Волейбол ойынының ереже талабы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Картинки по запросу абай университет логотип Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Казахский

национальный педагогический университет имени Абая

Филология және көптілді білім беру институты/

Институт филологии и полиязычного образования

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Волейбол ойынының ереже талабы

Студент : Орынбасаров Арман Ниетбайұлы

Тексерген: Мендығалиева Шолпан

Алматы, 2020

Тосқауыл қою түрлері

- Топтық тосқауыл қою;

- Жеке тосқауыл қою.

Ойынның әр элементтік қимылдарын айта отырып, жаттығудың түрлі тәсілдерін үйренуде интерактивті тақтаны қолданудың ерекшелігі зор. Спортшы әр жасаған қимылға көңіл бөле отырып, ол әдістердің орындалу тәртібін киномоторикалық әдіс арқылы естеріне сақтай алады. Өзім жетекшілік ететін қыздар волейбол секциясында ақпараттық-технологияны қолдану арқылы ойыншыларды теориялық және практикалық біліммен толық қамтамасыз етемін. Теориялық білім беру барысында волейбол ойынының әдіс - тәсілдеріне көптеп тоқталамыз. Ойынның әдіс-тәсілдерін әр ойыншы тереңінен түсініп, жіті меңгеруі керек.

Жас волейболшыларды кәсіби-педагогикалық дайындау технологиясы оның жеке басының кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттердің, операциялардың, іс-шаралардың тұтас жиынтығы. Мұндай жеке тұлғаның қалыптасқандық деңгейін анықтау, үйрету мен шынықтырудың нақты нәтижелерін айқындайтын көрсеткіштер жүйесі деңгейінде қарастырылады. Бұл дайындықтың мәні ретті, педагогикалық шынайылықты тану үдерісінің қисынына сай, танымдылықты және тәжірибелік сабақтар арқылы жүзеге асып отырады. Оқытушы-бапкердің кәсіби-педагогикалық дайындық технологиясын түзу оның теориялық-әдістемелік негіздемесінің тікелей жалғасы болды.

Волейболшылардың кәсіби-педагогикалық дайындаудың мақсаты мен нәтижесі ретінде, оның тиімділігінің көрсеткіштерін негіздеу мен мақұлдау үшін оның кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастыру қарастырылды. Оның бірқатар негізгі құрамдас бөлімдері болады, атап айтқанда, жеке тұлғаның спорттық-педагогикалық бағыттылығы, субъективті ұстанымы, әдістемелік ұғынуы, рефлексия, педагогикалық іс-шаралар мен операцияларды меңгеруі. Осыған орай, үйрету мен шынықтырудың нақты нәтижелерін айқындайтын мақсаты түзілді. Жаттығу барысында түрлі ақпараттық - технологияларды қолдануда студенттердің ойынға деген қызығушылығы мен ынталары артуда. Жаттығу сабақтарында ақпараттық-технологияларды қолдану арқылы колледж командасы көптеген жарыстардан жүлделі орындарды иеленуде.

Нәтижеге бағытталған құзыретті маман дайындау мақсатында ұсынылған баяндамамның қорытындысы.

Қазіргі уақытта заман талабына сай маман дайындау келешектің кезек күттірмес тапсырмаларының бірі. Спорт жарыстарында әлемдік деңгейде мемлекеттің намысын қорғайтын ұл-қыздарымыздың болуы, сапалы білім нәтижесіне байланысты. Осы бағыт-бағдарды негізге ала отырып жүргізген жұмыстарым бойынша көптеген нәтижеге қол жеткіздім. Колледждің қыздар волейбол командасы қалалық және облыстық жарыстарда өз жетістіктерін көрсетуде. Болашақ жастарға білім берумен қатар, еліміздің намысын қорғап, ұлтына пана болар азамат тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз екенін ескере отырып, шәкірт тәрбиелеу жолында үнемі ізденісте болайық дегім келеді.

Қорғаныс әдістері

Қорғаныс кезіндегі алаңдағы, яғни доп түсетін орынды біліп тұру - ойыншының ерекше қасиеттері болып табылады. Доп төмен қарай және тез берілсе, ондай жағдайды тез бағдарлау, тез қозғалып допқа ұмтылып құлай түсіп, болмаса айналып барып қабылдау - жеңіс бастамасы болып табылады. Демек, доп үнемі бақылауда болады. Бұл әдістерді үйренуде акробатикалық жаттығулардың пайдасы осындайда керек. Сөйтіп, арнаулы дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол айла - тәсілдерін үйренуде негізгі рөл атқарады. Алаңның қарсы бетінде 6 ойыншы қорғаныс жүйесінде алға қарай бұрыш жасап, қарсыластарының шабуылын қайтаруға дайын тұрады. Қарсы беттегі нөмері 6, 3, 4, 2 алаңдарында орналасқан ойыншылар допты өзара біріне-бірі беріп, тордың үстінен шабуыл жасайды. Яғни, шабуылшы допты бар күшімен қарсыластарына қарай ұрады. Осы кезде қарсыластар тобы тосқауыл қояды. Осы сәтте, 6-нөмірдегі ойыншы 2-нөмірдегі шабуылшының орнын қорғауға барады.

Қазақстандағы волейбол

Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 - 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.

Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі жылдамдықпен орындай отырып, адам ағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әсер алады.

Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа бөлініп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде волейбол ойынының маңызы зор

Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге, ден саулықты сақтауға, көңіл күйін котеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Волейбол ойын ережесі
Волейболда допты берудің тәсілдері
Аяқтары иық жалпақтығында
Команда құрамы және ойыншыны айырбастау
Волейбол ойыны ережесі
Волейбол ойынының ережелері және төрешілік ету
Ойыншы торға тиіп кетсе
Допты қабылдау
Ойыншыларды алаңға орналастыру
Волейболдың даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz