Жеке тұлға типологиялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жеке тұлға типологиялары.

Тұлға ұғымы "индивид", "адам" ұғымдарымен салыстырғанда анықталады. "Адам" ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер мен қабілеттерге мінездеме беру үшін қолданылады. Бұл ұғым адамның жануардан, өсімдіктерден, машинадан айырмасын атап көрсетеді. Хомо
Сапиенс - ақылды адам-тарихи дамудың барлық саласындағы, жер шарының барлық нүктелеріндегі адам дегенді білдіреді.
Индивид - ол адамзаттың жекелеген (бірлі-жарым, дара) өкілі, адамның ақыл, ерік, қажеттілік, көзқарас, т.б. барлық әлеуметтік және психологиялық сипаттарының нақты таратушысы.
Тұлға - бұл адамның қоғамдық бет пердесі.Тұлға - бұл индивидтің дамуының қорытындысы, жемісі, оның аталған қоғамдық жағдайлардағы көрініс. Егер жаңа туған жас егіз баланы алып, оларды әр түрлі жағдайлары, бірін Африка, Қытайда, бірін Еуропа, не Америкада өсірсе, онда бұндай бірдей индивидтерден әр түрлі тұлғалар өсіп шығады. (қалыптасады).
Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады. Жаңа туылған жас нәресте - адам, бірақ жеке тұлға емес. Ол өзінің іс-әректі үшін әлі жауап бере алмайды. Онда ешқандай ұғым жоқ. Сәбидің тұлғаға айналуы жегеніміз - ол мүмкіндіктің шындыққа айналуы. Тұлғаның қалыптасуына басты орын алатын не нәрсе: тұқым қуалшылық па, тәрбие ме? Психлолгтар мен педагогтар бұл мәселе туралы айтысуда. Кейбір зерттеушілер барлығы тәрбиеден деп есептейді. "Жаман оқушы жоқ, жаман оқытушылар бар",- дейді олар. Екіншіден, керісінше, туа біткен қасиеттерге мән береді. Орыс
Профессор В.П Эфроимсонның "Этика мен эстетиканың шығу тегі" атты кітабында мынандай мысал келтіріледі. Эдвин Иски мен Ф. Нестор - бір-бірімен бірдей, ұқсас айнымайтын егіздер. Бірақ олар туылғаннан ажыратылып, екі түрлі отбасында бөлек өскен, 25 жылдан кейін кездескен. Олар өздерінің тағдырларының ұқсастығына таң қалған. Екеуі де бір-бірінен 1500км. Қашықтықта бір компанияның филиалдарында монтер болып жұмыс істеген. Олар бір мезгілде бір-біріне ұқсас қыздарға үйлеген, Олардың бір-бірімен жасты бір-бірден ұлдары бар және тұқымдас "Трикси" атты иттері бар.
Кеңес кезеңінде жеке тұлғаның қалыптасуындағы негізгі мәселе қоғамдық жағдай деп есептелінеді. Қазіргі уақытта кейбір ғалымдар екінші шекке қарай тура ұмтылады. Олар жеке тұлға тек туа біткен ерекшеліктерімен анықталады деп мәлімдейді. Алайда бұл проблема тек бүгін туып отырған жоқ. Италияның психиатр-дәрігері Черазе Ломброзо - қылмыскерлік адамға (тұлға) туа бітеді деп есептейді. Ол өзінің еңбегін 1876ж. жариялады. Туа біткен қылмыскерлер, оның пікірінше, бүкіл қылмыскерлердің жалпы санының 40%-ін құрайды. Өзінің еңбегінде Ломброзо иллюстрациялау үшін қылмыскерлердің, олардың ішінде қылмысты істермен шұғылданушы адамдар, анархистер, қылмыскер балалар, төңкерісшілер, т.б. бар, портреттер берген. Төңкерісшілердің портреттерінің ішінде Н.Г. Чернышевский, С.Л Перовская, М.А Бакунин, т.б. бар.
Өзінің сыртқы түрі мен ақыл-ой деңгейі жөнінен Ломброзоның өзі қандай адам болғанын Лев Толстойдың Ясная Полянада жүргізген күнделігіндегі 1887ж. жазған естелігінен көруге болады: "Ломброзо шектелген, аңқау шал болатын. Мұның бәрі де қисынсыз сандырақ"... Ал "шал" 52-де еді.
Американдық автор С.Чавкин "Ақыл-ойды ұрлаушылар" атты кітабында: "Ломброзо теориясы оның шәкірттері Италия әскерлерінің 63% қылмыстық іске бейім екендігін байқаған кезде өзінің әйгілігін, танымалдығын жоғалта бастады. Бұл теория ағылшын түрмелерінде қамалған 3000 айыпталғандарды Ломброзо теориясының қорытындыларын растап, дәлелдемеген кезде түбегейлі күйреуге ұшырады".
Сөйтіп, тұлға проблемасы өте күрделі, қажет ететін мәселе болып табылады. Тұлғаны философия, психология, социология, т.б. ғалымдар зерттейді. Философия тұлғаны, оның дүниедегі жағдайын әрекеттің, танымның, шығармашылықтың субъектісі көзқарасы тұрғысынан қарайды. Психология тұлғаның психикалық процестердің, қасиеттер мен қарым-қатынастардың: темперамент, мінез, қабілет, ерік, т.б. тұрақты бүтіндігі ретінде зерттейді. Жеке тұлға немесе кісі қасиеттерін көптеген ғылымдар зерттейді: философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика. Олардың әрқайсысы жеке тұлға мәселелерін өзінің зерттеу пәнімен байланысты қарастырады.
Адамның көпаспектілі екенін оны атаудың өзінен көрінеді: адам, жеке тұлға, тірі жан (индивиуум), өзіндік адам (яркая индивидуальность).
Адам деген ұғымды пайдаланғанда - ол биоәлеуметтік қасиеттермен сипатталатын, дискреттік белгілер жүйесін меңгерген, жоғары психикалық функциялары қалыптасқан, құрал-жабдықтарды жасап, оны пайдалана алатын жан деп түсінеміз.
Ал жеке тұлға деп жекелік психикалық қасиеттері дамыған, әлеуметтік ортада өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға қабілеті қалыптасқан адамды айтамыз.
Бұл ерекшеліктер жеке адам теорияларында көрсетілген:
1. Мәдени-тарихи даму концепциясы
2. Іс-әрекет теориясы.
3. Ақыл-ой қызметін қалыптастыру теориясы.
4. Үйрету теориясы
5. Бастапқы адамдандыру концепциясы.
Жеке тұлға туралы теориялардың ішінде бізді қызықтыратыны баланың нағыз адами қасиеттерді меңгеруін түсіндіретін теориялар. Оларды келесі топтарға бөліп көрсетуге болады:
1. Л.С.Выготский ұсынған мәдени-тарихи даму концепциясы. Бұл концепция бойынша жеке тұлғаның қалыптасуы өзгелермен қарым-қатынас жасау барысында адамзат тәжірибесінде тарихи қалыптасқан шартты белгілерді пайдаланумен байланысты. Қарым-қатынас барысында меңгерілген шартты белгілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның имплицитті теориясы өңдеу
Микросоциология, оның ерекшеліктері мен түрлері
Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Макро және микро әлеуметтану. Теориялық және қолданбалы әлеуметтану
Психодиагностиканың әдістемесінің құрылымы
Темпераменттің психологиялық сипаттамасы
Қысқа мерзімді жад
Социология пәні мен қызметтері
Ересек жұбайлар отбасы
Тұлғаның қоғамдағы алатын орны. Жеке тұлғаны зерттеу бағыттары
Социологиялық білімнің құрлымы
Пәндер