Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру

Студент — материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік
рөлдерді орындау үшін белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері
ұйымдастырылатын әлеуметтік жеке тұлға.
Студенттік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл
кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік,
қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі
болып келеді. Қазіргі кезде студент қоғамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы
орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді. Соңғы жылдардағы білім
беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі
өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен
кейінгі екінші жоғары білім, магистратура, аспирантураларда білім алып
жатқан жастардың саны арта түсуде.
Студенттер - қоғамның ірі интеллектуалдық потенциалы. Студенттердің
әлеуметтік құрылымы негізінен біздің қоғамымызды әлеуметтік құрылымын
айқындайды.
Студент ұғымына педагогика және психология ғылымдары нақты түсінік
бермейді. Ал ғылыми әдебиеттерде берілетін анықтамалар әртүрлі болып
келеді.
Психологияда 17—18, 25—26 жас аралықтарындағы үлкендер, ересектер
қатарына енген шақ деп сипатталады. Студент үшін бұл кезеңдер жеке тұлға
ретінде қалыптасуымен жоғары білікті маман бөлу кезеңдеріне жатады.
Белгілі  Кеңес  Одағының психологы  Б.Г. Ананьев студенттік кезең, жеке
адам тұрғысынан алғанда, адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің
белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси - қоғамдық
және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп көрсетеді.
     Қазіргі таңдағы ғылым мен тәжірибеде бейімделу түсінігі студенттердің
дайындығының тиімділігін жоғарлату әдісін өңдеумен
айналысады.  Студенттердің бейімделуі білім берудің фундаменталді
сурақтарының қатарына жатады. Демек, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
жеке тұлғаның дамуы, мамандандыру, студенттердің әлеуметтенуі. Жоғары оқу
орнына студенттердің бейімделуінің сәтті болуынан студенттің мамандануы
жақсы қалыптасады және қоғамдық ортада дамуы жүзеге асады. 
     Бейімделу мәселесі психология және педагогика ғылымдарының ежелгі
тарихынан келе жатқан мәселесі болғанымен де өзінің өзектілігін қазіргі
күнге дейін жоғалтпаған. Кезкелген қоғамдық жағдайдың ерекшелігі халықтың
көшіп-қонуымен көрінеді. Яғни жаңа ортаға қоныстанған жеке тұлғаның
бейімделуі арқашан да өзекті мәселе болып табылады.
Қалалық және ауылдық қоғамның арасындағы ерекшеліктер арқашан байқалады.
Демек, ауылдан қалаға келген студент жаңа ортаға келгенде бөтен қаланың
өзіндік ережелерімен, құндылықтарымен, талаптарымен танысып, жаңа қоғаммен
қарым-қатынасқа түсу олардың көз-қарасына, дүние-танымына бейімделуіне әсер
етеді. Және де ауылдан қалаға оқуға келген студенттердің бірінші курста
психологиялық өзгерістер  байқалады. Бейімделу кезеңінде жаңа қоғам олардың
жуйке-жуйесіне, мінез-құлқына әсерін тигізеді. Сондықтан да мұндай жағдайда
студент бірінші курсқа келгенде жаңа ортада жаңа ақпараттарды  қабылдауы
мен қоғаммен  қарым-қатынасқа тусуі төмен көрсеткішті көрсетуі мүмкін.
      Студенттің білімді меңгеруі мен білім алуға деген қызығушылығы және
оның үлгерімінің жоғары дәрежеде болуына оның жаңа қоғамдық ортадағы
студенттермен, оқытушылармен, жоғары оқу орнының әкімшілігімен өзара қарым-
қатынасының жақсы болуы үлкен әсер етеді. Сондықтан профессор-оқытушылар
құрамының студенттермен жұмыс жасау жағдайы олардың бейімделуіне үлкен
әсерін тигізеді.
 Қазіргі білім беру үрдісінің негізгі міндеті – тұлғаның танымдық жəне
интеллектілік əрекеттерінің, бəсекеге қабілетті шығармашылығын жəне
теориялық білімдерін тəжірибеде ұштастыруын тиімді əдістер арқылы
жетілдіруді көздейді. Оқу іс-əрекетінің нəтижесі дайын өнімді алуда емес,
болашақта қайсібір өнімді алуға мүмкіндік беретін тəсілдер мен білімдерді
меңгеруге бағытталады. Демек, жоғары мектептің басты міндеті студентті
кəсіби маман дайындаумен анықталады.
Жоғары мектеп адамның кəсіптік іс-əрекетке психологиялық даярлығын
қалыптастыруы қажет, ең алдымен адамда қоғамның алға тартқан міндеттерін та-
бысты түрде шешуге мүмкіндік беретін психологиялық іс-əрекеттің нақты
форма- ларын қалыптастыруы керек. Оның үстіне, ақыл-ой іс-əрекетінің
дамытылған формаларының алғы шарттары мен нышандарының мазмұны мен
ерекшелігін байыпты түрде ұғыну, тек жоғары білім беру арқылы іске
асырылады, онсыз ғылыми түсініктің болуы мүмкін емес. Психологиялық іс-
əрекеттің кез-келген формалары оларға сəйкес жоғары мектептің оқу-тəрбие
процесінде құрылатын формаларымен салыстыра отырып қарастырылуы керек.
Адамның білімді меңгеруі педагогикалық процесс, оны психологиялық
тұрғыдан қарастырғанда ол сананың, соның ішіндегі кəсіптік сананы қалыптасу
процесі деп санауға болады. Оқытушының жеке-даралық сипаттамасында
педагогтың кəсіби сана-сезімі маңызды рөл атқарады.
Сонымен, кез-келген білімді берудегі педагогикалық процесс —
психологиялық тұрғыдан əрқашан сананы, оның жоғарғы формаларын, оның
ішіндегі кəсіптік сананы (маманды жоғары оқу орнында даярлау туралы
айтқанда) қалыптастыру процесі. Кəсіптік сананы қалыптастыру міндеттерін
табысты шешу үшін біздің  ойымызша негіз болатын екі түрлі шарт бар:
Біріншісі, студенттерді болашақ кəсіби іс-əрекеттің мазмұны,
формалары, құрал- дар мен əдіс-тəсілдерін игеруге бағдарлау шарты.
Жоғары білімнің мазмұнын айқындау мен сипаттаудың əдіснамалық тұр-
ғыдан дұрыс жолы, индивидтердің қоғамдық тұрмысының формалары мен нақты іс-
əрекеттерін талдауға сүйенген тəсіл. Білім берудің бұл арнаулы сатысының
өзі де осындай іс-əрекеттерге дайындау үшін құрылған.
Білім беру процесі сыртқы заттық іс-əрекетінің белгілі формаларын ұйым-
дастыру мен индивидтің кəсіптік іс-əрекетпен біте қайнасуы арқылы ғана
іске асырылуы мүмкін жəне солай болуы да керек.
Осындай жағдайда адамның мінез-құлқының психологиялық механизмдерін
реттестіретін санасының, психикасының белгілі формалары қалыптасады.
Біздің ойымызша, жоғары мектептің көптеген проблемалары оқу
материалының мазмұны ретінде білімнің сəйкесті салаларында алынған танымдық
іс-əрекеттің нəтижелерінің қарастырылуымен байланысты. Демек, танымдық іс-
əрекеттің нəтижелерін ұтымды жəне тиімді меңгеру, осындай нəтижелерге
əкелетін іс-əрекеттің өзі меңгерілгенде ғана мүмкін болмақ. Кəсіптік
еңбектің түрлі саласындағы мағына ретіндегі оқытушының іс-əрекеті де
тікелей білім беру емес.
Сонымен, дəстүрлі оқу пəні — мазмұны жағынан білімнің сəйкесті
саласының қысқаша баяндалуы, "бейнеленудің бейнеленуі" болып табылады, жəне
де оқыту процесінде игерілуге міндетті заттық іс-əрекеттің нəтижесінің
таңбалы формасы болады.
Екіншіден, кəсіптік сананы қалыптастырудың тағы да бір маңызды шарты —
кəсіби іс-əрекеттің мазмұнын игерудің сапалық деңгейін көрсетеді, оған осы
мазмұнды түсіну деңгейі жатады. Студенттің іс-əрекетін материалдың
тереңдегі мəнділік сипаттамаларына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық ЖОО-ның заманауи студентінің психологиялық портретін құрастыру
Психологиялық атмосфераны және топ ұжымын бағалау - ПРАКТИКА ЕСЕБІ
Спорт командалары көшбасшыларының әлеуметтік белсенділігі
Қазіргі заманғы психологиялык білім мен оның тэжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы туралы
Әлеуметгік - психологиялық тренинг әдістері
Педагогикалық практиканың жетекшілерінің міндеттері
Студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысын зерттеу
Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі
Пәндер