Үнді елінің мәдениеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Үнді елінің мәдениеті.

Б. Э. Б. бір мыңжылдықтың ортасына қарай мәдениеттің даму қарқыны жоғарылады, бірақ Үндістанның барлық жерінде де бұл қарқын бірдей болды деп айтуға болмайды.

Үнді мәдениеті мен өнері әсіресе Мауръя дәуірінде табысқа жетті. Бұл кезеңде мәдениеттің гүлденуіне үнді тарихында алғаш рет орталықтанған мемлекет құрылуы зор ықпалын тигізді. Қушан дәуірінде үнді мәдениеті өз дамуына жаңа арнаға түсіп өзіндік сипат алды.

Өнер ескерткіштеріне жазба деректеріне және қарағанда мәдениет саласында үнділік элементтердің ирандық, эллиндік, буддизмнің, индуизмнің, бойын сіңіргендігін байқаймыз. Ведалъдық тайпалар негізінен егіншілікпен және мал өсірумен шұғылданды. Қол-өнер мен сауда-саттық етек ала бастады.

Заман ағымына байланысты ведалдық дінді -брахманизм алмастырды. Брахманизм құлиеленушілік қарым-*қатынастар әлі де тереңдей қоймаған кезінде үстемдік етуші таптың идеологиясы еді. Үнді қоғамында болып жатқан өзгерістер дүниежүзілік мәдениеттің аса құнды туындысы «Махабхаратта »және «Рамаяна » поэмалары аса құнды болды.

Үндістан тарихының көне дәуірінде қай-қайсысы болса да бұл елдің тарихи мәдени дамуының өзіндік бағыты мен ерекшелігін айқындап үнді өркениетінің өзіндік сипатының қалыптасуына үлкен ықпал жасады.

Осы орайда Үндістанның көне дәуірінің Шығыстың басқа елдерімен салыстырғанда өте ұзаққа созылғандығын атап өтуіміз қажет. Көне үнді мәдениетінің материалдық негізін қалыптастырушы оның табиғи жағдайлары басты рөл атқарған.

Заман ағымына байланысты ведалдық дінді -брахманизм алмастырды. Брахманизм құлиеленушілік қарым-*қатынастар әлі де тереңдей қоймаған кезінде үстемдік етуші таптың идеологиясы еді. Үнді қоғамында болып жатқан өзгерістер дүниежүзілік мәдениеттің аса құнды туындысы «Махабхаратта »және «Рамаяна » поэмалары аса құнды болды.

Үндістан тарихының көне дәуірінде қай-қайсысы болса да бұл елдің тарихи мәдени дамуының өзіндік бағыты мен ерекшелігін айқындап үнді өркениетінің өзіндік сипатының қалыптасуына үлкен ықпал жасады.

Осы орайда Үндістанның көне дәуірінің Шығыстың басқа елдерімен салыстырғанда өте ұзаққа созылғандығын атап өтуіміз қажет. Көне үнді мәдениетінің материалдық негізін қалыптастырушы оның табиғи жағдайлары басты рөл атқарған.

Сонау көне заманның өзінде ақ Ганг аңғары өте құнарлы, жер болған. Ганг алқабын игеру көмегімен мәдени дамудың әр саласы бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болды. Олардың қоғамдық құрылысы тілдері ортақ мәдени өмір арнасында өмір сүрді.

«Махабхарата»поэмасы. Үнді жері табиғи кендерге өте бай болып келді. Толып жатқан айбынды мәдени ескерткіштер бар. Солардың бірі Дели қаласында орнатылған ұзындығы 7, 2м, салмағы 6, 25 тонна болып келетін темір бағана 415-416ж.

Үнді шеберлері түсті металдан ұқұйылған талай мәдени ескерткіштерді одан кейін де болашақ ұрпаққа тарихи мұра етіп қалдырды. Мысалы, б. э. 5ғ, Будданың мыстан құйылған мүсінінің салмағы 2тонна ал ұзындығы 2, 5 метрден астам болып келеді.

Қалаларда ғибадатханалар, астық сақтайтын қоймалар, үкімет мәжіліс залы, қоғамдық ғимараттар. болды. Үнді халқының негізінен құдай-аналарға табынған, от пен суға құлшылық еткен.

Буддизмнің мемлекеттік дінге айналуы сәулет өнері мен мүсін өнерінің дамуына жол ашып берді. Буддизмді насихаттауда бейнелеу өнеріне ерекше беріліп елді Буддаға арналған мемориалдық құылыстар салыну ісі қолға алынды, сансыз ғибадатханалар салына бастады. Ежелгі Үндістанның аса құнды мұрасы «Махабхарата»және «Рамаяна»поэмалары. Бұл поэмалардың нақты тарихи оқиғаларға арналғандығы оның негізгі өзегі Каурав пен Пандов патшалықтарының арасындағы бақталастық пен соның нәтижесінде туған қақтығыстар. Эпикалық «Рамаяна »поэмасы Раманың ерліктеріне арналған, ғасырлар бойында ауыздан-ауызға тараған бұл эпос сол дәуірдің тарихи тынысы арман қиялы бар сондықтан тарих-мифологиямен терең ұштасып жатады. Үнді сәулетшілері 11 ғасырда тас пен кірпіштен зәулім Танджур храмын салды. Оның биіктігі 100метрдей.

Ерте орта ғасырларда үнді шеберлері тастан қашап әсем храмдар салған. Эллурдегі үңгір храмдары да сәулет өнерінің жетіле түскендігінің куәсі. Солардың ішінде әсіресе Қайлас храмы ерекше көз тартарлық орта ғасырлық үнді мүсіні діни нанымдарды уағыздауға бағытталды.

Көп қол аяғы бар құдайлардың әсерлі мүсіндері көптеп жасалды. Діни бағыттағы қасиетті жануарларды мүсіндер бейнеледі. Пілдің, жылқының тамаша бейнелері 12-13 ғасырларда Ориссадағы храмдарда жасалған. Үнді мәдениеті мен өнері әсіресе Мауръя дәуірінде табысқа жетті. Бұл кезеңде мәдениеттің гүлденуіне үнді тарихында алғаш рет орталықтанған мемлекет құрылуы зор ықпалын тигізді. Қушан дәуірінде үнді мәдениеті өз дамуына жаңа арнаға түсіп өзіндік сипат алды. Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б. з. б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі - Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз - діни сарындағы дұғалардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуанышшаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған болатын. «Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: «Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды». Шамамен, б. з. б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы - упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман - абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып - жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.

Үнді-будда мөдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті - жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар - діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»

Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Мысалы, «миманса» - діни салт-жораларды түсіндірумен айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды. Құрбандық шалу- адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды. «Карма» бүкіл үнді мәдениетінде айрықша орынға ие болған. Кең мағынада алғанда, карма дегеніміз - әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарларының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады, ал тар мағынасындағы кара адамның тіршіліктегі жасаған іс-әрекеттерінің қазіргі өмірі мен болашағына әсері. Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан түратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік түрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды мойындаудың мәні жойылады.

«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. XIX ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал XX ғ. Р. Тагор, тіпті мемлекет қайраткері Д. Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстырады. Бұл күйді Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғырады.

«Санкхья» материалдық дүниені де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл ағым бойынша материя үнемі қозғалыста және тәуелсіздік жағдайында өмір сүреді, бірақ еш нәрседен бейхабар күйде болады. Рухани дүниенің енжарлығы басым, бірақ бұл жерде саналылық басымдылық танытады. Ендеше, материя мен рухты, яғни «соқыр» мен «ақсақтың» бастарын біріктірсе олардың бойындағы кемшіліктер мүлде жойылады, сөйтіп бүл дүниеде жаңа құбылыстар пайда болады, адам бейнесі қалыптасады. Оның тәндік болмысына қайғы-қасіреттер жазылған, ал одан арылу үшін руханилылық мате- риалдықтан бөлінуі шарт. Бүл - өмірге келу мен өлімдер тізбегінің торынан шығып, нағыз бостандық пен әділеттілікке жету жолы. Санкхья будда дінінің идеялық жағынан қалыптасуына да үлкен ықпал жасады. Осы бір орайда, иогтардың ерекше рухани жағдайға жетудің көптеген әдістерін жасағандығын айта кеткен жөн. Оған өзін-өзі шектеу (аскетизм) және қалыпты жағдайдан мүлде басқаша көңіл күйде болу және т. б. жатады, Үнді поэзиясының тамаша туындысы «Махабхараттада» санкхья ілімі мен йог тәжірибелерін өзара байланыстырып, біріктіру қажеттігі атап көрсетіледі. Иогта психикалық белсенділікті шектеп, басу тәсілдері мен кез келген ақыл-ой қызметін тоқ- тату әдістерін қолдануға ерекше назар аударылады. Демек, иогтардың шынайы дарындылық қасиеттері мен құдіреттен басым түсу қабілеттерінің сыры осы бір жағдайларға да байланысты болып келеді. «Ньяя» логика зандарына сүйенеді, оны үғынып-білу - адамның жан дүниесін тазартуға себепкер болатын ой-пікірлердің қалыптасуына көмектеседі. Ньяя негізінен брахманизмнің соң- ғы жүйесі - вайшешикаға жақын болып келеді. «Вайшешика» адам өміріне пайдалы шындықтың алты түрін көрсетеді (субстанция, сапалылық, іс-қимыл (карма), жалпылық, ерекшелік мәнділік) . Вайшешика бойынша, физикалық дүние атомдардан тұрады жөне ол мәңгілік болып саналады. Бірақ физикалық дүние атомдардан түрғанымен, оның басты қозғаушы күші карма заңдарына сәйкес әрекет ететін құдай болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі мәдениет пен өркениет
Мәдениеттану. Будда діні
Антикалық мәдениет. Ежелгі Рим, Грек, Египет, Үнді, Қытай мәдениеті
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Христиандык мәдениет
Үнді – будда мәдениеті туралы сипаттама
Ұлы Жiбек жолының даму тарихы
Будда дінінің қалыптасуы
Қазақстан көшпенділерінің мәдениеті
Буддизм ілімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz