Дж. Гильфордтың шығармашылық ойлауды анықтау тесті: педагогикалық аспектілері

Дж. Гильфордтың шығармашылық ойлауды анықтау тесті
Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді.
Еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сəйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, əлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық əлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мəдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Шығармашыл оқытушы студенттердің өзіне деген сенімін арттырып жəне іс-əрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға жағдай туғызатын негізгі тұлға болып табылады. Жалпы педагогикалық процесте шығармашылық мəселесі маңызды орын алады. Озат ұстаз тұлғалардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында оқыту мен тəрбиелеу əдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды.
Еліміздің болашақ, елеулі азаматын, кəсіби шығармашылық тұрғыда жан-жақты жетілген жеке адамды даярлауда мектеп кезіндегі оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың алатын орны ерекше екендігі даусыз. Сондықтан бала бойындағы шығармашылық қабілеттің жандануына жол ашу, жағдай жасау керектігі жайында ғұлама психолог-педагог ғалымдардың еңбектерінде ерте кезден-ақ баяндалып жүр.
Ұлы ойшыл Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселермен озбақ. Одан басқа нəрселермен оздым ғой демектің бəрі де - ақымақтық» дегенде айтпағы, озық ойлы адамның басқалардан жоғары тұратындығы екендігі. Тек мұндай ойшыл адам өздігінен қалыптаса алмайды. Оның танымдық кажеттілігін сусындатып орта болғанда ғана адамның ізденісінде мəн бола бастайды.
Көрнекі педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген Мағжан Жұмабаев болатын. Ол: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиіс», - деп қазақ баласының бойындағы шығармашыл тұлғаға сай қасиеттерді атап өтеді.
Бұл мəселе белгілі психологтар мен ғалымдар Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, В. А. Сластенин, А. В. Крутецкий, Ю. Л. Львова, республикамыздағы танымал ғалымдар М. М. Мұқанов, Н. Д. Хмель, С. В. Илларионов еңбектерінің өзегі болып табылады.
Шығармашылық мəселені белгілі тəсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Шығармашылық, яғни жаңа тапқыр шешім қабылдауға əкелетін əрекет, - əр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мəселені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:
- педагогикалық ойдың пайда болуы; түпкі ойды талдау; педагогикалық ойды əрекетке айналдыру; шығармашылықтың нəтижесін талдап бағалау (В. А. Кан-Калик, Н. Д. Никандров) ;
- жаңалықты көру; педагогикалық өнертапқыштық, құрастыру; жетілдіру (В. И. Загвязинский) .
Бұл кезеңдерде қызығушылық, интеллект, қажетті білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, энтузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық əрекетті нəтижелі етеді.
Шығармашылық əрекетте болашақ маман өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қарауы, қанағат табуы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды мотивацияның қалыптасуы, тағы басқа орын алады. Сонымен қатар шығармашылықта болашақ маманның төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл-ой қабілеттері мен оның икемділігі, өнертапқыштыққа жəне еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мəселені терең түсіне білу жəне оны шешудің ең тиімді жолын таңдау алу, эмоциядағы қалыптылық, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тəуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік позиция [1] .
Педагог еңбегі - ғылым, педагогикалық өнер, таланттылық сияқты элементтерден тұратын əр қырлы əрекет. Білім мен тəрбие беруде белгіліні өзгертіп, жаңадан жаңаны тудырушы, суреткерлік шығармашылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүрлілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру - жаңашыл педагогтың кəсіби міндеті.
Дұрыс мақсат қойып, нəтижені интуитивті түрде жобалай алу, тұлғаның дамуының іргелес аймағына сəйкес болып, қызыға еңбек етуге əкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыра алу - сөзсіз, шығармашылықтың нəтижесі.
Қазіргі уақытта шығармашылықтың ең маңызды анықтамасына келесі жатады: «Шығармашылық - индивид пен оның мəдениетіне маңыздылықпен жаңашылдық əкелетін іс- əрекет». Өте жиі шығармашылық түсінігі «креативтілік» түсінігімен ауыстырылады.
Қазіргі күні өндірісте, əлеуметтік қызмет, білім беру мекемелерінде жəне басқа да əлеуметтік институттарда жауапты кəсіпқойлар ғана емес, сонымен қатар креативті потенциалды мамандар қажет. Ғылыми жəне арнайы əдебиеттерді талдасақ, «креативті тұлға», «креативті ойлау», «креативті маман» деген сияқты жаңа терминдердің пайда болғанын көруге болады. Оқыту мен тəрбиелеу процесінде болашақ маман креативтілігін дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz