Экономикалық теорияның пәні, ғылыми танымдық әдістері мен қызметтері
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы 4
2. Экономикалық теорияның пәні, ғылыми танымдық әдістері мен қызметтері 7
3. Нарық катынастарыныц даму кезендері 9
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 20
Кіріспе
Экономика ғылымы өзінің даму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті. Экономика термині сонау ежелгі Грецияда философ Ксенофонт енгізген. Термин гректің екі сөзінен тұрады: ойкос - үй, шаруашылық, номос - заң. Яғни шаруашылықты (үйлерді) басқарудың заңдары, шаруашылықты пайдалана білудің, ұлғайтудың тәсілдері. Экономика ғылымы қоғамның экономикалық өмірін зерттеуді алдарына мақсат етіп қойған ойшылдардың, әр түрлі мектептердің, бағыттар мен ағымдардың еңбектерінің нәтижесінде қалыптасқан және дамыған. А. Монкретьен бұл ғылымға - саяси экономия деп жаңа атау берді. Ол өзінің пәні етіп абсолютті монархтар басқарып отырған мемлекет шаруашылығын зерттеуді алған. Зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне орай бүгінгі заманғы жалпы теориялық экономикалық ғылымнан бірнеше бағытты таратуға болады: саяси экономия (маркстік), неоклассикалық, кейнстік, монетарлық, институционалдық, жаңа саяси экономика және т.б.
Қазіргі кезеңде экономиканы зерттеуде микроэкономика және макроэкономика деп екі бөлімге бөлу қалыптасқан, бірақ олар өзара тығыз байланысты болады. Микроэкономика - бұл негізгі экономикалық бірліктердің (фирмалар, үй шаруашылықтары) жұмыс істетудің ауқымы, олардың нарықтағы мінез-құлқын зерттейтін бөлімі. Экономикалық пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталды. Алғашқы экономикалық ой-пікірлер ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия сияқты елдерде Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде кездеседі.
Экономикалық теория алғашқы антикалық қоғамда Экономия яғни, үй шаруашылығын ұйымдастыру туралы ғылым ретінде қалыптасты. Экономия ұғымын алғаш ұсынған Ксенофонт. Қоғам дамуына байланысты Экономия ғылымы XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында жаңа мәнге ие болып Саяси экономия деген атпен дамыды. Ол грек тілінде полис - мемлекет, ойкос - үй шаруашылығы, номос - заң деген мағынаны білдіреді. Яғни, саяси экономия - бұл қоғамдық шаруашылықтың қызмет ету заңдылықтары туралы ғылым
1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы
Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады.
Бүгінгі адам, егер ол қоғамдық дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе, экономикалық теорияны меңгермесе, ол адам өзін білім мен мәдениетке қол жеткіздім деп айта алмайды. Қандай ғылым болмасын, ол адамдардың табиғатпен, қоғаммен, бұлардың өзара әсер етуімен байланысты мәселелерді шешуге бейімделген мақсатты талаптарының (әрекеттерінің) нәтижесінде пайда болады. Бұны толығынан экономиканы зерттейтін ғылым кешеніне жатқызуға болады. Адамдар көне заманнан бастап адамзат қоғамының дамуы немен байланысты, экономика қандай заңдармен дамиды деген сұрақтарға жауап іздеген.
Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір. Бұл өмір экономиканы, саясатты, мәдениетті және т.б. қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі болып табылады. Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Грекия, Рим, Қытай, Үндістан ғалым-философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағанын негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б. шешуге талаптанған. Ксенофонт (б.д.д. 430 -- 354 жж.), Платон (б.д.д. 427 -- 347 жж.), Аристотель (б.д.д. 384 -- 322 жж.) пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан.
Көне Рим ойшылдары Сенека (4 -- 65 б.д.д. жж.), Лукреций Кар (39~55 б.д.д. жж.) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы, дейді олар Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді. "Егер кімде-кім еңбек еткісі келмесе, ол тамақ жемесін" деп, христиандық ойшылдар және уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп жариялаған. Христиандық ілім әділетті баға белгілеу принципін дәлелдейді, еңбек шығындарымен есептесе отырып, мүліктер индивидуалдық емес, әлеуметтік бағаланғаны жөн дейді.
Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған. Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құлиемдену құрылыста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек ХVІ-ХVІІ ғасырларда ғана қалыптасады. Алғаш бұл теория "саяси экономия" деген атқа ие болды (грекше: "политейя" -- қоғам, "ойкос" -- үй, шаруашылық, "номос" -- заң). Сонымен. саяси экономия -- қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. XVII ғ. басында саяси экономия дербес ғылымға айналды. Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: экономия, саяси экономия және экономикс.
Экономикалық пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталды. Алғашқы экономикалық ой-пікірлер ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия сияқты елдерде Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде кездеседі.

Саяси экономия ұғымын алғаш ғылымға енгізген француз ғалымы А.Монкретьен. Ғылым ретінде қалыптасқан саяси экономия бірнеше бағытта дамыды. Олар: меркантилизм мектебі, физиократтар мектебі, классикалық саяси экономистер мектебі, марксизм мектебі және бүгінгі таңдағы жаңа экономикалық мектептер (неоклассикалық мектеп, маржинализм мектебі, кейнсиандық мектеп және иниститутционализм мектебі)
Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы - меркантилизм мектебі. Ол италиян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұғымын білдіреді. Бұл мектеп өкілдерінің негізгі көзқарасы бойынша мемлекет байлығының қалыптасу көздері мен нысаны - ақша, алтын, ал оның пайда болу көзі - сауда деп білді. Меркантилистердің көзқарасы бойынша тауарларды шет елден арзанға сатып алып, мейлінше қымбатқа сату арқылы елдегі алтын ақша қорын молайтуға болады. Алтын ақша неғұрлым көп болса, соғұрлым қоғамның байлығы да мол болады деп тұжырымдады.
Меркантилистік мектептен кейін қоғамда физиократтар мектебі пайда болды. (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлықтың көзі саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек қана ауыл шаруашылығында жасалады. Мектептің негізгі қалаушы Ф.Кенэ және А. Тюрго. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты экономикалық кесте жасады. Бұл кестеде бір жылы ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндірістік үрдісі көрсетіледі.
Дегенмен, олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі және халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болады. Оны классикалық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо С.Сисмонди сынға алды. Классиктер қоғамның байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығын дәлелдеді. Олар ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптегі материалдық игіліктерді өндіру, өндеу үрдістерін жалғастыратын байланыс халыққа қызымет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп қоғамдық байлық молая түседі деген қағиданы қалыптастырды. Классикалық саяси экономистердің басты жағалығы - олар еңбек-құн теориясының негізін қалады.
Еңбек-құн теориясын ары қарай маркстік саяси экономия дамытып қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік теория бойынша пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп қоғамдасқан социалистік өндіріс орнату тиіс деді.
XIX ғ. соңы XX ғ. басында бірнеше жаңа экономикалық мектептер қалыптасты. Олардың бірі - маржинализм (французша marginal-шекті) мектебі. Бұл мектептің негізгі өкілдері К.Менгер, Э.Бембавек, В.Визер. Олардың қарастырған негізгі мәселесі, шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективтік-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Яғни, кез-келген адам игіліктің құндылығын субъективті түрде анықтайды оның пайдалылығына қарай бағасын белгілейді. Экономикалық теорияның келесі бір жаңа бағыты неокласикалық бағыт. Бұл мектептің негізін қалаушы ағылшын экономисі А.Маршалл (1842-1938). Оның басты еңбегі 1890 ж жарық көрген Экономика ғылымының қағидалары. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шекті пайдалылық және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысады. АҚШ-та Дж. Кларк 1877-1938 шекті өнімдірілік және өндіріс факторлары өнімділігінің кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша қолданыстағы өндіріс факторларының саны өскен сайын, оның өнімділігі кемиді. Сөйтіп, XIX - XX ғасырларда экономика ғылымын математикалық әдіс-тәсілдер арқылы зертеуге негізделген маржинализм мектебі пайда болды. Бұл бағыттың негізін салушылар - М. Вальрас, В.Парето және У.Джевонс.
Экономика ғылмында laissez faireқағидасын ұстанушы экономистердің де алатын орны ерекше. Олар Август Фридрих фон Хайк және Людвик фон Мизес. Бұл ғалымдар өздерінің бүкіл шығармашылық өмірінде экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуына қарсы пікірді ұсынған.
XX ғасырдың басында Батыс елдерінде кең тараған дағдарыстық құбылыстың жиі қайталануы нарықтық механизм арқылы экономиканы дағдарыс жағдайынан алып шығудың мүмкін еместігін дәлелдеді. Осы Ұлы күйзеліс кезеңінен бастап экономиканы қалпына келтіру мақсатындағы көптеген бағыттар өз зертеулерін ұсынады. Солардың бірі-кейнстік бағыт. Оның негізін қалаған ағылшын экономисі - Джон Мейнард Кейнс. Оның Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы атты әйгілі еңбегі бар. Осы еңбегінде Дж.М.Кейнс экономиканы дағдарыстан шығару үшін макроэконокалық құралдарды, тиімді сұраныс қағидасын қолданып, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын ұсынады.
2. Экономикалық теорияның пәні, ғылыми танымдық әдістері мен қызметтері
Экономикалық теория адамзат өмірімен тығыз байланысты ғылымдардың бірі. Ол еңбек туралы, қоғамдық қатынастардың шешуші саласы - өндірістік қатынасты зерттейтін ғылым. Экономикалық теорияның пәні - бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану арқылы түрлі тауарларды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арасындағы экономикалық қатынастарды зерттейді.
Экономикалық теория ғылымы микроэкономика және макроэкономика деген екі негізгі бөлімнен тұрады.
Микроэкономика - жеке өндірушілердің қызмет әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Ал макроэкономика - ұлттық экономиканы біртұтас экономика ретінде қарастырады.
Экономика ұғымы үш түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылады:
· экономика - шаруашылық әрекет, адамдар өмірінің ерекше саласы ретінде қарастырылады;
· экономика - шаруашылық жүргізу туралы ғылым деп қарастырылады;
· экономика - шаруашылық жүргізу үрдісінде пайда болатын адамдар арасындағы қарым-қатынас деп қарастырылады.
Экономикалық теория, басқа кез-келген ғылым сияқты танымның әр түрлі формалары мен әдістерін қолданады. Олар:
· Ғылыми абстракция - бұл зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау үрдісінде категориялар тұжырымдалады, құбылыстар мен үрдістердің өзіндік дербес ерекшеліктері анықталады. Тану үрдісіндегі қозғалыс белгілі бір заңдылықтармен тұжырымдалып, жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа жүреді.
· Талдау (анализ) - экономикалық құбылыстарды жеке элементтерге жіктеп, оның әрбір элементін біртұтастықтың құрамдас бөлігі ретінде зерттеу.
· Жинақтау (синтез) - бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіріп, біртұтас зерттеу.
· Индукция - жеке оқиғадан, құбылыстардан логикалық пайымдау арқылы жалпы ортақ қағидалар шығару.
· Дедукция - жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, үрдістердің кейбір жеке көріністері мен ерекшеліктерін сипаттау. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция әдістемелері негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар экономикалық теория жалпы ғылымдар жүйесінде мынадай қызметтер атқарады:
- танымдық - бұл экономикалық заңдар, құбылыстарды зерттеу және түсіндіру;
- практикалық - нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіріледі;
- сындық - құбылыстарды сын тұрғысынан қарастырып, олардың жетістігі мен артықшылығын, күнделікті өмірде қолдану мақсатында кемшілігін де көрсетеді;
- методологиялық - барлық экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және методикалық негіз болады;
- болжам жасау - экономиканың, жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау.
3. Нарық катынастарыныц даму кезендері
Нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды,оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит 1723 -1790 өзінің халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу деген басты еңбегінде -жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпау керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін түнгі күзетшінің ролін атқару қажет. Мемлекет Lаіssег fаіге саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялармен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын жаман әдеттеріне мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады. Сөйтіп, А.Смит нарықты экономиканың өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбардың пікірінше -- жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мүндай жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолына ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасады.
Монополиялық нарық 19 ғасырдың аяғында 20 ғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүреді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық жэне сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктен ірі кәсіпорындар жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасады.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге -- өнім өндірушіге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы-несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық~ коньюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама-ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек.
Біздің жас тэуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танып отыр. Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға көшу бағдарламасын көрсетуден бұрын оның тарихына тоқталып өтейік.
Қазақстандағы нарықтың даму тарихы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұрақтарға жауап беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз.
Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан-ақ патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Бұны қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуымен байланыстрады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте-мөте төмен болды, тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай болған жоқ дейді. Біздің бүл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты -- өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыз байланысты. Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлері жер ауып келген орыс шаруаларының,, патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік бөлінісу тереңдей түсті, қауымдық-рулық қатынастар ыдырай бастады, патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бүл процестер қазақ халқында бұрын-соңды болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиеленісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасады.
Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.
Қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды, егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бүл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz