Қоршаған ортаның экологиялық ластануы



Жоспар:

1. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ.
2. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ.
3. ҚОРШАҒАН ОТАНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Бақылау жұмысы

Пәні: Экология және тұрақты даму
Тақырыбы: Қоршаған ортаның ластануы

Орындаған:
Тексерген:

2011ж.

Жоспар:
 
1. Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
2. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
3.  Қоршаған отаның биологиялық ластануы.

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың
негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға кун сайын, сағат  сайын өнеркәсіптің
газ тәріздес, суйык және қатты калдықтары  түсіп отырады.
Осы қалдыктардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға. суға және топыраққа
тусіп, бір трофикалық тізбсктен екіншісінс өте отырып,  адам организміне
келіп туседі.
Бүкіл  жер шарында осы ластаушы заттардың туспеген жері жок деп
 айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы
алайық.Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда турып, ғылыми
бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердін әр турлі улы
заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге баска жерлерден ауа
ағындарымен келіп түскен.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар  өзінің
табиғатына. шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр
түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қыска мерзімде болсад
а адамға әсері - адамның басын
Айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтеледі. Егер де
адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе қатты уланып
есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай  улы заттарға ірі
өнеркәсіптік қалалардың устіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе
өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдыктары мысал  бола алады. Электр
станциялары, түрлі-түсті металл ондіретін зауыттар, химиялық және мұнайды
қайта өндейтін кәсіпорындар атмосфераға түтін шығаратын үлкен мұржалар
арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл
заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа
қосындылар түзеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны  ластаушы улы заттың бірі күкірттін
қос тотығы (SO2) коксхимия зауыттарымен тау-кенөндіру және целлюлоза-қағаз
өнеркәсіптерінің күкірт қышқылына айналады.  Құрамында күкірт қышқылы бар
тұман немесе ылғалды   ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей
қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап иіегеді.
Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана коймайды, сонымен қатар
адамдардың жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түліктін құрамындағы фторлы сутек
адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек
пластмасса қалдықтарын жакканда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда
адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын зақымдап, өкпенің ісік ауруын
туғызады.
Қоныр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл
шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-
жидек өсімдіктеріне де зияның тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген
жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.
Цемент  зауыттарынан шыккан цемент шандары топырақта калий, кальций,
магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын
жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен корғасын бар
металлургия зауытынын қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар
жиналған өсімдікпен адам не жануар коректенгенде олардың денсаулығына қауіп
төнуі мумкін.
Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жекс
басынын і пгнснасыиа байланысты, сн шщымен денсаулығы, жасы мен жынысына
байланысты болып келеді.
Аталған улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру
адамдар өте сезімтал келеді.
Улы заттар адам организміне біртіңдеп жүйелі түрде жинала берсе, онда
созылмалы улануға  ұшырайды. Оның басты белгілері - адамның тез
шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі, ұйқы басуы немесе
ұйқысының қашуы, бейжайлық, ұмытшақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейіннің
төмендеу. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне,
бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір
органдарының созылмалы қабынуына, жүйке жүйесінің өзгеруіне, адам ұрығының
дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады.
Дәрігерлер адамдардың әр түрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі,
катерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтын экологиялық жағдайымен тығыз
байланысты екенін анықтап отыр. Сонымен катар,  никель, бериллий.
бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы баска өнеркәсіп
қалдықтары - канцерогендік заттар болып табылады. Олардың адамдарда қатерлі
ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда балалардың
катерлі ісік аурулары сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте
жиі кездесіп отыр. Ал, химиялық заттармен ластану нәтижесінде бұрын
кездеспеген жаңа аурулар пайда болуда.
Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялык заттардың қатарына
темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі түтінінің құрамына 4 мыңға
жуык химиялық заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың кырыққа жуығы
катерлі ісік ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен катар колқаның созылмалы
ауруын туғызады, сол себептен де темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі
шегетін ата-аналардың жаңа туған нәрестелерінің организміндс улы газ сәби
бойындағы қан құрамында бірнеше сағатка дейін болады. Есірткі заттары да
қолқа, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады. Көптеген органикалық
еріткіштер: авиациялық бензин, желім, бензин, эфир, еріткіштер мен
аэрозольдер буланып ауаға көтеріледі. Егер осы заттардың буы көп мелшерде
организмге түссе жүйкені, миды, асказанды өкпенің ауруын туғызады. Кейде ол
өлімге де әкеліп соғуы мүмкін.
Ендігі жерде біз қоршаған ортаның казіргі заманғы нақты проблемаларына
тоқталамыз.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін томендегідей
топқа бөлеміз:
1. Физикалық ластану - радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу,
шулар және тербелістер.
2. Химиялық ластану - көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды
сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар,
аэрозолдар.
3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар,
қарапайымдылар шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафттарының бүлінуі,
орман-тоғайлардың жойылуы, т.б..
Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз.
-         ластаушы заттардың таралуы;
-         ластағыш биомассаға енуі;
-         ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.
Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды кабылдаған кезде
белгілі бір деңгейге (мөлшерге) дейін ғана көтере алады. Ал, зиянды
заттардың одан әрі организмде көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға
шалдықтырады.
Қоршаған ортаның химиялық ластануынын кейбір түрлері казіргі кезде
глобальды экологиялык проблемаларды туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-
жиі байқалып отырған "Жылу эффектісі'", "Озонның жұқаруы", "Қышқыл
жауындар", "Фотохимиялық тұмшалар" және осылардың әсерінен туындайтын
аурулар.
Адам баласы әсіресе, атмосфера (ауа бассейіні) ауасының ластану
көздерін тереңірек білгені жөн. Жоғарыда біз, атмосфераның ластануына жалпы
сипаттама берсек, ендігі жерде оған толығырак тоқталуды жөн көрдік. Оның
себебі, барлық зиянды заттар атмосфера арқылы түрлі химиялык косылыстарға
айналып, газ, сұйық немесе қоспа түрінде топырак, суға қосылып, одан адам
организіміне түседі.
Атмосферадағы тіршілікке кажетті барлық процестер онын тропосфера
қабатында жүреді. Оның жер бетінен қалыңдығы 10-18 км. қашықтыкты
(қалыңдыкты) қамтиды. Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне және
қоршаған ортаға тигізетін әсеріне токталамыз.
Көміртегі оксиді (СО2) және монооксид (СО). Жалпы отын жаққан кезде
көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның бірі
көміртегі диоксиді — улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның
қанындағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды коспа түзіп, ауру туғызады.
Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп
өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтижесінде,
көміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ке өсіп, атмосферада жылу
эффектісін туғызуда. Ал жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының
орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мұхиттардың
көтерілуі, ауа райынын өзгеруі, қауіпті циклондар мен цунамилар,
шөлейттену, өрттер, т.б.) тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен қатар,
 метан, азот оксиді, озон, т.б. газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз
жебергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін ұзын толқынды жылу
сәулелерін өткізбей, көмір қышқыл газдарының қызып, жалпы атмосфера шегінде
жылу процесін тездетуде. Мәселен, XIX ғасырдың 20-жылдарында көмір қышқылы
газының атмосферадағ мөлшері 0,029% болса, ал 90-жылдары - 0,035%-ке жетіп,
20%-ке көбейіп отыр. Бұл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары
30%-ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орташа температурасы  0,1 0C-қа, ал
2005 жылдары екі есеге өсе түсетіні дәлелденген. Осы мәліметтерді
компьютерлік жүйе арқылы есептегенде жер шарының орташа температурасының
өсуі жақын жылдары 1,5-4,5°С-ка жетуі әбдсн ықтимал.
Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежүзілік мүхиттардың деңгейін 1,5
метрге көтеріп, планетамызда "топан су" қаупін туғызары сөзсіз.
Мұхиттардың денгейінің көтерілуі адамзат үшін қауіпті проблема. осының
бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандыктан оның жүру механизмін бәріміздің
де білгеніміз жөн.
Озонның жұқаруы. XIX ғасырдың 80-жылдарында атмосфера қабатында
озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида
тұсында байкалып озоннын мөлшері күрт азайып, (космостык станциясының
фотосуреті бойынша) ол 7 млн км2 аумақты камтыған. Ал осы жағдай 1992 жылы
Оңтүстік Америка тұсында байқалған.
Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып озонның жұқару себебін
зерттеу басталды. Нәтижесінде, онын негізгі - хлорфторкөміртектік
(фреондар) қосылыстар екені аныкталды. химиялық косылыс атмосфераға
көтеріліп, фотохимиялык ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз
кезегіндегі озон умолекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның
жұқару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК)
сәулелердің елердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға кауіп
төндіреді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ВОЗ) ұйымының мәліметі бойынша
сферадағы озонның 1 %-ке азаюы кауіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні
анықталған. Сол сияқты УК сәуленің жерге көбірек өтуі адам баласының
иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп, жұқпалы аурулардың мендеп кетуіне жол
ашатыны дәлелденіп отыр. Осыған орай, 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін
халықаралық Конвенция қабылданды. Оның мақсаты - озон қабатын бүлдіретін
заттарды шығаруды тежеу немесе токтату. Осы бағьпта Ресей мен ТМД елдерінің
 ғалымдар ұжымы еңбек етуде.
Қышқыл жауындар – атмосфераға байланысты қазіргі кезеңдегі үлкен проблема,
Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид (SO2) пен азот тотығы (NO3 азот қос
тотығы NO2) және азот тетраоксиді (N2O4).
Күкіртті ангидрид. Адам баласы жылу алу үшін көсір мен мазутты жағу
кезінде күкірт ангидриді ауаға түседі. Мәселен, 1 млн тонна көмір жаққан
кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде
емес, оның күкірт тотығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау
Экологиялық сақтандыру
Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы
Табиғи ресурстардың классификациясы Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері туралы ақпарат
Қоршаған ортаның ластануы: экологиялық мәселелер
Қоршаған ортаның ластану мәселесінің салдары
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Табиғи ортаның антропогенді ластануының биоиндикациялау бағдарламаларымен жумыс жасау
ҚР қоршаған ортасының қазіргі күнгі күйі. Физикалық, химиялық, биологиялық әсерді шекті мәнге дейін азайтуға бағытталған білім мен дағдыларды қоғамның пайдалана білуі. Сыртқы әсерлерді азайту
Қоршаған ортаның негігі конвенциясы және хаттамалары
Пәндер