Білім беруде психологиялық қызметті ұйымдастыру ғылымдардың кең жүйесі ретінде


Білім беруде психологиялық қызметті ұйымдастыру ғылымдардың кең жүйесі ретінде.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1. Мектептегі психологиялық қызметтің мәні мен мазмұны4
2. Мектептегі психологтың жасөспірімдермен атқаратын қызметінің моделі6
3. Мектептегі психологиялық қызметтің маңызы және оны ұйымдастыру жолдары8
ҚОРЫТЫНДЫ12
Қолданылған әдебиеттер тізімі13
КІРІСПЕ
Балалардың білім алуы мен тәрбиеленуі қалыптасқан ғылыми- психологиялық білімдер арқылы жүру үшін Қазақстанның және көптеген шет ел мемлекеттерінің білім беру жүйесінде психологиялық қызметтер құрылып, жұмыс жасауда. Практикалық психологиялық қызметі, мақсаты, міндеттері жайында келетін болсақ, мұндағы психологиялық қызмет дегеніміз - білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық көмек көрсетуге арналған арнайы ұйымдастырылған құрылым жатады. Ол ұйымдастырылған құрылым құрылым құрамына: білім беру мекемелерінің кез келген түріндегі педагог-психологтар, балаларға арналған білім беру мекемелері, психолог-педагогтардың және медициналық-қоғамдық көмектерге мұқтаж адамдар, психологиялық, медициналық, педагогикалық комиссиялар, ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, оқу - әдістемелік кабинеттер, білім беру жүйесін басқару органдары және басқа да мекемелер кіреді.
Қазақстанда бұл қызметтің түрі енді буыны қатайып, нақты айқын міндеттемелерді қажет етіп отыр. Қазіргі таңда Республика бойынша бұл салада аз жұмыс жасалынған жоқ. Психолог лауазымын білім беру мекемелерінің штаттық кестесіне нормативтік деңгейде енгіздік. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 «мемлекеттік білім беру мекемелерінің жұмысшы үлгілік штатына және педагогикалық жұмысшылар мен оларға теңестірілген тұлғалардың қызметтік түрлерін бекіту туралы» қаулысына 2009 жылы біліктілік қасиеттері дайындалып енгізілді.
Республикалық қосымша білім беру жүйесінің оқу-әдістемелік орталығымен 2011 жылы «мектеп психологтары қызметінің мазмұны» семинар- практикум өткізілген болатын. Соның қорытындысы бойынша «білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің үлгілік ережелерін » бекітуге ұсыныс енгізілді.
Аталған Ережелер орта білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің аясын реттейді. Психологиялық қызметтің жалпы білім беру мекемелерінде, гимназияларда, лицейлерде, мектеп-интернаттарында, мектепке дейінгі мекемелерінде, арнайы коррекционды мектептерде қолдану аясы әр түрлі болуы заңды. Әртүрлі құрылымдық, мазмұндық ұйымдастырушылығына байланысты, Бұл мекемелеріндегі педагогикалық ұйымның алға қойған мақсаттарына және міндеттеріне, оқу-тәрбиелік процестің мазмұны мен қасиеттеріне және тәрбиеленушілердің психо-физикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне байланысты.
Сондықтан да бұл үлгілік ережелерде білім беру мекемесінің қажеттіліктерін, түрлерін, типтерін және педагог-психологтардың штаттық бірліктерін ескере отырып, психологиялық қызметтің құрылымы анықталады.
1. Мектептегі психологиялық қызметтің мәні мен мазмұны
Психология - бұл адам өміріндегі маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, себебі, біздің өмір уайым мен қайғыдан, бақыт пен қуаныштан тұрады. Яғни, көптеген факторлар ең алдымен адамның жүйке жүйесіне әсер етеді.
Психология - бұл өте қызықты және де соңына дейін зерттелмеген ғылым. Психология адамның сана-сезімін, яғни, әртүрлі жағдайда адамның жүйке жүйесі қалай жұмыс жасайтынын зерттейді. Психологяны біз екі түрге бөлеміз: іргелі және қолданбалы. Іргелі психология адамның психикалық қасиеттері мен ерекшеліктерін зерттейді. Олар: сезім, қабылдау, зейін, ұсыну, ес, қиял, ойлау және сөйлеу. Ал, адамдардың мінез-құлықтарын зерттейтін, практикалық мәні бар ғылымды қолданбалы психология деп атаймыз. Яғни, педагог-психолог өз тәжірибесінде осы психологияның түрлерін қолдану арқылы өзіндік тәжірибесін молайтып, дамытады.
Ежелгі заманда психологияны философиямен байланыстырған. Өйткені, адамдар көре алмайтын затты зерттеген. Сол себептен, психология адам ағзасын зерттейтін ғылым. Бірақ, қазіргі таңда бұл ғылым тек аз ғана бөлшегін зерттеді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында жеке тұлғаның уақыт талабына сәйкес дамуы: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» (Астана, 19 наурыз, 2004 жыл) деп нақты тоқталып өткен [13] .
Қазіргі кезеңдегі психология ғылымы адамдардың практикалық іс-әрекетіне түрлі жолдармен әсер ететіндігі зерттеуіміздің мәселесі болып табылады. Бұндай жолдардың бірі - тұрғылықты халықтың түрлі категорияларына психологиялық көмек көрсету.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру жүйесіндегі істің жайын түбегейлі өзгертуді стратегиялық міндет деп санайды. Ең алдымен мұғалім мәртебесін арттыру ең алдымен ауылдық жерді арттыру ең бір өзекті мәселе» - деп атап көрсетті.
Бүгінгі таңда егеменді еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға беретін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылады. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Психологиялық қызмет деген ұғым - осы заманғы жантану ғылымының алға қойған мәселелерінің бірі. Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттағы күрделі мәселе болып саналады[5] .
Психологиялық қызметтің алдына қоятын мақсат-міндеттерінің бірі-өскелең ұрпаққа гуманистік тұрғыдан тәлім-тәрбие беру, олардың жан-дүниесінің сырын терең біліп күнделікті тіршілікте ойтағыдай жүзеге асырудың қажеттілігі. Психология дейтін ғылыми пән-адамның жан-дүниесінің сырын бейнелеумен бірге оның келешекте қоғамда алатын орнын да анықтауға тікелей ықпал ететін тәжірибелік қолданбалы ғылым.
Жас ерекшелік кезеңдерге бөлу психологиядағы күрделі және бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, Ж. Пиаже, В. Штерн, П. П. Блонский, Л. С. Выготский және т. б. ) [14] .
Яғни педагог-психологтардың басты міндеті оқушылардың жас ерекшелігіне қарай білім беріп қалыптастыру болып табылатын болса, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты Л. С. Выготский бастауыш мектеп, кіші мектеп және жоғарғы мектеп оқушылары деп үш топқа бөліп қарастырды.
Бастауыш мектеп оқушысы - бұл адамның іс-әрекет берілген жағдайда оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. Осы сапада бастауыш мектеп оқушысы, ең алдымен, оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу мүмкіндігін қамтамассыз ететін физиологиялық және психикалық, ең алдымен интеллектуалдық даму деңгейімен анықталады. Мектепке оқуға дайындық мектепке, оқуға, танымға деген жаңаны ашуға қуану, жаңа дүниеге, үлкендер дүниесіне ену ретіндегі қатынасын білдіреді. Бұл жаңа міндеттерге: мектеп, мұғалімдер, сынып алдындағы жауапкершілікке дайындық. Жаңаны тосу оған қызығу бастауыш мектеп оқушысының мотивациясының негізінде жатыр.
Бұл дайындық бүкіл алдыңғы психикалық дамудың қорытындысы ретінде, отбасындағы және бала бақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың бүкіл жүйесінің нәтижесі ретінде түсіндіріледі. Оларға жататындар: Баланың жалпы физикалық дамуы, жеткілікті білімдер көлемінің болуы, өзін-өзі күтудің, мінез-құлық мәдениетінің, қарым-қатынастың, қарапайым еңбектің, «тұрмыстық» дағдылардың болуы; тілдің дамуы; жазудың алғышарттарының болуы; оқуға ниеттену.
Бастауыш мектепте, кіші мектеп оқушысында, осы кезеңдегі жетекші іс-әрекеттің негізгі элеметтері, қажетті оқу дағдылары мен іскерліктері қалыптасады. Осы кезеңде ойлау формалары дамиды, олар ары қарайғы ғылыми білімдер жүйесін меңгеруді, ғылыми, теоретикалық ойлаудың дамуын қамтамассыз етеді. Мұндай оқуда, күнделікті өмірде өз бетінше бағдарланудың алғышарттары қалыптасады. Осы кезеңде «баладан тек елеулі ақыл-ой жұмсауды ғана емес, сондай-ақ үлкен физикалық төзімділікті талап ететін» психологиялық қайта құру жүреді.
Өмір жағдайының өзгеруімен, отбасынан немесе бала-бақшадан мектепке ауысуымен байланысты, бастауыш мектеп оқушысында үстем беделдер біршама өзгереді. Ата-ана беделімен қатар, мұғалімнің де беделі пайда болады. Мектепке келген балалардың жаңа кезеңге келіп түсініспейтін жағдайлардың пайда болу кездерінде мектеп психологтардың қолдау беріп көмектесуі, кеңестер беруінің пайдасы өте зор. Бастауыш мектептің соңына қарай, дамудың макрофазасы ретінде негізгі бейімделу кезеңі аяқталғанда, оқушы тек қана оқу іс-әрекетінің ғана емес, сондай-ақ, белсенді тұлға аралық өзара әрекеттесудің де субъекті бола бастайды, оның өзі өте маңызды. Кіші мектеп оқушысы жасөспірім бола бастайды.
2. Мектептегі психологтың жасөспірімдермен атқаратын қызметінің моделі
Психология - педагогика үшін ерекше маңызы бар, өйткені, жеке адамдардың даму заңдылықтарын, балалардың жас мөлшеріне байланысты немесе индивидуалдық ерекшеліктерін білу білім беру мен тәрбиелеудің неғұрлым тиімді әдістерін жасауға теориялық негіз болады.
Педагог - психологтар әсіресе мектептерде, мектеп интернаттарында, бала-бақшаларға өте қажет.
Білім беру орындарындағы оқу-тәрбие жұмысының сәтті болуы педагогтардың іскерлігіне тікелей байланысты. Педагог оқу тәрбие саласында қандай жұмыс жүргізбесін, балалардың жан дүниесін жете біліп, онымен әртүрлі жағдайда санаса білуі шарт. Бүйтпеген жағдайда істің сәтсіздікке ұшырап, көңілдегідей табысқа ие бола алмауы мүмкін. Сондықтан жас буындарды ғылым негіздерімен қаруландырып, оларға тәрбие беруде баланың психикалық ерекшелігін жете біліп, соған сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіп отырудың үлкен мәні бар.
Оқу-тәрбие жұмысының ойдағыдай жолға қойылуы үшін әрбір педагог оқушының ой-өрісі, мінез-құлқының ерекшелігімен жетік таныс болуы керек дейтін пікір тек бүгін ғана айтылып отырған мәселе емес. Бұл - ерте заманнан бері әр елдің көрнекті педагогтарының еңбектерінде сөз болып келе жатқан жай. Сондықтан тіпті дұрыс деп саналатын педагогикалық әдістің өзі де кейбір жағдайда айтарлықтай нәтиже берсе, ал басқа бір жағдайда нәтиже бере алмайтыны осыдан байқалады. [33] .
Мектептегі психологиялық қызмет - өз зертеуінде жоғары сынып оқушыларын балалықтан ересекке өту шағы жасөспірім кезеңі деп аталады. жасөспірімнің кезеңі өтпелі, сыни және көп жағдайда жыныстық жетілу кезеңі болып сипатталады. Л. С. Выготский пісіп жетілудің органикалық, жыныстық және әлеуметтік үш нүктесін көрсеткен. шимпанзеде органикалық және жыныстық жетілу нүктелері сәйкес келеді де, бес жаста яғни, балалық шақтың аяқталған уақытында жүзеге асады. Адамдарда қоғамның даму тарихында жыныстық және әлеуметтік жетілулер сәйкес келіп, ол инициация тәсілдерімен көрінсе, ал органикалық жетілу тағы бірнеше жылдан кейін ғана жүреді. Қазіргі балаларда дамудың барлық линиялары әр тарапқа кетті. Жыныстық, органикалық және біраз уақыттан кейін ғана әлеуметтік жетілу байқалады. Бұл жасөспірім кезеңінің пайда болуына алып келеді[7] .
Жасөспірім кезеңінің психологиялық дамуындағы қиыншылықтары төмендегідей:
- Өзіндік сананың, өзіндік бағалаудың қалыптасуы жетілмеген тұлға;
- мінез-құлықтың интенситі қалыптасуы мінез-құлық акцетуациясы;
- ересектік сезімі-эманципация реакциялары;
- интимді жеке қарым-қатынастар (басты іс-әрекет) -топтау реакциясы;
- өзіндік бекіну қажеттілігі хобби-реакциялар менпатологиялық қызығушылықтар;
- белсенділік пен әлеуметтік маңыздылыққа қажеттілік-компенсация, гиперкомпенсация реакциясы;
- сыни көзқарас-негативизм, қарсы шығу реакциясы;
- танымпаздық, өзін-өзі тексеруге қажеттілік- қашу, қаңғыбастық, ассоциалды мінез-құлық;
- жоғары эмоционалдылық-тиімді мінез-құлық, сәтсіздіктер, агрессия. (Овчарова Р. В. )
Екінші жағынан, жасөспірімдік кезең көптеген жағымды факторлармен ерекшеленеді: баланың өз бетіншелігі өседі, басқа балалар мен ересектер арасындағы барлық қатынастар неғұрлым көп жақты әрі мағыналы бола бастайды, оның іс-әрекет сферасы айтарлықтай кеңейеді және біршама өзгереді, өзіне басқа адамдарға деген жауапкершілігі артады.
Маңыздысы, осы берілген кезең бала өзін қоғамның мүшесі ретінде саналы қатынасының шынайы қалыптасуының жаңа әлеуметтік позицияға шығумен ерекшеленеді.
Жеке адам құрылуының маңызды этапы ретінде жасөспірімдік кезең әлеуметтік пісіп жетілудің түрлі деңгейлі сипаттарымен ерекшелене отырып, өзіндік күрделі құрылымды құрайды [34] .
Жасөспірімдік кезеңге байланысты көптеген функционалды зерттеулер, болжамдар және теориялар бар. Олардың қатарына: С. Холл, Ш. Бюллер,
Э. Штерн, Э. Эриксон, Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконина, Л. И. Божович және т. б. Олардың көпшілігі бірі-біріне сәйкес келмейді, жасөспірім психологиясы саласында төңірегінде көрініс табады.
Жасөспірімдік кезеңді психологияда алғаш ашып, психологиялық ерекшеліктерін сипаттаған және онымен байланысты мәселелерді ашатын концепцияны ұсынған, өтпелі кезең психологиясының әкесі атанған.
С. Холл жасөспірімдік кезеңді адамзат тарихындағы романтизм кезеңіне сәйкес келіп, хаос кезеңін жандандырған деген көзқараста болды. (адамның табиғи ұмтылыстары әлеуметтік өмірдің қажеттіліктерімен беттесетен кезеңі) . Оның көзқарасынша, жасөспірімге тән қыры мінез-құлқының қарама-қайшылығы. Ол жасөспірімнің шамадан тыс белсенділігі қажуға, өте жоғары көтеріңкі көңіл-күй немесе оның төмендеуімен алмасады, өзіне деген сенімділік, сенімсіздікпен, эгоизм альтруизммен, танымпаздық ақыл-ой бейжайлылығымен және тағы басқа секілді алмасады. Жасөспірімдік кезең-жыныстық жетілу мен ересектік өмірге өтумен сипатталатын балалық шақ пен ересектік арасындағы (11-12 жастан-16-17 жасқа дейін) онтогенетикалық кезең болып табылады. Жасөспірімдік кезең-баланың өзімен және қоршағандармен ішкі қақтығыстардан, сәтсіздіктер мен жетістіктер арқылы жасөспірімдік кезең табалдырығына жақындайтын, 14-15 жас аралығын қамтитын, бала дамуындағы ең қысқа астрономиялық кезеңі (Овчарова Р. В. ) . Жасөспірімдік кезең-ол мәдениетке кіріге даму кезеңі (Э. Шпрангер) .
Бұл жас кезеңнің негізгі ерекшелігі дамудың барлық жақтарын қамтитын шұғыл, сапалық өзгерістер. Анатомиялық және физиологиялық қайта құрылу фонында психологиялық дағдарыс өтетін жасерекшелік кезең. Өсу гормондары мен жыныс гормондарының белсенденуі мен күрделі өзара әрекеттесуі қарқынды денелік және физиологиялық дамуды туғызады.
Баланың бойы мен салмағы ұлғаяды, ұл балаларда бойдың «өсу шыңы» 13 жастан бастап 15 жасқа дейін, 17 жасқа дейін созылады. Қыз балаларда бойдың «өсу шыңы» екі жас ерте басталады (кейінгі баяу өсім тағы бірнеше жыл жалғасуы мүмкін) .
Атақты педагог А. П. Краковский жас арасы бір-ақ жас кіші мектеп оқушылары мен кіші жасөспірімдердің мінез-құлқының ерекшеліктерін салыстыра отырып, жасөспірімдердің өздерінен кіші оқушыларға қарағанда 6 есе жиі қырсықтықты танытып, 9 есе көп өздерінің кемшіліктерімен мақтанады, 10 есе жиі өздерін ата-аналарына қарсы қояды. Жалпы жасөспірімдердің бастауыш сынып оқушыларына қарағанда мотивацияланбаған теріс қылықтары 42 есе жиі байқалады.
Американдық зерттеушілер Роберт және Джин Байярд ата-аналармен сандаған әңгімелер барысында 65 пунктен тұратын жасөспірім мінез-құлқындағы толғандыратын мәселелерді бөліп көрсеткен. [35] .
Ең бастысы көзге түсетіні мінез-құлықтың шұғыл бұзылуы. Ол негативизмде (басқа біреудің еркіне қарсы жүруге тырысуы), қыңырлықта, өзін ересектерге қарсы қоюмен т. б. көрініс береді.
Жасөспірімдік мінез-құлықтың тағы бір ерекшелігі ұмтылыстар қарама-қайшылығы және тұрақсыз мінез-құлық. Бұл көзқараспен психикалық дискомфортпен көрініс беретін (қорқыныш, жалғыздық сезімдері, т. б. ) жасөспірімнің эмоциялық жағдайлардың қайшылықтарымен байланысты.
3. Мектептегі психологиялық қызметтің маңызы және оны ұйымдастыру жолдары
Мектептегі психологиялық қызмет - еліміздің білім беру жүйесіндегі арнайы бөлімше болып табылады. Оның негізгі қызметіне әрбір баланың тұлғалық және толыққанды психикалық дамуына жағдайлар жасау. Бұл қызметтің бұзылуы оқушылардың индивидуалды және жас ерекшелігіне байланысты даму мүмкіндіктеріне кедергі жасап, психолог-педагогтың коррекциялық жұмысын талап етеді. Мектептің педагогикалық жұмысының қызметі оқу - тәрбиелік мекемелерде (бала-бақша, мектеп, КТЛ, балалар үйі, мектеп-интернат) немесе еліміздің білім беру жүйесінің бөлімдеріндегі психологиялық кабинеттерінде, аймақтық барлық оқу-тәрбиелік мекемелерінде кеңес беру арқылы көмектесетін практик психолог арқылы жүзеге асады. Меткептің педагогикалық қызметінің негізгі бағыттарына - психопрофилактика, психодиагностика, даму және психокоррекция, психологиялық кеңес жатады [1] .
Психологиялық қызмет дегеніміз - білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық көмек көрсетуге арналған арнайы ұйымдастырылған құрылым жатады. Ол ұйымдастырылған құрылым құрылым құрамына: білім беру мекемелерінің кез келген түріндегі педагог-психологтар, балаларға арналған білім беру мекемелері, психолог-педагогтардың және медициналық-қоғамдық көмектерге мұқтаж адамдар, психологиялық, медициналық, педагогикалық комиссиялар, ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, оқу - әдістемелік кабинеттер, білім беру жүйесін басқару органдары және басқа да мекемелер кіреді. Көптеген білім беру мекемелерінде өзінің жеке психологиялық кеңселері бар, көптеген арнайы әдебиеттер басылуда, бала-бақшадағы, мектептегі, интернаттағы психологтардың жұмысына бағытталған көптеген конференциялар өтуде. Бұл мамандықтың қолдану аясы кеңейіп, арнайы кадрлық қамтамасыз ету қолға алынды[4] .
Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты - оқушының тұлғалық және индивидуалды қалыптасуына, психологиялық дамуына максималды ықпал ету. Әрбір баланың алғашқы мектеп қадамдарынан-ақ маңызды обьективті және субъективті мүмкіндіктерін байқауға болатыны дәлеледенген. Баланың даму деңгейіне қарамастан өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін сезінуі, олардың тұлға болып қалыптастыруында маңызы зор. Осыған байланысты, практикалық мектеп психологының негізгі міндеттері қатысушылардың тұлғалық қалыптасуына және мүмкіндіктерінің дамуына қажетті психологиялық жағдайларды қамтамасыз етумен түсіндіріледі.
Мектептегі психологтың қызметі - автономды. Тәуелсіз болғандықтан емес, өзіндік мақсаты мен тапсырмалары бар тәуелсіз толыққанды жүйе болғандықтан. Алайда кез-келген психолог мектепте жұмыс істей отырып, өз жұмысын біртұтас психологтың педагогикалық жүйе секілді аша алмайды. Көбісі өз қызметін белгілі бір бағыттар бойынша шектесе(тек талдау, жалпы түйіндеме беру, «қиын» оқушылармен индивидуалды жұмыс жасау және тағы басқа), ал енді біреулері психологиялық «жедел жәрдемшіге» айналып мектеп мәселелерінің тұңғиығына батады немесе қол астындағы мамандар, қарапайым мұғалімдерге айналады[5] .
Мектеп психологы өзінің психологиялық жұмысын біртұтас әрі бірізді формаға келтіру үшін, айтарлықтай маңызды профессионалдық және тұлғалық қасиеттерге ие болуы қажет.
Біздің қоғамымыздағы адами әрекеттерді психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету психология дамуының барлық сатыларында қарастырылған. Психология ғылымына деген қажеттілік адам тәжірибесіндегі қандай да бір салада болатын дағдарыс кезеңінде туындайтыны тарихи қалыптасқан: өндірісте, экономикада, білім беруде, адамның өзіне, адамзат әлеміне және заттарға деген қатынасында. Адам іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің ролі және маңызы психология ғылымының негізгі функциясымен анықталады - адам қажеттіліктеріне және қоғамдық тәжірибеге қызмет ету. Осының барлығы психологияны «қоғамдық қызмет жасау механизіміне тиімді қосылуға қабілетті», «біздің қоғамның алдына өмір қойған шынайы, тәжірибелік міндеттерге шешімді бұрылыс қажет» деп есептеуге мүмкіндік берді. ХХ ғасырда шетелде психология ғылымының тәжірибелік бағытын дамыту тенденциясы айқын көріне бастады. «Психология адам туралы көптеген білімдерді және оларды алу жолдарын игерген сайын, шешілетін тәжірибелік міндеттердің ерекшелігіне сәйкес алынған білімдерді жалғастыруға, оларды логикалық ұйымдастыруға қажеттілік айқын көріне бастады» [1] . Осы уақытта психологияны тек адам іс-әрекетіне қызмет жасайтын ғана емес, сонымен қатар оны реттейтін тәсілдерді меңгерген, осы әрекетті қайта жасайтын құрал ретінде теориялық ғылымнан тәжірибелік ғылымға айналдыру қажеттілігі пайда болды. Психологиялық қызмет ұйымдастырылған жұмыс жүйесі ретінде көптеген елдерде бар және ғасырға жуық тарихқа ие [2] .
Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрлі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызмет ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялық қызметті ұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр[3] .
Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін, теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау үстіндеміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz