Менің таңдауым - педагог мамандығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Менің таңдауым - педагог мамандығы
Мектеп партасында отырғанда кім боласын? деген сұрақтарды көп
еститін едік. Сонда бала арманында шек бар ма? Қиялға батып кейде бірнеше
тіпті ұқсамайтын мамандықтарды айтып, мәз болатынбыз. Мектепті бітіре сала
жоғарғы оқу орнында дәл сен қалаған мамандық құшақ жая қарсы алардай
көрінетін. Сөйтсек біз елемеген мәселелер көп екен. Тапсыратын емтихандар
өзінше бір төбе, ал мамандық, оқу орнын таңдау бөлек әңгіме... Өмірде өз
орныңды табу үшін маман болу керек, дегенді де естігенім бар. Содан болар
жас түлек болып ұшарында мамандық таңдауда шатаспа, деп жатады. Қанатын
қатаймай өмір жолында қандай да бір шешім қабылдау оңай емес екендігін
мойындау керек. Өйткені балалық шағында сол мамандықтың тек қаймағына
құштар болатының сөзсіз.
Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның
ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы
керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. 
   Сонымен бірге, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері де бар. Ізгі
мамандықтардың бірі – мұғалімдік дер едім. Ұстаз баланы оқытып-тәрбиелеп,
елін көркейтер азамат етсе, адам жанының арашасы саналатын ақ халатты абзал
жандар – дәрігер мамандығының ерекшелігі, олар ауырған жанның тәнін ғана
емес, ішкі жан дүниесін де емдейді емес пе?!
Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған
мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан:
дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, елші, қаржыгер, архитектор,
механик, көлік жүргізуші, сазгер, ғарышкер және т.б. Бірақ бұларды
байланыстыратын маңызды факт - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал
халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың "жеті рет
өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс
таңдауымыз керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: Мамандығым –
мақтанышым- дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына
жете білу керек.
Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды.
Алғашқы кезде біздің ойымызда Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін
мамандықты қалай таңдауға болады? деген сұрақ болды. Бірақ әркім өзі
ұнатқан мамандығына оқуға түседі. Ал өз еркімен түспейтіндер менің ойымша
өте аз. Менің таңдаған мамандығым –мұғалім. Мұғалім мамандығы – барлық
мамандықтың анасы деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие
алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер
шамшырақ болары анық.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,
тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін
төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан
білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы
құрметпен бас иеді.
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары
мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің
мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына
білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті
жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға
борыштар деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан" жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі "осы
заманғы білім беру, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа
технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп
болатын, инновациялық экономиканы дамыту",-деп көрсеткен. Қазақстан
Республикасының болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық
қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы,
халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз
етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға
байланысты.
Мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені білім
арқылы адамның қабілеттілігі артады, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа
өз үлесін тигізеді. Егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болу
өз қолымызда екені дау тудырмайды. Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын
екі нәрсе бар: бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық. Мен
өз мамандығымды және түсетін жоғары оқу орнымды 4-сыныпта таңдадым.
Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі психология салалары
Қазақ философиясындағы Абай мен Шәкәрім шығармаларын саралап, философиялық көзқарастары
Мамандығым мақтанышым
Мамандыққа кіріспе
Өзін- өзі тану сабақтарында студенттердің көңіл-күйін жақсартудағы музыканың рөлі
Қаржы ғылымы
Сфералық геометрия
Колледж білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру ерекшелігі
Қазіргі жастардың діндарлығы: өзіндік сана мен болмысы
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Пәндер