Әлеуметтік жетімдік мәселелері


Әлеуметтік жетімдік мәселелері.
Жетімдік - баланың әлеуметтік, психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айырылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық, әлеуметтік жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоғалады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей басады. Эмоционалдық-танымдық талпынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі. Жетімдік екі түрге жіктеледі:
- әлеуметтік жетім - ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата-ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу;
- тұл жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады.
Қазір 2014 жылда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер. Республика бойынша жетім және әлеуметтік жетімдер саны 400 мыңнан астам. Бұл сан жыл сайын 8 мыңға толығады. Сондай-ақ балалар үйлерінде және білім беру жүйесінің басқа да ұйымдарында 11612 бала болса, олардың тек 2106-сы тұл жетім. Қалған 9506 баланың ата-анасы бар. Яғни, әлеуметтік жетімдер [1] .
Әлеуметтік жетімдіктің негізгі себептері:
- отбасы рөлінің төмендеуі; ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігінің төмендеуі;
- отбасының, әсіресе жас отбасының материалдық-тұрмыстық қиындықтарға төзе алмауы, жеңе алмауы;
- мектеп, отбасы және қоғам арасында қарым-қатынастың жетіспеуі;
- отбасылық тәрбие құндылығының тиісті деңгейде насихатталмауы;
- балалар мен ата-ананың денсаулық жағдайы;
- некесіз бала туудың өсуі;
- ажырасу санының артуы.
Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша, елімізде 2012 ж. 4 млн. 300 мың отбасы болса, олардың орташа құрамы 3, 5 адамнан келеді екен. Ал жеті, одан да көп мүшесі бар отбасылар 8 пайызды ғана құрайды. Қазақстанда соңғы 5 жылда некеге тұрғандар саны 683 мыңға жетсе, 179 800 ажырасу тіркелген. Яғни некеге тұрушылар 14, 4 - ал ажырасушы жұптар 21, 6 пайызға артқан. Осы уақыт аралығында дүниеге келген баланың 20 пайызы некесіз туған [2] .
Әр ерлі-зайыпты жұптың баланың болашақ тағдырына жауапкершілікпен қарамауы, сондай-ақ бала алдындағы ата-аналық парыз бен азаматтық сана-сезімінің төмендеп кетуі әлеуметтік жетімдіктің негізгі себебі болу- да. Адам қашанда өзі жасаған іс-әрекетін өзінше ақтайды. Бірақ әрбір отбасында әке мен шешенің рөлі, мәртебесі түпкі темірқазық болып табылатынын ұмытпау керек. Әрбір бала өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге, өз ата-аналарын білуге, олардың қамқорлығында болуға және олармен бірге тұруға құқылы. Әрбір ата-ана өз баласын асырап-бағуға және тәрбиелеуге, денсаулығына қамқорлық жасауға, орта білім алуын қаматамсыз етуге міндетті. Бұл қағидалар халықаралық және ҚР заңнамаларында көзделгенімен, елімізде ата-аналары тірі бола тұра, баласын тірі жетім атандырып, балалар үйінде қалдырып жүрген қандастарымыз көп. Міне, осылайша, қоғамымызда әлеуметтік жетімдік деген ұғым қалыптасқан. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу - мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Тастандылық - жеке адамның өміріне қауіп төндіретіндіктен, оны азаматтық еріктілік деп емес, қылмыс ретінде бағалау дұрыс болады. Заңға кісі өлтіргені үшін қандай жауапкершілік жаза қолданылса, тастандылыққа да тап сондай жаза заң түрінде белгілену қажет.
Адамның қоршаған ортамен тиімді өзара әрекеттесуінің негізгі бір жолы өз өміріне және іс-әрекетіне қауіпсіз қызмет ететін (кепіл бере алатын) үйлесімді, жан-жақты қарым-қатынас орнату болып саналады. Осы байланыстар туылған сәтінен бастап адамның үздіксіз дамуын, әрі жетілуін қалыптастырады. Жабық мекемелерде және балалар үйінде тәрбиеленушілер туралы айтқанда, бұл топтағы балалар ерекше және әр текті құрам.
Балалар үйінде тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктерін шетел (А. Адлер, А. Фрейд, Дж. Боулби, С. Порванс, Р. Липтон, М. Айнсворз, Р. Шпиц, Э. Пиклер, М. Винцежәнет. б. ) психологзерттеушілер белсенді түрде қарастырды. Олар ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, тіпті, өмірінің алғашқы жылында-ақ отбасында тәрбиеленіп жатқан, өзімен жасты балалардан ерекшеленіп тұрады. Ата-аналардың өз балаларын қабылдамауы олардың тұлғалық дамуына ауыр зардап әкелетіндігін айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz