Азықтың құрамындағы нитратпен улану
Аннотация
Малдың уланулары пәнінен Азық құрамындағы нитратпен улану себептері,
клиникалық белгілері, сақтандыру шаралары тақырыбы бойынша жазылған
курстық жұмыс 26 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу,
техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі
қамтылды.
Белгілер мен қысқартулар
Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
Мс-метрсекунд
ПВС-поливинилді спирт
БӘБ- бақа әсер бірлігі
МӘБ - мысық әсер бірлігі
КӘБ -көккептер әсер бірлігі
ӘБ- әсер бірлігі
Анықтамалар
Карбамид немесе синтетикалы мочевина [(NH2)2, Со]-суда жақсы еритін,
құрамында 46 % -тей азот бар, қышқыл дәмді, иіссіз зат.
Азот - (Nitrogenium), N - жер шары атмосферасын құрайтын газ тәрізді
заттардың ішінде бірінші орын алатын газ (75.5%).
Гербицидтер арам шөптерді жою үшін қолданылатын жеке дара улы химикаттар
тобына жатады.
Пиретроидтар - құрамында циклопропан карбон қышқылының цинерин, пиретрин
секілді әсер етуші туындылары бар күрделі эфир.
Авермектиндер - streptomyces avermitilis санырауқұлағынан алынатын өнім.
Ивермектиндер - авермектиндердің химиялық дереваты (ыдырау өнімі).
Фтор (Fluorum) F - қалыпты жағдайда өзіне тән иісі пар, ақшыл сарғыш
газ, галоген тобына жатады
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.102 -68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен
комплектілігі.
МЖМБС 2.104 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің
классификаторы (ЭҚТБӨК)
МемСТ 12.1.008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық
қауіпсіздігі
МемСТ 26668 – 95 – Сынама алу
МемСТ 7636 – 85 – Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631–85– Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері
Мазмұны
Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1Азықтың құрамындағы нитратпен
улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Азот қосылыстары
токсикологиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3Ірі қара малдың қант қызылшасымен
улануы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 13
1.4Жүгерімен
улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..14
1.5 Карбамидпен (мочевинамен)
улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.6 Ас тұзымен

... ... ... ... ..17
1.7 Селенмен

... ... ... ... ... ..19
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .21
3Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 26
Кіріспе
Халқымыздың өскелең талабын барынша қамтамасыз ету үшін көптеген
шаралар жүргізіліп жатыр. Осындай шаралар қатарына өсімдіктер мен
жануарларды әртүрлі зиянкестерден қорғау және олардың өнімділігі мен
өсімталдығын арттыру жатады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының үлкен
жетістіктерге жетуі түрлі тыңайтқыштарды, химиялық заттарды тиімді түрде
қолдануына тікелей байланысты.
Химиялық затттарды жүйелі түрде дұрыс қолдана білмесе, олар өсімдіктер
мен жануарларға және жалпы сыртқы ортаға уытты әсер етіп, айтарлықтай
зиянды әсерін тигізеді. Себебі, химиялық пестицидтер өсімдіктер
организмінде жинақталып, жануарлар ағзасына төмендегідей тізбек бойынша
өтуі мүмкін: топырақ - өсімдік - жануарлар - жануарлар өнімі -адам.
Химиялық заттардың мұндай уытты әсерін зерттеуде токсикология ғылымының
маңызы өте зор.
Токсикология - улы заттар және олардың тірі ағзаға (жануарлар,
өсімдіктер, т. б.) тигізетін әсерін зерттейтін ілім; бұл ілім улы заттардың
табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жан-жануарлардың улы заттарға деген
сезімталдығын, уланудын ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен
салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудын негізгі
клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар
уланудың алдын-алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік
тәсілдерді де зерттеумен шұғылданады.
Ғылымның дамуы, оның ішінде химия ғылымының дамып-оркендеуі нәтижесінде
тірі ағзаға зиянды ( әсер ететін заттардың саны орасан зор мөлшерге жетті.
Оның үстіне адамдар мен жануарлардың улы заттармен байланысы өте
күрделілене түсуде. Көптеген улы заттардың ауыл шаруашылығында кең
қолданылуы токсикологияның салалық бөлінуін қажет етті. Қазіргі замандық
өндірісте сан қилы химиялық қосылыстарды тұтыну "өндірістік
токсикологияны" құруға негіз болды. Бұл саланың маңыздылығы сол, ол улы
заттардың адам ағзасына зияндылығын, жұмыс істеу шарттарын
белгілейді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Азық құрамындағы нитратпен улануды зерттеу
1 Негізгі бөлім
1.1Азықтың құрамындағы нитратпен улану
Көптеген өсімдіктер, әсіресе азотты тыңайтқыштар қолданған жерде
өскенде, өзінің өсу барысында бойына нитраттарды жинайды. Оған жататындар:
бидай, қара бидай, сұлы, жоңышқа, қант қызылшасы, күнбағыс, жүгері т.б.
Азықтың құрамында 0,6-1,5 % нитрат болғанда мал уланады. Егер 1,5% -
тен көп болса, онда уланған мал өліп кетуі мүмкін.
Пісірілгеннен кейін баяу суытылған қызылшаны жеген малдардың улануы жиі-
жиі кездеседі. Мысал ретінде азық қызылшасымен улануды келтірейік.
Азық қызылшасынан улану. Азық қызылшасын дайындап берудің технологиясын
дұрыс сақтамағанда ( пісірілген, не буланған қызылшаны өте баяу суытып
бергенде) шошқалардың арасында көптеп уланғандық байқалады. Мұндай жағдайда
бактериялардың әсерінен нитраттардан нитраттар түзіледі де, олар көп
мөлшерде жинақталады. Бұл нитраттар қанға түсіп ондағы оксимоглобиндерді
метгемоглобиндерге айналдырады. Гемоглобин өзінің отттегін тасымалдау
қабілетінен айрылады да, тіндерге оттегі жетіспегендіктен организмде
аноксия құбылысы пайда болады. Онымен қоса нитриттер орталық нерв жүйесін
салдандырады; ондағы қан тамырларын кеңейтіп, қанның қысымын төмендетеді.
Пісірілген қызылша 5-6 сағат тұрғаннан кейін улы болып шығады, 12 сағатта
улылығы ең жоғарғы нүктесіне етеді. Ал шошқаларды 0,16-0,2 гкг. Мөлшері
уландырады.
Клиникалық белгілері. Жалпы жағдайы жабырғаңқы, тамақ алмайды, қатып
қалғандай бір орнында тұра береді, не төсенішке қазып кіргісі келеді,
тынышсызданады, бұлшық еттері дірілдейді, құсады, сілекей ағады, кілегей
қабықтары, терісі бозарған, суық, мұрын айнасы, құлақтарының ұшы көгерген,
көбінесе жата береді, тұрғанда шатқаяқтап әрең тұрады. Қатты уланғанда мал
15-30 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін. Өлер алдында дене қызуы
төмендейді. Жаңа туған бұзаулар мен торайлар қосымша диспепсиямен ауырады.
Өлекседегі өзгерістер. Қанның түсі қарайған, нашар ұйиды. Өкпе ісінген,
қоңыр түсті. Ішек қарынның кілегей қабығы қабынған, қанталаған. Асқазанның
жынынан азот қышқылының иісі сезіледі. Бауыр мен бүйректердің көлемі
ұлғайған, қанға толы, әр жерлері қанталаған. Несеп қабы зәрге толы.
Емі. Емдеудің ең басты мақсаты метгемоглобиннің түзілуін болдырмай,
қанның тотығу-тотықсыздану процесін қалпына келтіру. Ондай дәріге
А.Я.Лукиннің дерегі бойынша метилен көгі жатады. Оны құлақтың тұсына тері
астына немесе құлақтың венасына 2 %-ті ертінді ретінде 1млкг. Мөлшерінде
жібереді. ( 2г. метилен көгін 10 мл. спирт-ректификатта ерітеді де оған 90
мл. физ. Ерітіндіні қосады).
Шошқаларды құстыру үшін терінің астына апоморфинді жібереді. Сондай-ақ
кальцийферолды, токоферолды тағайындаған жөн.
Сақтандыру шаралары. Мал азығының құрамындағы нитраттардың мөлшерін ауық-
ауық анықтап отыру қажет. Азық қызылшасын дұрыстап дауйындап беру керек.
Пісіргенде жылдамырақ қайнатып, толық пісіру керек ( қайнай салысымен
30 минут қайнайды). Қайнату-пісіру процесі 3 сағаттан аспау керек. Содан
кейін ұзақ уақыт суытпау керек. Дайындалған қызылшаны сол күні, уақытында
малға беріп үлгеру керек. Қайнатылатын қызылшаны топырақтан тазалап, жуу
керек
1.2 Азот қосылыстары токсикологиясы

заттардың ішінде бірінші орын алатын газ (75.5%). Сондықтан да оның жер
бетіндегі тірі жан үшін маңызы зор.
Азот бос күйінде және қосынды түрінде кездеседі. Қалыпты жағдайда азот
оттегімен қосылмайды, сондықтан да ауада бос күйінде кездеседі. Белгілі бір
жағдайларда азот оттегімен әр түрлі қосындылар түзеді. N20 азот қышқылынан
бастап, N205 азот ангидридіне дейін, ал бұл екі аралықта оның 3 тотығы
болады.(NO. N203. N02).
Кейбір азот қосындыларының физикалық-химиялық сипаттамасы.
Бұл бөлімде азоттың бейорганиклық қосындыларынан азот (HN03) және азотты
(HN02) қышқылдың тұздарын қосамыз. Азот қышқылы (HNO,) күшті қышқылдар
қатарына жатады, жанасқан кездс кез-келген тірі торшаны зақымдайды. Бұл
жағынан азот қышқылы күкірт және басқа да күйдіргіш қышқылдармен пара-пар.
Азот қышқылдарының тұздары (NaN03. KNO,) бізге нитрат және селитра деген
атпен белгілі. Бұлардан басқа аммиак, барий, кальций селитралары да
өндірісте қолданылады.
Азот қосындыларының ішіндегі ауылшаруашылығында тыңайтқыш ретінде
пайдаланылатын қосындылардың маңызы зор. Олар мәдени өсімдіктердің өсуіне
қажетті азотты толықтырады. Ал, кейбір жағдайда азот өсімдіктерде
жинақталып, шамадан тыс көбейіп, малды уландырады. Азот кышқылы (HN02) таза
күйінде табиғатта кездеспейді, байланысы берік емес. Тек әлсіз сулы
ерітінді түрінде алынуы мүмкін. Азотты қышқыл тұздарының немесе
нитриттердің әсері күштірек болады. Практикада жалпы нитриттер деп аталатын
амилнитрит және натрий нитритінің маңызы зор. Азотты тыңайтқыштар азықтық
өсімдіктердің өсуін тездетеді. Өсімдіктерде азоттың өте көп жинақталуы
малға уытты әсер етеді.
Құрғақшылықта өсімдіктердің бойына 20% нитрат жинақталады, жем-шөп
құрамындағы нитраттар малдын асқорыту ағзаларында аса улы зат -нитритке
айналады. Сонымен қатар, нитраттың сыртқы ортаның өзінде де нитритке
айналуы мүмкін. Мысалы, қайнатылған қант қызылшасының ұзақ уақыт
салқындатылуы немесе тоңазытылуы, содан соң жібітілуі де нитриттің пайда
болуына жол ашады.
Малдардың нитрат пен нитритке сезімталдығы ұзақ уақыт ашыққанда, ұзақ
уакыт су ішпесе, колибактериозбен немесе сальмонеллезбен ауырғанда арта
түседі.
Патогенезі. Нитраттардың негізінен уытты әсері жоқ. Ол ас тұзы сияқты
бейтарап және ағзадан бүйрек арқылы шығып, диуретикалық әсер етеді. Нитрат
оттегі атомының азаюына байланысты құрамын өзгертіп, аса уытты зат нитритке
айналады.
Малдын асқорыту жолында олар денитрификациялық (азотты әдепкі қалпына
келтіру) бактериялардың көмегімен аммиакқа дейін өзгереді: нитрат -нитрит -
гибонитрит — гидроксиламин — аммиак. Күйістілерде бұл процес мес қарында,
ал басқа малдарда тоқ ішекте өтеді. Ағзаға азоттың көп мөлшерде түсуі, оның
аралық өнімдерінің (нитрит және гидроксиламин) жинақталуына әсерін
тигізеді. Кейін олар қанға сіңіп әр түрлі деңгейде патологиялық процестер
туғызады. Қанға сіңген нитриттер гемоглобинмен әсерлесіп, оны
метгемоглобинге айналдырады, нәтижесінде тотығу-тотықсыздану процесі
бұзылады.
Токсикологиясы. Құрамында нитрат және нитриттер бар жем-шөптің немее
судың уыттылығы көптеген факторларға байланысты болады. Олар: ағзаға
түсетін нитрат пен нитриттің мөлшері, рацион құрамында газ түзуші
азықтардың көп болуы, малдың физиологиялық күйі. Күйістілер нитритке
қарағанда нитраттарға сезім-тал келеді, ол күйістілердің ас қорыту
ерекшеліктеріне байланысты. Шошқа, қоян және құстар нитраттардың жоғарғы
мөлшерін қабылдай алады, себебі нитраттар қарыннан қанға өтіп, еш
өзгеріссіз ағзадан шығарылады.
Кесте-1 Нитрат пен нитриттердің салыстырмалы летальді мөлшері
Жануар түрі Нитраттар (N03) Нитриттер (NO2)
Ірі қара мал 300-500 100-150
Қой 600-800 130-160
Жылқы 600-700 30-50
Шошқа 800-1000 50-70
Қоян 1500-2000 50-80
Тауық 2000-3000 100-150
Нитриттер қан уы болып табылады, себебі олар қан тамырларын кеңейтіп қан
қысымын төмендетеді, жүрек жұмысын әлсіретеді. Ал, қандағы гемоглобинмен
қосылып, метгемоглобин түзеді. Сонын салдарынан ағзада газалмасу бұзылып,
ұлпаларда атоксия құбылысы байқалады.
Клиникалык белгілері. Көбіне жіті түрде өтеді. Ал созылмалы түрі сирек
кездеседі. Ірі қара малының тәбеті нашарлайды, жалпы әлсірейді, қозғалыс
координациясы бұзылады, құрсақ қуысының маңын басқанда ауырсынады, бұлшық
еттер дірілдейді, тыныс алу жиілейді, кілегейлі қабықтары көгереді, іші
өтеді. Аз уақыт мал кома жағдайында болып, ақырында өледі. Буаз малдар іш
тастайды. Ұсақ малдарда нитраттармен улану сирек кездеседі, клиникалық
белгілері ірі қара малға ұқсас.
ІІІошқа - өте жиі уланады, себебі оларды азықтандыруда асханалық және
қант қызылшасы жиі қолданылады. Әсіресе, азотқа бай топырақта өсірілген
асханалық қызылша өте қауіпті. Құрамында нитраты бар азықты беру шошқалар
үшін қауіпті емес. Ірі қара малдарындағыдай шошқа қарнында нитраттар
нитриттерге айналмайды. Ал егер нитратқа бай азықтарды дайындау барысында
нитраттар нитриттерге айналса, онда ол шошқалар үшін ете уытты болып
табылады. Мысалы, пісірілген қызылшаны жылы жерде 12 сағат бойы
салқындатқанда нитриттер көптеп жинақталады. Мұндай қызылшамен
азықтандырылғаннан кейін алғашқы екі сағат ішінде-ақ шошқада уланудың
клиникалық белгілері көріне бастайды. Олар әлсіреп жатып қалады. Орнынан
тұрып, қайтадан құлайды, сілекей көп бөлінеді, тыныс алуы қиындайды, кейде
құсады. Көз және ауыз қуысы, кілегейлі қабықтары анемия жағдайында болады.
Дене қызуы қалыпты, ал өлер алдында төмендеп кетеді (37-37,5°), бұлшық
еттері тырысып салдану нәтижесінде мал өледі. Созылмалы улану кезіндс шошқа
іш тастайды, торайлар өлі немесе өте әлсіз туылады.
Патолологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлексені сойып, қарағанда қанның
түсі қызғылт-коңыр, нашар ұйиды. Ас қорыту ағзаларында әртүрлі қанталаулар,
паренхиматозды ағзалар қанға толған, қуықтың көлемі ұлғайған, іші зәрге
толы, қарыннан күйген мүйіздің иісіндей болып азот тотығының иісі шығады.
Балау. Улануды анықтау кешснді түрде жүргізілуі қерек. Клиникалық
белгілерінде, патанатомиялық өзгерістерінде, химиялық-токсикологиялық
талдау нәтижесімен балау қойылады. Мал тірі кезінде қаннан, танау
сұйықтығынан нитрат пен нитриттерді анықтау керек. Күре тамырдан қан алып,
ондағы метгемоглобиндерді анықтайды.
Болжау. Алғашқы белгілері көрінгеннен кейін-ақ болжау қолайсыз деп
табылады. Шошқа бірден өліп кетеді, ал егер жалпы жағдай жақсарғандай
болса, 1-2 күннен кейін өледі.
Емі. Ірі қара мал мен қойларға 1кг салмаққа 10мг мөлшеріндегі метилен
көгі емдік әсер етеді. Оны 1% сулы ерітінді түрінде венаға егеді. Ал
шошқаларға 1кг салмаққа 0,01-0,02г метилен көгін 2% ерітінді түрінде
қолданады.
Сақтандыру шаралары. Мал азығы мен суға азот тыңайтқышының түспеуін
қадағалау керек. Осы тыңайтқыштар шашылған шабындықтар мен жайылымдарға
малды жауын жауған соң ғана жаю керек. Құрамында 5%-ды нитраты бар пішенмен
малды азықтандыруға болмайды.
1.3Ірі қара малдың қант қызылшасымен улануы
Қант қызылшасында азот қышқыл тұздарынан белгілі бір жағдайда азотқышқыл
қосылыстары – нитриттер түзіледі. Сондай-ақ қант қызылшасының құрамында
0,14 – 0,19 % мөлшерде сапонинидер болады. Бұған қарамай ғылыми
зерттеулердің нәтижесінде малдардың улануы организмге қалыптан тыс қанттың
келуінен болатыны дәлелденген. Бірақ та нитраттар мен сапониндердің де
әсерлерін естен шығармаған жөн. Мысал ретінде: егер сиырларға 12-15 кг.
Қант қызылшасы берілсе, онда одан организмге 4-5 кг. Таза қант түзіледі
екен. Ал күйіс қайыратын малдардың организмінде, дәлірек айтқанда
месқарында, крахмал, қант тәрізді углеводтар ондағы микроорганизмдердің
ферменттерінің әсерінен ұшатын май қышқылдарын ( пропион, сірке, май)
түзеді. Міне осы екі ортада сүт қышқылы үұшатын май қышқылдарына айналып
үлгермегендіктен көптеген сүт қышқылы түзіледі. Ол месқарынның қышқылдығын
жоғарлатып, оның pH – н 3,7-ке дейін төмендетеді. Микрофлораның қызметі
нашарлап, месқарындағы ас қорыту процесі бұзылады да гипотония, атония
белгілері пайда болады. Ары қарай сүт қышқылы қанға түседі де организмдегі
қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті бұзып, ацидоз құбылысын тудырады. Міне
осыдан барып улану, негізінен сүт қышқылымен улану процесі дамиды.
Ауырған сиырлардың жалпы күйі нашар, месқарынның жиырылуы әлсіз,
көбінесе атония. Соның салдарынан месқарын асқа толған, кейде тимпания
болуы да мүмкін. Дем алысы ауыр, жүректің қызметі нашарлаған. Қанда сүт
қышқылының мөлшері 90-105 мг %-ке дейін ( қалыпты жағдайда 6-18 мг %)
көтеріледі, кетондар шоғырланады, гипергликемия, гликозурия байқалады.
Өлекседегі өзгерістер. Ішектердің кілегей қабықтарында қабынудың
белгілері. Бүйректердің милы қабаты қызарған, уроцистит.
Клиникалық белгілері. Ауру сиыр әлсіз, тамаққа тәбеті жоқ, шөлдегіш
келеді. Месқарын жиырылмайды.- атония. Керісінше ішектердің жиырылуы үдей
түседі. Қан аралас іштің өтуі байқалады.
Барысы. Жіті, мал әлсіреп, жүректің жұмысы нашарлап барып, өлім-жітімге
ұшырайды.
Емі. Рационнан қант қызылшасын алу керек. Месқарынға 5л мөлшерінде КМnO4
1:1000 ертіндісін құяды, 1-2 % биокарбонат натрий сода ертіндісімен
жуады. Бұл ертіндіні ауыз қуысы арқылы беруге де болады. Венаға 100-140 мл
0,5 % новокаин ертіндісін; сондай-ақ кофеин қосып 5-10 % хлорлы натрий
ерітіндісін жібереді 50 мгкг. 150-200 бірлік инсулинді тері астына,
глюкозаны венаға жіберуге болады. Жүрек жұмысы нашарлағанда кофеинді тері
астына жібереді.
Сақтандыру шаралары. Ірі қара малдарын қант қызылшасымен дұрыс
тамақтандыру. Бірден беру мөлшерін 12 кг-нан асырмау керек.
1.4Жүгерімен улану
Ірі қара малға көктей шабылған жүгеріні, әсіресе балауыз кезінде,
бергенде улану байқалады. Негізгі себебі жүгерінің құрамында азот
қосылыстарының – нитраттардың болуы. Олар көбінесе азотты тыңайтқыштар
қолданылған жерге өскен жүгеріде, қуаңшылық жылдары көп болады.
Нитраттардың рационындағы мөлшері 0,5 % болса қауіпті, ал 1,5 % болғанда
мал өлім-жітімге ұшырайды. Улы заттар месқарында ашу процесі бұзылғанда да
түзілуі мүмкін деген де болжам бар. Қалай болғанда да, егер месқарында
малдың 100 кг салмағына есептегенде 100 г нитраттар болса, мал өсіп кетуі
мүмкін. Улануға организмде түзілетін күкіртті сутегінің, паракрезолдың,
фенолдың, индолдың, скатолдың және т.б. улы заттардың қосымша әсерлері
болатыны сөзсіз.
Дамуы. Месқарында түскен жүгерінің құрамындағы нитраттардан олар
әсіресе сабағында көбірек болады микроорганизмдердің әсерінен нитриттер
түзіледі. Олар қанға сіңіп гемоглобиндермен байланысып метгемоглобиндер
түзеді. Метгомоглобин оттегін қабылдай аламйтындықтан организмде оттегінің
жетіспеушілігі – гипоксемия пайда болады. Оттегінің жетіспеушілігі ең
алдымен орталық нерв жүйесінің реттеушілік қызметін бұзады да, соның
салдарынан басқа да ағзалардың жұмыстары бұзылады. Және де жас жүгерінің
құрамындағы углеводтардан месқарында өте көп сүт қышқылы мен ұшқыш май
қышқылдары түзіледі. Олар ортаның қышқылдығын арттырады да микрофлораның
қызметін бүлдіреді, қосымша улы заттар түзіледі.
Өлекседегі өзгерістер. Ауыз қуысының кілегей қабығы қызарған, тілі
ісінген. Месқарын жүгерінің бұршағына толы. Ұлтабар қанталап қабынған.
Кеуде, құрсақ қуыстарында қызғылт түсті сұйық зат жиналған. Басқа ағзаларда
да Клиникалық белгілері. Клиникалық белгілеріне қарай жеңіл және ауыр
түрлерін ажыратуға болады. Жеңіл түрінде малдың жалпы жағдайы сылбыр,
жүргенде артқы аяқтарының шатқаяқтанғаны байқалады, буындары сыртылдайды.
Ауру мал көбінесе жата береді, тұрғызғанда бірнеше ұмтылып әрең тұрады.
Азыққа тәбеті, күйіс қайыруы жоқ. Месқарын мен ішектердің жиырылуы әлсіз,
кейде білінбейді де. Аузынан сілекей ағады, месқарынның жыны қатып қалады.
Көзге көрінетін кілегей қабықтары көгерген, тамыр соғысы мен тыныс алуы
жиілеген. Буаз сиырлардың іш тастағаны байқалады.
Ауыр түрінде өте жіті өтеді. Орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылады.
Әуел баста қозу, артынан салдану байқалады. Бұлшық еттері тартылып, артқы
аяқтары қозғалмай қалады. Басын артқа қайырып, аяқтарын созып, тістерін
шықырлатып көбінесе жатады. Тексерілетін барлық сезімталдықтары жоғалады.
Дене қызуы төмендейді, кілегей қабығы көгереді, сиырлар сүт беруді
тоқтатады. Қуық зәрге толы. Зәрдің құрамында белоктар,лейкоциттер, эпителий
клеткалары болады. Ауру мал 1,5 – 2 сағат ішінде өліп кетуі мүмкін.
Ауруды анықтау. Мал туралы жиналған деректерге, клиникалық белгілеріне
және өлекседегі өзгерістерге көңіл аудару керек.
Емі. Жүгеріні беруді тоқтатады. Месқарынды КМnO4 1:3000 ерітіндісімен
жуады. Кастор майы мен глаубер тұзына изтинол қосып береді. Венаға 20 %
CaCL2 150-200 мл. ертіндісінде 20 % 20 мл. кофеинді қосып жібереді. Күніне
2 рет 3л-ден сиыр сүтін ішкізеді.Венаға 40 % 150 мл. глюкоза ертіндісін,
терінің астына 2 %-0,5 млкг. Метилен көгін жібереді. Алдыңғы
қарыншақтардың жиырылуын қалпына келтіру үшін венаның ішіне 2 мл. ақ
қорғасын ( белая чемерица ) тұнбасын жібереді. pH-ты қалпына келтіру үшін
венаға 150-200 мл. 2 %-ті сода ( бикарбонат Na) ертіндісін жібереді. Оны 5
%-ті 2 л. мөлшерінде ауыз қуысы арқылы да беруге болады. Венаға жібергенде
40 % 250-300 мл. глюкоза мен 20 % 10 мл. кофеинді қосып жібергеннің
нәтижесі өте жақсы.
Сақтандыру шаралары. Ірі қара малын жүгері бар жерге, әсіресе оның
балауыз кезінде жаймау. Ашыққан малдар тезірек уланады. Шабылған көк
жүгеріні ұсақтап беру керек. Азотты тыңайтқыш қолданған жерден алынған
жүгеріден дайындалған азықтың құрамындағы нитраттың мөлшерін анықтап отыру
керек. Ондай азықты сүрлемдеп берген жөн. Сүрлемдеген жүгеріде бір айдан
кейін нитраттардың мөлшері 40-70 %- ке дейін азаятын көрінеді. Жем-шөпті
консервілеу арқылы нитраттарды тезірек жоюға болады.
Ірі қара малдарын жүгерісі жиналған егістікке жаю да қауіпті көрінеді.
Шабылғаннан кейін қалған жүгерінің сабағының түпкі бөлігінде оның
құрамындағы нитраттардың 30 %-не дейіні шоғырланатын көрінеді.
1.5 Карбамидпен (мочевинамен) улану
Малдың рационында жетіспейтін протеинді толтыру үшін, әсіресе ірі қара
малдарына, карбамид жиі қолданылады. Карбамид немесе синтетикалы мочевина
[(NH2)2, Со]-суда жақсы еритін, құрамында 46 % -тей азот бар, қышқыл
дәмді, иіссіз зат.
NH2
C O NH3 + CO2
NH2
Месқарынға түскен карбамид бактерияларының ферменті уреазаның әсерінен
аммиак пен көмір қышқылына ыдырайды. Ондағы микроорганизмдер босағсн
аммиакты өз денелерінің белогын синтездеуге пайдаланады. Бұл процесс
месқарында жеткілікті мөлшерде еритін углеводтар болған жағдайда жақсы,
дұрыс жүреді. Алдыңғы қарыншақтардан аспен бірге асқазанға, одан ішектерге
түскен микроорганизмдер тамақпен бірге қортылып мал организмінің белогын
толықтыруға қатысады. Міне сондықтан да карбамид күйіс қайыратын малдарға
қосымша белокты азық ретінде, малдың рационында протеин 30 % - ке дейін
жетіспегенде, ал еріген углевод ( қант ) жеткілікті мөлшерде болғанда
беріледі.
Егер карбамид рационға көп қосылып кетіп, одан аммиак қалыптан тыс
түзілетін болса, онда оны микроорганизмдер пайдаланып үлгере алмайды да,
артылып қалған аммиак қанға сіңіп малды уландырады. Ірі қара малдарға
карбамидтің күндік мөлшері 85-100 г-нан аспау керек. Оның өзі бірнеше
бөлініп берілуі керек. Ал осы мөлшерді бірден бергенде малдың улануы
мүмкін. Жәнесінде карбамидті басқа азықтармен жақсылап араластырып берген
дұрыс. Аммиак месқарында көп түзілуінен де малдың улануы мүмкін.
Дамуы Қанға сіңген артық аммиак бауырға түседі де, одан қайтадан
мочевина түзіледі. Кей кезде өзіне түскен барлық аммиакты толық мочевинаға
айналдыруға бауырдың шамасы келмей қалады ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz