Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылығының әлеуметтік - экономикалық мәселелері


Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылығының әлеуметтік - экономикалық мәселелері
Қазақстан Республикасының 30 бəсекелі елдердің қатарына енуге ұмтылуы, Əлемдік Сауда Ұйымына енуі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы отандық ауыл шаруашылығы үшін үлкен сын. Өйткені ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі жəне қоғамның экономикалық жəне қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып табылады. Сондықтан да аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшiн экономикалық жəне ең бастысы əлеуметтiк негізде стратегиялық жағынан маңызды.
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық дамуын нығайту үдерісі өндірістің, əсіресе ауыл шаруашылығының тиімділігін тұрақты əрі бекем арттыру үшін шаруашылық жүйенің түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Қазіргі таңда отандық экономиканы қайта құру кезінде бірқатар мəселелер туындады. Əсіресе Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін анықтайтын аса маңызды стратегиялық қызмет саласы ретінде агроөнеркəсіп өндірісінің тиімділігін арттыруға елеулі назар аударылды.
Қазіргі уақытта агроөнеркəсіп кəсіпорындары шаруашылық механизмнің жетілмеуінен, коммерциялық ақпараттың жеткіліксіздігінен, сыртқы орта факторларының (тұтынушылардың іс- əрекеті, нарықтық конъюнктураның өзгеруі, жаңа тауарлардың пайда болуы т. б. ) əлсіз талдануынан жəне нарықта жұмыс істеу тəжірибесінің жоқтығынан тұрақсыз шарттарда əрекет етіп келеді. Сондықтан ауыл шаруашылық өнімін тұтынушыға дейін тиімді жеткізуге бағытталған ғылыми зерттеулер өзекті мəселелердің бірі болып келеді.
Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде «Агробизнес - 2020» бағдарламасы [1] отандық ауыл шаруашылығы өнімінің бəсекеге қабілеттілігін жəне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығын қамтиды. Бірақ саладағы еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, қолданылатын технологиялардың жетілмеуі, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақтығы оны кең көлемде дамуға мүмкіндік бермей отыр. Ол үшін ауыл шаруашылығы қолда бар материалдық, еңбек жəне басқа да ресурстарды экологиялық талаптарға сəйкес толығымен қолдануды қамтамасыз ету керек [2] . Қазіргі жағдайда экономиканың аграрлық секторындағы экономикалық агенттердің мүдделерін үйлестіру, көбінесе оларды нарықтық жəне мемлекеттік реттеу нысандарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын ынталандыру арқылы қол жеткізіледі. Мемлекеттің ауыл шаруашылығын реттеу əдістері экономикалық тепе-теңдікті сақтаудан, ауыл шаруашылығы өндірісін өндіруден жəне қайта өңдеуден, сонымен қатар шикізат пен азық-түліктің объективті қажеттілігінен туындаған. Өйткені ауыл шаруашылық өнімдері кез келген мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сол себептерден экономиканың ауыл шаруашылық секторын мемлекеттік реттеу қажеттілігін екі топқа бөлуге болады:
- ауыл шаруашылығы өндірісінің өзіндік ерекшеліктері бар. Басқа салаларға қарағанда, тəуекелдік сипатының (құрғақшылық, су тасқыны жəне т. б. ) болуымен, ауыл шаруашылығына деген сұраныс пен ұсыныстың ауытқымалығымен, техникалық үдерістің жылдамдығымен ілесе алмауымен сипатталады;
- ауыл шаруашылығы нарығы қызметін реттеу механизмінің жетілмеуі. Ауыл шаруашылығы өндірісіне үстемдік бағаны енгізуді бақылаумен, қоршаған ортаны қорғаумен, табиғи ресурстарды тиімді қолданумен ерекшеленеді.
Сонымен, ауыл шаруашылық секторын мемлекеттік реттеу экономикалық құралдар мен ынталардың жүйесінен тұрады, олардың көмегі арқылы мемлекет еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономиканың ауыл шаруашылық секторының дамуына əсер ете алады.
Экономикада ауыл шаруашылық секторды мемлекеттік реттеу жұмыстарын қалыптастыру əр түрлі кезеңдер бойынша жүргізіледі. Ең алғашқы қадам бұл мемлекеттің қандай күрделі кезеңдерде болсын, сонымен қатар қаржылық дағдарыс кезінде ауыл шаруашылық секторына деген қарым- қатынасын анықтау [3] . Аграрлық сектор саласында мемлекет тарапынан қолданылатын шараларға экономикалық агенттер арқылы сараптама жасау. Қойылған мақсаттар арқылы ауыл шаруашылығының даму қажеттілігі анықталады, ал бюджеттік мүмкіншіліктер арқылы мемлекеттік реттеу құралдарының тізімі бекітіледі. Аграрлық сектор саласын қалыптастыру барысында негізінен тиімді аймақтардың ғылыми жүйесі зерделенеді, яғни қолданыстағы құралдардан əсер алу элементтерін айқындау керек: ауыл шаруашылық салалары, ауыл шаруашылық саласын өндірістік қамтамасыз ету, өнеркəсіп саласын жетілдіру, ауыл шаруашылық тауарларын жеткізу жəне сақтау орындарын қарастыру, тауарларды соңғы тұтынушыға дейін жеткізу.
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы экономика саласында ерекше орын алады. Ауыл шаруашылығының дамуынан мемлекетің азық түлік қауіпсіздігі жəне халықтың əлеуметтік экономикалық жағдайы өзгереді. Ауыл шаруашылығының Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) қалыптастыруда 6 % мөлшері кездеседі. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын жетілдіруде жəне жандандыруда кең көлемде ресурстар кешеніне ие болып отыр, олардың қатарына мал шаруашылығын дамыту, көкөніс өнімдерін, мақта өсіру, егін жай өнімдерін саралау жатқызылады. Еңбек өнімділігін арттыру жəне егін жайдың құнарлық сапасын жақсартуда көптеген мүмкіншіліктер кездеседі, яғни ресурстарды тиімді қолдану жəне егіс алқаптарының көлемін көбейту.
Əрине, ауыл шаруашылығы өндірісі мамандарды дайындау барысында дүниежүзілік ең озық тəжірибені ескере отырып, үнемі оқытуды жəне қайта оқытуды қалыптастыру қажет. Шетелдік мамандарды əр шаруа қожалағына жеке кеңес алу үшін тарту көп шығынды талап етеді. Мұндай іс- шараларды жүзеге асыру тек ірі ауыл шаруашылығы кəсіпорындары үшін ғана қолжетімді болып келеді.
Қазақстанда шағын кəсіпкерліктің дамуына, қоғамның тұрақтылығының негізіне жəне мемлекеттің экономикасына əрқашан тұрақты түрде көп көңіл бөлінуде. Бұл негізінен көптеген мəселелерді шешудегі мемлекеттің нақты қызметтерінің нəтижелерімен байланысты. Олардың қатарына, біріншіден, мемлекет шағын кəсіпкерліктің дамуы арқасында қоғамдық тұрақтылықтың негізін салатын орта буынды қалыптастыру мəселесін шешеді, екіншіден, халықты жұмыспен қамту мəселесін реттейді, үшіншіден, жалпы ішкі өнімнің өсуіне септігін тигізеді. Шағын кəсіпкерліктің дамуының негізін ауылдық жерлерден байқауға болады. Ауыл шаруашылықпен айналысатын кез келген аймақтарда шаруа қожалықтарының құрылуын жəне қалыптасуын байқауға болады, сонымен қатар осы шаруашылықтардағы, яғни жылдан жылға өсімдік жəне мал шаруашылықтарындағы материалдық-техникалық базаның нығаюын байқауға болады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық саласында Қазақстанда бұрын-соңды болмаған экзотикалық өнімдер дайындау, страус өсіру жұмыстары жəне қоян өсіру салалары дамып келуде. Аграрлық саладан басқа, кəсіпкерлер ауылдық жерлерде əр түрлі бағыттағы қызметтер түрлерін қарастыруда, мысалы: бөлшек сауда саласында, күнделікті сұраныс көп болатын тауар түрлерін шығару, қызмет саласы (киім тігу, өнеркəсіп техникасын жөндеу, көлік саласындағы қызмет түрлері) .
Жоғарыда аталып өткендей, алдымызда елiмiздегi агробизнестiң бəсекелестiк жүйесiн қалыптастыруды шешу мiндетi тұр. Ол үшiн заң актiлерiнiң, бiрiншi кезекте, Жер, Су жəне Орман кодекстерiнiң қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ету қажет. Дəндi дақылдар нарығын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тиiмдiлiгiн арттыру керек. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi жəне өнiм сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударылғаны жөн. Қазiргi заманғы аграрлық ғылымды дамытуды да естен шығаруға болмайды.
Ауылдық жерлердегi кедейшiлiктi жою үшiн шағын несиелер беру жұмысын кеңiнен өрiстету қажет, оның үстiне ол өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсете де бiлдi. Осы жылдан бастап ауылдық аумақтарды дамытуға арналған мемлекеттiк аграрлық саясат бағдарламасы iске қосыла бастады.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық жəне қоғамдық- саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді жəне əлі де солай. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор əлеует пен үлкен қорға ие. Қазақстанның əр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге жəне мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында аграрлы өндірісті дамыту үшін келесі шаралар кешенін қарастыру жəне қалыптастыру қажет:
- аграрлы сектор экономикасын ұйымдық-құқықтық объект ретінде қалпына келтіру керек, сонымен қатар ауыл шаруашылық министрлігінің құзыретін ұйымдастырушы жəне координаторлық ролін жоғарылату;
- аграрлық секторды қаржыландыру кезінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттарды мемлекеттік бағдарламалар аясында қажетті түрде тиімді қолдану жұмыстарын орындау, сонымен қатар бюджеттің мүмкіншілігіне қарай реттеу;
- ауыл шаруашылығын дамыту барысында қаржылық тұтқаларды іс-тəжірибеде қолдану шараларын жетілдіру қажет, олардың қатарына ауыл шаруашылық саласында несиелік серіктестіктерді құру жəне ауыл шараушылық тауарлар өндірушілерін мемлекеттік несиелендіру жұмыстары жатқызылады;
- ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қызметін жақсартуда бюджеттік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру жəне солардың маңайында басқа да кəсіпорындарды ашу жұмыстарын қарастыру;
- аграрлы секторды мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру жұмыстарын əрі қарай жалғастыру, яғни, қайтару қорларын қалыптасыру арқылы қаржыландыру;
- лизингтік қор құру, жеңілдетілген несие беру қоры, республикалық жəне аймақтық жерлерде азық-түлік қорларын құру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz