Мінез-құлық ауытқылығы бар балаларды алдын-алу және қайта тәрбиелеудің әлеуметтік-педагогикалық негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларды қайта тәрбиелеу» ұғымдарының мәнін ашу

Мінез-құлықтың ауытқуының алдын-алу -бұл индивидке әлеуметтік ортаның жағымсыз факторларының әсерін жоюға және олардың қалыпты өмір деңгейін қорғауға, денсаулығын сақтауға және қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік, әлеуми-психологиялық, педагогикалық және медициналық ғылыми негізделген және дер кезінде қолданылған кешенді шаралардың жиынтығы. Мінез-құлықтың ауытқуының алдын-алу шаралары жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы алдын алу шаралары жеке тұлғаның әлеуметтену процесінің қалыпты өтуі үшін психолого-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайларды жасауға бағытталған бірқатар ескерту шараларын жүзеге асыру болып табылады. Арнайы алдын-алу шаралары нақты тапсырмаларды шешуге бағытталған шара қолдану жүйелерін жүзеге асыру болып табылады: наркомания, делинквентті мінез-құлық, қараусыз қалу, балалық-жеткіншектік жезөкшеліктің алдын - алушаралары және

Мінез-құлық ауытқу саласындағы алдын-алу жұмыстарын мынадай басты бағыттарға бөлуге болады:

-Адамдардың материалды және рухани қажеттіліктерін толығымен

қанағаттандыруда әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тәрбиелік және басқа да тапсырмалардың жалпы мемлекеттік және аймақтық деңгейде шешілуі;

- Адамның тіршілік ететін микроортасын сауықтыруға бағытталған әлеуметтік -педагогикалық шараларды жүзеге асыру;

- Нақты адамның мінез-құлқындағы девиацияны ескерту мен түзетуге бағытталған индивидуалды тәрбиелік-алдын-алу шараларын өткізу.

Мінез-құлықтың ауытқуының алдын-алу түрлері болып:

- Алғашқы алдын-алу шаралары, бұл ауытқыған мінез - құлықтың қалыптасуына негативті әсер ететін факторларды тоқтатуға арналған шаралар;

- Екінші алдын-алу шаралары, бұл өмірдің қиын жағдайында қалған мінез-құлық ауытқуындағы жасөспірімдерге бұдан да жаман іс-әрекеттерге, заң бұзушылыққа, қылмыстарға жол бермеуге, дер кезінде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, құқықтық шаралар жиынтығы.

Девиантты мінез-құлықты алдын-алудың ерекше түрі, кейде үшінші алдын-алу деп те атайды, жазаларын өтеп қамау орындарынан шыққан жасөспірімдерге қайтадан қылмыстық іс-әрекеттер жасамауына бағытталған әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және құқықтық шаралар. Алдын -алу шараларымен отбасы, мектептен тыс демалыс мекемелері (спорттық секциялар, клубтар және т. б. ) сияқты әлеуметтік институттар да айналысады. Олардың алдын-алу шаралары жасөспірімдерге қоғамда қабылданған тәсілдермен өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беруге және жағдай жасауға бағытталған, сонымен қатар, индивидке өмірлік субъективті қиын жағдайларда дер кезінде кәсіби көмектер көрсету.

Соңғы кездері балаларғаата-аналар тарапынан көрсетілген қысым, отбасындағы зорлық-зомбылық, аяусыз, қатал қарым-қатынастары, түрлі конфликтер балалардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соқтыруда. Соның салдарынан балалардың үйден қашуы мәселесі соңғы жылдары отбасының өзекті мәселесіне айналды.

Конфликт салдарынан балалардың үйден қашу мәселесіне орай психологтардың ата-аналарға кеңес беруіндегі негізгі принциптерді көрсетуге болады

1) Ата-аналар күш қолдану, қорқыту сияқты іс-әрекеттерді тоқтатуы

қажет, бұл тек қарым-қатынасты одан сайын нашарлатып, конфликтіні тереңдете түседі;

2) Ата-аналар баласы кез-келген уақытта өз үйіне қорықпай келетіндей

атмосфера жасауы керек. Олай болмаған жағдайда амалсыз уйде қонбаудың салдары тек қана қаңғыбастықтың мүмкіндігін күшейтуі мүмкін.

3) Ата-аналарға балалары олардан қорықпайтындай және олардан көмек

сұрай алатындай, өздерінің шынымен көмектесе алатынына күмән келтірмейтіндей жағдай жасау керек. Бала мәселенің шешімін үйден қашып даладан іздемейтіндей жағдай жасау;

4) Ата-аналар өздерінің балаларына ақыл айтуды тек қана эмоционалды

жылы қарым-қатынастарын қалпына келтіргенде ғана айта алады, әйтпесе бұндай жаста балаға әсер ету мүмкіндігінен айырылуы мүмкін;

5) Ата-ана өзінің қадірін түсіндіру үшін, баласының сыйлауына ие

болуы үшін өзінің физикалық және рухани денсаулығын қалпына келтіру керек;

6) Ата -аналарға олардың баласының мінез-құлқындағы өзгерістер сол

сәттен болмайтындығын түсіндіру керек, бұл жерде өздерінің баласының мінез-құлқын өзгертуде ата-аналарға негізгі рөлді өздері ойнауға тура келетіндігін түсіндіру;

7) Өзінің баласына көмектесуі үшін ата-аналар қазір болмаса да,

болашақта көмектесе алатындығына көзі жетіп нық сенімді болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлық: әлеуметтік-педагогикалық сипат, себептері және алдын-алу шаралары
Жеткіншектердегі қиын мінез-құлық: психолого-әлеуметтік себептері мен әлеуметтік-педагогикалық алдын алу
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын тәрбиелеу және мінез-құлық ауытқуларын алдын-алу: психолого-педагогикалық негіздері
Жасөспірімдердегі девианттық мінез-құлық: қалыптасу факторлары мен әлеуметтік-педагогикалық алдын-алу шаралары
Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлық: әлеуметтік жұмыс және алдын алу әдістемелері
Девиантты мінез-құлық: анықтамасы, түрлері, туындау себептері мен жасөспірімдерге әлеуметтік-педагогикалық алдын алу және түзету
Оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеудің теориялық-әдістемелік негіздері және девианттық мінез-құлықты алдын алу
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздері
Жеткіншек жастағы қиын мінез-құлық: психологиясы, себептері және әлеуметтік-педагогикалық алдын алу мен түзету
Жасөспірімдердегі девианттық мінез-құлық: әлеуметтік мәселе, себептері және алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz