Құрамында синил қышқылы бар азықтармен улану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Малдың уланулары пәнінен Құрамында синиль қышқылы бар азықтармен улану
себептері, белгілері патанатамиялық өзгерістері мен сақтандыру шаралары
тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 25 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу,
техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі
қамтылды.

Белгілер мен қысқартулар

Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
Мс-метрсекунд
ПВС-поливинилді спирт
БӘБ- бақа әсер бірлігі
МӘБ - мысық әсер бірлігі
КӘБ -көккептер әсер бірлігі
ӘБ- әсер бірлігі

Анықтамалар

Алкалоидтар- өсімдіктерде кездесетін мысалы құрамында азотты органикалық
негіздері бар заттар.
Гликозидтер -сумен қосылып ыдырағанда глюкоза және аглюкондар
түзетін , эфирге ұқсас азотсыз, оргоникалық қосылыстар
Ингаляциялық наркоз - тыныс жолдары арқылы берілетін наркоздың түрі
Инсуффляциондық әдіс - бұл әдіс наркоздық заттардың кеңірдекке немесе
бронхыларға үрлеп берілуі.
Резорбтивтік әсер- наркоздық заттардың қан тамыр жүйесіне қолайсыз әсер
етеуі.
Флакондар мен ампулалар - дәрілік сұйық заттар ауа өткізбейтін ыдыстар
Релаксанттар - дитилин, диплацин накоздық әсері бар препараттар
фитотерапия - өсімдік тектес шөп дәрілермен емдеу.
тұнба – дәрілік өсімдіктен демдеп, сүзіп алған сұйықтықтық
экстракті – дәрілік өсімдіктен сығылып алынған сірінді
драже – домалақ түрдегі дәрілер

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.102 -68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен
комплектілігі.
МЖМБС 2.104 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің
классификаторы (ЭҚТБӨК)
МемСТ 12.1.008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық
қауіпсіздігі
МемСТ 26668 – 95 – Сынама алу
МемСТ 7636 – 85 – Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631–85– Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

Мазмұны

Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1Құрамында синил қышқылы бар азықтармен
улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..9
1.2 Азық құрамындағы нитратпен
улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..10
1.3Улы заттар және олардың организмге әсерлері жөнінде
жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . ... ... 10
1.4 Улануларды емдеу үлгісі және сақтандыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... .15
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .18
3 Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 26

Кіріспе

Кең байтақ Қазақстан республикасының жерінде бытыраңқы орналасқан
малшаруашылықтарының малдардың ішінде әр түрлі азықтардың құрамындағы
улы заттармен уланулары жиі кездесетін жағдай. Бұған себеп жер көлемі
үлкен болғандықтан және табиғаттың әр түрлі құбылмалы әсерінен онда
өсетін өсімдіктер фаунасы да неше түрлі алуан, құбылмалы болып келеді.
Малдардың улануының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Уланумен бір
екі бас мал ғана емес , көптеп мплдардың топ-тобымен ауруы, ауыр
жағдайда көмек көрсетіліп үлгерілмегенде уланған малдың кенеттен малға
өлім жетімге ұшырауы аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы жұмыс
малдарының жұмысқа жарамсыздығы жедел көмекке емдеп жазуға
жұмсалатын қаражат шығындары шаруашылықтардың , жеке қожалықтардың
қаржыларына әсерін тигізері сөзсіз.
Онымен қатар ауылшаруашылық малдардың улануы олардың организміндегі
улы заттары өнімдері арқылы өсі төлдерін тіпті адамдарды уландырулары
мүмкін.
Кей кезде уланулардан болатын шығын індетті аурулардан келетін
шығындардан да асып түсетін көрінеді.
Уланған организмнің , әсіресе созылмалы уланулардың түрінде уланған
малдарың жалпы резистенттік қабілеттілігі әлсірейді де , олардың індетті
тоғышарлық көбінесе жұқпалы емес ауруларға қарсы тұру қабілеттілігін
нашарлатады. Сондықтан ондай малдарда уланулардың басқа аурулармен
қабаттасып асқынған түрлері жиі кездеседі. Көп жағдайларда мал мамандары,
күтуші , бақташы адамдар уланулардың табиғатын терең білмегендіктен дұрыс
диагноз қоя алмай қалады. Соның салдарынан емдеу, уланудың алдын алу
шаралары дұрыс жүргізілмеуі де мүмкін.
Мал мамандары өз шаруашылықтарының шекарасында қандай улы өсімдіктер
өсетінін біліп , оған сай карта жасап, онымен малға қатысы бар адамдарды
таныстырып отырулары қажет.
Кейбір улы өсімдіктер жайлы қулықтарда , жалпы әдебиеттерде қарама-
қайшы деректерде кездесіп қалады. Малдардың көк саңырауқұлақтармен
жарақаттанған , ластанған азықтармен уланулары жиі кездеседі. Бұл
мәселе осы күнге дейін толық зерттелмеген. Малдардың химикаттармен
уланулары да толық жауабын шешпеген мәселе.
Міне осының бәрі осы күнге дейін көптеген уланулардың әлі де болса
терең зерттелмей жатқанының куәсі.
Курстық жұмыстың мақсаты-кең байтақ қазақстан териториясының солтүстік-
шығыс аймағындағы малшаруашылығында жиі кездесетін уланулардың
ерекшеліктері мен оларды емдеу әдістерін, сақтандыру шараларын сол
өңірде еңбек етіп жүрген мал мамандары куәліктері болмаса да, бұл салада
тәжірибелері мол адамдарғ қазіргі ғылым жүзінде бар деректерді жинақтап
жеткізу арқылы нақтылы көмек көрсету

1 Негізгі бөлім
1.1 Құрамында синил қышқылы бар азықтармен улану

Судан шөбімен улану. Суданская трава. Малдардың жақсы азығына жатады.
Улану оның құрамындағы синиль қышқылының әсерінен болады. Құрғақшылық
жылдары синиль қышқылының мөлшері 54мг кгға дейін жеткен. Ол улы зат судан
шөбінен жасалған сүрлемде 12 мг кг мөлшеріне дейін болады.
Дамуы. Синиль қышқылы басқа өсімдіктерде де кездеседі. Ол өсімдіктегі
цианглюкозиттердің гидролиз роцесінде түзіледі. Мұндай гидролиз не
өсімдіктердің өз ферменттерінің не малдың ас қорыту жүйесінің
ферментінің әсеінен болады. өсімдіктер кептірген кезде улылығын жояды,
тек кендір өсімдігіне сақталуы мүмкін. Синил қышқылының 1 мг мөлшері
малды өлтіріп жібереді. Ал жылқыларға 0,4-0,5 г жетіп жатыр. Ірі қара
малдар месқарында түзілген қышқылды кекірген кезде шығарып
отыратындықтан төзім келеді.
Улануға әсер ететін жағдай клеткаларда оттегінің жеткіліксіздігінен
тіндердегі демалыс процесінің бұзылуы, қышқыл демалуға қатысатын
ферменттерді байлап тіндерді тотығу процесін жүргізбейді. Оттегінің
жеткіліксіздігі бірінші кезекте орталық нерв жүйесіне әсер етеді де
ондағы демалу қан айналу қаңғыма нерв орталықтарының қызметтерін бұзады.
Дем алудың тоқталуынан мал өліп кетеді.
Белгілері. Аурудың барысында үш сатыны байқауға болады. Бірінші
сатысында –диспноэтикалық саты-малдың демалысы жиілеп қиындайды,
тынышсызданады, кілегей қабықтары қызарған, ит пен шошқаларда құсу
байқалады.
Екінші –конвулсивтік сатысында эпилепсия құбылыстары байқалады, демалысы
әлсіз, терісінің сезімталдығы жоқ, кілегей қабықтары көгерген, демалысы
тоқтап мал өліп кетуі мүмкін. Сиырлар басын көтеріп, мойнын созып жерге
қарсы тұрып демалуға тырысады. Шошқалар ти тәрізді шоқиып отырып дем алады.
Өлекседегі өзгерістер. Кілегей қабықтары қатты қызарған, қан тамырлары
әсіресе құрсақ тұсында қанға толы сыртқы қабаты қанталаған, ас қорту
жүйесінде геморрагиялық қабыну, паренхималды ағзаларда дегенерация, өкпе
қызарған, ісінген бронхылар мен кеңірдектерде алқызыл көпіршіген сұйық.
Қан ұйымаған.
Ауруды анықтау. Үшін малдың , асқазанының жынынан синиль қышқылын
анықтау керек.
Емі. Жіті түрде емдеуден нәтиже жоқ. Басқа жағдайда усыздандыру үшін
тиосульфат натриді қанға жібереді. Ол синиль қышқылымен қосылып родон
қосылыстарын түзеді. Оттегі жетіспегенде метилен көгін қолданады.
Венаның ішіне глюкоза жіберіледі. Натридің азот қышқылы тұзының 0,5-1
судағы ерітіндісін 1мг кг мөлшерінде венаның ішіне жіберуге болады. Ауыз
қуысы арқылы 3 күкірт қышқыл темір мен 5 көмір қышқыл натриді қосып 300-
500мл мөлшерінде береді. Марганец қышқыл калии ертіндісін де беруге болады.
Жүректің өкпенің жұмыстарын жақсартатын дәрілер береді. Жіті түрінде венаға
30 глюкозаға метилен көгі мен с витаминін қосып жібергеннің нәтижесі жақсы.
Емдеуді неғұрлым ертерек, бірінші клиникалық белгілері біліне бастасымен
жылдам арада қолдану керек.
Сақтандыру шаралары күдікті тамақты рационға енгізбеу, жайылымды
өзгерту. Циагенді заттары бар көк шөпті темір сульфатымен және натрии
гидрокарбонатымен усыздандыру керек.
Фотодинамикалық қасиеттері бар өсімдіктермен улану.
Көптеген өсімдіктердің фотодинамикалық қасиеттері бар. Ондай өсімдіктер
әсіресе гүл шашқан кезде, белгілі бір қолайсыз метеорологиялық жағдайда
бойларына күн сәулесінің әсерінен улы болып келетін филоэритрин затын
шоғырландырады.. ондай өсімдіктердің қатарына қара құмық, жоңышқа тары
және т.б жатады.
Қара құмықпен улану. Малдар бұл өсімдікті гүл шашып тұрған кезде ,
ашық күндері жегенде уланады. Улы зат-филоэритрин.ақ түсті малдар жиі
уланады деген деректер бар. Қой мен шошқалардың арімдіктердің
хлорофлорасында құрамында болады. Дамуы. Филоэритрин Оргонизмде ол
көбінесе теріде шоғырланады., да күнасында жиі кездеседі.түзілген тотық
тері рецепторларының қатты тітіркендіреді. Теріде күйген тәрізді
өзгерістер пайда болады. Тері қызарады, ісінеді ауырсынғандық байқалады.
Кейіннен күлдіреп іріңдейді. Ауыр жағдайларда бұл өзгерістерге орталық
нерв жүйесінің қызметтерін бұзылуы қабаттасады.
Өлекседегі өзгерістер. Терінің зақымдалғанынан басқа бас ми қабының,
ішек қарынның кілегей қабығының қабыну белгілерін, бауырдың бүйректің
қызарып өзгергенін анықтауға болады.
Белгілері. Улы өсімдікті жегеннен кейін бірнеше сағаттан соң-ақ
малдардың терісінде бастапқыда бас терісінде құлақтың тұсында мойында
кейіннен бүкіл денесінен қызарған бөртпе пайда болады. әсіресе жүні жоқ не
аз жұқа жерлерінде жақсы білінеді. Олар қышиды мал үйкеленіп қасынады.
Кейіннен суланып жарылады да , жараға айналады. Кей кезде жараланған жер
қабыршақтанып, іріңдеп өлі еттенеді. Жараланған жердің терісі тығыздалып
бетінің қабы түсіп жара ашылады.кей малдардың ерін құлақтары толық түсіп
қалуы мүмкін. Ауырған малдың тәбеті нашарлап , күйі төмендейді. әлсірейді
дене қызуы көтеріледі. Ас қорту жүйесінің қызметі бұзылады.
Барысы ауру көбіне жіті түрде өтеді. Жеңіл жағдайда рационнан улы
шөпті алғаннан кейін біртіндеп жазылып кетеді. өте ауыр жағдайда өлім
жітіммен аяқталады. Анықтау үшін негізгі клиникалық белгілеріне рационда
қара-құмықтың бар-жоғына, метеорологиялық жағдайына көңіл аудару керек.
Емі уланған малды қорада не көлеңкі жерде ұстайды. Рационды
қарақұмықтан тазалайды. өсімдік майын беріп малдың ішін өткізеді. Тұз
қышқылы қосылған сумен суғарады. Кофейн немесе камфора майын қолдануға
болады. Тамырдың ішіне новакайн ертіндісін жібереді. Жараны тазалап
майлы дәрілер жағады ихтиол карабол, салицил, цинкті ментол.
Сақтандыру шаралары. Жайылымды өзгерту қолдағы қара құмықтың малға
сабағын басқа азықтармен араластырып беру, тікелей күн көзінің сәулесінен
сақтандыру.
Жоңышқамен улану. Мал көп уақыт қызыл жоңышқаны жегенде уланады.
әсіресе балауса көк кезінде улы келеді.
Дамуы. Жоғарыда айтылған қарақұмықпен уланғанда сәйкес. Улы зат сол
филоэритрин.
Белгілері. Уланған малдың терілерінің пигментсіз жерлерінде әсіресе бас
жағында азуларында мойнында желініде аяғында қотыр пайда болады. Ол
қатты қышып мал тынышсызданады. Малың жалпы хәлі нашарлайды, ыстығы
көтеріледі.
Барысы. Ауру онша ұзаққа созылмайды. Жазып алуға болады.
Анықтау. Азықтың құрамы деректер мен клиникалық белгілері.
Емі. Қарақұмықпен уланғанда қолданылған емі мұнда да қолдануға болады.
Сақтандыру күн ашықта малды жоңышқалы жайылымға жаймаған жөн.
Жоңышқаны жеке бермей басқа шөптермен араластырып беру керек.
Тарымен улану.
Улану қойларда жиі кездеседі. Қазақстанда семей павлодар аудандарында
кездескен осындай улану жөнінде А.М Рахмановтың деректері бар. Улану
жайылымда , құрғақшылық жылдары , толық жетілмеген тары өскен
жайылымдарда тіркелген. Олардың бақылауы бойынша тек ақ түсті қозылар
ғана емес, қара қоңыр қозылардың ішінде де байқалған.
Клиникалық белгілері. Улану ас қорту жүйесінің жұмысынан бұзылуынан
басталады. Құлақтың тістің қастың тұстарында тері астында қатты
қышиды, жүні түседі серозды сұйық пайда болады кейде тері өлі
еттенеді. Ондай өзгерістер бірте-бірте көздің ауыздың мұрынның
кілегей қабықтарына да келеді. Осының салдарынан тамақ қабылдау су ішу
демалу процестері қиындайды. Кей кезде мал көрмей қалады. Сары аурудың
белгілері көрінеі. Ауырған малдың 70-80 –і өлім-жітімге ұшырайды. Жазылу
процесі өте ұзаққа созылады. Кей кезде өте жіті түрде өтіп нерв жүйесіне
өтеді. Бастың аяқтың бұлшық еттері қатты жиырылып , ауру мал құлайды басын
артқа қарай қайырап көпке дейін жатады.
Өлекседегі өзгерістер тері асты шелі ісінген, бас терісінің астында
дірілдеген инфилтрат,құлақ жарғақтары қалыңдаған, терісі сарғайып ,
геморрагиялық диатездің белгілері кілегей қабықтары қызарған ас қорту
жүйесінде қабыну жабыршақ қарынның беттері ісінген, өкпе ісінген, қошқыл
түсті , кескенде көпіршіктенген сұйық , бауырдың көлемі ұлғайған, балшық
түстес, болбыр. Бүйректерде де сондай өзгерістер байқалады.
Емдеу сақтандыру шаралары қарақұмықпен улануда көрсетілгендей.

1.2 Азық құрамындағы нитратпен улану

Көптеген өсімдіктер, әсіресе азотты тыңайтқыштар қолданған жерде өскенде
өзінің су барысында бойына нитраттады жинайды. Оған жататындар, бидай,
қара бидай, сұлы жоңышқа, қант қызылшасы, күнбағыс, жүгері. Т.б
Азықтың құрамында 0,6-1,5-нитрат болғанда мал уланады. Егер1,5-тен көп
болса , онда уланған мал өліп кетуі мүмкін.
Пісірілгеннен кейін баяу суытылған қызылшаны жеген малдардың улануы
жиі-жиі кездеседі. Мысал ретінде азық қызылшасымен улануды келтірейік.
Азық қызылшасымен улану.
Азық қызылшасын дайындап беру технологиясын дұрыс сақтамағанда
пісірілген не буланған қызылшаны өте баяу суытып бергенде шошқалардың
арасында көптеп уланғандық байқалады. Мұндай жағдайларда бактериялардың
әсерінен нитраттардың нитриттер түзіледі де олар көп мөлшерде жинақталады.
Бұл нитриттер қанға түсіп ондағы оксигемоглобиндерді метеоглобиндерге
айналдырады. Гемоглобин өзінің оттегін тасымалдау қабілетінен айырылады да,
тіндерге оттегі жетіспегендіктен оргонизмде аноксия құбылысы пайда болады.
Онымен қоса нитриттер орталық нерв жүйесін салдандырады. Ондағы қан
тамырларын кеңейтіп , қанның қысымын төмендетеді. Пісірілген қызылша 5-6
сағат тұрғаннан кейін улы болып шығады. 12-сағатта улылығы ең жоғарғы
нүктесіне жетеді. Ал шошқалаларда 0,16-0,2 гкг мөлшері уландырады.
Клиникалық белгілері. Жалпы жағдайы жабырғаңқы тамақ алмайды, қатып
қалғандай бір орнында тұра береді, не төсенішке қызып кіргісі келеді,
тынышсызданады. Бұлшық еттері дірілдейді , құсады сілекей ағады, кілегей
қабықтары, терісі бозарған, суық мұрын айнасы, құлақтарының ұшы көгерген ,
көбінесе жата береді. Тұрғанда шатаяқтап әрең тұрады. Қатты уланғанда мал
15-30 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін. өлер алдында дене қызуы
төмендейді . жаңа туған бұзаулар мен торайлар қосымша диспепсиямен
ауырады.
Өлекседегі өзгерістер. Қанның түсі қарайған, нашар ұйыды , өкпе сінген
қоңыр түсті ішек қарынның кілегей қабығы қабығынан, қанталанған.
Асқазанның жынынан азот қышқылының иісі сезіледі. Бауыр мен бүйректердің
көлемі ұлғайып , қанға толы , әр жерлері қан талаған. Несеп қабы зәрге
толы.
Емі. Емдеудің ең басты мақсаты метеогемоглобиннің түзілуін
болдырмай қанның тотығу тотықсыздандыру процесін қалпына келтіру. Ондай
дәріге А.Я.Лукиннің дерегі бойынша метилен көгі жатады. Оны құлақтың тұсына
тері астына немесе құлақтың венасына 2-ті ерітінді ретінде 1млмг
мөлшерінде жібереді.
Шошқаларда құстыру үшін терінің астына апоморфинді жібереді.
Сондай–ақ кальциферолды, токоферолды тағайындаған жөн.
Сақтандыру шаралары. Мал азығының құрамындағы нитраттардың
мөлшерін ауық-ауық анықтап отыру қажет. Азық қызылшасын дұрыстап дайындап
беру керек. Пісіргенде жыдамырақ қайнатып толық пісіру керек қайнай
салысымен 30-минут қайнайды. Қайнату-пісіру процесі 3 сағаттан аспау керек.
Содан кейін ұзақ уақыт суытпау керек. Дайындалған қызылшаны сол күні ,
уақытында малға беріп үлгеру керек. Қайнатылатын қызылшаны топырақтан
тазалап, жуу керек.
Көптеген өсімдіктер, әсіресе азотты тыңайтқыштар қолданған жерде
өскенде, өзінің өсу барысында бойына нитраттарды жинайды. Оған жататындар:
бидай, қара бидай, сұлы, жоңышқа, қант қызылшасы, күнбағыс, жүгері т.б.
Азықтың құрамында 0,6-1,5 % нитрат болғанда мал уланады. Егер 1,5% -
тен көп болса, онда уланған мал өліп кетуі мүмкін.
Пісірілгеннен кейін баяу суытылған қызылшаны жеген малдардың улануы жиі-
жиі кездеседі. Мысал ретінде азық қызылшасымен улануды келтірейік.
Азық қызылшасымен улану Азық қызылшасын дайындап берудің технологиясын
дұрыс сақтамағанда ( пісірілген, не буланған қызылшаны өте баяу суытып
бергенде) шошқалардың арасында көптеп уланғандық байқалады. Мұндай жағдайда
бактериялардың әсерінен нитраттардан нитраттар түзіледі де, олар көп
мөлшерде жинақталады. Бұл нитраттар қанға түсіп ондағы оксимоглобиндерді
метгемоглобиндерге айналдырады. Гемоглобин өзінің отттегін тасымалдау
қабілетінен айрылады да, тіндерге оттегі жетіспегендіктен организмде
аноксия құбылысы пайда болады. Онымен қоса нитриттер орталық нерв жүйесін
салдандырады; ондағы қан тамырларын кеңейтіп, қанның қысымын төмендетеді.
Пісірілген қызылша 5-6 сағат тұрғаннан кейін улы болып шығады, 12 сағатта
улылығы ең жоғарғы нүктесіне етеді. Ал шошқаларды 0,16-0,2 гкг. Мөлшері
уландырады.
Клиникалық белгілері. Жалпы жағдайы жабырғаңқы, тамақ алмайды, қатып
қалғандай бір орнында тұра береді, не төсенішке қазып кіргісі келеді,
тынышсызданады, бұлшық еттері дірілдейді, құсады, сілекей ағады, кілегей
қабықтары, терісі бозарған, суық, мұрын айнасы, құлақтарының ұшы көгерген,
көбінесе жата береді, тұрғанда шатқаяқтап әрең тұрады. Қатты уланғанда мал
15-30 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін. Өлер алдында дене қызуы
төмендейді. Жаңа туған бұзаулар мен торайлар қосымша диспепсиямен ауырады.
Өлекседегі өзгерістер. Қанның түсі қарайған, нашар ұйиды. Өкпе ісінген,
қоңыр түсті. Ішек қарынның кілегей қабығы қабынған, қанталаған. Асқазанның
жынынан азот қышқылының иісі сезіледі. Бауыр мен бүйректердің көлемі
ұлғайған, қанға толы, әр жерлері қанталаған. Несеп қабы зәрге толы.
Емі. Емдеудің ең басты мақсаты метгемоглобиннің түзілуін болдырмай,
қанның тотығу-тотықсыздану процесін қалпына келтіру. Ондай дәріге
А.Я.Лукиннің дерегі бойынша метилен көгі жатады. Оны құлақтың тұсына тері
астына немесе құлақтың венасына 2 %-ті ертінді ретінде 1млкг. Мөлшерінде
жібереді. ( 2г. метилен көгін 10 мл. спирт-ректификатта ерітеді де оған 90
мл. физ. Ерітіндіні қосады).
Шошқаларды құстыру үшін терінің астына апоморфинді жібереді. Сондай-ақ
кальцийферолды, токоферолды тағайындаған жөн.
Сақтандыру шаралары. Мал азығының құрамындағы нитраттардың мөлшерін ауық-
ауық анықтап отыру қажет. Азық қызылшасын дұрыстап дауйындап беру керек.
Пісіргенде жылдамырақ қайнатып, толық пісіру керек ( қайнай салысымен
30 минут қайнайды). Қайнату-пісіру процесі 3 сағаттан аспау керек. Содан
кейін ұзақ уақыт суытпау керек. Дайындалған қызылшаны сол күні, уақытында
малға беріп үлгеру керек. Қайнатылатын қызылшаны топырақтан тазалап, жуу
керек

1.3 Улы заттар және олардың организмге әсерлері жөнінде жалпы
түсінік

Организмге улы заттардың түсуінен пайда болатын аурулар уланулар деп
аталады. Ондай улы заттар әр түрлі жолдармен түсуі мүмкін.
Ауылшаруашылығында, құрылыстарда қолданылатын улы химикаттардан
өндірістің улы қалдықтарынан азыққа қолданылатын өсімдіктердің
құрамындағы улардан. Мұндай улы заттар азықтарды тамақтандыруға
дұрыстап дайындамағанда, дайындалған азықтарды дұрыс сақтап , дер
кезінде бермегенде де пайда болуы ықтимал. Кей кезде улы заттар мал
азығына дайын түрінде араласып кетуі де мүмкін. Мысал ретінде
өсімдіктердің ауруларымен, оларға зиянды жәндіктермен күресуде қолданылатын
улы химикаттарды дұрыс пайдаланбағанда, дұрыс сақтамағанда олардың мал
азығымен, сумен араласып, олар арқылы оргонизмге түсіп уландыруын
келтіруге болады. Көп заттардың улылығы әр түрлі жағдайларға байланысты
болып келеді оның оргонизмге түскен мөлшеріне басқа улы заттармен
қоса әсер етуіне малдардың жалпы жағдайына кейбір өте күшті улы
заттардың белгілі бір мөлшері емдік әсер ететіні ал организмге зиянсыз
кейбір заттардың көп мөлшері уландырып өлім жітімге ұшыратуы мүмкін
екенін естен шығармаған жөн.
Көптеген улы заттар сыртқы ортада өте жай ыдырайды да, олар топырақта,
өсімдіктерде, малдардың, балықтардың аралардың оргонизмдерінде көпке дейін
сақталады.
Малдар организмінің әр түрлі улардың әсеріне сезімталдығы олардың түр
ерекшеліктеріне, әсіресе оргонизмнің жағжайына тікелей байланысты. Мысал
ретінде белоктың, углеводтың, витамин мен минералды заттардың
жетіспеушілігінің салдарынан зат алмасуы бұзылған оргонизмнің тезірек
уланғыш келетінін келтіруге болады.
Улы заттардың оргонизмге тигізетін әсерінің негізі неде
Улы заттар оргонизм клеткаларымен түйілісіп оларға енгеннен кейін
клетка протоплазмасымен байланысып олардың молекулалық құрылысын және
қызметін бұзады. Бұл құбылыс оргонизмдердегі жалпы зат алмасу процесін
өзгертіп оның негізгі-негізгі, өмірге қажетті процестерін бұзады. Улардың
әсері жергілікті және жалпылай болып келеді. Олар жалпы оргонизмге
рефлекс немесе қан арқылы әсер етуі мүмкін. Кейбір улар белгілі бір
ағзалар мен тіндерге таңдамалы түрде әсер етулері де ықтимал. Улардың мал
оргонизміне әсері негізгі бір заңдылыққа бағынады.
Клеткалар мен ағзаларға удың әлсіз әсері олардың қызметтерін
қоздырады.
орташа әсері- тітіркендіреді
қатты әсері - қинайды , әлсіретеді.
өте қатты әсері- салдандырады.
Улардың әсері олардың ерігіштік қасиетіне тікелей байланысты. Суда
жақсы еритін улар ас қорыту сөлдерінде де жақсы ериді де , ондай
улардың әсері тез білінеді,әсіресе орталық нерв жүйесінің қызметіне.
Сондай ақ егер малдың асқазаны асқа толы болса, онда удың әсері де,
оргонизмге сіңіуі жай болады., кей кезде ондағы астың құрамына байланысты
усыздану процесінің жүруі де мүмкін. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен улану
Тағамдық уланулар. Ботулизм
Токсикологиялық мэні жэне мөлшері
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер
Токсикология мен токсикологиялық талдаудың мазмұны мен міндеттері
Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану
Шәйқурайдың барлық түрі көпжылдық өсімдіктер
Улану түрлері
Өсімдіктерде кездесетін улы заттардың ауыл шаруашылық жануарлар түрлеріне қарай әсер ету ерекшелігі
Ағзадан удың бөлінуі
Пәндер