Эмоциялық интеллектіні дамыту


Эмоциялық интеллектіні дамыту
Қазіргі өзгермелі, бәсекелестікке бағдарланған қоғам жас ұрпаққа жоғары талап қояды. Осындай жаңашыл үрдістерге толы қоғамда білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - шығармашылық тұрғыда ойлай білетін, алғыр, өзгермелі жағдайларға бейімделуге, өзіндік білім алуға, өзін-өзі бақылауға, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті тұлға қалыптастыру. Аталған міндеттерді жүзеге асыруда педагог-психолог мамандар жоғары сынып оқушыларына тән кәсіби өзіндік анықтау мәселелерін шешуге көмек берумен ғана шектелмей, оқушылардың эмоциялық сферасын және қарым-қатынас сапасына тікелей ықпал ететін эмоциялық интеллектіні дамытуға да психологиялық сүйемелдеу көрсетуі қажет.
Кәсіби іс-әрекет саласын зерттеуші ғалымдар пікірінше белгілі бір мамандықта табыстарға қол жеткізу білім деңгейіне ғана емес, логикалық интеллектіні, әсіресе эмоциялық интеллектіні дамытудың да маңызы зор. Ғалымдардың анықтауынша, әлеуметтік және жеке тұлғалық сферада табысқа жетудің 80 %-ға жуығын эмоциялық интеллектінің даму деңгейі, тек 20%-ын IQ - интеллект коэффициенті ғана анықтайды екен [1] . Эмоциялық интеллектінің төмен деңгейде дамуы адамның өз эмоцияларын сезіну және түсінуде қиындықтар тудыратындығын, сонымен қатар өзгелер сезімдерін түсінбеу қарым-қатынасқа да жағымсыз ықпал ететіндігін көрсетті.
Эмоциялық интеллект - адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.
1990 жылы Питер Салоуей «эмоциялық интеллект» ұғымын алғаш анықтап, «Эмоциялық интеллект» атты мақаласын жарыққа шығарды. Питер Салоуей және оның авторласы Джон Майер эмоциялық интеллектіні «эмоцияда көрінетін тұлға көріністерін қабылдау және түсіну, интеллектуалды үрдістер негізінде эмоцияны басқару» ретінде анықтайды. Аталған ғалымдардың анықтауынша, эмоциялық интеллект төрт бөлімнен тұрады: 1) өзінің және басқа адамның эмоциясын қабылдау немесе сезіну қабілеті; 2) өз эмоциясын ақыл-ойға бағыттау; 3) эмоция көріністерін түсіну қабілеті; 4) эмоцияны басқара білу.
«Эмоциялық интеллект» ұғымына әртүрлі көзқарастар қалыптасқан.
Шетелдік психологияда П. Саловей, Дж. Мэйер және Д. Карузо бойынша: «эмоционалды интеллект - әлеуметтік интеллектінің компоненті, өз сезімдері мен өзге адамдар сезімін қадағалау, оларды ажырата білу және ол ақпаратты өзінің ой, әрекеттерін басқару үшін қолдану қабілеті, эмоциялық интеллектінің дамуы тұлғаның үйлесімді, тұлғалық дамуына игі ықпалын тигізеді [2] . Нақтырақ айтқанда, эмоционалды интеллект - эмоционалды ақпаратты өңдеу, түсіндіру (интерпретациялау) және қолданумен байланысты интеллект түрі».
- Д. Гоулман (ЭИ мәселесін анағұрлым терең зерттеген ғалымдардың бірі) : «эмоционалды интеллект - тұлғаға өзін-өзі сезінуге, түрткілендіруге, көңіл-күйін басқаруға, импульстік көріністерді бақылауға, фрустрациядан бекіну, күнделікті өмірде табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін факторлар жиынтығы; өз интеллектісін көрсету тәсілі».
- Р. Бар-Он: «қоршаған орта талаптары мен әсерлеріне (қысымына) оңтайлы жауап бере алу қабілеттілігі, ортаға оңай бейімделуге ықпал ететін эмоциялық, жеке және әлеуметтік қабілеттер жиынтығы».
- Д. Майерс: «эмоциялық интеллектуалды адамдар өзіндік санасының жоғары дәрежеде дамуымен ерекшеленеді. Олар өз эмоциясына дисфункционалды депрессия, мазасыздық, ашу арқылы нұқсан келтірмеуге тырысып, өмір сүреді. Олардың жанашырлық (эмпатия) көрсете білу қабілеті айналадағы адамдардың эмоциясын дұрыс түсініп, олармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді - олар достарына, әріптестеріне қалай қолдау көрсету керектігін, дау-жанжалды қалай шешу қажеттігін біледі».
Шетелдік психолог-зерттеушілер пікірінше, «эмоциялық интеллект» - өзінің және өзгелердің эмоциясын тани білу, оларды басқара алу; эмоцияны басқару мүмкіншілігі - адамдардың тұлғааралық өзара әрекеттесуіне анағұрлым тиімді бейімделуге көмектеседі.
Ресейлік психологиялық ғылымда «эмоциялық интеллект» ұғымын алғаш қолданған Г. Г. Гарсковая. Ғалым бұл ұғымды енгізу үшін екі негіздемені келтіреді: «интеллект» ұғымының біртекті, ұқсас болмауы және интеллектуалды операциялардың эмоциямен жасалуы [3] .
И. Н. Андрееваның пікірінше, «эмоциялық интеллектіні дамыту - аса өзекті мәселе, себебі эмоцияның бейімделуші табиғаты индивидтің белсенді өмір сүруіне мүмкіндік жасап, тұлғаның белгілі бір ортаға бейімделу қабілетін және оның қоғаммен үйлесімді қатынасын арттырады. Эмоциялық интеллект - эмоционалды ақпаратты талдауға, өңдеуге және қолдануға интеллектуалды қабілеттердің жүйелі көрінуі болып табылады. Эмоция тұлғалық құрылымдармен, тұлғалық иденттілікпен тығыз байланысты, адамның негізгі мотивациялық жүйесін бейнелейді. Сондықтан, эмоциялық интеллекті дамыту тұлғаның үйлесімді, тұлғалық дамуына зор ықпалын тигізеді» [4] .
Ғылыми психологиялық тұжырымдамаларда эмоциялық интеллект эмоциялық күйлерді түсінуге және оларды басқаруға интеллектуалды қабілеттілік ретінде түсіндіріледі. Абстрактылы, логикалық интеллектімен салыстырғанда эмоциялық интеллект адамның ішкі жан дүниесін, оның тұлға мінез-құлқымен және сыртқы ортамен өзара әрекеттесуін бейнелейді.
Шетелдік ғалымдар эмоциялық интеллектінің дамуының жас ерекшеліктерін анықтап, оның өмірлік тәжірибені меңгеру деңгейіне байланысты жоғарылайтындығын, әсіресе жоғары сынып жасында және кемелдену жасында артатындығын дәлелдеген [5] .
В. Юркевич зерттеулерінде дарынды балалардың 95 %-да эмоциялық интеллект қызметінде қиындықтар көрсетіледі. Дарынды балаларда болатын бұл қиындықтар эмоциялық интеллектінің жеткілікті дамымауымен түсіндіріледі [6] .
Ғалым-зерттеушілердің анықтауынша, эмоциялық интеллектінің төрт атрибуты бар:
- Өзіндік сана. Тұлға өз эмоциясын және өз ойлары мен мінез-құлқын, өзінің күшті және әлсіз тұстарын ұғына біледі, өзіне-өзі сенеді.
- Өзін-өзі басқару. Тұлға өзінің импульсивті сезімдері мен мінез-құлқын бақылай алады, эмоцияны позитивті бағытта басқарып, бастамашылдық көрсете біледі, өз міндеттерін орындайды және өзгермелі жағдайларға оңай бейімделеді.
- Қоғамдық сана. Адам ө згелердің эмоциясын, қажеттіліктері мен қызығуларын түсінеді, эмоциялық сигналдарды аңғара біледі, әлеуметтік қатынастарда өзін қолайлы сезінеді.
- Қатынастарды басқару. Басқалармен жақсы, үйлесімді қатынастарды дамыту әрі сақтау, оларды шабыттандырып, қолдау көрсету, жанжалды басқара білу [7] .
Көптеген зерттеушілер (Л. И. Божович, Т. В. Драгунова, В. А. Крутецкий т. б. ) бойынша жоғары сынып жасында психологиялық жаңа құрылым - өзіндік сана болып табылады. Жоғарыда көрсетілгендей, өзіндік сана эмоциялық интеллект құрылымында маңызды орын алады. Эмоциялық интеллектінің дамуы тұлғаның эмоциялық өзіндік сана, өзін-өзі бағалау, өзіне сенімділік, қарым-қатынастың эмпатиялық дағдылары, ақ жарқындылық, оптимизм, өзін-өзі жүзеге асыруға бейімділік, жанжалдарды болдырмау тәрізді жеке-дара ерекшеліктерден тұрады. Эмоциялық өрісі жақсы дамыған оқушылар ұжымда үйлесімді қарым-қатынаста бола алады, көп жағдайда көшбасшы статусын иеленеді, жаңа жағдайларға оңай бейімделеді, ұжымда әлеуметтік-психологиялық климаттың орнауына мүмкіндік жасайды.
Оқушыларда осындай эмоциялық білімді белгілі бір дамытушы жағдайды ұйымдастыру арқылы қалыптастыруға болады. Солардың бірі психологиялық тренинг болып табылады. «Психологиялық тренинг» кең мағынада өзін-өзі тану және өзін-өзі басқару дағдыларын, тұлғааралық өзара әрекеттесу, коммуникативті ептіліктерді дамытуға бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және үйретуші әдістер жиынтығы [8] .
Психологиялық тренинг мақсаты - жоғары сынып оқушыларының жеке басын дамытудың келесі міндеттерін шеше алады: мінез-құлықты өзгерту және түзету мақсатында өзіндік сананы дамыту; психологиялық мәселелерді анықтауға және оларды шешуге көмек көрсету; қарым-қатынас негіздерін зерттеу; өзінің және өзгенің эмоцияларын тану және ұғынуды үйрету; өзін-өзі, өз сезімдерін, күйін, ішкі дауысын басқаруды үйрету.
Психологиялық тренингтің негізгі механизмдері келесідей: сезіну, адалдық, кері байланыс, эмпатия, инсайт, коррективті эмоциялық тәжірибе, мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін игеру, байқау үрдісінде үйрену, альтруизм, өзгені және өзін қабылдау, мәселені түсіну. Бұл аталғандар тренингке қатысушыларға конструктивті тұлғалық өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жоғары сынып оқушыларында эмоциялық интеллектіні дамыту динамикалық үрдіс болып табылады әрі ол рефлексивті бейнелеу негізінде адамды эмоциялық сезіну дұрыстығын қамтамасыз етуші құралдар жүйесін жүзеге асыруды көздейді. Егер тренер нұсқау беру кезінде аталған шарттарды сақтау қажеттілігін ескертсе және тренердің тренингке қатысушылармен қарым-қатынасы осы шарттар негізінде құрылса оқушылардың эмоциялық күйлерінен оң өзгерістер динамикасын байқауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz