Қиын жағдайларға душар болған балалардың орнығуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қиын жағдайларға душар болған балалардың орнығуы

Өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастыру Өмірде қиын жағдайға тап болған балалар - қалыптасқан күрделі ахуалдың салдарынан өмір сүру тіршілігі бұзылған балалар. Олар бұл жағдайды өз беттерімен немесе отбасының көмегімен шеше алмайды. Бала (отбасы) мынадай негізде өмірдің қиын жағдайына тап болған деп танылады: Жетімдік, ата-аналық қамқорлықтың болмауы, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде мінез-құлықтың ауытқуы, баланың туғаннан үш жасқа дейін ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі, дене және ақыл-ой мүмкіндіктеріне негізделген организм қызметтерінің тұрақты түрде бұзылуы, әлеуметтік маңызы бар ауру мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулар салдарынан. Өмірде қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс жасау мақсаты: Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету ; Өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың отбасымен жұмыс істеудің, ата-ана мен бала арасындағы жағымды қарым-қатынасты орнатудың тиімді әдіс-тәсілдерін, жаңа жолдарын іздестіру; Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға, олардың отбасына қамқорлық жасау, өмірге деген көзқарасын ояту. Міндеті:Баланың отбасында тұлға ретінде қалыптасып дамуына әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық проблемалардың жағымсыз әсер етуін анықтау және зерттеу; Ата-аналарды бала тәрбиесіне қатысты міндеті мен құқығын, бала құқығын орындауда құқықтық көмектер беру; Отбасының жағдайын зерттеу нәтижелері бойынша өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларына қажетті көмек беру. Жұмыс істеу әдістері

 Бақылау

 Анықтау

 Көмек беру

 Қолдау

 Әңгімелесу

 Кеңес беруЖұмыстың алғашқы кезеңі

 Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау, толық мәлімет жинау және сараптама жасау;

 Баланың қызығушылығын анықтау;

 Отбасымен жұмыс жасаудың жаңа жолдарын қарастыру, жоспар құру; Жұмыс бағыттары

 Психологиялық кеңес беру

 диагностика жүргізу

 Түзете-дамыту жұмыстары

 Психологиялық ағартуПсихологиялық кеңес беруБілім алушылардың ортаға бейімсіздігінің алдын алу, бейәлеуметтік мінез-құлықтарының алдын алу, түзету бойынша кеңестер беру. Диагностика жасауБаланың жеке портретін қалыптастыру, өзін-өзі бағалау деңгейін, жеке басының проблемаларын, ерекшелігін, басқа балалармен қарым-қатынасқа түсуде кездесетін қиындықтарын, өмірде қиын жағдайға тап болу себептерін анықтау . Түзету-дамыту жұмыстарыТәртібін бақылай алуға, қоршаған ортада өзін ұстай білуге үйрену, айналасындағыларға мейірімді, рухани көзқараспен қарауға, өзіне, өзінің болашағына деген жақсы көзқарасын қалыптастыруға жету жолдарын таңдауға көмектесу, дамыту . Психологиялық ағарту Білім алушылар мен олардың ата-аналарының әлеуметтік- психологиялық, құқықтық, педагогикалық мәдениетін, білімін көтеру бағытында дәрістер оқу Өмірде қиын жағдайға тап болуына қандай себептер болуы мүмкін?

 Ата-анасының ажырасуы

 Ата-анасынан айырылуы (өлім)

 Отбасындағы материалдық жетіспеушілік, баланың қажеттілігін қанағаттандырмау

 Отбасы қолайсыздығы, ата-ананың ішімдікке, нашақорлыққа әуес болуы

 Денсаулығына байланысты мүмкіндігінің шектелуі (бала немесе ата-ана)

 Туған баласынан бас тарту. Қаңғыбастық. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігінің жоқтығы немесе тиісті деңгейде болмауы

 Ата-анасы қамауда отырғандар, ата-аналары ұзақ уақыт емделіп жатқандар, ата-аналық құқықтарынан шектелген, ата-аналары іздеуде немесе із-түзсіз жоғалып кеткендер. Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары

 Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер

 Әлеуметтік-медициналық қызметтер

 Әлеуметтік -психологиялық қызметтер

 Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер

 Әлеуметтік -экономикалық қызметтер

 Әлеуметтік-құқықтық қызметтер

Балаларды тұрмыстағы тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған жұмыстар

 Баланың білім алу үшін қажетті жағдай жасау, оның денсаулығына, физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасау;

 Отбасына көмек ретінде оқушыға мектептен берілетін тегін тамақ, материалдық көмек ұйымдастырылады. Баланың жеке жағдайын ескере отырып, денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған жұмыстар

 Жыл сайын медициналық тексеруден өткізу,

 балаға емдеу шараларын ұйымдастыру ;

 баланың тұрғылықты орнындағы санитарлық-гигиеналық жағдайларын тексеру, ата-аналарына бала денсаулығын нығайтуда мезгілімен тамақтануға кеңес беру ;

 Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына семинар өткізу. Баланың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың психологиялық жағдайын түзеуді қарастыратын қызметтер

 Психологиялық диагностика жүргізу;

 денсаулығына байланысты түзету сабақтарын жүргізу;

 ата-ананы психологиялық жағынан сүйемелдеу

 Жеке сөйлесу, әңгімелесу, кеңес беру, тыңдау, күйзелістен шығу жолдарына бағыттау;

 Оқуда, әңгімелесуде, көңіл-күйлері нашар кезде әлеуметтік-психологиялық оңалту және алдын алу жұмыстары. Даму мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды педагогикалық түзеуге және оқытуға бағытталған жұмыстар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата - ананың бала тәрбиесіндегі жіберілетін қателіктер
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінін негізгі міндеттері
Құрандағы ахлақ мәселесі
Психология салалары. Отбасы психологиясы
4-7 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МАЗАСЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖОЛДАРЫ
Қайырымдылықтың қалыптасуы мен көмектердің қоғамда орнығуы
Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшелігі
ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшеліктері
Психологиялық факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz