Туған өлкемнің проблемалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Туған өлкемнің проблемалары

Іркінді суларды тазалау қондырғыларын салуға қаржының жетіспеушілігінен, облыс орталығында, кішігірім қалаларда және аудан орталықтарында халықтың көбейуінен туындайтып облыстағы іркінді суларды залалсыздандыру проблемасы бұрынғысынша өзекті орында тұр. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының іркінді суларын залалсыздандыруға арналған, қаламен шекаралас Ордабасы ауданының аумағында 2093 га жерге созылған суармалы егістік жер алаңы орналасқан. Суармалы егістік жер қаланың тазалау қондырғыларының технологиялық процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Суармалы егістік жерді дайындау белгілі шаралардың орындалуын талап етеді, яғни топырақта, ауылшаруашылық дақылдарында улы заттар жинақталмауы керек. Сөйте тұра, суармалы егістік жердің барлық ауданы шаруаларға бөлініп берілген, олардың көпшілігі жер пайдалану құқығының мемлекеттік актісін алып үлгерген. Бұл жерлер көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдарын егуге жарамсыз болса да, "суармалы" статусы бойынша бөлінген. Жоғарыда айтылғандай, Шымкент қаласының іркінді суларын толығымен залалсыздандыру мәселесін шешу және экологиялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін суармалы егістік жердің және магистралдық жүйені бірыңғай технологиялық процестердің соңғы сатысы ретінде бір қолға - арнайы су шаруашылық ұйымына берген пайдалы. Аталмыш сұрақ бойынша ағымдағы жылдың маусым айында өткен күн тәртібінде "Республиканың ірі қалаларында іркінді суларды тазалау тиімділігін арттыру жағдайы мен шаралары жөнінде" қоршаған орта сапасын тұрақтандыру мәселелерін қарастыратын Комиссияның кезекті мәжілісіне мәліметтер дайындалған.

Тұрмыстық қалдықтар проблемасы
Тұрмыстық қалдықтарға немесе аталмыш тұтыныс қалдықтарына байланысты проблема жаңадан туындап отырған жоқ. Өркениетті қоғамның пайда болуы, халықтың өсуі және ірі мегополистердің туындауынан бүкіл әлемде коммуналдық қалдықтардың түзілуінің артуы өзекті проблемаға айналды. Нақты мәселеге Қазақстанның да қатысы бар. Экономиканың қарқынды дамуы, оның ішінде ұсақ және орта кәсіпкерлік саласы, қала халқының өсуі, калалық және ауылдық елді мекендердегі халықтың тұрмыстық жағдайының жақсаруы, тұрмыстық қалдықтарға қатысты саладағы қызмет көрсетудің төмен деңгейі және бірінші кезекте, оларды жинауды және арнайы полигондарда орналастыруды ұйымдастыру бөлімінде қалдықтарды залалсыздандыру проблемасы жылдан жылға өткірленіп келеді. Кеңес Одағы кезінде мемлекеттік қаржы есебінен жұмыс жүргізетін қоқыс жинау және тасымалдаудың коммуналдық қызметтері түгелдей дерлік тарқап кеткен, және олардың орнына қазіргі уақыт талабына сай коммуналдық кәсіпорындар құрылмаған. Біздің облыс орталығын алсақ, соңғы жылдары ұсақ және орта кәсіпкерліктің даму қарқыны, халық саны мен қала аумағының өсуі бойынша Шымкент қаласы алдыңғы қатарда шықты (Алматы мен Астана қалаларын қоспағанда). Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, Шымкент қаласы республика бойынша атмосфералық ауасы аса ластанған алты қаланың қатарына кіреді екен. Атмосфераның ластануының негізгі үлесін автокөлік және ірі өндіріс орындарының шығарындылары құрайды.
2. Шымкент қаласында топырақтың ауыр металдармен ластану дәрежесі
Қоршаған ортаның кең көлемде ластануы әсіресе қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында күшті сезіледі. Өндіргіш күштердің тез қарқынмен дамуы, еңбек өнімділігінің артуы халқымыздың хал-ахуалымен тығыз байланысты. Адамзаттың тіршілігі қоршаған ортамен тығыз байланысты болғандықтан ауаның, топырақтың және судың ластануы қазіргі кезде өзекті проблемаларды туындатып отыр.
Қазақстан Республикасында түсті металлургия өндірісі қарқынды дамыған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласының территориясында орналасқан "Южполиметалл" ӨК АҚ-нан бөлінетін қалдық заттар ұзақ жылдар бойы табиғи ортаны ластауда. Олардың ішіндегі негізгілері -ауыр металдардың ауаға, топыраққа, суға таралу дәрежесі артуда; Ауадағы ауыр металдар жел арқылы тараса, ал топырақта ортаңғы қабаттарға дейін өтіп, өсімдік тамыры арқылы өсімдік ағзасына тасымалданып өз зиянын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Туған өлкенің бейнесі
Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары
Мектепте сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау
Органолептикалық қасиеттер
Сынып жетекшінің қызметтері
Мектеп оқушылары
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік - педагогикалық мәні
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ (ЭССЕ, МАҚАЛА, ТЕЗИС)
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
Пәндер