Уытты заттар мен уланудың классификациясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Малдың уланулары пәнінен Уытты заттар мен уланудың классификациясы тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 26 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.

Анықтамалар

Алкалоидтар - өсімдіктерде кездесетін мысалы құрамында азотты органикалық негіздері бар заттар.
Гликозидтер -сумен қосылып ыдырағанда глюкоза және аглюкондар түзетін , эфирге ұқсас азотсыз, оргоникалық қосылыстар
Циангликозидтер - құрамында азоты бар агликондардан тұратын, ыдыраган кезде өте улы синиль қышқылын түзетін гликозидтер
Тиогликозидтер - құрамында азот және күкірті бар агликондардан тұратын гликозидтер
Жүрекке әсер ететін гликозидтер - құрамында азотсыз агликондар баргликозидтер
Сапонин-гликозидтер - құрамында гемолитикалық және көбік түзгіш қасиеті бар, стеройдты және үштерпеноидты сапонигендерден тұратын агликондар бар

Белгілер мен қысқартулар

Г - грамм
Сағ - сағат
Мм - миллиметр
Квт - киловольт
Кг - килограмм
СКЖЗ - синтетикалық кір жуғыш зат
О - градус
Мкм - микрометр
Км - километр
Т - тонна
Мс - метрсекунд
ПВС -поливинилді спирт
Ә.б. - әсер бірлігі

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.102 -68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплектілігі.
МЖМБС 2.104 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің классификаторы (ЭҚТБӨК)
МемСТ 12.1.008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі
МемСТ 26668 - 95 - Сынама алу
МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631 - 85 - Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

Мазмұны

Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1 Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...8
1.2 Орталық нерв жүйесіне ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен уланулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3Ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен
уланулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.4 Шығыс меңдуанасы (Белладонна, Atropa belladonna) ... ... ... ... ... ... .14
1.5 Сасық меңдуана (Дурман, Datura stramonium) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.6 Меңдуана (Белена, Hyoscuamus) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1.7 Дақты у балдырған (Болиголов пятнистый, Conium maculatum) ... ... ... .17
1.8 У қорғасын (Аконит немесе борец, Aconitum) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .20
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе

Халқымыздың өскелең талабын барынша қамтамасыз ету үшін көптеген шаралар жүргізіліп жатыр. Осындай шаралар қатарына өсімдіктер мен жануарларды әртүрлі зиянкестерден қорғау және олардың өнімділігі мен өсімталдығын арттыру жатады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының үлкен жетістіктерге жетуі түрлі тыңайтқыштарды, химиялық заттарды тиімді түрде қолдануына тікелей байланысты.
Химиялық заттарды жүйелі түрде дұрыс қолдана білмесе, олар өсімдіктер мен жануарларға және жалпы сыртқы ортаға уытты әсер етіп, айтарлықтай зиянды әсерін тигізеді. Себебі, химиялық пестицидтер өсімдіктер организмінде жинақталып, жануарлар ағзасына төмендегідей тізбек бойынша өтуі мүмкін: топырақ - өсімдік - жануарлар - жануарлар өнімі -адам.
Химиялық заттардың мұндай уытты әсерін зерттеуде токсикология ғылымының маңызы өте зор.
Ғылымның дамуы, оның ішінде химия ғылымының дамып-өркендеуі нәтижесінде тірі ағзаға зиянды ( әсер ететін заттардың саны орасан зор мөлшерге жетті. Оның үстіне адамдар мен жануарлардың улы заттармен байланысы өте күрделілене түсуде. Көптеген улы заттардың ауыл шаруашылығында кең қолданылуы токсикологияның салалық бөлінуін қажет етті. Қазіргі замандық өндірісте сан қилы химиялық қосылыстарды тұтыну "өндірістік токсикологияны" құруға негіз болды. Бұл саланың маңыздылығы сол, ол улы заттардың адам ағзасына зияндылығын, жұмыс істеу шарттарын белгілейді.

1 Негізгі бөлім

1.1 Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану

Табиғатта адам және мал тіршілігіне керекті өсімдіктермен қатар, олардың өміріне қауіпті улы өсімдіктер де кездеседі. Улы өсімдіктердің таралу аясы өте кең, түрлері алуан түрлі. Олардың химиялық құрамы көптеген ғалымдардың еңбектері нәтижесінде айтарлықтай зерттеліп, бөлетін улары, уытты бастамалары анықталған. Дегенмен, әлі де құрамы толық зерттелмеген өсімдіктер баршылық.
Өсімдіктердің барлығы бірдей улы әсер етпейді. Арасында емдік мақсатта қолданылатын өсімдіктер де жетерлік. Бірақ, ғұлама ғалым Парацельс айтқандай, егер белгіленген ереже, мөлшермен қолданылмаса дәрілік заттардың бәрі у. [2].
Улы өсімдіктерді мал жемейді. Олардың көпшілігінің өзіне тән жағымсыз иісі, дәмі болады. Жайылымдарға және астаудағы азық қалдықтарына ботаникалық тексеру жүргізген кезде, мұндай азықтардың желінбей, сол қалпында қалғанын көруге болады.
Өсімдік тектес улардың жалпы қабылданған, арнайы жіктелуі жоқ. Тек, клиникалық белгілеріне қарай жіктелуі ғалым И.А. Гусынинның еңбектерінде кездеседі. Бұл жіктелім, өсімдік құрамында кездесетін улы заттарға байланысты төмендегідей жіктеледі:
1. Құрамында альколоидтар бар өсімдіктерден улану: у қорғасын (аконит), ақ тамыр (чемерица), сасық меңдуана (дурман), меңдуана (белена), үйбидайық (плевел), у балдырған (болиголов), тегеурінгүл (живокость), итсигек (ежовник) және т.б.
2. Құрамында гликозидтер және сапонин бар өсімдіктерден улану: қыша (горчица), қарамықша (куколь), беде (клевер), зығыр (лен), жалынгүл (горицвет), оймақгүл (наперстянка) және т.б.
3. Құрамында эфир майлары бар өсімдіктерден улану: у сарғалдақ (лютик), жусан (полынь), шайқурай (зверобой), кенедән (клещевина) және т.б.
4. Құрамы әлі толық зерттелмеген өсімдіктерден улану: у кекіре (горчак), сүттіген (молочай), қырықбуын (квощ) және т.б.
5. Мәдени және азықтық заттардан улану: картоп (картофель), қарақұмық (гречиха), жүгері (кукуруза), тары (просо), қызылша (свекла) және т.б.
6. Техникалық азық қалдықтарынан улану: күнжара және шроттар.

1.2 Орталық нерв жүйесіне ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен уланулар

Уланулардың клиикасы тек орталық нерв жүйесі жағынан ғана емес, сондай ақ көбінесе ас қорыту жүйесі мен бүйректердің қызметтерінің бұзылуымен асқынған түрде кездеседі.
У тамырмен улану- көлеңкелі , ылғалды жерде өсетін , көп жылдық өсімдік. әсіресе өзен көл, арықтардың батпақты жағалауларында жиі өседі. Кей жерлерде қалың болып өсіп өте ерте көктейді. өсімдік қазақстанның барлық өлкелерінде де кездеседі.
Улы зат азотсыз цикутоксин ол өсімдіктердің барлық бөлігінде де кездеседі. әсіресе өсімдіктердің тамыры улы болып келеді. Жас тамырда 0,2-ге , ал кепкен тамырда -3,5-ке дейін болады. Тамырдың улылығы әсіресе жазғытұрым және күзде күштірек бөлінеді. Улану ірі қара малда рды құнарсыз көктемде әлі шөп өсіп жетілмеген жайылымға жағдайда жиі кездеседі. өсімдіктердің 2-3 тамыры сиырларды, 1 тамыры қойларды уландыруға жетіп жатыр.
Дамуы цикутоксин майлы ортада жақсы сіңеді және сондықтан организмге жылдам тарайды., әсіресе нерв жүйесінің орталықтарына басымырақ әсер етеді. Бас миға әсер еткенде дененің бұлшық еттері тартылып, оргонизмнің қатты қозғандығы байқалады. Дем алу орталығының салдануынан мал тұншығып өліп кету мүмкін.
Өлекседегі өзгерістер өлексе құрғақ , қан ұйымаған қара-қошқыл түсті. Тері астында кілегейлі қабықтарда кейбір ағзалардың сыртқы қабықтарында қанталағандық болады. өкпе ми ішкі бездер қызарып ісінген кей жерлері қанталаған. [1].
Белгілері. Ауру мал тынышсыз қатты қозғандық байқалады. Бұлшық еттері дірілдейді. . мес қарынның мен асқазанның газға толып кетуі ауыз қуысының сілекейдің ағуы, жиі-жиі несеп пен нәжістің бөлінуі, тіркеледі. Бұлшық еттердің дірілдеп тартылуы бас жақтан бсталып барлық денеге тарайды. Кейде ауру мал бір жығылып бір тұрып жанталасады. Эпилепсия анық білінеді. Осындай жанталастан кейін ауру мал әлсіреп барып тынышталады да , көпке дейін орнынан тұра алмай жатып қалады. Дем алысы , тамыр соғысы жиілейді. Бірақ әлсіз болады. Эпилепсия кезінде дене қызуы аздап көтерілгенімен депрессия кезінде төмендегені байқалады. Шошқалардың ерекшелігі олар құсады, бұл құбылыс оларды аман алып қалуға себебін тигізеді.
Барысы көбінесе жіті түрде болады да мал жанталасып қиналған кезде өліп кетуі мүмкін.
Анықтау ауруды анықтау үшін ауру мал туралы толық деректер жиюдың маңызы өте зор. әсіресе жайылымда у тамырдың бар - жоғы . сондай- ақ клиникалық белгілеріне де сүйене отырып ауруды анықтауға болады.
Емі әдейі уға қарсы дәрі антидот жоқ. Сондықтан уды ас қорту жүйесімен тазалау керек. Ол үшін мес қарынды асқазанды КМПО ертіндісімен жуады. Тіпті болмағанда оны кесіп ішін тазалайды . ауыз қуысы арқылы сіңіретін заттар береді. Салдануға қарсы хлоралгидратпен клизма қояды. 5-10 тұз қышқылын берудің нәтижесі жақсы . венаға гемодез цититон тері астына лобелин жібереді. Ұйықтатып емдеу әдісін қолданады.
Сақтандыру шаралары Малды күтушілер шөпті ажырата білулері керек. У тамырды жайылымды жерде жою жұмысын ұйымдастырған жөн.
Темекімен улану Бір жылық өсімдік сабағы 1 метрге дейін биіктікте болады. Жапырағы ірі, түкті жабысқақ. Жапырағында бірнеше алколойдтар бар. Олардың мөлшері 0,6- 8-ке дейін. Ең көп мөлшерде никотин кездеседі. Оның мөлшерәі топырақтың ауа райының жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Белгілі деректерге қарағанда никотин оңтүстік жақта құмды балшықты топырақта өскен темекілерде болатыны көрінеді.
Дамуы никотин өте күшті у. Ол жүрекке ішкі бездерге жағдай бұлшық еттерге әсер етеді. Үлкен мөлшерде аздап қоздырғаннан кейін орталық нерв жүйесін салдандырады. Вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық тармағына әсері басымырақ болып келеді. Қаңғыма нерв тармағы арқылы жүректің жұмысын ас қорту жүйесінің бездерінің сөл бөлінуін үдетеді. Соның салдарынан сілекей ағу құсу іш өту құбылыстары пайда болады. Қан тамырларын тарылтып, қан қысымын жоғарылаты.
Белгілері. Улану жіті түрде өтеді . алғашқы клиникалық белгілері улы зат организмге түскеннен кейін бірнеше сағаттан кейін біліне бастайды. Негізгі белгілері -сілекей ағу күйіс қайырудың жоғарылауы іштің кебуі шаншу іш өту . ауру мал өте жабырқау , бұлшық еттері дірілдеп тартылуға барады. Көздің қарашығы үлкейген демікпе пайда болады. Тамыр соғысы әлсіз жүректің ырғақтығы бұзылады. Ірі қара малдар 500г-2кг жылқылар 300г -1,2 кг ұсақ малдар 50-100г темекінің жапырағын жегенде уланады. Уланудың жеңіл түрі созылмалы болып , асқазан мен ішектердің қабыну процесінің белгілерімен сипатталады. Ондай малдың жазылуы 1-2 жұмаға дейін созылады. [4].
Емі ең алдымен улы затты асқазан мен ішектерден тазалау керек. Зонд арқылы жуу, іш өткізетін дәрілер беру. Ірі қара малдарға кей кезде руминотомия жасауға тура келеді. Ауыз қуысы арқылы танин , емен қабығының тұнбасын береді. Ауру малдың жағдайына қарап, аурудың белгілеріне қарсы дәрілер қолдану керек.
Жусанмен улану - көпжылдық30-60 см биіктікте өсетін өсімдік. Жусан барлық жерде бірдей улы болып келеді. Оның улылығына сыртқы ортаның жағдайы әсер етеді. әсіресе улы болып келетін түрі теңіз жусаны. өсімдіктің барлық бөліктері де улы болып келеді. 200-300 г құрғақ жусан жылқыларды өлтіріп жіберуі мүмкін. Шөптің құрамында 2 жусан болғанда уланудың созылмалы түрін байқауға болады.
Улы затты жусанның эфир майы және сантонинге ұқсас лактон турицин бұл улар нерв жүйесінің улары. Нерв жүйесін қоздырады, көп мөлшерде эпилептикалық салданудың ауыр түрін туғызады. Оған қосымша таурициннің әсерін құсу, іш өту , жүрек қызметінің бұзылуы байқалады. Улану жусан аш малдың оргонизміне түскенде жиі байқалады.
Белгілері улану жіті және созылмалы түрлерінде кездеседі,. Оргонизмге түскен мөлшеріне қарай ауыр және жеңіл түрінде жылқылардың 20- не дейіні шығынға ұшырайды. Негізгі клиникалық белгілері эпилепсияға ұқсас салдану , тоникалық клоникалық тартылу танышталумен кезектесіп отырады. Жалпы клиникалық белгілері жылқылардың тынышсыздануынан басталады.
Ауру мал қорқақ, әлсіз нәрселерге қатты реакция береді. Еріннің беттің еттері жыртындап тартыла береді де артынан ірі бұлшық еттердің дірілдеп-қалшылдауымен жалғасады. Жылқы алдындағы кедергіге қарамай алдыңғы аяқтарымен қабырғаға шапшиды., қиналып барып жақтары қарысып аяқтары тартылады. Көздерінің қарашығы ұлғайып, дем алысы әлсірейді. Тісін шықырлатып , басын еденге ұрғылайды. Аяқтарымен суда жүзу қимылдарын жасайды. , тұруға ұмтылып қайта құлайды. Терлейді дене қызуы көтерлейді. Жеңіл түрінде клиникалық түрінде клиникалық белгілері де жеңіл болып ондай уланған жылқылар жазылып кетеді. Нәжіс жалаяқпен қапталған , қпнда билибурбин.
Емі бұлшық еттердің тартыла жиырылуына қарсы күресу керек. Кілегейді қайнатпаға хлоралгидрат қосып клизма қою керек. Жүрек жұмысын жақсарту үшін тері астына кофейн, камфора жібереді. Ас қорту жүйесін тазалау үшін терінің астына пилокарпин жібереді. Жылқының басына суық компрес қоюға болады. Ауыз қуысы арқылы сода қосып береді.
Сақтандыру шаралары жылқының азығында жусанның болмауын қадағалау, улы жусанды усыз жусаннан ажырата қиынға түсетіндіктен оларды тышқандарға биологиялық сынау арқылы анықтауға болады. [6].

1.3Ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен уланулар

Кекіремен улану - өте зиянды, жайылымда, шабындықта кездесетін арам шөп. әсіресе бүршіктенген гүлденген кезінде құрғақшылық жылдары улылығы күштірек болады. Шөпті кептіргенде де улылығы азаймайды. Ірі қара малдар уланбайды, ал жылқылар үшін өте қауіпті. Олар ол шөпті жайылымда жемейді., көбінесе қолда тұрғанда, рационның құрамында кекіренің мөлшері 3-5 болса, улану пайда болады.
Дамуы. Улы заты белгісіз , ол зат нерв жүйесіне ас қорту жүйесінің кілегей қабықтарына әсер етеді. Нерв жүйесінің вегетативті жүйесіне әсер еткенде ішектердің жиырылуын әуел баста күшейтіп артынан әлсіретеді, тамырдың соғысы жиілеп ырғақтығы бұзылады. Көздің қарашығы ұлғайып, зәрдің бөлінуі сирейді.
Өлекседегі өзгерістер. Терінің шелі қатпа тәрізді , сарғыш түсті. Асқазанның , ішектерінің кілегей қабықтары ісінген қанталаған. Паренхиматозды ағзаларда да сондай өзгерістер ьайқалады. Бауыр бүйректер лимфобездері ылғалды, көлемдері ұлғайған. өкпенің аспирациялы қабынуы бар. Қан тамырлары қанға толы , мида қанның тоқырағаны байқалады.
Белгілері алғашқы белгілері кекірені жегеннен кейін 3-4 күннен кейін біліне бастайды. Мал тынышсызданып, денесінің қозғандығы білінеді. Дірілдеп-қалшылдап, өзін - өзі тістелеп, тосқауылға қарамай алға ұмтылып тынышсызданады. Дене қызуы аздап көтеріледі. Кілегей қабықтары сарғаяды, кей жерлеріне қан құйылады.
Жүректің жұмысы бұзылып , малдың дем алысы бұзылады. Ішектердің жиырылуы үдей түседі. Танаудың мойынның алдыңғы аяқтарының бұлшық еттері тартылып қатты жиырылады. Кейде ауру малдың басы ісіп кетеді. Бұлшық еттердің клоникалы тартылуы барлық денеге тарайды. Аурудың 5-ші күні ішектердің жиырылуы мүлде тоқтайды. Аяқ терісі ісініп кетеді. Ісік суық, ауырсынғандық білінеді.
Несеп сарғыш-жасыл түсті мөлдір құрамында билирубин, индикан бар. Шайқалған кезде сары түсті көпіршік пайда болады. Қанның сары суында да билирубин анықталады. Жылқылардың астыңғы ерні салпиып, жиі - жиі тартылады. Жартылай ашылған ауыз қуысынан созылған сілекей ағып тұрады.
Барысы. Ауру кейде 10-14 күнге дейін созылады. Уақытында дұрыс көмек көрсетілмегенде өлім-жітім 75-90 - ке дейін барады.
Анықтау. Азықтық құрамына батаныикалық анализ жасайды. Негізгі клиникалық белгілеріне сүйенеді.
Саралау. Індетті энцофаломилелит пен ревматикалы подерматит ауруларын саралау керек.
Емі. Суды ішкенде бере отырып, ашықтыру диетасын тағайындайды. Асқазанды, 3- сода ертіндісімен жуады. 2- ихтиол ертіндісімен мол етіп клизма қояды. Ауыз қуысы арқылы көп мөлшерде 500г магни сульфаты 10 г ихтиол ертінділерін береді. Аурудың басында 0,05 бромды ареколин ертіндісі тері астына жіберуге болады. Венаға глюкоза гексаметиламерин қолданылады. Азықты бергенде көжеге ұқсатып ерітіп берген жөн. Қазақстанда уланған жылқыға жаңа сауылған сиыр сүтін береді де оны терлетіп, артынып жылы орап тастайды.
Сақтандыру. Егін шөпті кекіреденн тазарту , арам шөпке қарсы күресу . жалпы кекіре аралас шөпті жылқыға бермеген жөн.
Қауашақпен улану. Куколь 30-60см бойы бар бір жылдық өсімдік. Егіннің арасывнда барлық жерде кездесетін арам шөп.
Дамуы. Улы заты сапонин гиганин және агростемм қышқылы. Олар өсімдіктің барлық бөліктерінде де кездеседі. әсіресе тұқымында көбірек болады. Қауашақтың уының қан түйіршіктерін ыдыратып ерітетін қасиеті бар. Эритроциттер мен лейкоциттердің қалыпты мөлшерінің 1-3-ге дейінгі азайғандығы байқалады. Сондай ақ кілегей қабықтарының нерв талшықтарын тікелей тітіркендіреді де қан арқылы жалпы организмге әсер етеді. Сапонин кілегей арқылы олар жарақаттанғанда , ауру жағдайында жылдамырақ өтіп тарайды. Қауашақтың тамырын мал жемейді. Улану малдардың қауашақты тұқымы аралас ұнтақталған жеммен азықтандырғанда кездеседі. Жылқы, ірі қара шошқа құстар жиі уланады, ал қойлар үшін онша қауіпті емес.
Қауашақ тұқымының малды өлтіріп жіберетін мөлшері бұзауларға 5г шошқаларға 2г құстарға 2,5 1 кг салмақтарына есептегенде ал малдар оны аздап ұзақ уақыт қабылдаса улануға төзімірек болып кездеседі. Улылығы метеорологиялық жағдайда топырақтың құрамын , оларды дұрыс сақтамағанда ас қорыту жүйесінің кілегей қабығының жағдайына тікелей байланысты. әрбір малдың сезімталдығы да әртүрлі болып келеді. [2].
Өлекседегі өзгерістер. Тері асты шелі, әсіресе өңештің кеуде қуысына қан талаған. өңештің кілегей қабығы ісінген қанталанған. Құстардың жемсауының кілегей қабығы құрғақ кей жерлері өлі еттенген, күлді сұрғылт түсті етті қарын мен ішектерінің кілегей қабықтары ісінген, қанталаған. Жүрек еті бауыр болбыраған балшық түстес. Қан ұйымаған , алқызыл түстес.
Белгілері. Клиникалық белгілері қатты уланғанда 1-2 сағаттан кейін , ал былайда 3-4 күннен кейін барып білінеді. Бастапқыда сілекей аққаннан басқа көп белгілері жоқ. Артынан барып ас қорту жүйесінің кілегей қабығының қабынуынан белгілері біліне бастайды. Сілекей ағу, іш өту, шаншу, шошқаларда құсу , жұтынудың қиындауы.
Жалпы белгілеріне жүректің жұмысының нашарлауы, тамырдың жиі, әлсіз соғуы, дем алудың жиілеуі, бүйрек тұстарындағы ауырсынғандық, ауру малдың әлсіреулерін жатқызуға болады.
Удың орталық нерв жүйесіне әсерінен ауру мал жабырқау , ұйқылы ояу бұлшық еттері дірілдеген, қозғалысы сезімталдығы нашарлаған бұлшық еттерінің тартылуы салдануы байқалады.
Қатты уланған жағдайда ауру мал көбінесе жата береді. Сыртқы ортаның әсеріне қатысы жоқ. Тамақ жемейді, тәлтіректеп әрең қозғалады. Жиі-жиі қызыл түсті несеп бөлінеді. Көзге көрінетін кілегей қабықтары әуел баста қызарып артынан сарғаяды. Мойнын созып , басын шайқай береді. өңештің тұсы ауырады. Сілекей ағып кейде құлайды, не қимылсыз бір орнында отыра береді. Ас қорыту ағзаларының қабыну белгілері байқалады.
Емі. ас қорту жүйесін жуу , құстыратын іш өткізетін дәрілерін береді. Сіңіргіш кілегейлі тұнбаларды қолдануға болады. Жүректің жұмысын жақсартатын дәрілер береді. Венаға 40- глюкоза ертіндісін жіберуге болады. Аурудың белгілеріне қарсы күресу керек.
Сақтандыру шаралары. Қауашақты малдың азығына араласпауын қадағалау. Егер ондай азықты 50- с-ге дейін қыздырғанда қауашақтың улылығы жойылатынын ескерту. Қауашақпен көп ластанған жемді тұз қышқылының әлсіз ертіндісімен ылғалдау керек. [5].

1.4 Шығыс меңдуанасы (Белладонна, Atropa belladonna)

Қара алқа тұқымдасына жатады, көп жылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 2 метр. Діңінің жоғары сабақтары тармақталып кетеді, жапырақтары жұмыртқа пішінді, ұштары сүйірленіп кетеді, гүлдері қоңырау тәрізді, сұрғылт-күлгін түсті. Жемісі жылтыраған қара түсті, жағымсыз иісі бар. Жабайы түрінде орманда өседі.
Уытты бастамасы: алколоидтар атропин, гиосциамин, скополамин, дюбоизин болады.
Шығыс меңдуанасын ит жидек деп те атайды.
Патогенезі. Атропин және гиосциамин орталық жүйке жүйесін қоздырып әсер етеді. Сонымен қатар сілекей, қарын, ішек бездерінің секрециясын баяулатады. Парасимпатикалық жүйке жүйесіне холинолитикалық әсер етіп, ас қорыту жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін күрт төмендетеді.
Сонымен қатар, атропин және гиосциамин жоғарғы мөлшерде орталық жүйке жүйесін алғаш қоздырып, соңынан салдандырады. Ал, скополамин керсінше, мидың жұмысын нашарлатып, тыныс алудың тоқтауына әкеп соқтырады. Бұл алколоидтардың барлығы сүт арқылы бөлініп, уытты әсер көрсетеді.
Балауса өсімдіктердің жағымсыз иісіне байланысты мал жемейді. Басқа да шөптермен араласқан итжидек өзінің иісін жоғалтады. Осының нәтижесінде мал уланады. Сезімтал малдар: жылқы және ірі қара.
Жылқы 120-180 гр, меңдуананың жапырағын, 60-90 г тамырын жесе 5-6 сағаттан кейін немесе 2 күннен кейін уланудың алғашқы белгілері байқалады, қозады, көз қарашығы кеңейеді, кілегейлі қабықтары құрғайды, жүрек соғуы жиілейді, ішектердің жиырылуы нашарлайды, іш кебеді. Біраз уақыттан кейін мал күйзеледі, жалпы жағдайы нашарлайды. Кейбір жағдайда 30-50 сағаттан кейін уланған мал өлімге ұшырайды. [1].
Ірі қара мал шығыс меңдуанасының 30 гр тамырын немесе 60 гр жапырағын жесе уланады, іш кебеді, қатты қозады, құтырудың белгілері байқалады.
Уланудан өлген шошқа өлексесінде микроскопиялық өзгерістер көп жағдайда байқалмайды. Тек уланудың жітілеу түрінде, мал өлексесінің құрсақ қуысында көп мөлшерде сары түсті сұйықтық және бүйрек маңындағы мал клетчаткасында жалқы аяқ болады.
Емі. Алдымен уланған малға танин және құрамында танині бар дәрілік препараттар беріледі.
Жылқыда 1 %-ды танин ерітіндісімен асқазанды тазартады.
Шошқаларға құстырғыш зат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тағамдық токсикоинфекция және токсикоздардың ветеринариялық - санитариялық алдын алу шаралары
Улы заттардың жіктелуі
Улану түрлері
Тағамдық аурулардың жіктелуі
Малдың улы заттарға сезімталдығы
Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі туралы
Химиялық заттардан уланулар
Удың ағзаға ену жолдары
Улануды клиникалық балау
Ботулизм ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту
Пәндер