Футболдың тарихи маңызы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Казахский
национальный педагогический университет имени Абая

Филология және көптілді білім беру институты
Институт филологии и полиязычного образования

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Футболдың тарихи маңызы

Студент : Орынбасаров Арман Ниетбайұлы
Тексерген: Мендығалиева Шолпан

Алматы, 2020
Футболдың тарихи маңызы

Футбол -- (ағылш. Foot -- аяқ, bal -- доп) спорттың командалық ойын түрi. Футбол -- әлемге aсa тaнымaл ойындaрдың бiрi. Ойынның негiзгi мақсаты қaрсылас команданың қақпасына аяқпен немесе бaсқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қaрсылас комaнда салған сaннaн көбірек доп салу болып табылады[1]
Футбол - әлемге танымал ойындардың бірі, оның тарихы бiрнеше ғасыр уақытты қамтиды. Доптың қатысуымен футболға ұқсас ойындарды Ежелгі Шығыста (Египет, Қытай), aнтика әлемінде (Греция, Рим), Франция мелекетінде (па супь), Италия (кальчио) мен Англияда ойнаған. Қазiргi еуропалық футболдың арғы тегi римдiк гарпастум ойыны болса керек. Допты екі тiреудiң ортасынан өткізуге негізделген бұл ойын кезінде әскери легионерлердi жаттықтыруға арналған спорттың бір түрі болғaн көрінеді. Футболға ұқсас ойын туралы б.з.б 1900 жылы Ежелгі Мысырда белгiлi болған. Ежелгі Грецияда халық арасында доп ойыны б.з.б. IV ғасырға. дейiн белгiлi болған. Бұғaн Афины мұражайында қазіргі уақытқа дейін сақталып тұрған доп ойнаған баланың суреті дәлел бола алады. Спарта сарбаздарының арасында эпискирос атты доп ойыны өте жиі кездесетiн. Қолмен де, аяқпен де ойнайтын ойынды римдіктер гарпастум (қол добы) деп атап, олар ойын ережесін бірнеше рет өзгерткен. Ойын қатыгездікпен ерекшеленетін. Римдік шабуылшылардың арқасында б.з.д. I ғасырда доп ойыны Британ аралдарына тарап, жергiлiктi тұрғындар: бриттер мен кельттер арасында үлкен қызығушылыққа ие болған. Бриттер б.з. 217 жылы Дерби қаласында алғаш рет римдiк легионерлерді тізе бүктiрiп, ойынның дамуына өз үлестерін қосқан болатын[2].
Спорт падишасы саналатынфутболатауының ойыны әлем бойынша жанкүйерлер миллиондап саналады. Күн сайын теледидарға қарап, футбол көретiн, жаңалықтарынан хабардар болып отыратын жанкүйерлержетерлiк. Футбол титойынының қалай дүниеге келгенін, осы күнге дейiн қалай жеткенін бiреу бiлер, бiреу бiлмес. Өзге құбылыстар секiлдi әр ойын түрлерінің шығу тарихы бар. Оның iшiндефутболойынының тарихы тым тереңде. Аяқ доп ойынының алғашқы түрлерi ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Рим елдерінде пайда болып, кейіннен Франция мен Италияда дамыған.
Футболға ұқсас ойын түрiн үндi елi Тапа Банка Яп (допты лақтыру)деп аталса, Эскимостар тунгатгак, Қытайлар цуцзю деп атаған. Францияда па супь, Италияда кальчио деп атаған. Римдіктер гарпастум (қол добы) деп кеңінен тараған. Бұл ойынды қолмен де, аяқпен де ойнаған. Бұл ойынның қатыгездікпен ерекшелінетін ережесі сан рет өзгерген. Деректерде Англияда аяқ доп ойынының 1660ж таққа ІІ Карл отырғанда сарай маңындағылар ойнай бастаған. Орта ғасырларда Англияда футболды асқан құмарлықпен және дөрекі түрде жабайылықпен ойнайтын болған.Ойнаған кездерінде көшенің астын үстіне шығаратын.
Б.з. V ғасырда бұл ойын Рим империясымен бiрге жоғалып кеткенiмен, ойын ережелерi еуропалықтардың, әсiресе, итальяндықтардың естерiнде қалған. Тiптi, эмоцияларын сыртқа шығармаған, тұйық мiнездіЛеонардо даВинчидiңөзi де сол ойынға қызығатын. XVII ғасырда дарға асып өлтiрiлген I Карлдың жақтастары Италияға қашып, сол жерде осы ойынмен танысқан. Кейiн 1660 жылы таққа II Карл отырғанда олар бұл ойындыАнглия елiне әкелiп, сарай маңындағыларға үйреткен.
Бүгiнгi біздің әңгiмемiз футболдыфутболетiп тұрғанқақпа жайлы болмақ. Ең қызығы бiрiншi шыққан қақпа екi тiк тұрған ағаш тiреуiштен тұратын. Қақпада ешқандай маңдайша болмағандықтан, көп жағдайда даулар мен келеңсіз оқиғалар орын алып отырған.
1866 жылдан бастап, екi тiреуiштің арасыжіппен керуміндетті ойын ережесіне енді. Осының арқасында қақпаның биіктігін бір деңгейге бекiту іске асырылып, түрлі дау-жанжалдардың пайда болу ықтималдылығын төмендеттi.
1875 жылдан бастап Шеффилдфутболқауымдастығының бастамасымен қақпаға қатты материалданмаңдайшаны орнату туралы қаулы шықты. Дәл сол жылы қақпалардың өлшемдері бекітілді.
Шотландықтар мен ағылшындар футбол ойнағанда өлiп тiрiлгенiне қарамайтын, жұлысып, тармасып тартысып, тебiсiп, аузы мұрнын қанатып, iсiнiп, нағыз жабайылықпен ойнайтын болған.Сондықтан билiк футболға қарсы барлық амалдарды жасаған. Тiптi король футболойнауға тыйым салатын арнайы жарлықтар да шығарған.
Мәселен 1314ж король Эдуард ІІ Лондон тұрғындарына қала iшiнде доп ойнауға тыйым салған. Тыйымды бұзғандар абақтыға жабылған. Тiптi 1389ж король Ричард ІІ сарай маңында доп тепкендердi өлiм жазасына кескен. Бiрақ Англияда бұл ойын танымал болғаны соншалық король жарлықтары да мұның алдында жарамай қалды. Алғаш рет дәл осы ойын Анлияда бұл ойын Футбол деген атпен атала бастады. Футболдың отаны Англия дейді.
1863ж Англияда алғашқы ережеci бекiтiлiп, қауымдастығы құрылды. Алғашқы ереже бойынша ойынды қолмен ойнауға мүлдем тыйым салған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті және спорт тарихы. Футбол
Аяқ ұшымен соғу
Алаң ойыншысы мен қақпашының ойын техникасын сипаттау
Футбол
Қазақстан Ұлттыұ футбол құрама командасы
Спорт падишасы саналатын футболдың шығу, таралу тарихы
Футбол ойынының шығуы мен дамуы
ЖОО-да ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттерді қашықтан оқытудың шетелдік тәжірибесін талдау
Футбол тарихы
Футболдың таралу тарихы
Пәндер