы.
Табиғи монополия бəсекеден тыс болғандықтан монополиялық баға белгілеуге, өз тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сату шарттарын өктемдіпен таңуға, олардың сапасының стандарттарын дербес белгілеуге бейім болғандықтан, оның қызметін, тіпті еркін нарықтық экономика жағдайында да, мемлекеттік реттеу қажеттігі туындайды. Үкіметтің табиғи монополияға қатысты құқықтық негіздері "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңында ( 9 мамыр 1998) айқындалған.
Монополия (гр. monоs - жалғыз және poleo - сатамын) -
- бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы;
- салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т. б. ) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монопол. бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монопол. өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған; 3) бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі; монопсония не олигополия түрінде де көрініс табуы мүмкін. Жасырын Монополия, яғни заңды тұрғыда салынған тыйымдар мен шектеулердің көмегімен бәсекеден қорғалған (көбінесе мемлекеттік Монополия), табиғи Монополия, яғни мұндай монополиясыз ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге болмайтын қажеттіліктен туған ашық Монополия, яғни бір фирма жағдайлардың тоқайласуы себепті тауарды бірден-бір өндірушіге айналатын Монополия түрлеріне бөлінеді. [1] [2]
Монополия түрлері[өңдеу]
Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:
- Табиғи монополия - сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға - су отын, энергия қуатын, газ беру және т. б. фирмалар ) .
- Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.
- Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (2002-2004)
ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен[1] ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды.
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 16 қыркүйектегі қаулысымен[2] агенттік туралы ережеге[3] өзгертулер енгізілді: комитеттің және оның департаменттерінің атауы өзгертілді; агенттіктің құқықтық мәртебесі мен негізгі міндеттерінен шағын бизнес (кәсіпкерлік) саласындағы мемлекетттік саясатты іске асыруға байланысты функциялары алынып тасталынды.
ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағы Жарлығымен[4] агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есепті мемлекеттік орган болып қайта құрылды.
ҚР Президентінің 2003 ж. 20 маусымдағы Жарлығымен[5] агенттік туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Ережеге сәйкес агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру, сондай-ақ қызметін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілері жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылды. Агенттіктің аумақтық органдары - облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі департаменттері болды.
Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болды: табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу; монополиялық қызметтің, нарықта үстем жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар қолдану; тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісі саласында бәсекелестікті дамытуға мемлекеттік қолдау және жәрдем көрсету; мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың ақылы қызмет көрсетуінің тәртібін бақылау; мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне бақылау жасау; табиғи монополия мен субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру; кәсіпкерліктің құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; табиғи монополия мен субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру.
Агенттіктің орталық аппаратының қүрылымы: басшылық; жиынтық талдау және үйлестіру департаменті; энергетика және су шаруашылығы секторларын реттеу жөніндегі департамент; көлік және телекоммуникациялар секторларын реттеу жөніндегі департамент; бәсекелестікті қорғау және дамытуды үйлестіру департаменті; құқықтық қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті; бақылау және монополияға қарсы іс-қимыл шараларын қолдану департаменті; әкімшілік жұмысы департаменті.
ҚР Президентінің 2003 ж. 21 қазандағы Жарлығымен[6] агенттіктің құрылымы жаңа редакцияда бекітілді: басшылық; электр және жылу энергиясы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент; телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент; темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент; құбырлар мен су канализациялары жүйесі саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент; бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру департаменті; заң департаменті; әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті; талдау және жоспарлау бөлімі.
ҚР Президентінің 2004 ж. 9 маусымдағы Жарлығымен[7] агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып қайта құрылды.
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 шілдедегі қаулысымен[8] агенттік туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сәйкес агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру, сондай-ақ қызметін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілері жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті орталық атқарушы орган болып табылды. Агенттіктің аумақтық органдары - облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі департаменттері болды.
Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болды: табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу; монополияльщ қызметтің, нарықта үстем жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, жосықсыз бәсекелестіктің алдьн алу және жольш кесу жөнінде шаралар қолдану; тауарлар (жүмыстар, қызметтер) өндірісі саласында бәсекелестікті дамытуға мемлекеггік қолдау және жәрдем көрсету; мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсетуінің тәртібін бақылау және мемлекетгік кәсіпорындар өңдіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларьн мемлекеттік реттеу; мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардьң қызметіне бақылау жасау; табиғи монополия мен субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру; өз құзіретінің шегінде кәсіпкерліктің құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ак, олардың қызметтер көрсетуіне (тауарларьша, жүмыстарьша) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекетгік саясатты іске асыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz