Жоғарғы сынып оқушылырының психологиялық ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық тұрғыдан диагностикалау технологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоғарғы сынып оқушылырының психологиялық ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық тұрғыдан диагностикалау технологиясы

Тұтас педагогикалық үдеріс екі өзара байланысты оқыту және тәрбие үдерістерінен тұратыны бәрімізге белгілі. Оқыту - алдын ала жоспарланған мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет, оны орындау барысында білім алушылардың білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы жүзеге асады, сонымен қатар адамзаттың, іс-әрекеттің және қарым-қатынастың жекелеген қырларының тәжірибесі меңгеріледі.

Оқытудың негізгі сипаттары:

-екіжақтылық, ол субъектілердің өзара байланысына негізделеді;

-қызметтің мазмұндық және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі;

-танымның ерекше үдерісі;

-тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы;

-басқарушылық.

Бұл сипаттамалар жалпылама қасиетке ие.

Оқыту үдерісінің құрылымы екі басты субъектілердің, яғни оқытушы мен студенттердің өзара бірлескен іс-әрекетімен танылған. Біріншісінің іс-әрекеті - білім беру, оқыту, ал екіншісінің іс-әрекеті - оқу.

Оқыту - білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаратын, ұйымдастыратын оқытушының мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған ісі. Оқытудың мақсаты - әрбір студенттердің білім алуын тиімді етіп ұйымдастыру.

Оқу - бұл мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған студенттердің танымдық іс-әрекеті, оның орындалу барысында білім, іскерлік, дағды жүйесі меңгеріледі және жеке тұлғалық қасиеттері дамиды. Оқудың мақсаты болып таным, қоршаған орта жайлы ақпараттарды жинақтап өңдеу табылады. Оқудың қорытындылары жалпы оқушының дамуынан, қарым-қатынас жүйесінен, білімінен, іскерлік, дағдысынан көрініс табады.

Оқыту үдерісі өзара байланысты мынандай компоненттермен танылады: мақсат, міндеттер, мазмұн, субъектілердің қызметі, әдістер, тәсілдер, құралдар және оқытудың нәтижесі. Жүйені қалыптастырушы компонент болып табылатын мақсат оқыту үдерісінің қалған барлық компоненттерін өз қарамағына жинастырады. Олардың барлығы біркелкілік пен бүтіндікті қалыптастырып, алдыға қойылған мақсатқа жетуге септігін тигізеді.

Оқыту үдерісінің әдіснамалық негізі болып гносеология саналады. Гносеологияның негізгі қағидаларына сәйкес, таным үдерісі нақтылы пайымдау, абстрактілік ойлау мен практика бірлігінен тұрады.

Оқыту үдерісінің қозғалтқыш күші қарама-қайшылық болып табылады. Ол қорытылып талданған түрінде былайша түсіндіріледі: оқытудың арнайы мақсатына жету қажеттілігі мен мақсатқа жетуге деген тәсілдері мен құралдардың жетіспеушілігі арасындағы келіспеушілік; нормативтік талаптар, педагогтың педагогикалық әсер етуі мен білім алушылардың оқу мазмұнын нақты белгіленген уақытта, белгілі деңгейде меңгеру мүмкіндіктері арасындағы келіспеушілік және т. б.

Оқыту үдерісінің субъектілері (педагог пен білім алушы) мынаны түсінгені маңызды: олар оқу барысында жалғаса беретін қарама-қайшылықтарды бірігіп шешіп, келесі пайда болатын жаңа қарама-қайшылықтарды шешуге дайын болуы керек.

Оқыту кезінде үш қызмет жүзеге асады: білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелік. Жалпы алғанда барлық қызмет өзара байланысты және өзара жанамаланған, сонда да бұл жүйеде басымдылық білім беру қызметінен табылады. Практика жүзінде қызметтердің іске асуы кешенді міндеттердің шешімін табуымен, педагог пен білім алушы іс-әрекетінің мазмұнымен, оқыту әдістері мен формаларының үйлесімділігімен байланысты.

Осылайша, психологияны оқыту үдерісі, педагогиканы оқыту үдерісі секілді дидактикада құрастырылған жалпы ережелерге негізделеді оны психологияны оқыту үдерісін ұйымдастыру кезінде оқытушы ескеруі тиіс.

Оқытудың негізгі қызметтері білім беру, тәрбиелеу, дамытудан тұрады, сонымен қатар олар ұйымдастырушылық, психологиялық, интеграциялды-дифференциалды, құрылымдық, түзетуші, фасилитациондық, рефлексивті және т. б. қызметтермен толықтырылуы тиіс.

Барлық қызметтердің ішіндегі ең бастысы - білім беру. Білім беру қызметінің мағынасы педагогикалық білім, іскерлік пен дағды жүйелерін қалыптастырып, оларды білім алушылардың практикада қолдануына жағдай жасаудан тұрады.

Дамытушылық қызмет оқытудың белсенді әдістерін қолданғанда іске асады. Ол әдістердің көмегімен білім алушылар тұлғасының ойлау, сенсорлық, эмоционалды-еріктік, уәждік, коммуникативті салаларын дамытудың шарттары құрылады.

Тәрбиелік қызмет - білім алушыларды әр түрлі іс-әрекеттерге баулып, оларды ұйымдастыру. Қорытындысында білім алушылардың интеллектуалды, тұлғалық эмоционалды-ерік қасиеттері, кәсіби-бағдарлық көзқарастары мен пікірлері, оқу-танымдық қызметінің уәждері қалыптасады.

Оқытудың ұйымдастырушылық қызметінің көмегімен білім алушылардың оқу іс-әрекеті мен педагогиканы оқыту мазмұнының сапасы, көлемі арасындағы қатынастар реттеледі.

Психологиялық қызмет білім алушылардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар туғызуында, әдеттегідей уақыт, таныс оқу бөлмелері, таныс оқу талаптары және т. б. - осының барлығы жұмысқа деген қолайлы икемділік пен жайлы әсер туғызады.

Интеграциалды-дифференциалды қызмет әрбір білім алушының мүмкіндігі мен қабілеттілігін ескере отырып, оның жеке іс-әрекет жасауына жағдай туғызып, олардың басқа білім алушылармен бірігіп жүзеге асыратын іс-әрекеттерін ұйымдастырады.

Оқытудың құрылымдық қызметі педагогика бойынша әрбір жеке оқу сабағының оқу материалдарын жүйелеп, құрылымдайды.

Түзетуші қызмет білім алушылардың орындаған жұмысын бақылау мен бағалау негізінде оқу ісін реттейді және түзетеді.

Рефлексивті қызметі өзіндік әрекетті қорытуға, басқаларды (студенттер мен әріптестерді) түсінуге, оларға көмектесуге, педагогиканы оқыту үдерісінде өзінің әрекеттерін басқа субъектілердің әрекетімен үйлестіруге бағдарланған.

Педагогикада «білім беру» басты түсінік болып табылатыны белгілі. Келесі анықтама жалпы танылған болып саналады: білім беру дегеніміз оқыту және тәрбие беру үдерістерінен тұратын және сол үдерістер барысында тұлғаның шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асырудағы білімдерін, іскерлігін, тәсілдерін және әлемге деген эмоционалды-құндылық қатынасын меңгеретін арнайы ұйымдастырылған жүйе.

Педагогикалық білім беру аға ұрпақтың педагогикалық іс-әрекетінің тәжірибесінен алынған, өзіне білім, іскерлік, дағды жиынтығын, сонымен қатар ережелер мен құндылық бағдарларды қосатын, педагогқа өскелең ұрпаққа тәрбие беру және оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін тиімді шешуге көмектесетін білім берудің тұтас жүйесінің ішкі жүйесі ретінде түсіндіріледі.

Бүгінде Қазақстанда көптеген әлем мемлекеттеріндегі сияқты қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының және әлеуметтік тұтастығының негізі болып табылатын нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа моделі қалыптасуда. Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын жаңғырту барысында көптеген шаралар өткізілу үстінде:

-мамандарды даярлаудың үш сатылық жүйесіне көшу басталды (бакалавриат-магистратура-доктарантура РһD) ;

-бакалавриат және магистратура студенттері кредиттік оқыту технологиясына ауыстырылды;

-фундаментализм, прагматизм, интеграциялау, дифференциялау, бірегейлендіру (унификация), диверсификация аспектілері күшейтілген;

-стандарттау және көп вариативтілік, көп кезеңдік пен үздіксіздік, технологияландыру мен гуманизациялау, универсализация мен мамандандыру, орталықтандыру мен орталықсыздандыру, мен этнизация, саяси идеологиялау мен плюрализация аспектілері өзара әрекеттеседі;

-білім берудің сапасын қамтамасыз ететін, оның жаһандануымен, ашықтығымен байланысты Болон үдерісінің идеялары іске асуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта буынды мекетеп оқушылырының психологиялық ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық тұрғыдан диагностикалау технологиясы
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру нобайы
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу - тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Дамыта окыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің даму динамикасы
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметінің ерекшілігі
Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz