Психодиагностика және психологиялық түзетулер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Психодиагностика және психологиялық түзетулер
Психодиагностика сөзі - психологиялық диагноз қою дегенді немесе адамның жеке өзінің психологиялық жағдайы немесе қандайда бір психологиялық қасиеттері жайлы сапалы шешім қабылдауды білдіреді.Талқыланып отырған бұл терминнің психологияда екі мағынасы бар. Психодиагностика ұғымының бірінші анықтамасы оны алуан түрлі психодиагностикалық құралдарды жасап, оларды практикада пайдалануға қатысты психологиялық білімдердің арнайы саласына жатқызады.
Практикалық психодиагностика психолог іс-әрекетінің әртүрлі саласында қолданылады . Дегенмен психодиагностика психологиялык іс-әрекетінің жеке, өз алдына дербес сферасы ретінде қалыптасқан. Оның басты мақсаты : психологиялық диагноз қою яғни былайша айтқанда, адамның нақты психологиялық жағдайын бағалау.
Мұндай үғымдағы психодиагностика өз саласында мынадай мәселелерді қарастыратын ғылым болып табылады.
1.Психологиялық құбылыстардың табиғаты мен оларды ғылыми бағалаудың принципті мүмкіндіктері туралы.
2.Психологиялық құбылыстардың принципті түрде танылуы мен сандық бағалануы үшін осы уақытқа дейін қалыптасқан жалпылама ғылыми негіздемелер туралы.
3.Қазіргі уақытта қолданылып жүрген психодиагностика құралдары, қабылданған жалпылама ғылыми методологиялық талаптарға қаншалықты сай келеді.
4.Психодиагностиканың алуан түрлі құралдарына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар қандай.
5.Психодиагностиканы жүргізу жағдайларында, алынған нәтижелерді өңдеу құралдары мен сол нәтижелерді қорыту тәсілдеріне қойылатын талаптарды қоса алғандағы практикалық психодиагностиканың нәтижелерінің сенімділігінің негіздемесі туралы.
6.Тесттерді қоса алғандағы психодиагностика әдістерінің ғылымилығын құрастыру мен тексерудің негізгі тәртібі туралы.
Психодиагностика терминінің екінші анықтамасы психологиялық диагнозды практика жүзінде қолданумен байланысты психологтың өзіндік саласын көрсетеді. Бұл жерде психодиагностиканы ұйымдастырып өткізуге қатысты таза практикалық мәселелер шешіледі. Оған мыналар кіреді:
1.Психодиагност ретіндегі психологқа қойылатын кәсіби талаптарды айқындау;
2.Психологтың өз жұмысын сәтті жүргізуі үшін,өзінде болуы тиісті білімдердің,ептіліктер мен дағдылардың жиынтығын білуі;
3.Психологтың практикалық жағдайларды анықтауы, оларды сақтауы,психодиагностиканың өзге де әдістерін сәтті әрі кәсіби түрде игеріп алғандығының кепілі болып табылады.
4.Психодиагностика саласындағы психологты практикалық тұрғыда дайындаудың бағдарламаларын,тәсілдері мен әдістерін жасап шығу, сонымен бірге оның осы саладағы біліктілігін бағалау;
Теориялық және практикалық мәселелердің екеуі де бір бірімен тығыз байланысты. Осы салада біліктілігі жоғары маман болуы үшін, психолог психодиагностиканың ғылыми әрі практикалық негіздерін жақсы меңгеруі тиіс. Сондықтан теориялық және практикалық мәселелер бірге, олардың қай салаға қатысы бар екендігін анықтамасада талқылана береді. Практикалық тұрғыда психодиагностика психолог қызметінің әр түрлі салаларында, мәселен, ол психологиялық педагогикалық тәжірибелердің авторы болса да, оған қатысушы ретінде жұмыс істесе де және ол психологиялық кеңеспен немесе психологиялық түзету жұмыстарымен шұғылданса да пайдаланылады. Дегенмен де, практикалық психологтың жұмысында психодиагностика қызметтің жеке саласы ретінде көрінеді. Оның мақсаты психологиялық диагнозды қою болып табылады яғни адамның жеке өзінің психологиялық жағдайы. Кез- келген психологиялық - педагогикалық ғылыми тәжірибеде, дәл психодиагностика психологиялық қасиеттердің даму деңгейін білікті түрде бағалауды мақсат етеді. Әдеттегідей бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Еліміздегі мектеп психологиялық қызметінің дамуы
Психодиагностика туралы
Психодиагностқа қойылатын талаптар
Психологиялық педагогикалық диагностиканың қазіргі жағдайы
Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностика
Психодиагностиканың жағдайлары
Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері
Қазіргі психологиялық диагностиканың теориялық негізі
Пәндер