ЖЕМІС-ЖИДЕК АҒАШТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. ЖЕМІС-ЖИДЕК АҒАШТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР 4
3. ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨСІМДІГІНІҢ ӨСУ ДӘУІРІ 6
Қорытынды 11
Пайдаланған әдебиеттер 12

Кіріспе
Бауға арнап жерді дұрыстап таңдап алудың жеміс ағаштарының өсуі мен жақсы өнім беруі үшін аса маңызы бар. Жер учаскесі дұрыс таңдап алынбаса жеміс ағашы нашар өседі, олардың өнімі де аз болады. Мұндай жеміс мезгілінен бұрын солып қалады.
Бау еккенде жіберілген қателіктерді соңынан түзету қиынға соғады. Сондықтан да бау егу алдында маман агрономның қатысуымен жақсы учаскені, сондай-ақ ағаштың жас талдарының жақсы сорттарын таңдап алған дұрыс.
Жер учаскесін таңдап алған кезде жердің бедеріне, ашык желге ұшырамауына, топырағына және жер асты ылғалының болуына ерекше көңіл бөлінуге тиісті.
Жер бедері. Бау үшін ең қолайлы жер - жазық немесе еңістегі 10-15 градустай болатын учаскелер. Таулы аудандарда бау үшін 30-35 градустық беткейлерді пайдаланған жөн. Қазан шұңқырлы жер бау егуге жарамсыз келеді, өйткені мұндай жерге айнала дөңестердегі суық ауа жиналады. Мұндай жерлердегі бау үсікке жиі ұшырайды. Республикамыздың солтүстік-шығыс облыстары үшін бұл жағдайдың ерекше маңызы бар, өйткені бұл облыстарда бау егу үшін сайлы жерлерді, өзен сағаларын бөлуге болмайды, өйткені мұндай жерлерде күз ерте басталады және көктемгі ызғар кеш кетеді.
Жер асты суы жақын (1-1,5 метрде) ойпат учаскелер алдын ала құрғатпайынша бау егу ұшін жарамсыз келеді. Мұндай учаскелерді тек жидек өсіруге ғана пайдалануга болады. Сортаң топырақты учаскелерді алдын ала жақсартып, өңдемейінше бау егуге болмайды.
Қазақстанның оңтүстік және солтүстік-шығыс облыстары үшін тау беткейлерінің ерекше маңызы бар. Тау алқаптарының температурасы және топырақ жағдайлары жазық жерлерден гөрі едәуір жақсы болады және мұндай жерлердегі бау үсікке аз шалдығады. Таулы жерлердің ылғалдылық жағдайы да жазық жерлерден гөрі жақсы болып келеді. Мұның өзі бұл жерлерде суармай-ақ бау өсіруге мүмкіндік береді.
Тау беткейлерінің де ерекше маңызы бар. Қазақстанның оңтүстігінде бау егу үшін ең жақсысы таудың терістік, шығыс және батыс беткейлері. Мұнда әдетте ауа райының температурасы күндіз де, түнде де көп өзгермейді, топырақтың ылғалдануы да жақсы болады. Оңтүстік беткейлерде қуаң келеді және температурасы шұғыл өзгеріп тұрады, сол себепті бау орналастыру үшін оншалықты жарамды болмайды.
Шабдалы, қызыл шие және алмұрт өсіру үшін таудың батыс және оңтүстік-батыс беткейлері қолайлы. Алма, шие және алхоры өсіру үшін солтүстік-шығыс және батыс беткейлерді пайдаланған жөн.

1. ЖЕМІС-ЖИДЕК АҒАШТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
Жеміс ағашы жабайы және мәдени өсімдіктер (көбінесе қолдан өсірілген) құрамындағы күрделі организм. Жеміс ағашы жер бетіндегі бөлігі - діңнен, оның бүйірінен шыққан жуан бұтақ пен бұтақшадан тұрады.
Дің - тік қалпында тұрған өсімдіктің негізгі бөлігі. Оның жер бетінен бұтақ шыққан жеріне дейінгі бойын сидам сүрегі (штамб) деп атайды. Діңнің бүйір тармақтарынан шыққан бұтақтары бар бөлігін - бұтақты орталық бой дейді. Діңнің жоғарғы жақ бөлігін ұзарту бұтақшасы дейді.
Ағаштың діңінде негізгі бұтақтар орналасады, олар тармақтанып екінші, үшінші, тағы басқа бұтақтар деп аталып жүр. Үстіміздегі жылы өсіп шыққан бұтақша өркен деп аталады (3-сурет). Алма және алмұрт ағаштарында жеміс бұтағының мынадай түрлері болады:
а) жемісті бұтақ - жеміс бұтақшалары өте қысқа (3-5 см), бұтақшалардың ұш жағында бір жеміс бүршігі болады. Жемісті бұтақтар бүйір жағынан түсіп қалса, оның орыны сақиналы дөңгелектеніп жабылады;
б) копьеца (жеміс беретін көп жылдық бұтақ) - ұзынырақ (5-15 см) келген, тармақтанбаған жеміс бұтақшалары;
в) жеміс шыбықшалары - ең ұзын (15 сантиметрден артық) жеміс бұтақшалары, олардың жан-жағында вегетативтік бүршіктер, ал ұш жағында - жеміс бүршіктері болады.

3-сурет.
Жеміс ағашының негізгі бөлімдері
1 - негізгі тамырлар; 2 - шашақты ұсақ тамырлар; 5 - сидам сүрегі; 4 - бірінші қатардағы негізгі бұталар; 5 - екінші қатардағы бұтақтар; 6 - дің, 7 - жеміс беретін бұтақтар.

Сүйек тұқымдылардың жеміс органы көбінесе шоқ түпті бұтақша және жемісті бұтақ болып келеді. Шоқ түпті бұтақша - қысқа бұтақша, оның ұш жағында вегетативтік бүршік, ал жан-жағына шоғырланып гүл бүршігі орналаскан. Жемісті бұтақ - көбіне алхорының ағашында кездесетін өте қысқа жеміс бұтағы. Әсіресе шиеде және басқа сүйекті дақылдарда ұзындығы орташа болып өсетін бұтақтар кездеседі, олардың бүйір бүршіктерінің бір бөлімі вегетативтік, екінші бөлігі - гүл бүршік болады.
Вегетативтік бүршіктер мен жеміс органдарында жапырақтар мен бүршіктер болады. Жапырақтың сабақпен ұштаскан жерін сабақ буыны дейді, ал екі буынның арасындағы сабақтың бөлігін - буынаралық дейді.
Алма мен алмұрт ағаштарының бүршіктері вегетативтік, жемістік болып екіге бөлінеді. Жемістік бүршік, вегетативтік бүршікке қарағанда өзінің жуандығымен және ірілігімен көзге түседі. Әлі көктемеген, бірақ көктеу қабілеттілігін сақтап қалған бүршіктерді бұйыққан бүршіктер деп атайды. Шекілдеуікті жеміс ағаштарының бұйыққан бүршіктері көктеу қабілеттілігін сақтап қалуы 20 жылға дейін, тіпті онан да артық уақытқа созылады, бірақ көптеген сүйектілердің бұйыққан бүршіктерінің өмір сүру мерзімі едәуір қысқа болады.[1]
Жеміс ағашы сидам сүрегінің тамырға айналатын жері тамыр мойын деп аталады. Тамыр мойыны, әдетте, ұластырылған жерінен 5-6 см төмен болады.
Алма ағашының тамыр жүйесі негізгі тамырлардан (женді толыспаған), онан таралатын бүйір тамырлардан, ұсақ тамырлардан және оларда пайда болатын тамыр түктері бар, ақ түсті сіңіру тамырларынан құрылады, сөйтіп олар өсімдікті қоректендіреді. Сіңіру тамыршалары 3-4 аптадай пайдалы әрекет етеді, сонан кейін олар қоңырланып суды, қоректік заттарды сіңіру қабілеттілігінен айрылады. Сондықтан ағаштың жақсы өсіп, жеміс салу үшін сіңіру тамыршаларын бұрынғы қалпына келтіруге себепкер болатын топырақ күтімді болуы қажет.
Қазақстан жағдайында алма ағашының тамыр жүйесі көбінесе 2-2,5 метр тереңдікте жатады. Сіңіру тамырларының басым көпшілігі (75-80%) 100-125 см терендікке жайылып кетеді. Тамырдың өңделген жерде 10-15 см терендікте, шымды жерлерде - 5-8 см тереңдікте орналаса бастағаны байқалады. Тамырлардың жатық бағытта таралуы бөрікбастың бұтағынан 2-2,5 есе артык болады.

4-сурет.
Шекілдеуікті және сүйекті жеміс ағаштарының құрастытырылу түрлері
1-жемістік шыбықша; 2-жемістік бұтақ; 3-жемістік - бұтақ; 4-жеміс беруші; а-жапырақ бүршігі, б-жеміс ұясынан түскен жемістің ізі; в-жеміс бүршігі; 5- шиенің аралас жеміс бұтағы. а-шоқты (гүлді) бұтақ.

Көптеген сүйекті жемістердің тамыр жүйесінің топыраққа енуі, алма ағашының тамыр жүйесіне қарағанда едәуір тайыздау болады. Жидекті ағаштардың тамыр жүйесі мұнан да тайыз жерге жатады. Бүлдірген тамырының топыраққа 45 см терең енетіні сирек кездеседі. Ал жүзімнің тамыр жүйесі керісінше, көбінесе 4-5 м тереңдікке кетеді (4-сурет).
Жеміс-жидек ағаштардың да, жүзімнің де жер бетіндегі бөлігінің және тамыр жүйесінің таралуы, көлемі, өсуі мен жеміс салуы, өсімдік отырғызылған топырақтың құнарлығына, өсімдіктің күтіміне, ауа райына байланысты болады. Қажетті агротехниканы қолдана отырып, жер үй іргесіндегі учаскеде ағашты күту жұмысын жүргізу қолға алынады, сөйтіп өсімдіктен көп түсім алу қамтамасыз етіледі.

3. ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨСІМДІГІНІҢ ӨСУ ДӘУІРІ

Жеміс-жидек өсімдігі мен жүзімнің мынадай тіршілік кезеңдері болады: өсімдіктердің бүкіл тіршілігін қамтитын үлкен кезең және кіші немесе жылдық кезең - бұл өсімдік неше жыл тіршілік етсе де, соның бәрін қамтиды.
Бақта отырғызылған жас ағаш алғашқы кезде жедел қарқынмен өсе бастайды. Онан кейін ол жеміс салады, жемісі белгілі бір кезеңге дейін өскен соң, қысқа мерзімнің ішінде қурауының салдарынан, әуелі ұсак, онан кейін ірі бұтақшалары әлсірей бастайды. Ірі бұтақшалардың қурауы кенже бұтақшалардың бұйыққан бұтақшаларының өсуіне себепкер болады, соның есесінен ағаштың бөрікбасы уақытша күзеледі.
Жеміс ағашы тіршілігінің үлкен кезеңінде мынадай үш негізгі дәуірге: ағаштың өсу дәуіріне, толық жеміс салу дәуіріне және қурау дәуіріне бөлінетіні айқындалып отыр. Ағаштың бір дәуірінен екінші дәуірге өтуі бірте-бірте болады. Сондықтан жоғарыда аталған негізгі дәуірлердің арасында тағы да аралық дәуірлер болады.
Егілген жеміс ағашының әр түрлі дәуірінде әр қилы күтім қажет болғандықтан, біз бұл мәселені толығырақ қарап өтелік. Мысал ретінде, негізгі жеміс дақылдарының ішінен алма ағашын алалық (5-сурет).
1. Ағаштың жедел өсу дәуірі (ағаштың отырғызылуынан бастап жеміс сала бастауына дейін). Бұл дәуірде (егілген ағаштың 6-7 жасы) негізгі бұтақтар мен тамырлардың жедел өсе бастайтындығы байқалады. Өсу дәуірінің аяқ шенінде алғашқы жемістік бүршіктер шығады. Бұл дәуір жас бұтақшалардың өте көп болып өсуімен және өсу процесінің күздігүні кеш аяқталуымен сипатталады. Бұл кездегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама
Алма жемірі көбелектің систематикалық орны
Жеміс ағаштарын күтіп баптау
Жеміс ағаштарының бактериялды күйік ауруларының фенологиялық даму кезеңдеін айқындау
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы туралы
Жеміс ағаштарын ұластыру
Жеміс тұқым ауданы
Жеміс бағындағы агротехниканың негізгі тәсілдері
Оңтүстік Қазақстанда жеміс өсіру
Қазақстан жері топырағының көпшілігі бау өсіруге жарамды
Пәндер