Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Малдың уланулары пәнінен Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану себептері, клиникалық белгілері, сақтандыру шаралары тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 28 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.

Анықтамалар

Алкалоидтар- өсімдіктерде кездесетін мысалы құрамында азотты органикалық негіздері бар заттар.
Гликозидтер -сумен қосылып ыдырағанда глюкоза және аглюкондар түзетін , эфирге ұқсас азотсыз, оргоникалық қосылыстар
Ингаляциялық наркоз - тыныс жолдары арқылы берілетін наркоздың түрі
Инсуффляциондық әдіс - бұл әдіс наркоздық заттардың кеңірдекке немесе бронхыларға үрлеп берілуі.
Резорбтивтік әсер- наркоздық заттардың қан тамыр жүйесіне қолайсыз әсер етеуі.
Флакондар мен ампулалар - дәрілік сұйық заттар ауа өткізбейтін ыдыстар
Релаксанттар - дитилин, диплацин накоздық әсері бар препараттар фитотерапия - өсімдік тектес шөп дәрілермен емдеу.
Тұнба - дәрілік өсімдіктен демдеп, сүзіп алған сұйықтықтық
Экстракті - дәрілік өсімдіктен сығылып алынған сірінді
Драже - домалақ түрдегі дәрілер

Белгілер мен қысқартулар

Г - грамм
Сағ - сағат
Мм - миллиметр
Квт - киловольт
Кг - килограмм
СКЖЗ - синтетикалық кір жуғыш зат
О - градус
Мкм - микрометр
Км - километр
Т - тонна
Мс - метрсекунд
ПВС -поливинилді спирт
Ә.б. - әсер бірлігі

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.102 -68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплектілігі.
МЖМБС 2.104 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің классификаторы (ЭҚТБӨК)
МемСТ 12.1.008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі
МемСТ 26668 - 95 - Сынама алу
МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631 - 85 - Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

Мазмұны

Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану ... 9
1.2 Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .11
1.3 Шығыс меңдуанасы (Белладонна, Atropa belladonna) ... ... ... ... ... ... .11
1.4 Сасық меңдуана (Дурман, Datura stramonium) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.5 Меңдуана (Белена, Hyoscuamus) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.6 Дақты у балдырған (Болиголов пятнистый, Conium maculatum) ... ... ... 15
1.7 У қорғасын (Аконит немесе борец, Aconitum) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .17
1.8 Орталық нерв жүйесіне ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен уланулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Кіріспе

Кең байтақ Қазақстан республикасының жерінде бағытыраңқы орналасқан малшаруашылықтарының малдардың ішінде әр түрлі азықтардың құрамындағы улы заттармен уланулары жиі кездесетін жағдай. Бұған себеп жер көлемі үлкен болғандықтан және табиғаттың әр түрлі құбылмалы әсерінен онда өсетін өсімдіктер фаунасы да неше түрлі алуан, құбылмалы болып келеді. Малдардың улануының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Уланумен бір екі бас мал ғана емес , көптеп мплдардың топ-тобымен ауруы, ауыр жағдайда көмек көрсетіліп үлгерілмегенде уланған малдың кенеттен малға өлім жетімге ұшырауы аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы жедел көмекке емдеп жазуға жұмсалатын қаражат шығындары шаруашылықтардың , жеке қожалықтардың қаржыларына әсерін тигізері сөзсіз.
Онымен қатар ауылшаруашылық малдардың улануы олардың оргонизміндегі улы заттары өнімдері арқылы өсі төлдерін тіпті адамдарды уландырулары мүмкін.
Кей кезде уланулардан болатын шығын індетті аурулардан келетін шығындардан да асып түсетін көрінеді.
Сондықтан ондай малдарда уланулардың басқа аурулармен қабаттасып асқынған түрлері жиі кездеседі. Көп жағдайларда мал мамандары, күтуші , бақташы адамдар уланулардың табиғатын терең білмегендіктен дұрыс диагноз қоя алмай қалады. Соның салдарынан емдеу, уланудың алдын алу шаралары дұрыс жүргізілмеуі де мүмкін.
Мал мамандары өз шаруашылықтарының шекарасында қандай улы өсімдіктер өсетінін біліп , оған сай карта жасап, онымен малға қатысы бар адамдарды таныстырып отырулары қажет.
Кейбір улы өсімдіктер жайлы қулықтарда , жалпы әдебиеттерде қарама-қайшы деректерде кездесіп қалады. Малдардың көк саңырауқұлақтармен жарақаттанған , ластанған азықтармен уланулары жиі кездеседі. Бұл мәселе осы күнге дейін толық зерттелмеген. Малдардың химикаттармен уланулары да толық жауабын шешпеген мәселе.
Міне осының бәрі осы күнге дейін көптеген уланулардың әлі де болса терең зерттелмей жатқанының куәсі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улануды зерттеу

1 Негізгі бөлім
1.1Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану

Кейбір өсімдіктердің құрамындағы ферменттерге ұқсас заттардың организмдегі витаминдердің алмасуына кедергі жасап, олардың жеткіліксіздігін тудырады. Оған қырықбуынның бірнеше түрлері жатады.
Қырықбуынмен улану. Қырықбуын тамырлы көп жылдық өсімдік 40-қа тарта түрлерінің 5-түрі улы болып келеді. Улы заттары. Алколойд экзивитейн және сапонин тәріздес-экзивитионин. Оның улылығы кептірілген түрінде де сақталынады. өсімдіктегі удың мөлшері 5- ке дейін барады. Эквизитейннің түзілуін көбінесе қырықьуынның саңырауқұлақтармен жарақаттануымен байланыстырады.

Сурет 1 Қырықбуын

Улану жылқыларда ірі қара шошқа қой малдарында кездеседі. әсіресе жылқылар қатты уланып 70- ке дейін өлім жітімге ұшырайды.
Дамуы қырықбуынның құрамында көп жылдық өсімдік 40-қа тарта түрлерінің 5 түрі улы болып келеді. Улы заттары алколойд эквизитейн және сапонин тәріздес-эквизитионин. Оның улылығы кептірілген түрінде де сақталады. өсімдіктегі удың мөлшері 5-ен дейін барады. Эквизитейннің түзілуін көбінесе қырықбуынның саңырауқұлақтармен жарақаттануымен байланыстырады. Улану жылқыларда , ірі қара қой шошқа малдарында кездеседі. әсіресе жылқылар қаты уланып 70-ке дейін өлім жітімге ұшырайды.
Дамуы Қырықбуынның құрамында фермент тиаминаза болады. Ол организмдегі тиаминді бүлдіреді де в витаминінің жеткіліксіздігін тудырады. Ол барып нерв жүйесінің қызметінің апрып бұзылуына апарып соғады. Улы зат тиген жерін тітіркендіру процесін тудырады. Қанға сіңіп жалпы организмді уландырады. Қабынудың белгілері асқорту жүйесінде бауырда бүйректерде байқалады. Бауырда зат алмасу процесі ьұзылып паренхиматозды сары ауру пайда болады. Бүйректерде нефрозға тән өзгерістер болады.
Өлекседегі өзгерістер. Асқазанның шелі сарғайған плевра іш қуыстарында транссудат. Жүректің көлемі ұлғайған еті борсаң сұрғылт түсті. Бауыр босаң, қара қошқыл түсті. Бүйректер ұлғайған асқазан мен ішектер қабығынан кілегей қабықтары қанталаған. Сондай-ақ эпикард, эндокар, плевра шажырқайлар да қанталанған. өкпелі , орта ми және жұлын қанға толған.
Белгілері. Ірі қара малдың күйіс қайыру жоқ, іші өтеді, нәжіс қара түсті, жағымсыз иісті. Дене қызуы төмен, несеп қызыл түсті, сирек бөлінеді. Сиырлардың сүт беруі азайып барып тоқтайды. Сүт көк түсті , су тәріздес майы өте аз. Арты аяқтары шатқаяқтанып кейде салданып қалады. Буаз малдардың іш тастауы мүмкін. Жылқыларда нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Көзі аларып тынышсызданып, секіріп, бір орнында тұрақтамайды. Артқы аяқтары қиралақтап қалады. Оны суретте басып сүріне береді. Жай тұрғанда басы салбыраған көңіл күйі төмен. Жылқы малы көбінесе түрегеп тұрады да артқы аяқтары толық салданғанда барып құлайды. Құлағанда бір жақ жанына жатып алдыңғы аяқтарымен суға жүзген тәріздес қимыл жасайды. Ал артқы аяқтары қимылсыз қалады. Бұлшық еттерінің тартылғаны байқалады. Жүректің қызметі нашарлайды ішектің жиырылуы нашарлайды ішектің жиырылуы үдей түседі, кілегей аралас нәжіс бөлінеді. Мал тез арада арықтай бастайды. Аурудың барысы жіті және созылмалы түрде кездеседі.
Анықтау. Жалпы деректер жинау, ауруға тән клиникалық белгілеріне көңіл аудару керек.
Емі рационнан қабырқынуды аластағаннанкейін ауру мал бірте-бірте, өздігінен жазылып кетуі де мүмкін. Аурудың жазылуын жылдамдату үшін венаға бірнеше рет 500-мг-ға дейін тиаминді құю керек. Ауыз қуысы арқылы 0,5 л соданың судағы ерітіндісін береді немесе
Венаға 10 тиосульфат натриидің ерітіндісі жылқыларды тыныштандырады.
Сақтандыру шаралары. Батпақты жерлерді құрғату, дренаждау, известендіру, жемісті өсімдіктердің егу кезегін дұрыс ұйымдастыру, қырықбуын бар жерге жылқы малын жібермеу.

1.1 Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану

Табиғатта адам және мал тіршілігіне керекті өсімдіктермен қатар, олардың өміріне қауіпті улы өсімдіктер де кездеседі. Улы өсімдіктердің таралу аясы өте кең, түрлері алуан түрлі. Олардың химиялық құрамы көптеген ғалымдардың еңбектері нәтижесінде айтарлықтай зерттеліп, бөлетін улары, уытты бастамалары анықталған. Дегенмен, әлі де құрамы толық зерттелмеген өсімдіктер баршылық.
Өсімдіктердің барлығы бірдей улы әсер етпейді. Арасында емдік мақсатта қолданылатын өсімдіктер де жетерлік. Бірақ, ғұлама ғалым Парацельс айтқандай, егер белгіленген ереже, мөлшермен қолданылмаса дәрілік заттардың бәрі у. [2].
Улы өсімдіктерді мал жемейді. Олардың көпшілігінің өзіне тән жағымсыз иісі, дәмі болады. Жайылымдарға және астаудағы азық қалдықтарына ботаникалық тексеру жүргізген кезде, мұндай азықтардың желінбей, сол қалпында қалғанын көруге болады. Егер улы өсімдіктер басқа азықтармен толық араласып кеткенде (сүрлем, күнжара) немесе қатты ашыққанда, мал азықты талғамсыз жейді. Нәтижесінде организм улануы мүмкін.
Өсімдік тектес улардың жалпы қабылданған, арнайы жіктелуі жоқ. Тек, клиникалық белгілеріне қарай жіктелуі ғалым И.А. Гусынинның еңбектерінде кездеседі. Бұл жіктелім, өсімдік құрамында кездесетін улы заттарға байланысты төмендегідей жіктеледі:
Құрамында альколоидтар бар өсімдіктерден улану: у қорғасын (аконит), ақ тамыр (чемерица), сасық меңдуана (дурман), меңдуана (белена), үйбидайық (плевел), у балдырған (болиголов), тегеурінгүл (живокость), итсигек (ежовник) және т.б.
Құрамында гликозидтер және сапонин бар өсімдіктерден улану: қыша (горчица), қарамықша (куколь), беде (клевер), зығыр (лен), жалынгүл (горицвет), оймақгүл (наперстянка) және т.б.
Құрамында эфир майлары бар өсімдіктерден улану: у сарғалдақ (лютик), жусан (полынь), шайқурай (зверобой), кенедән (клещевина) және т.б.
Құрамы әлі толық зерттелмеген өсімдіктерден улану: у кекіре (горчак), сүттіген (молочай), қырықбуын (квощ) және т.б.
Мәдени және азықтық заттардан улану: картоп (картофель), қарақұмық (гречиха), жүгері (кукуруза), тары (просо), қызылша (свекла) және т.б.
Техникалық азық қалдықтарынан улану: күнжара және шроттар.

1.2 Шығыс меңдуанасы (Белладонна, Atropa belladonna)

Қара алқа тұқымдасына жатады, көп жылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 2 метр. Діңінің жоғары сабақтары тармақталып кетеді, жапырақтары жұмыртқа пішінді, ұштары сүйірленіп кетеді, гүлдері қоңырау тәрізді, сұрғылт-күлгін түсті. Жемісі жылтыраған қара түсті, жағымсыз иісі бар. Жабайы түрінде орманда өседі.
Уытты бастамасы: алколоидтар атропин, гиосциамин, скополамин, дюбоизин болады.
Шығыс меңдуанасын ит жидек деп те атайды.


Сурет 2. Шығыс меңдуанасы

Патогенезі. Атропин және гиосциамин орталық жүйке жүйесін қоздырып әсер етеді. Сонымен қатар сілекей, қарын, ішек бездерінің секрециясын баяулатады. Парасимпатикалық жүйке жүйесіне холинолитикалық әсер етіп, ас қорыту жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін күрт төмендетеді.
Сонымен қатар, атропин және гиосциамин жоғарғы мөлшерде орталық жүйке жүйесін алғаш қоздырып, соңынан салдандырады. Ал, скополамин керсінше, мидың жұмысын нашарлатып, тыныс алудың тоқтауына әкеп соқтырады. Бұл алколоидтардың барлығы сүт арқылы бөлініп, уытты әсер көрсетеді.
Балауса өсімдіктердің жағымсыз иісіне байланысты мал жемейді. Басқа да шөптермен араласқан итжидек өзінің иісін жоғалтады. Осының нәтижесінде мал уланады. Сезімтал малдар: жылқы және ірі қара.
Жылқы 120-180 гр, меңдуананың жапырағын, 60-90 г тамырын жесе 5-6 сағаттан кейін немесе 2 күннен кейін уланудың алғашқы белгілері байқалады, қозады, көз қарашығы кеңейеді, кілегейлі қабықтары құрғайды, жүрек соғуы жиілейді, ішектердің жиырылуы нашарлайды, іш кебеді. Біраз уақыттан кейін мал күйзеледі, жалпы жағдайы нашарлайды. Кейбір жағдайда 30-50 сағаттан кейін уланған мал өлімге ұшырайды. [1].
Ірі қара мал шығыс меңдуанасының 30 гр тамырын немесе 60 гр жапырағын жесе уланады, іш кебеді, қатты қозады, құтырудың белгілері байқалады.
Уланудан өлген шошқа өлексесінде микроскопиялық өзгерістер көп жағдайда байқалмайды. Тек уланудың жітілеу түрінде, мал өлексесінің құрсақ қуысында көп мөлшерде сары түсті сұйықтық және бүйрек маңындағы мал клетчаткасында жалқы аяқ болады.
Емі. Алдымен уланған малға танин және құрамында танині бар дәрілік препараттар беріледі.
Жылқыда 1 %-ды танин ерітіндісімен асқазанды тазартады.
Шошқаларға құстырғыш зат ретінде апоморфинді тері астына егеді.

1.3 Сасық меңдуана (Дурман, Datura stramonium)

Сасық меңдуана - қара алқа тұқымдасына жатады, биіктігі 60 см-ден 1 метрге жетеді, сабақтары тармақталған, гүлдері үлкен ақшыл түсті, жағымсыз иісті. Жемісі үлкен 4 ұялы қобдиша тұқымды, бүйрек сияқты дәндері болады. Уытты бастамасы құрамындағы альколоидтар: атропин, гиосциамин, гиосцин, скополамин болады (0,7% дейін). Әсіресе дәнінде көп мөлшерде болады. 100 г шөпті жесе жылқы уланады. 1 кг шөпті жеген шошқа, торайлар және бұзаулар уланып, соңы өліммен аяқталады.
Клиникалық белгілері. Сасық меңдуананы жегеннен кейін бірден байқалады. Аз мөлшерде қарынға түскен шөп немесе дәндерінен жануарлардың қарашығы кеңейеді. Егер сасық меңдуананы көп мөлшерде жеген болса 4-6 сағаттан кейін төмендегідей белгілері байқалады: қатты қозады, ауыз қуысының кілегейлі қабығы құрғайды, көруі нашарлайды, аритмия және тамыр соғуы жиілейді (100-120 жылқыда). Ал ірі қара малда тимпания пайда болады. Дене қызуы бірқалыпты. Бұлшық ет дірілі, тырысып бүрісу және салдану белгілері байқалады.

Сурет 3. Сасық меңдуана

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Уланған мал жіті түрде уланып және тез арада өлген жағдайда патологиялық - анатомиялық өзгерістер байқалмайды. Малдың улануы ұзаққа созылса, қарын мен ішек қабынады.
Емі. Зонд арқылы 2-3 л 0,2%-ды танин ерітіндісін, 5%-ды емен қабығының қайнатпасын жібереді. Жүрек жұмысын жақсарту үшін кофеин мен камфора тері астына егіледі.
Балау. Клиникалық белгілерді, анамнездік деректерді және ботаникалық
талдау мәліметтерін ескере отырып баланады.

1.4 Меңдуана (Белена, Hyoscuamus)

Меңдуана - қара алқа тұқымдасына жатады. Биіктігі 30-150 см, сабақтары тік, әрі тарамдалып келген, 2 жылдық шөптесін өсімдік жапырақтары үлкен кезектесіп орналасқан, тісті жұмыртқа тәрізді, гүлдері үлкен орамдалған көгілдір түсті, жемісі екі ұялы көп тұқымды, қақпағы ашылатын қорапшаға орналасқан. Пішіні көкнәр тұқымдасына ұқсас. Меңдуананың 1-2 жылдық түрлері бар. Олар жағымсыз иісті, ащы дәмі бар, гүлдейтін мерзімі мамыр айынан күзге дейін. Тұқымдары арқылы көбейіп, таралады. Өсу аймағы кең, көп таралған, жол жағалауларында, бау-бақшалар мен жайылымдарда өседі. Дәрілік препарат алу үшін өсіріледі.
Уытты бастамасы: өсімдіктің құрамында 0,18 -0,50 %-ға дейін алколоидтар, гиосциамин, гиосцин, атропин кездеседі. Өсімдіктің барлық бөлігі улы әсер етеді. [4].
Уланудың патогенезі - итжидектен улануға ұқсайды. Құрамында скополаминнің көп болуына байланысты меңдуана тыныштандырып әсер етеді. Меңдуана балауса және кептірілген күйінде де улы, дәнінің уыттылығы өте жоғары. Жағымсыз иісіне, ащы дәміне байланысты мал көп жемейді.


Сурет 4. Меңдуана

Клиникалық белгілері. К. Дамманның зерттеулері бойынша ерте көктемде меңдуананың біраз мөлшерін жеген ірі қарада мынандай клиникалық белгілері байқалған: 2 сағаттан кейін ірі қара құлайды, біраз уақыттан соң тырысып бүріседі, тыныс алғанда қырылдайды, аузынан көбік атып, іш өтеді, көз қарашығы кеңейеді.
Дер кезінде көмек көрсетілсе мал жазылып кетеді. Бұзаулар уланғанда жоғарыда аталған белгілермен қатар көзі көрмей қалады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Меңдуанадан улануға тән патологиялық-анатомиялық өзгерістері жоқ. М.Орфилия меңдуананың итке әсерін зерттеген. Уды ауыз арқылы бергенде (өлтіретін мөлшерде), қарында меңдуанаға тән уланулар болмаған.
Емі. Сасық меңдуана мен шығыс меңдуанасының емімен бірдей.
Балау. Клиникалық белгілеріне, ботаникалық және токсикалогиялық талдау мәліметерін ескере отырып қойылады.
Алдын алу. Меңдуанамен көбіне бұзаулар және шошқалар уланады. Уланудың алдын алу үшін гүлдемей тұрып, өсімдікті тамырымен жұлып тастау керек.
Жайылымдарды үнемі бақылауда ұстаған жөн. [2].

1.5Құрамында басқа да алколоидтары бар өсімдіктер

Дақты у балдырған (Болиголов пятнистый, Conium maculatum) - биіктігі 60-200 см, ақ түсті қатты өзекті тамыры бар, екі жылдық шөптесін өсімдік. Сабағының беткі жағы тұман түстес сұр түсті, жұқа қабықпен, ал төменгі бөлігі - қызыл-құба түсті дақты қабықпен жабылған. Жапырақтары үш қанат тәрізді тарамдалған, ал төменгі жағы жіңішке келіп, сабаққа жалғанған. Гүлдері майда, 10-20 шатыршагүлге жиналған. Ұрығы ақшыл-қоңыр түсті, қосұрықты. Жапырағын ұмаждаған кезде тышқанның зәрі тәрізді иіс береді.

Сурет5. Дақты у балдырған

Уытты бастамасы. Өсімдіктердің барлық бөліктерінде концентрациясы бірдей емес кониин, коницеин, N-метилкониин, конгидрин және псевдоконгидрин алколоидтары кездесседі. Бұлардың алғашқы үшеуінің құрамында оттегі болмағандықтан сұйық болып келеді. Ең көп мөлшерде алколоидтар піспеген ұрықтарда (2%-дейін), піскен ұрықтарда (1%-ға дейін), жапырағында (0,5%-дейін) кездеседі. Өсімдіктерді кептірген кезде алколоидтардың бір бөлігі буға айналады, бірақ сүрлемде сақталып қалады.
Патогенезі. Бұл өсімдіктердің алколоидтары суда жақсы ериді және кілегейлі қабықтарда оңай сіңіріледі. Сорылғаннан кейін кониин орталық жүйке жүйесінің, қозғалтқыш және сезгіш жүйкелердің ұштарына, никотин және кураре тәрізді әсер етіп, салдандырады. Осы жағдайда бірден тыныс алу қызметі бұзылады.
Токсикологиялық мәні және мөлшері. Әдетте жануарлар жайылымдарда бұл өсімдіктің жағымсыз иісі болғандақтан оны жей бермейді. Алайда мал қатты ашыққан кезде немесе көк шөп қоспалары кезінде уытты мөлшерде ішке түсуі мүмкін. Көбінесе ірі қара малының улануы жиі кездеседі. Оның уытты мөлшері 3-5 кг. Үйректер 50-70 г ұрықтарынан өледі. Қойлардың улану жағдайлары да кездеседі. Адамдардың тұрмыстық тіршілікте улануының негізгі себебі - у балдырған тұқымын аскөк тұқымымен, ал сабақтарын дудниктің сабақтарымен шатастырып алуы. Адам үшін конииннің өлтіретін мөлшері - 0,15 г.
Клиникалық белгілері. Бұл өсімдікпен улану жіті түрде өтеді. Оны жегеннен кейін шайқалмалы жүріс пайда болып, бірте-бірте аяқтарының толық салдануына ауысады. Жануарлар сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтармай, басын созып жатып қалады, аузынан сілекей ағады, тілі ауыз қуысынан шығып кетеді. Тыныс алуы қиындайды, тамыр соғысы әлсірейді және жиілейді, дене температурасы қалыпты нормадан төмендейді, көз қарашығы кеңейеді. Жекелеген бұлшықет топтарының фибриллярлы тартылуы байқалады. Күйіс қайтаратын малдардың улануы кезінде тимпания туындайды. Шығарылған демінен және еріксіз бөлінген зәрінен өсімдіктің жағымсыз иісі шығады. Тыныс алудың прогрессивті түрде қиындауы, оның тоқтауымен аяқталады. Өлтірмейтін мөлшердегі улануы кезінде, жануарлар бірнеше тәуліктен кейін жазылады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер жіті түрінде білінбейді, ал уланудың жітілеу түрінде гастроэнтерит белгілері байқалады.
Балау - клиникалық белгілеріне және азықтың ботаникалық құрамын талдауға негізделген. Сонымен қатар, жануарлардың бірқалыпты тіршілігіндегі өзіне тән дем шығаруының және зәрінің иісіне де көңіл бөледі. Нақты балау зертханалық жағдайда, азықтардың немесе уланған жануарлардың асқазанындағы азықтардың құрамынан алколоидтар табылған кезде қойылады.
Емі. Асқазанын 0,1%-калий перманганатының ерітіндісімен шайып, ішке белсендірілген көмір, іш өткізетін тұздар, сонымен қатар, танин беруге болады. Бұлшықеттің жиырылуын қалыпқа келтіру үшін тері астына 0,1% прозерин ерітіндісін егеді. Тыныс алуы және жүрек қызметі әлсіреген кезде тамырға глюкоза ерітіндісін, тері астына натрий кофеин-бензоатын, коразол, эфедрин гидрохлоридін, адреналин гидрохлоридін тағайындайды.
Алдын алу. Барлық улы өсімдіктерден улануды болдырмау талаптарына сәйкес жүргізіледі. [2].
1.6 У қорғасын (Аконит немесе борец, Aconitum)

У қорғасын (Аконит немесе борец, Aconitum) - әлемдегі ең улы өсімдіктердің бірі болып саналады. Бұл көпжылдық шөптесін өсімдіктердің сарғалдақтар туысына - Ranunculaceae жатады. 80-ге түрі белгілі;
ТМД елдерінде 50-ге жуық түрі кездеседі. Осылардың ішінен жоңғар у қорғасыны, қаракөл у қорғасыны және дәріханалық у қорғасын үлкен токсикологиялық көзқарасқа ие.

Сурет6. У қорғасын

Жоңғар у қорғасыны (борец джунгарский, aconitum soongoricum Staft) - биіктігі 300 см дейінгі шөптесін өсімдік. Сабағы көпжапырақты. Тамырсабағы бау болып өскен түйнектерден тұрады. Жапырақтары кең, құрылымы шабылған таяқша тәрізді, бөліктермен ерекшеленеді. Гүлтозаңы шашақ тәрізді көкшіл-күлгін гүлдерден тұрады. Ыстық-көлдің қазан-шұңқырларында және Тянь-шяньнің биік таулы аймақтарында өседі. Тұқымы арқылы көбейеді.

Қаракөл у қорғасыны (ыстық көл тамыры) - Aconitum Karakolicum Rapcs - биіктігі 150-200см, шөптесін өсімдік. Сабағының орта бөлігі қалың жапырақтанған. Жапырақтары таяқша бөлікті, сабаққа тығыз бекінген. Гүлдері қара-күлгін түсті, ретсіз жиналған, шашақ болып орналасқан, жапырақ тостағаншасы бесеу, Негізінен Ыстық көлдің шығыс бөлігінің биік таулы жайылымдарында өседі. Тұқыммен және түптерінің бөлінуімен көбейеді.

Сурет7. Көк у қорғасын

Дәріханалық у қорғасыны (көк у қорғасын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен улану
В, В1 тобының витаминдері
Ет және ет өнімдеріне токсикологиялық баға беру.
Қозының алиментарлық дистрофиясын зерттеу
Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістері
Бауыр ауруларының түрлері
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Дәрілік заттардың биотрансформациясы
Өкпе қабының ауруы
Пәндер