Инфляцияның мәні, түрлерi


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кiрicпе 3

І бөлім. Инфляцияның мәні, түрлерi 5

І. І Инфляцияның мәні 5

І. ІІ Инфляцияның түрлерi 8

ІІ бөлiм. Инфляцияның әлеуметтiк- экономикалық себептері

және салдары 12

ІІ. І. Инфляцияның әлеуметтiк - экономикалық себептері 12

ІІ. ІІ. Инфляцияның әлеуметтiк-экономикалық салдары 16

ІІІ. Инфляцияның Қазақстандағы инфляциялық процестерді статистикалық талдау және болжау 19

Қорытынды 35

Қолданған әдебиеттер 36

Кіріспе

Бұл курстық жұмысымның тақырыбы: «Инфляцияның мәні, түрлері және әлеуметтік - экономикалық себептері мен салдарлары» деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп оның бүгінгі қоғамдағы, экономикамыздағы көкейкесті мәселелердің бірі болуында және экономикалық теориядағы өзектілігінде болып отыр. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде ұзақ жылдардан бері өмір сүріп келеді. Инфляция қалыптасулары бір-бірімен байланысты ақшамен бірге пайда болған және ол тарихи тұрғыда сонау АҚШ еліндегі үлкен бір дағдарыс есебінен туды дейді.

Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда өте кеңейе түсті. Инфляция түсінігі тауар айналымы қажеттілігінің ақша масса айналымы мен шексіз толып кетуі, тауар бағасының өсуі және ақша бірлігінің құнсыздануы жалпы, дәстүрлі түсінік. Инфляция тауар бағаларының өсуінде жүргенімен, бұл таза ақша феноменына ғана қатысты болуы мүмкін емес және де барлық бағаның міндетті түрде шоғырлануы деген сөз емес. Сондықтан да бұл өте күрделі әлеуметтік -экономикалық құбылыс.

Қазір де әр түрлі бағаның өсуі инфляция болып табылады ма деген сұрақтар талқылануда. Тауар өндіруге жұмсалған шығындардың жоғарылауы инфляциялық фактор емес деп, ал ақша айналымына байланысты баға өсуі инфляциялық фактор болып саналды. Көптеген Россиялық экономистер және олардың бастысын әріптестері әр түрлі баға және тарифтердің жоғарлауы инфляция болып табылады деген пікірмен келісетін инфляцияның көп факторлы теориясының позициясын ұстанады.

Бұл курстық жұмысты таңдаған мақсатым - Қазақстан Республикасына және де өзге мемлекеттерге қаржы мәселесінің қандай сипаты тиетінін жақсы танығым келеді және әр елдегі инфляцияның зардаптары мен себептерін талдай келе, оларды Қазақстан Республикасының экономикасымен салыстырғым келеді.

Бұл жұмыс отандық және шетелдік әдебиеттерде өте кең ауқымда зерттеліп жазылған. Осы жұмысты жазу барысын да оқулықтармен қатар ағымдық баспасөздері, статистикалық мәліметтерді де пайдаландым.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалуы керек:

  • Инфляцияның мәнін ашып, пайда болу себептерін атап, түрлерінкөрсету.
  • Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктерінатау және де Қазақстандағы ерекшеліктерін көрсету.
  • Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат жолдарын анықтау.

Жұмыс ІІІ бөлімнен тұрады:

І бөлім. Инфляцияның мәні, түрлері

ІІ бөлім. Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары

ІІІ бөлім. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері

І бөлім. Инфляцияның мәні, себептері және түрлері.

І. І. Инфляцияның мәні және пайда болу себептері

Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция- қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның керінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салдары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкала тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соктырды. Франция 1789-1794 жылдары революция кезінде өндірілген кағаз ассигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.

Алғашқы рет "инфляция" деген үғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде (1851-1865ж. ж. ) орасан зор гривналар ақша орнына қолданылған күміс кесек 450млн доллар шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем кабіліеті 2 жылдың ішінде 60 процентке дейін төмендеді.

Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциясын стихиялык реттеу, соның ішінде ақшаның қазына жинау құралы қызметі механизмін атқару кезеңінде қалыптасқан айналым саласында, алтын монометаллизм жағдайында инфляцияның созылмалы ауру ретінде дамуына кедергі жасалды. Еркін бәсеке кезеңіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстар, стихиялық апатта кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айырбасталуының тоқтатуы кезде пайда болды. Капитализмнің жалпы дағадарысы кезінде инфляция жалпы созылмалы сатып алып, маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемалардың біріне айналады.

Енді инфляция дегеніміз не, осы сөздің басын ашып алайық. Инфляция латын сөзінен алғанда inflatio- көтерілу, ісіну, қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік- экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өнімдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіререді. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардаптың ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрыңғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның кұнсыздануы халықтың әл- ауқатының дәрежесіне әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің кетерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық - түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

Инфляция кешенді себептердің негізінде пайда болады
және оның маңыздылары болып мыналар саналады: мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы, оны азайту мақсатында мемлекеттік
бағалы қағаздар немесе жай қағаз ақшалар шығарылады.
Тұтыну игіліктерінің көбеюіне айналмайтын, адамзат еңбегінің
маңсатынсыз шығындарына жол беретін мемлекеттің өндірістік емес шығындары, әсіресе әскери шығындар.

Сұранымды ұсынымнан алшақтататын тауар тапшылығы және соның негізінде бағаның өсуі, бірқатар өндірушілердің аз өнімдеріне, олардың тұтыну сапасын арттырмай- ақ жоғары баға қою және негізінен қымбат тұратын өнім шығаруға мүмкіндік беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақының
өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтауы және басқа себептер. Бұл себептер мемлекетттік бюджеттің тапшылығының тұрақты ұдайы өндірілуіне және жиі - жиі артық ақша эмиссиясына, эмиссия - айналысқа ақша және бағалы қағаздар шығару жағдай жасайды.

І. ІІ. Инфляцияның түрлері.

Шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты үш түрге бөледі:

- баяу немесе сұлама инфляция;

- қарқынды инфляция;

- ұшкыр инфляция.

Баяу инфляция кезінде баға жай өседі, жылына 10 %- тен аз, ақша негізінде өз құның сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекетте төтешне жағдай да тап болмайды. Мұндай кезде халықта да, мемлекетте төтешне жағдай да тап болмайды. Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20-дан 200%-ке дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп, ол бағаның одан әрі өсуіне әкеп соқтырады. Біздің елде болып жатқан ақшаның құнсыздануы инфляцияның осы түріне жатады. Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен 1000%- тен жоғары. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды.

Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе- теңдік формаларына байланысты ашық және басылыңкы деп бөледі. Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын - оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің байлауымен сыйыса береді, ал ол ашық инфляцияның нарық механизмін едәуір бұрмалағанымен әйтсе де оны толық бүлдіре алмайтынын керсетеді.

Жасырын инфляция деп аталатын басылыңкы инфляция реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығына, өнімнің сапасынын нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада бартерлік айырбастың дамуында көрінеді. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал жөне тауарлар мен қызметттерді бөлу өлшемі кызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе - теңдік бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесінде пайда болады. Бұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр.

Басылыңкы инфляция өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді. Басылыңкы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе - теңдігі бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен туады, онда ақшалар жалпы төлем құралы және тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан калады. Егер біздің осы уақытқа дейінгі экономиканы алсақ, онда ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы инфляция жағдайында болды. Және болашақ экономика үшін бұл қауіпті емес, одан әлі де болса құтылуға болады.

Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты екі типке бөледі:

- сұраным инфляциясы;

- өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық ұсынымның азаюының нәтижесінде болатын инфляция (ұсыным инфляциясы) . Сұраным инфляциясының мәнін бір сөзбен былай деп сипаттауға болады: "Тым көп ақшалар тым аз тауарларды аулайды". Сұраным инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады. Мысал ретінде біздің экономиканы алсақ, онда ұзақ жылдар бойы жасанды түрде төмен жұмыссыздық деңгейі сақталады. Оған табыссыз жұмыс орнын, ең көп еңбек шығынын қажет ететін өндірісті сақтау арқылы қол жетті. Ал жалақының еңбексіз табылған табысқа айналуы, оны сұраным инфляциясына айналдырады, бағаны өсіреді.

Ұсыным инфляциясы ұсыным мен шығындарды өзгерту нәтижесінде болуы мүмкін. Ұсыным инфляциясының екі түрі бар:

- жалақының өсуі әсерінен болатын инфляция

- ұсыным экономикасы механизмінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын инфляция.

Инфляцияның сипаты қоғамдық ұдайы өндірісті дамыту барысында елеулі түрде өзгереді. Осыған байланысты инфляцияны кейбір елдерде орын алатын жергілікті инфляция, барлық елдерді қамтитын бүкіл әлемдік инфляция, елде бір ішкі экономикалық факторлардын әсерінен болатын индуцироланған инфляция, мөлшерден тыс несие инфляция, сыртқы себептерден туындайтын сырттан әкелінген және сыртқа шығарылатын инфляция, инфляциялық процестің бірқалыптылығы еместігінен байланысты болатын сатылы инфляция деп ерекшелейді.

Инфляция балансталған, тепе - теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.

Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен ершитін инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны "жоспарлайды", мысал ретінде Ресей Федерациясыньщ, Қазақстанның 1991жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарлату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.

Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп, артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемделенеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі "инфляцияны күту" басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар рынокка сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жасайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету ол тауар тапшылығына, өнімнің сапасынын нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада бартерлік айырбастың дамуында көрінеді. Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің кетерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық - түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

Инфляция кешенді себептердің негізінде пайда болады
және оныц маңыздылары болып мыналар саналады: мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы, оны азайту мақсатында мемлекеттік
бағалы қағаздар немесе жай қағаз ақшалар шығарылады.
Тұтыну игіліктерінің көбеюіне айналмайтын, адамзат еңбегінің
маңсатынсыз шығындарына жол беретін мемлекеттің өндірістік емес шығындары, әсіресе әскери шығындар.

Сұранымды ұсынымнан алшақтататын тауар тапшылығы
және соның негізінде бағаның өсуі, бірқатар өндірушілердің аз өнімдеріне, олардың тұтыну сапасын арттырмай- ақ жоғары баға қою және негізінен қымбат тұратын өнім шығаруға мүмкіндік беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтауы және басқа себептер. Бұл себептер мемлекетттік бюджеттің тапшылығының тұрақты ұдайы өндірілуіне және жиі - жиі артық ақша эмиссиясына, эмиссия - айналысқа ақша және бағалы қағаздар шығару жағдай жасайды.

ІІ бөлiм. Инфляцияның әлеуметтiк- экономикалық себептері

және салдары

ІІ. І Инфляцияның әлеуметтік- экономикалық себептері

Инфляция - ақша жүйесінің дағдарысты жай күйі. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады: айналысқа артық ақшаның шығарылуы; қолайсыз төлем балансы; үкіметке сенімнің жоғалуы.

Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өcyi тұрғысында түсіндірліп келді. Әлі де 6ірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде аньқтайды. Алайда инфляцияньң тауар бағасының өcyіндe көргенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік - экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканьң қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бipi болып есептеледі.

Бүгінде инфляция бағаның өcyi нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама - қайшылықтары ceбeпшi болады. Инфляцияның әуел бастағы ceбeбi - ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кipicтepi мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтытар.

Инфляцияның iшкi және сыртқы факторларын (себептері) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай - монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары - бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік - саяси сиппаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік каржының дағдарысы бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өcyi, ақша эмиссиясы, сондай - ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өcyi және басқалары жатады.

Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады. Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция - бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндipic дамуындағы, басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты алшақтықтың көpiнici.

Инфляцияның ic - әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:

  • белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
  • инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет қаржыландырудың ауқымы;
  • мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
  • мемлекеттік берешектің көлемі.

Нарьқтық экономиканың механизмі - бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның төмедеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбү Микроэкономиикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың темендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, рынокта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығьшдарын төмендетуге мәжбүр болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның мүмкіндік жасайды.

Жалпы инфляцияньң себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарьнан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсідігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады.

Инфляция сырқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл - импорталатын және экспорталатын инфляция. Бірінші жағдай да ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімімен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк naсивтеpi аpтады, мұның өзi оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік бepeдi, ұлттық валютада номиландырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өcyiнe соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың болады Инфляция сырқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл - импорталатын және экспорталатын инфляция. Бірінші жағдай да ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімімен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк naсивтеpi аpтады, мұның өзi оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік бepeдi, ұлттық валютада номиландырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өcyiнe соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың рыноктердегі үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және комерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өcyiнe соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың рыноктердегі үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды.

Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және комерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

Инфляцияның көріну нысаны - ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтерлуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдалығының тиісінше төмендеуі.

Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс icтey негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын тауар, төлем айналымына қызмет көрсетуге отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Бipaқ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық заттай компоненттерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді.

Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы өндіріс процестерінде метериалдық ағындарға қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны үйлесімді өcyi тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бсрмейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмip сүруінің себептepi де болып табылады.

ІІ. І. Инфляцияның әлеуметтік- экономикалық салдары.

Инфляция кезінде өндіріс карқыны төмендейді, экономикалык өсудін пропорциясы бұзылады, ақша - несие, қаржы жөне валюта механизмі бүлінеді, елде әлеуметтік - экономикалық тұрақсыздық күшейді. Инфляция халыкаралык экономикалық қарым - қатынастарды. жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең пайдалы салдарына салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Инфляция туралы
Инфляцияның экономикалық салдарлары
Инфляция деңгейін өлшеу
Инфляцияның мәні, себептері және түрлері
Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктері
Инфляцияның пайда болу себептері және даму факторлары.Инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның мәні және мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz