Құрамында эфир майлары өсімдіктермен улану себептері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Малдың уланулары пәнінен Құрамында эфир майлары өсімдіктермен улану
себептері, клиникалық белгілері, сақтандыру шаралары тақырыбы бойынша
жазылған бұл курстық жұмыста аталған дәрілік заттардың фармакологиялық
қасиеті,организге әсері және қолданылуы қарастырылған, курстық жұмыс 26
беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе бөлім, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу,
техникалық қауіпсіздік, қорытынды бөлімі және пайдаланылған әдебиеттер
тізімі қамтылды.

Белгілер мен қысқартулар

Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
Мс-метрсекунд
ПВС-поливинилді спирт
БӘБ- бақа әсер бірлігі
МӘБ - мысық әсер бірлігі
КӘБ -көккептер әсер бірлігі
ӘБ- әсер бірлігі

Анықтамалар

Эфир майлары - бұл өсімдік тектес, эфир секілді ұшкыр, қағаз бетінде дақ
қалдыратын майлы, күрделі органикалық заттар.

Түймешетен, (Пижма, Tanacetum vulgare). Күрделі гүлдер тұқымдасына
жататын, көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 1 метр, жапырақтары түсті
шетен ағашының жапырақтарына ұқсайды.

Сасыққурай (Вех ядовитый, Cicuta virosa). Орталық жүйке жүйесін
қоздыратын өсімдіктер. Көпжылдық шатыр гүлұкымдас өсімдік, биіктігі 1-1,2
м, жапыраұ ұштары үшкір, ұсақ ақ гүлдері күрделі шатырға жиналған.

Сүттіген (молочай, Euphorbia) Сүттіген сүттіген туысына жататын,
Биіктігі 10-60 см, тік сабақты, қалың сабақшалы, жапырақтары домалақ, шеті
тегіс келген, гүлдері саргыш-жасыл түсті, шатыр тәрізді, шоқталып,
өсімдіктің жоғарғы бөлігіне орналасқан, тайпақ бойлы өсімдік.

У кекіре (Горчак, ccntaurac picris)
Ботаникалық сипаттамасы. Күрделі гүлділер туысына жататын, биіктігі 60-
70 см, тамыр жүйесі жақсы жетілген, көпжылдық арам шөп.

Қырықбуын (Хвощ, Eguestina) Жерге жабыса өсетін өсімдік. Биіктігі 20-
60см.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар. Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
ГОСТ 2888-68 - Ветеринарлық термометр
ГОСТ 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер,
мензуркалар, колбалар, пробиркалар
ГОСТ 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар
ГОСТ 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
ГОСТ 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
ГОСТ 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы,
фарфорлы. Техникалық жағдайлар
ГОСТ 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер
ГОСТ 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық
жағдайлар
ГОСТ 28085-89 - Биологиялық препараттар

Мазмұны

Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1 Құрамында эфир майлары және шайыр тәрізді заттары бар
өсімдіктер
токсикологиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .9
1.2Құрамы толық зерттелмеген, бірак токсикологиялық маңызы
бар басқа да
өсімдіктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...13
2Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..18
3Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 26

Кіріспе
Дәрілік өсімдіктер құрамында көптеген биологиялық әсерлі заттар болады.
Осы өсімдіктерді емдік мақсатта пайдаланғанда сол заттар адам организміне
еніп, әртүрлі физиологиялық өзгерістер туғызады. өсімдіктердің дәрілік
қасиеті осы биологиялық әсерлі заттардың түрлері мен мөлшеріне байланысты.
Дәрілік өсімдіктер құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың тобына
алкалоиттер, гликозидтер, эфир майлары, сапониндер, илік заттар,
витаминдер, органикалық қышқылдар тағы басқа да көптеген заттар
кіреді.Барлық өсімдіктер бірдей уыттылыққа ие емес.
Эфир майлары – өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде кездесетін
күшті иісті жеңіл, ұшатын зат. Өсімдіктердің жоғарыда аталған мүшелерінде
ыстық су, болмаса бу арқылы айдалынып алынады. Эфи майы өсімдіктердің 2000
астам түрінде кездеседі. Бұл өсімдіктердегі эфир майының мөлшері сол
өсімдіктердің биологиялық өсіп-өну кезеңіне және ауа-райының жағдайына
байланысты өзгеріп отырады. Эфир майы, әсіресе әр түрлі микробтармен,
вирустармен күресуге өте әсерлі. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыры жүйесінің
қызметін, асқазан-ішек қызметін жақсартуға және қақырық түсіруге мүмкіндік
туғызады. Өсімдіктен алынатын илік заттары – таниндер тобына жататын көп
атомды фенолдар. Оларды иләк заттар деп те атайды. Бұл илік заттары ішек,
асқазан ауруларын емдеуге бактерициндік препарат ретінде жиі колданылады.
Танидтер денедегі жараны, күйікті емдеуге де пайдалы. Сонымен бірге
алколоидтармен, ауыр метал тұздарымен уланғанда қолданылады.

Химиялық құрамы жағынан эфир майына өте жақын, өсімдіктерде кездесетін
заттардың бірі смолалар. Қою, қолға жабысатын аромат иісті, әр түрлі
күрделі қосылыстардан түратын зат. Смоланың ұзақ уақыт қатпайтын түрін
бальзам деп атайды. Смоланың бактерицидтік қасиеті өте күшті.

1 Негізгі бөлім
1.1 Құрамында эфир майлары және шайыр тәрізді заттары бар өсімдіктер
токсикологиясы

Эфир майлары - бұл өсімдік тектес, эфир секілді ұшкыр, қағаз бетінде
дақ қалдыратын майлы, күрделі органикалық заттар. Эфир майларының негізгі
құрамдас бөлімдері, олар: терпендер, пиендер, альдегидтер, кетондар,
лактондар, фенол туындылары, азот және күкірті бар заттар. Олар әдетте
қоймалжың сұйық түрінде кездеседі. Сонымеп қатар оның қатты түрі де бар. Ол
өндірісте, емдік касиеті күшті камфора деген атпен белгілі. Эфир майлары
өсімдіктің табиғи өнімі болғанымен, зат алмасудағы оның маңызы, қолданылу
ерекшеліктері әлі де толық зерттелмеген. Емдік мақсатта микробтарға,
паразиттерге қарсы зат ретінде қоданылады.
Эфир майларының өзіне тән хош иісі, ащылау тұтқыр дәмі бар. Суда
ерімейді, ал органикалық еріткіштерде, спиртте және майларда жақсы ериді.
Эфир майлары өсімдік бойына әртүрлі тараған. Кейбір өсімдіктердің гүлі,
жапырағы эфир майларына бай болса, кейбіреулерінің тұқымында, тамырында
және сабағында көптеп кездеседі. Құрамында эфир майлары бар өсімдіктер
мәдени түрде өсіріліп, емдік мақсатта қолдаиылады. Бірақ, жусан
(полынь), шайкурай (зверобой), түймешетен (пижма) және тағы басқа
түрлерінің токсикологиялық маңызы да бар.
Табиғатта эфир майларына ұксас шайыр және шайыр секілді заттар
кездеседі. Олар да эфир майлары сиякты иісі бар, суда ерімейтін, ал майлар
мен органикалық еріткіштерде еритін қасиеті бар заттар. Бірақ, құрамында
азоты болмайды. Құрамында шайыр және шайыр секілді заты бар өсімдіктерге
утамырды (вех ядовитый) жатқызуға болады.
Эфир майлары және шайыр ұлпаларды жергілікті тітіркендіріп, ағзаға
тарағаннан кейін жүйке жүйесін, алғашында қоздырып, кейіннен салдандырып
әсер етеді.
Түймешетен, (Пижма, Tanacetum vulgare). Күрделі гүлдер тұқымдасына
жататын, көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 1 метр, жапырақтары түсті
шетен ағашының жапырақтарына ұқсайды. Гүлдері жылтыр-сары түсті, тостаған
тәріздес. Кавказ-да, Сібірде және Орталық Азияда көптеп кездеседі.
Өзіне тән камфораға ұқсас иісі бар: құрамындағы эфир майы гүл шоғырында
1,5 -2 %, жапырақтарында 0,2-0,6 %-ға дейін болады.
Бұл майдың 47 %-і туйлон затынан тұрады. Май құрамында 1% камфора, бор
және пинен, сонымен қатар, альколоидтар, органикалық қышқылдар бар.
Өсімдіктің токсикалық қасиеті эфир майына байланысты, ол жергілікті жерге
тітіркендіріп әсер етеді.
Клиникалық белгілері. Басында қатты қозып, кейіннен депрессия байқалады,
көруі нашарлайды. Уланған мал басында мазасызданады, кенеттен жабырқайды.
Көз карашыгы тарылып, коруі нашарлайды, іші өтеді, күсады. Эфир майы бүйрек
жэне орталык жүйке жүйесіне эсер етіп, уланган малда козу пайда болып,
козғалысы бүзылып, тырысып-бүріседі. Улану іш тастауғада әкеліп соктырады.
Кілегейлі нэжіс бөледі. Бір тәуліктен кейін мал өледі.
Емі. Ішті айдағыш дәрілермен азық қалдығын шығарып тастап, содан кейін
симптоматикалық ем жасайды, жануардың жағдайына қарай, ем қолдану керек.
Алдын алу. Жол бойындағы өскен өсімдікті тұқым шашқанға дейін шауып
тастау керек.
Қазанақ (Багульник болотный, ledum palustre).
Биіктігі-30-60 см, аршагүл тұқымдасына жататын бұталы өсімдік,
жапырақтары сүйір келеді. Өмір бақи жасыл түсті болады. Гүлдері ұсак ақ,
сирек қызыл түсті болады. Шым тезекті батпақты жерлерде, орман және
тундрада кездеседі.
Гүлдеген кезде қазанақ өткір, есеңгірететін иіс боледі, сондықтан мал
көп жемейді. Барлық жануарларға уытты әсер етеді. Қазанақ құрамында 0,3-2 %
эфир майы бар, және гликозид эриколин табылған.
А. П. Татарованың мәліметтеріне қараганда қазанақтын уытты бастамасы
эфир майы. Май құрамындағы ледоль жергілікті жерге тітіркендіріп әсер
етеді. Ол біраз мөлшерде организмге түсіп орталық жүйке жүйесін
салдандырады, ішектің, жатырдың сезімтал жүйкелерін салдандырады және тыныс
алумен жүрек жұмысын бұзады.
Қазанақ жапырақтары аз мөлшерде орталық жүйке жүйесін қоздырып, көп
мөлшерде есеңгіретіп әсер етеді. Қой мен ешкі уланғанда гастроэнтерит
байқалған.
Емі. Симптоматикалық ем жүргізіледі.
Алдын алу. Жайылымдағы улы өсімдіктерді тамырымен жұлып тастап, құрғату,
жерді жырту және т.б. агротехникалық шаралар жүргізу.
Сасыққурай (Вех ядовитый, Cicuta virosa). Орталық жүйке жүйесін
қоздыратын өсімдіктер. Көпжылдық шатыр гүлұкымдас өсімдік, биіктігі 1-1,2
м, жапыраұ ұштары үшкір, ұсақ ақ гүлдері күрделі шатырға жиналған. Көбінесе
колеңкелі батпақты аймақтарда, өзен бойында, жайылым шабындықта өседі.
Уытты бастамасы май тәрізді алколоид — цикутоксин. Ол өсімдіктің тамырында
өте көп болады. Кепкен тамырда 3-5 %, балауса тамырда 0-2% цикотоксин бар.
Сонымен катар, эфир майы цикудоль бар. Ол жемісінде (1,2%) өте көп. Өсімдік
тамыры коктем және күзде кауіпті. Шөппен коректенетін жануарлар өте
сезімтал келеді. Цикутоксин уыттылығы жоғары температурада сақтағанда да
жойылмайды. Ауыл шаруашылық малдары коктемде уланады.
Цикутоксин ас қорыту жолынын кілегейлі қабаттары аркылы сіңіп, орталық
жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді. Цикутоксин жүйке жүйесінің козуын
арттырып, тырысып-құрысулар пайда болады. Орталық жүйке жүйесін әлсіретеді.
Өлім көбінесе тыныс алу орталығының салдарынан болады.
Клиникалық белгілері. Уланудың алғашқы белгілері өсімдікті қабылдағаннан
кейін 1-2 сағаттан соң басталады. Уланган жануарда алғашында құрысу-тырысу
байқалады. Жалпы қозады, содан кейін мал күйзеледі. Ірі қара көктемде сасық
кураймен жиі уланады, батпақты жерде жайылған ірі қара өсімдіктің тамырын
жұлып жеп кояды.
Шөпті жегеннен кейін улану белгілері 2-3 сағаттан кейін білінеді.
Уланудан кейін 3-6 сағат ішінде мал өледі. Уланудың жіті түрінде ірі қарада
төмендегідей белгілер болады: қатты қозады, мал алдыға қарай ұмтылады,
аузынан көбікті сілекей шұбырады, күйіс қайыру тоқтайды, іш кебеді,
дефекация мен зәр шығару жиілейді, көз қарашығы кеңейеді. Әуел баста бұлшык
ет дірілдейді, кейіннен бүкіл дене бұлшық еті құрысып, тартылады. Мал
құлап, басын артқа шалқайтып, аяқтарын созып алады. Мұндай күйде уланған
мал 20-30 минут болады. Кейіннен басын жерге ұрып, түрғысы келеді. Тыныс
алуы ретсіз, тамыр соғуы нашар, температура 1-2 °С -ке төмендейді. Уланудың
ақыры мал өліміне немесе тез арада жазылуына өкеледі.
В. Веденский зерттеулері бойынша 200г өсімдікті жеген ірі қара уланған.
Шөптің тамыры мен жапырақтарының салмағы 70-80 г екенін ескерсе 2-3 тамырды
жеген мал уланудан өледі. Жылқылардың улануын П.Д. Евдокимов зерттеген.
Улануға арық жылқылар шалдықкан. Жылқы уланғандағы клиникалық белгілері ірі
қарага ұқсас келеді. Тек кейбір жағдайда жылкы мазасызданып, іштің түйнеп
ауыруы, содан кейін мең-зең болып комаға түседі. Кілегейлі қабықтары
көгеріп, жүрек соғысы 120, тыныс алуы минутына 26-30 жетеді. Қарашығы
кеңейеді, мал өледі.
Жылқыға өлтіретін мөлшері 400-500 г. Н.П. Кожмякин мәліметтері
бойынша жылқыға уытты мөлшері көктемде жиналған өсімдіктің 0,05 гкг,
летальды дозасы қойларға 0,3-0,44гкг, ешкіге 0,7-083 гкг.
Шошқаларда улану төмендегідей өтеді. Ерекшелігі: шошқалар құсатын
болғандықтан, ол мал жазылып кетуіне қолайлы жағдай жасайды. Кейбір
жағдайда ғана мал бірінші тәулікте өлімге ұшырайды.
ІІатологиялық-анатомиялық өзгерістер. Сасық қурай жүйке жүйесіне әсер
еткендіктен, сойып зерттегенде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Газ жиналғандықтан
қарын мен ішек кеңейген, кілегейлі қабығы гиперемияға ұшыраған, қан қара
түсті, өкпеде гиперемия, кейде ми қабатында байқалады.
Дәнекер ұлпада, тыныс алу жолдарының кілегейлі қабығында, эпикард,
эндокард астында бүйрек паренхимасы мен қабы астында қанталаулар болады.
Шошкаларда өкпе гиперемиясы, жұтқыншақ-кілегейлі қабығында ісіну
байқалады. Жак асты жұтқыншақ маңы лимфа түйіндерінің гиперемиясы пайда
болады. Плевра астында, жүректе, қарынның кілегейлі қабығында, ішекте
қанталаулар бар.
Емі. Антидот жоқ, симптоматикалык ем жүргізіледі. Жылкылардың асқазанын
0,5%-ті танин ерітіндісімен жуады. Адсорбциялағыш заттар (танин, кәмір)
беріледі. Ірі қара малда мес қарыннан сасық қурайды алу үшін руменотомия
(мес қарынды тесу). Құрысып тырысуға хлоралгидраттан клизма жасайды (50-
100г ірі малға), ішке спирт береді.
И.В.Балин тұз қышқылын төмендегідей мөлшерде беруді ұсынады: ірі қара
малға 1л, 8-18 айлық жас малға 0,5л, қойға 5%- ерітіндісінен - 250 мл, 3-8
айлық қозыларға, 3-8 айлық - 100-200мл. П.Д. Евдокимов тамырына күніне 2
рет 10% натрий тиосульфатын (1-ші күні 150-200 мл, 2-ші күні - 250-300 мл,
3-ші күні 300 мл. 4-ші күні 400 мл) мөлшерде беріп, жақсы нәтиже алған.
Жусан (Полынь, Artemisia)
Өсімдіктер түрлері өте көп. Қазақстанда 81 түрі өседі, бір бірінен
морфологиялық ерекшеліктері бар. Жусанның бірқатар түрлері әлі толық
зерттелмеген. Көпшілігін дәрілік зат түрінде пайдаланылады. ( ашы жусан -
A. Absinthium, дермене-А.сіпа).Қазірғі уақытта тек тавриялық жусанның ғана
улы әсер ететіндігі белгілі.Дегенмен де жусанның басқа
түрлерінен улану байқалуы мүмкін. Тавриялық жусан- Antemisia taurica wild
–биіктігі 30-60см, тамырсабағы жақсы дамыған, жапырағы 2-3-ке бөлінген
бөліктерден тұрады. Ал ұшындағы жапырағы бүтін. Гүлдері ұсақ 2-3- тен бір
қобдишаға жинақталып орналасқан, түсі сары. A. Taurica құрамында белсенді
әсер ететін заттар эфир майы және лактон таурицин бар. Оның құрамы дұрыс
анықталмаған П.И.Будниковтың айтуы бойынша 0,1-0,7 уытты әсер ететін
кристалл заттар дан тұрады, формуласы С17Н22О5. Оның құрамында гидроксил
және лактон тобы бар, суык су мен эфирде нашар, ыстық су, спирт
және хлороформда жақсы ериді. Мұндай зат жусанның басқа түрлерінде бар-
жоқтығы әлі белгісіз. Ал, ашы жусанның құрамында камфораның мөлшері
абсинтол (C10H16О ) және гликозид абсинтиниен (С30Н40О) тұратын эфирлі
жусан майы болады. Үй жануарлары ішінде жылқы сезімтал келеді. Тавриялық
жусанның летальды мөлшері жылқы үшін 500-700 г, улану белгілері 200-500г
жегеннен кейін байқалады.
Клиникалық белгілері. Улану ірі қара, және ұсак малда жіті және
созылмалы түрде өтеді.
Тавриялық жусанмен ірі қараның улануы әдебиеттерде кеңінен жазылмаған.
Қой жусанды қалыпты жағдайда жемейді. Ал, эксперимент жүргізу барысындағы
нәтижелерге жүгінсек, қойда жусанмен уланудың клиникалық белгісі жүйке
жүйесінің қозуымен сипатталады: қозғалысы бұзылады, бұлшык ет дірілі,
құрысып-бүрісу болады. Сонымен қатар жүрек жұмысының бұзылуы, тамыр соғуы
нашарлауы, кілегейлі қабықтардың бозаруы секілді белгілер білінеді. Зор
құрамында ақ зат табылған.
Жылқыда. Жіті улануда төмендегідей клиникалық белгілері болады. Мал
жалпы қозады, мазасызданады, қорқақтық байқалады, тері сезімталдығы
жоғарылайды. 1-2 сағаттан кейін жылқы алға қарай ұмтылады, алдындағы
ештеңені байқамайды. Қоршауға немесе басқа заттарға соғылуы мүмкін. Басын
жерге ұрады, тісін шықырлатады. Терісі ылғалданады, қатты терлейді, дене
температурасы күрт көтеріледі (40,5°С дейін). Тамыр соғуы жиілеп, кейін
нашарлайды, жүрек жұмысы баяулайды, құрысып-тырысудан кейін, көп мөлшерде
сілекей ағады, әр нәрсеге сезімталдығы төмендеп, зәр шығару мен дефекация
нашарлайды. Іші қатады. Тыныс алуы тоқтап мал өледі. (3-5 сағаттан кейін).
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлексені сойып зерттегенде улануға
тән патологиялық өзгерістер болмайды. Кілегейлі және сірлі қабықтар (жүрек,
плевра, куық) және де ми ұлпасында қан ұюлар кездеседі. Уланудың созьдмалы
түрінде ішек-қарын жолында қатаралды қабынулар болады. Бүйрек, бауыр және
бұлшық етте дегенерациялық өзгерістер.
Емі. Уланудың жіті түрінде тыныштандырғыш заттар береді. Басына суық
компресс басады. Уланудың созылмалы түрінде ішек-қарын жолын азықтан
тазарту керек. Симптоматикалық ем жүргізеді. Жылқы жусанмен
уланғанда П.И.Будников мынандай уқайтарғыш ұсынды: 15-30 г
марганец қышқылды калиймен бірге 60-100 г қос көмір қышқыл содасын 3-6
л., суда ерітіп, танауға зонд арқылы енгізеді. Оның алдында
тік ішек арқылы 50-70 г хлоралгидратты кілегейлі қайнатпа
ретінде енгізеді. Жүрек жұмысы нашарласа тері астына кофеинді егеді.
Балау. Жылқылардың жусанмен улануының жіті түрі орталық жүйке жүйесінің
зақымдануымен сипатталады. Жусанмен улану жылқының инфекциялық
энцефаломиелитіне ұксас келеді. Бұл аурудан аиыра білу үшін, жусанмен
улануда мынандай белгілер болатынын білген жөн: улану күшті өтеді, ауыз
қуысының кілегейлі қабығы сарғаяды, ауыз қуысынан жусан иісі шығады.
Уланудың созылмалы түрінде клиникалық белгілері айқын емес. Сондықтан
клиникалық белгілерімен қатар, азықты талдау нәтижесіне көңіл аударылады.
Болжау. Уланудың жіті түрінде эпилептиформды құрысып тырысу
температураның көтерілуі (40 С жогары), терлеу болса болжам жағымсыз.
Мұндай жағдайда мал өлімге жиі ұшырайды. Тырысып бүрісу болып температурасы
жоғарыламаса, уланудың созылмалы түрінде мал толық жазылып шығады. Алдын
алу шаралары: құрамында жусан араласкан жайылымды қоршап кояды. Жусан
өспейтін аудандарға шөппен апарғанда мал уланатынын ескеру керек.

1.2 Құрамы толық зерттелмеген, бірак токсикологиялық маңызы бар басқа да
өсімдіктер

Сүттіген (молочай, Euphorbia) Ботаникалық сипаттамасы. Сүттіген сүттіген
туысына жататын, Еуропада өте кең тараған өсімдік. Орыс ғалымы В.И.
Талиевтып айтуынша, ТМД-елдерінде бұл өсімдіктің 37 түрі өседі екен.
Биіктігі 10-60 см, тік сабақты, қалың сабақшалы, жапырақтары домалақ, шеті
тегіс келген, гүлдері саргыш-жасыл түсті, шатыр тәрізді, шоқталып,
өсімдіктің жоғарғы бөлігіне орналасқан, тайпақ бойлы өсімдік.
Кейбір түрлерінің жапырағы саусақ тәрізді, ұзынша келеді. Өсімдіктің
барлық түрі оз бойынан сүт тәрізді уытты сөл бөледі. Сүттіген бақшаларды,
жайылымдарды, астықты жерлерді зақымдайтын өте зиянды өсімдік. Оның
бақшалық немесе домалақ жапырақты сүттіген (молочай садовый или кругло-
листый, Euphorbia pcplus), күншіл сүттіген (молочай солнцегляд, Euphorbia
hclioscopia) деген уытты түрлері болады. Өсімдіктің кұрамьнан көптеп
бөлінетін сүт тәрізді сол жануар организміне өте күшті әсер ететіндігі
ертеден белгілі. Жануарлар сүттіген араласып кеткен шөпті жегенде улану
байқалған. Улану белгілері өсімдіктің түрлік ерекшеліктеріне қарамастан
барлығында бірдей болған.
Сүттігендердін кейбір түрі өте кең тараған. Сондықтан олардың
улылығы өскен жеріне байланысты деуге болады. Бірақ бұл әлі терең
зерттелмеген. Уланулар ТМД-ның барлық аймақтарында, тіпті солтүстік және
оңтүстік аймақтарында да байқалған.
Сүттігеннің шырынының улы заты эйфорбин болып есептеледі (эйфорбин
қышқылының ангидриді). Ол теріге әлсіз тітіркендіріп әсер етеді.
Сүттігеннің құрамында эйфорбиннен басқа индифферентті зат -эйфорбон бар.
Оның да уытты қасиеті жоғары. Сүттігенді кептіргенде уыттылығы біршама
төмендейді. Сүттігеннің шырынының құрамындағы уытты заттар толық
зерттелмегендіктен, олар жайлы деректер аз. Жануарлардың (ірісінде де,
ұсағында да) сезімталдығы біршама ұқсас.
Сүттігеннен улану белгілері. Жануарлардың сүттігеннен улануы көбіне
жайылым, яғни көк шөппен азықтану кезінде байқалып, улану жіті немесе
жітілеу түрінде өтуі мүмкін. Сырқы белгілері барлық жануарларда бірдей
өтеді. Уланудың созылмалы түрі де байқалуы мүмкін. Бірақ оларды балау өте
киын.
Ірі қар малы. Сүттігеннен улану белгілері жайлымда немесе жайлымнан
қайтқаннан соң сиыр қораларында байқалады. Өрісте жануарлар табыннан қалып
қояды, күйзеледі. Ауызынан сілекейлері шұбырады, күйіс қайыруы тоқтайды.
Улану белгісі сүттігенді жегеннеп кейінгі алғашқы сағаттарда (2-4)
байқалады. Сырт көзге былайша білінеді: дене температурасы қальшты, жүрек
жұмысы біршама әлсіреген, тамыр соғуы әлсіз және жиілеген, кілегейлі
қабықтар бозарған. Қарын атониясы, ішектің перистальдикасы артады.
Жануарлар құрсағына қарай береді, пальпация кезінде ауырсынады. Бұл белгі-
лерден соң қан аралас іш өту байқалады. Ауыр және өлімге соқтыратын
улануларда геморагиялық гастроэнтерит белгілері анық байқалады. Жүйке
жүйесіндегі өзгерістер бұлшык еттердің тартылуымен, кейде сіресулерге
ұласуымен білінеді.
Созылмалы түрінде алғашқы күндері жануарларда іш өту байқалып, соңы іш
қатуга ұласады.
Шошқа. Бұл жануарлар сүттігеннен уланған кезде алғашында безгектегідей
белгілер байқалады, мазасызданады және ірі қарадағыдай гастроэнерит
белгілері байқалады.
Созылмалы түрінде шошқалардың құйрығы мен құлақтарында өліеттену
байқалып, көруі нашарлайды.
Жылқы. Сүттігеннен уланғанда мазасыздану, тәбеттін төмендеуі және айқын
гастроэнтерит байқалады. Жіті түрінде дене қызуы көтерілмеуі мүмкін,
созылмалы түрінде 39С°-қа дейін көтеріледі. Дефекация мен несеп бөлінгенде
қатты ауырсынады, тамыр соғуы жиілейді және кілегейлі қабықтың гиперемиясы
байқалады. Уланғанда негізінен асқорыту жолдары зақымданады,
гастроэнтериттің, көбіне геморагиялық түрі ұшырасады, кейде жылқыда
жүйкелік құбылыстар да байқалады: ұйқы басу, қарашығының көбеюі, сіресу.
Балау. Жануарлардың сүттігенмен улануын сырт белгілеріне қарап айыру
қиын, себебі мұндай белгілер этиологиясы басқа аурулар кезінде де көрінеді.
Сондықтан балауды сырт белгілеріне және азық құрамындағы сүттігеннің бар-
жоқтығына қарап қояды.
Болжам. Сиптомдары тез арада айқын көрінсе, болжам жағымсыз, өйткені мал
өліп кетуі мүмкін.
Емі. Жіті түрінде ең алдымен жүрек жұмысын қалпына келтіру керек
(кофеин, камфора), қарынның ішіндегі азықты сыртқа шығарып, кілегейлі
қайнатпалар беру керек. Көп мөлшерде сүт, қою кофе және түймедақ шайын
берсе, көмектесуі мүмкін. Аурудың басында гастроэнтерит дамымай тұрып іш
айдағыш тұздарды көп мөлшерде берген жөн (глаубер тұзын). Гастроэнтеридті
әдеттегідей емдейді. Асқорыту жолдарында геморагиялық зақымданулар ауқымды
болса, емдеу аз нәтиже береді. Ішектердегі ауырсынуларды майлы заттармен
препараттар беру арқылы жеңілдетуге болады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.
Өлекселерді сойып-зерттегенде өзгерістер ең алдымен асқорыту жолдарында
байқалады. Ішектің келегейлі қабығы ұзына бойына қатаральды қабынған, қан
ұюлар байқалады. Жіті түрінде бауыр зақымданады. Егер мал уланғаннан соң 3-
4 күннен кейін өлсе, бауыр және бүйректің түсі сарыбалшық сияқтанып,
тығыздығы босаңсып, өт қабы өтке толып кетеді. Жүрек еті босаңсыған.
Алдын алу шаралары. Сүттігеннің кең таралғандығын және әр түрлілігін
ескере отырып, оған сәйкес агротехникалық шаралар жүргізу кажет. Ол
жұмыстар жайылымдардағы арам шөптерді жоюға бағытталуы тиіс. Жайылымда өсіп
тұрған сүттігеннің жалпы көлемі 1-3% болса, ол қауіпті емес, ал 10%-дан
асса, жаппай улану байқалуы мүмкін. Сүттігенді кептіргенде де уыттылығы
төмендейтіндіктен, ол көп өскен жерлерді шауып, кейін тамырларын жұлып
тастауы керек.
Кенедән (Клещевина, Ricinus communis) Ботаникалық сипаттамасы. Кенедән
сүттіген туысына жататын, тропикалық елдерде биіктігі 10-13м-ге жететін,
терек, тал секілді, биік өсімдік. Сонымен қатар, Еуропаның Оңтүстік
бөлігінде, Азияда биіктігі 3-5м-ге жететін, бұта секілді түрлері кездеседі.
Ол жер шарының әр жерінде түрік қарасорасы, касторка, рицина деген аттармен
кең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиі кездесетін уланулардың (эфир майларымен) ерекшеліктері мен оларды емдеу әдістерін, сақтандыру шараларын көрсету
Токсикологиялық мэні жэне мөлшері
Ағзадан удың бөлінуі
Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Олардың түрлері
Химиялық заттардан уланулар
Удың жануарлар ағзасына әсері
Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары туралы
Фосфор органикалық қосылыстар
Сарсазан өсімдік зиянкестері үшін улы өсімдік
Пәндер