МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ 4
2. Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздіңәлеуметтік-экономикалық дамуының негізі! 6
Қорытынды 8
Пайдаланған әдебиеттер 9

Кіріспе
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты арқасында қоғам дамуының барлық- саласында түбегейлі өзгерістер болды.
Соның ішінде, мемлекет-тік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет-ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Қазіргі таңда заман талабына сай мемле-кет-тік қызмет түрлеріне қолжетімділікті арттыр-уға бағы-тталған игі бастамалар жүзеге асырылуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 Стратегиясында: Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші - деп атап көрсетілген.Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударылып келеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық салада, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы - мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріЖолдауында: Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы бір өтініш қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ
Қабылданған Заң талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, негізінен қызмет алушы және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасымен қанағат тұтпайтыны, шағымдар болатынына байланысты, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Заңда көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шағым беру тәртібіне қатысты нормалар енгізілген. Ал мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау мен оны бағалау ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық құрылымдарына берілген. Яғни, уәкілетті органға қызмет беруші мен қызмет алушыға қанағаттанбау себебін анықтауға бағытталған кешенді зерттеулер жүргізу, мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілу заңнамасын сақтамау, уақытылы бақыламау мен қызмет алушылардың шағымдарын толық әрі уақытылы қанағаттандырмау себептерін зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеттелген.
Заңның 7-бабының 7-тармағы мен 29-бабының талаптарына сәйкес, уәкілетті органға жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңестерді құру, жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдардың өз бастамалары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізудің тәртібін белгілей алатыны көзделген. Осындай мақсатта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан құрылған жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі құрылған қоғамдық кеңесі өзінің қызмет қағидасына сәйкес жұмысын атқаруда.
Қоғамдық кеңестің негізгі құзыретіне көптеген міндеттер кіреді. Белгіленген функцияларды жүзеге асыру, өзара іс-қимылдарды қалыптастыру, өңірімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға үлес қосып жатқан қоғамдық кеңестің осы күнге дейін 4 отырысы өткізілді. Отырыстарда үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын анықтау мақсатында, жүргізілген мониторинг қорытындылары қаралып, бірнеше сала басшыларының хабарламалары тыңдалды.
Қандай да бір қызметті, шараны бастамас бұрын оның жай-күйін, орын алып жатқан кемшіліктердің себеп-салдарын біліп алу - көп жағдайды аңғартуға, соған сәйкес жұмыстар атқаруға септігін тигізері анық. Көп жұмыстарға халық сыншы және олардың көзқарасын біліп отыру - бүгінгі күннің талабы. Осыны ескерген департамент-тәртіптік кеңесі қоғамдық сауалнамалардың өңі-рімізде бірнеше тақырыпта өткізіліп тұруына мұрындық болуда. 2013 жылы бірнеше тақырыпта сауалнамалар жүргізілсе, оның ішінде әр тоқсан сайын Қызылорда облысының тұрғындарына мемлекеттік органдар тарапынан көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасын анықтау мақсатында 4 мәрте әлеуметтік сауалнамалар өткізілді, олардың нәтижелері тәртіптік кеңес пен департамент жанындағы қоғамдық кеңестің отырыстарында талқыланды.
Мәселен, қоғамдық құрылымның әр саласын қамтитын 18 жастан жоғары 350-ге жуық облыс тұрғындары пікірлерін білдірсе, бұл облыстың 7 ауданы мен орталығын қамтыды. Оның ішінде, көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасын анықтауға қойылған сауал нәтижелері бойынша респонденттердің әрбір 3-сі мемлекеттік қызметкерлердің қызметіне және қызмет алушылармен қарым-қатынасын, әрбір 4-сі азаматтармен қызмет алудың толықтығы мен сапасын жоғары деп бағаласа, сәйкесінше, респонденттердің әрбір 3-сі қызмет сапасы, әрбір төртіншісі мемлекеттік қызметшілердің қызмет алушылармен қарым-қатынасын орташа деп бағалаған.
Керісінше, мемлекеттік қызметшілердің қызмет алушылармен қарым-қатынасын және қызметтерін төмен дейтіндер 7 пайызды, қызметтің сапасын төмен дейтіндер 6 пайызды, қызмет алудың толықтығын төмен дейтіндер 4 пайызды құраған. Департамент-тәртіптік кеңесі сауалнамалардың қажет екенін ескерте отырып, тиісті органдарға оны кеңінен, жан-жақты жүргізу жайлы ұсыныстар берді.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары - сапа мен уақыт үнемділігін, қызметтердің қолжетімділігін басты қағидатына айналдырған мекемелердің бірі ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтердің түрі уақыт өткен сайын ұлғайып келеді. Нақтырақ айтсақ, 2013 жылы 145 қызмет түрі көрсетілсе, 2014 жылы ХҚКО арқылы көрсетілетін қызмет түрі ұлғайып, барлығы 171 мемлекеттік қызметті құраған. Кедергісіз қызмет көрсету мақсатында, бірыңғай электрондық кезек енгізіліп, қызмет талон арқылы көрсетілсе, әр азаматтың ХҚКО-ның қызметкеріне сенсорлық монитор арқылы жақсы, қанағаттанарлық және нашар деген баға беруіне мүмкіндік жасалған. Қызметтердің көбі ХҚКО арқылы көрсетілгендіктен, олардың қызметінің одан әрі жақсы дәрежеге қойылуына департамент-тәртіптік кеңесі барынша қолдау көрсетуде. Мемлекеттік қызметтің сапасын қалыптастыру үлкен жауапты мәселе болса, оған мемлекеттік органдардан бөлек, үкіметтік емес ұйымдардың да қосып жатқан үлестері көп. Бұл мәселе бір жүйеге келіп жатса, азаматтардың тиісті қызметтерді еш кедергісіз алуларына мүмкіндіктер жасалады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 11-бабында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі
Әлеуметтік медициналық сақтандыру
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Балалардың әлеуметтік кызметтері
Мемлекеттік электрондық қызметтер - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Сервис саласындағы бәсекелестік қызмет
Өндіріс пен тұрғындарға қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау тәсілдері
Отбасы қатыгездіктегі жедел көмек
Пәндер