Ұлттық ойындар - рухани мәдениетті қалыптастыру жолы


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Казахский
национальный педагогический университет имени Абая
Филология және көптілді білім беру институты/
Институт филологии и полиязычного образования
РЕФЕРАТТақырыбы: Ұлттық ойындар - рухани мәдениетті қалыптастыру жолы
Студент : Орынбасаров Арман Ниетбайұлы
Тексерген: Мендығалиева Шолпан
Алматы, 2020
Ұлттық ойындар - рухани мәдениетті қалыптастыру жолы
Елімізде қазіргі уақытта тарих, археология, сәулет және мүсін өнерінің жылжымайтын ескерткіштері 25 мыңнан астам, 11 мың кітапхана, 147 мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық мұражай, 215 мұрағат бар деп есептеледі. Сонымен қатар спорттық ойындар, ат ойындары, жалпы атадан мирас болып келе жатқан ұлттық ойындарды сақтап насихаттау - Рухани мәдениетімізді дамытады. Рухани мәдениет дегеніміз ол сол ұлттың - тілі, діні, салт-дәстүрі, өнері, әдебиеті және бұларды ұлттық мейрамдарда, ұлттық ойындарды көбірек көрсету арқылы дамытып, әрі қарай сақтауға болады, ұрпақтан ұрпаққа таратуға болады. Егер де қазақ халқының ұлттық ойындарына назар аударып көрсек, ол оның көшпенді мал шаруашылығымен айналысатынына және жазық, кең далада өмір сүретініне байланысты, соған лайықталынған ұлттық ойындар. Қазақ балалары ерте заманнан - ақ өмірде кездесетін түрлі заттарды өздеріне икемдеп, ойыншықтар жасап, ойын түрлерін молайтып отырған. Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады. Ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері өте көп. Солардың қай - қайсы да адам игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, дененің шынығуын қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Қыз қуу», «Ұшты - ұшты», т. б. ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді. Қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - десе, Кеңес одағының батыры, қазақтың даңқты батыр ұлы - Б. Момышұлы: «Асық - үлкен халықтық тәрбие», - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Этногроф ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бiзге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерiнде б. з. б. бiрiншi мыңжылдықта-ақ қалыптасқан деседі. Олардың iшiнде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерiнде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңiнен тарады. Жалпы бiздiң қоғамыздағы ұлттық ойындардың негiзi, шығу тегi халқымыздың көшпелi дастүрлі шаруашылық әрекеттерiнен бастау алады. Этнограф-ғалым Ә. Диваев өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Ол бірінші топқа рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топқа - қозғалыс ойындарын, үшінші топқа - спорттық ойын түрлерін жатқызады. Қазақтың ұлттық ойындарын кеңінен зерттеген этнограф халық ойындары баланың қимыл-қозғалысын дамытып, денесін шыңдап қана қоймай, денсаулығын жақсартушы бірден-бір пайдалы дүние екенін мойындаған. Сонымен қатар орыс ғалымы А. Алекторов та - қазақ балаларының ұлттық ойындарына кеңінен тоқталғандардың бірі. Ол өзінің «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегінде көшпелі қазақ халқының өмір сүру салтындағы ұлттық ойындардың алатын орнын, дүниеге келген сәбидің өсу динамикасына, олардың денсаулығының артып, дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы сол ойындардың пайдалы жақтарын ашып көрсеткен екен. Жалпы ойын түрлерінің ішіндегі аса ұқыптылықпен және ептілікті қажет ететін ер балаларға тән ойын түрі - «Асық ойыны». Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі - сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан, шеңбер, және алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған. Және бұлар бір - біріне өте ұқсас келеді. «Үштабан» ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді. Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі жиып иіреді. Қімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем, не болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады. «Алтыатар» ойыны бұдан басқаша. Көндегі кенейлердің бір шетіне түпте қалған (сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің арасында саңлау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м жерден су (сызық) ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді. Кімде кім түптегі сақаны жұлып кетсе (судан шығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей кенейді ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны - 6 рет. Алғаш сақасы шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған кенейдің бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі. «Шеңбер» ойыны аса ептілікпен дәлдікті қажет етеді. Жалпы асық ойынының әрқайсысы баланың дәлдікпен ойлау қабілетін және жеңу мақсатын алға қоя отырып, басқалардан озам деген талпынысты оятады. Қатысатын адам саны - 6 адамға дейін. Екі адам бір-бірінің қолынан ұстап бір нүктеден айнала шеңбер сызады. Әр қатысушы 1 немесе 2 асықтан қатысушылар санына байланысты, шеңбердің ортасындағы сызыққа тігеді. (4 адамға дейін - 2 асықтан, 6 адамға дейін 1- асықтан) Асықты иіру арқылы асық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz