Ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен улану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Малдың уланулары пәнінен Ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін
улы өсімдіктермен уланулар себептері, клиникалық белгілері, сақтандыру
шаралары тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 29 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу,
техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі
қамтылды.

Белгілер мен қысқартулар

Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
Мс-метрсекунд
ПВС-поливинилді спирт
БӘБ- бақа әсер бірлігі
МӘБ - мысық әсер бірлігі
КӘБ -көккептер әсер бірлігі
ӘБ- әсер бірлігі

Анықтамалар

Циангликозидтер - құрамында азоты бар агликондардан тұратын, ыдыраган
кезде өте улы синиль қышқылын түзетін гликозидтер
Тиогликозидтер - құрамында азот және күкірті бар агликондардан тұратын
гликозидтер
Жүрекке әсер ететін гликозидтер - құрамында азотсыз агликондар
баргликозидтер
Сапонин-гликозидтер - құрамында гемолитикалық және көбік түзгіш қасиеті
бар, стеройдты және үштерпеноидты сапонигендерден тұратын агликондар
бар
Алкалоидтар- өсімдіктерде кездесетін мысалы құрамында азотты органикалық
негіздері бар заттар.
Гликозидтер -сумен қосылып ыдырағанда глюкоза және аглюкондар
түзетін , эфирге ұқсас азотсыз, оргоникалық қосылыстар

Нормативтік сілтемелер

МЖМБС 2.102 -68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен
комплектілігі.
МЖМБС 2.104 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің
классификаторы (ЭҚТБӨК)
МемСТ 12.1.008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық
қауіпсіздігі
МемСТ 26668 – 95 – Сынама алу
МемСТ 7636 – 85 – Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631–85– Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

Мазмұны

Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1Ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен
уланулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...8
1.2 Орталық нерв жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен

уланулар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
1.3Улы заттар және олардың организмге әсерлері жөнінде жалпы түсінік..18
1.4 Улануларды емдеу үлгісі және сақтандыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... 20
1.5 Мал азығындағы және өсімдіктердегі улы заттарды
анықтау ... ... ... .. 22
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .26
3 Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 33

Кіріспе

Қазіргі таңда мал шаруашылығында, малдардың ішінде түрлі азықтардың
құрамындағы улы заттармен уланулары жиі кездесетін жағдай. У дегеніміз
ағзада патологиялық жағдай туғызатын өте қауіпті химиялық зат. Улы заттар
жануар ағзасына әр түрлі жолмен енеді. Жануардың аузы арқылы, терісі арқылы
және тыныс жолдары арқылы енеді. Жануар негізінен аш кезінде улы шөп жеп
қойса оның ағзаға таралуы тез болады. Негізінен улы азықтардың өзіне тән
жағымсыз иісі болады, бірақ мал аш болған соң жеп қояды. Улы заттар ауыз
қусы арқылы асқазанға түсіп денеге таралып, малдың жалпы жай күйін
нашарлатады. Малдардың улануы шаруашылықтарға өте көп зиян тигізеді.
Уланған кезде бір екі бас мал ғана емес, көптеп малдардың топ-тобымен
ауруы, ауыр жағдайда көмек көрсетіліп үлгермегенде уланған малдың кенеттен
малға өлім жетімге ұшырауы, аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы жұмыс
малдарының жұмысқа жарамсыздығы жедел көмекке емдеп жазуға жұмсалатын
қаражат шығындары шаруашылықтардың, жеке қожалықтардың қаржыларына әсерін
тигізері сөзсіз.
Уланудың жіті және созылмалы түрлері бар. Улану кезінде малдың жас
ерекшелігіне мән береміз. Мал организмі жас болса ол мал соғұрлым уға өте
сезімтал келеді. Себебі ондай малдардың организмі уытты заттарды
залалсыздандыра алмайды. Ал ересек малдардың улы заттарды залалсыздандыру
қабілеті өте жақсы. Кей жағдайларда жануарлардың улы заттарға сезімталдығы
жынысынада байланысты болады.Улы заттарға еркек малдарға қарағанда ұрғашы
малдар төзімдірек келеді. Ал жұқпалы аурумен ауыратын малдардың ағзасы улы
заттарға қарсы қабілеті өте төмен болады. Көбінесе мал ағзасына у ауыз
қуысы арқылы енеді екен. Тыныс алу жолымен ағзаға көміртегі тотығы,
күкіртті сутегі, шаң тозаң түсуі мүмкін. Тыныс алу жолымен түскен улар өкпе
арқылы сорылып өкпе ұлпаларын қабындырады.
Онымен қатар ауылшаруашылық малдардың улануы олардың организміндегі
улы заттары өнімдері арқылы өз төлдерін тіпті адамдарды уландырулары
мүмкін.
Кей уақыттарда уланулардан болатын шығын індетті аурулардан келетін
шығындардан да асып түсетін көрінеді.
Уланған организмнің , әсіресе созылмалы уланулардың түрінде уланған
малдарың жалпы резистенттік қабілеттілігі әлсірейді де , олардың індетті
тоғышарлық көбінесе жұқпалы емес ауруларға қарсы тұру қабілеттілігін
нашарлатады. Сондықтан ондай малдарда уланулардың басқа аурулармен
қабаттасып асқынған түрлері жиі кездеседі. Көп жағдайларда мал мамандары,
күтуші , бақташы адамдар уланулардың табиғатын терең білмегендіктен дұрыс
диагноз қоя алмай қалады. Соның салдарынан емдеу, уланудың алдын алу
шаралары дұрыс жүргізілмеуі де мүмкін.

1 Негізгі бөлім

1.1 Ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен
уланулар

Кекіремен улану. Өте зиянды жайылымда, шабындықта кездесетін арам шөп.
Әсіресе бүршіктенген гүлденген кезінде құрғақшылық жылдары улылығы
күштірек болады. Шөпті кептіргенде де улылығы азаймайды. Ірі қара
малдар уланбайды, ал жылқылар үшін өте қауіпті. Олар ол шөпті жайылымда
жемейді., көбінесе қолда тұрғанда, рационның құрамында кекіренің мөлшері 3-
5 болса, улану пайда болады.
Дамуы. Улы заты белгісі, ол зат нерв жүйесіне ас қорту жүйесінің
кілегей қабықтарына әсер етеді. Нерв жүйесінің вегетативті жүйесіне әсер
еткенде ішектердің жиырылуын әуел баста күшейтіп артынан әлсіретеді,
тамырдың соғысы жиілеп ырғақтығы бұзылады. Көздің қарашығы ұлғайып,
зәрдің бөлінуі сирейді.
Өлекседегі өзгерістер.Терінің шелі қатпа тәрізді , сарғыш түсті.
Асқазанның, ішектерінің кілегей қабықтары ісінген қанталаған.
Паренхиматозды ағзаларда да сондай өзгерістер ьайқалады. Бауыр бүйректер
лимфобездері ылғалды, көлемдері ұлғайған. өкпенің аспирациялы қабынуы бар.
Қан тамырлары қанға толы , мида қанның тоқырағаны байқалады.
Белгілері алғашқы белгілері кекірнеі жегеннен кейін 3-4 күннен кейін
біліне ьастайды. Мал тынышсызданып , денесінің қозғандығы білінеді.
Дірілдеп-қалшылдап, өзін -өзі тістелеп, тосқауылға қарамай алға ұмтылып
тынышсызданады. Дене қызуы аздап көтеріледі. Кілегей қабықтары сарғаяды,
кей жерлеріне қан құйылады. Жүректің жұмысы бұзылып , малдың дем алысы
бұзылады. Ішектердің жиырылуы үдей түседі. Танаудың мойынның алдыңғы
аяқтарының бұлшық еттері тартылып қатты жиырылады. Кейде ауру малдың басы
ісіп кетеді. Бұлшық еттердің клоникалы тартылуы барлық денеге тарайды.
Аурудың 5-ші күні ішектердің жиырылуы мүлде тоқтайды. Аяқ терісі ісініп
кетеді. Ісік суық, ауырсынғандық білінеді. Несеп сарғыш-жасыл түсті мөлдір
құрамында билирубин, индикан бар. Шайқалған кезде сары түсті көпіршік
пайда болады. Қанның сары суында да билирубин анықталады. Жылқылардың
астыңғы ерні салпиып, жиі –жиі тартылады. Жартылай ашылған ауыз қуысынан
созылған сілекей ағып тұрады.
Барысы. Ауру кейде 10-14 күнге дейін созылады. Уақытында дұрыс көмек
көрсетілмегенде өлім-жітім 75-90 –ке дейін барады.
Анықтау. Азықтық құрамына батаныикалық анализ жасайды. Негізгі
клиникалық белгілеріне сүйенеді.
Саралау. Індетті энцофаломилелит пен ревматикалы подерматит
ауруларын саралау керек.
Емі. Суды ішкенде бере отырып, ашықтыру диетасын тағайындайды.
Асқазанды, 3%сода ертіндісімен жуады. 2%ихтиол ертіндісімен мол етіп
клизма қояды. Ауыз қуысы арқылы көп мөлшерде 500г магни сульфаты 10 г
ихтиол ертінділерін береді. Аурудың басында 0,05 бромды ареколин
ертіндісі тері астына жіберуге болады. Венаға глюкоза гексаметиламерин
қолданылады. Азықты бергенде көжеге ұқсатып ерітіп берген жөн. Қазақстанда
уланған жылқыға жаңа сауылған сиыр сүтін береді де оны терлетіп, артынып
жылы орап тастайды.
Сақтандыру. Егін шөпті кекіреден тазару, арам шөпке қарсы күресу,
жалпы кекіре аралас шөпті жылқыға бермеген жөн.
Қауашақпен улану. Куколь 30-60см бойы бар бір жылдық өсімдік. Егіннің
арасывнда барлық жерде кездесетін арам шөп.
Дамуы. Улы заты сапонин, гиганин және агростемм қышқылы. Олар өсімдіктің
барлық бөліктерінде де кездеседі. Әсіресе тұқымында көбірек болады.
Қауашақтың уының қан түйіршіктерін ыдыратып ерітетін қасиеті бар.
Эритроциттер мен лейкоциттердің қалыпты мөлшерінің 1-3% дейінгі
азайғандығы байқалады. Сондай ақ кілегей қабықтарының нерв талшықтарын
тікелей тітіркендіреді де қан арқылы жалпы организмге әсер етеді.
Сапонин кілегей арқылы олар жарақаттанғанда, ауру жағдайында жылдамырақ
өтіп тарайды. Қауашақтың тамырын мал жемейді. Улану малдардың қауашақты
тұқымы аралас ұнтақталған жеммен азықтандырғанда кездеседі. Жылқы, ірі
қара шошқа құстар жиі уланады, ал қойлар үшін онша қауіпті емес.
Қауашақ тұқымының малды өлтіріп жіберетін мөлшері бұзауларға 5г
шошқаларға 2г құстарға 2,5г 1 кг салмақтарына есептегенде ал малдар
оны аздап ұзақ уақыт қабылдаса улануға төзімірек болып кездеседі. Улылығы
метеорологиялық жағдайда топырақтың құрамына , оларды дұрыс сақтамағанда
ас қорыту жүйесінің кілегей қабығының жағдайына тікелей байланысты. Әрбір
малдың сезімталдығы да әртүрлі болып келеді.
Өлекседегі өзгерістер. Тері асты шелі, әсіресе өңештің кеуде
қуысына қан талаған. Өңештің кілегей қабығы ісінген қанталанған. Құстардың
жемсауының кілегей қабығы құрғақ кей жерлері өлі еттенген, күлді сұрғылт
түсті етті қарын мен ішектерінің кілегей қабықтары ісінген, қанталаған.
Жүрек еті бауыр болбыраған балшық түстес. Қан ұйымаған,алқызыл түстес.
Белгілері. Клиникалық белгілері қатты уланғанда 1-2 сағаттан кейін , ал
былайда 3 - 4 күннен кейін барып білінеді. Бастапқыда сілекей аққаннан
басқа көп белгілері жоқ. Артынан барып ас қорту жүйесінің кілегей қабығының
қабынуынан белгілері біліне бастайды. Сілекей ағу, іш өту, шаншу,
шошқаларда құсу, жұтынудың қиындауы.
Жалпы белгілеріне жүректің жұмысының нашарлауы, тамырдың жиі, әлсіз
соғуы, дем алудың жиілеуі, бүйрек тұстарындағы ауырсынғандық, ауру малдың
әлсіреулерін жатқызуға болады.
Удың орталық нерв жүйесіне әсерінен ауру мал жабырқау, ұйқылы ояу
бұлшық еттері дірілдеген, қозғалысы сезімталдығы нашарлаған бұлшық
еттерінің тартылуы салдануы байқалады.
Қатты уланған жағдайда ауру мал көбінесе жата береді. Сыртқы ортаның
әсеріне қатысы жоқ. Тамақ жемейді, тәлтіректеп әрең қозғалады. Жиі-жиі
қызыл түсті несеп бөлінеді. Көзге көрінетін кілегей қабықтары әуел баста
қызарып артынан сарғаяды. Мойнын созып, басын шайқай береді. Өңештің тұсы
ауырады. Сілекей ағып кейде құлайды, не қимылсыз бір орнында отыра береді.
Ас қорыту ағзаларының қабыну белгілері байқалады.
Емі. ас қорту жүйесін жуу , құстыратын іш өткізетін дәрілерін береді.
Сіңіргіш кілегейлі тұнбаларды қолдануға болады. Жүректің жұмысын
жақсартатын дәрілер береді. Венаға 40% - глюкоза ертіндісін жіберуге
болады. Аурудың белгілеріне қарсы күресу керек.
Сақтандыру шаралары. Қауашақты малдың азығына араласпауын қадағалау.
Егер ондай азықты 50C-қа дейін қыздырғанда қауашақтың улылығы жойылатынын
ескерту. Қауашақпен көп ластанған жемді тұз қышқылының әлсіз ертіндісімен
ылғалдау керек.
Құрамында синил қышқылы бар азықтармен улану.
Судан шөбімен улану(Суданская трава). Малдардың жақсы азығына жатады.
Улану оның құрамындағы синиль қышқылының әсерінен болады. Құрғақшылық
жылдары синиль қышқылының мөлшері 54мг-ға дейін жеткен. Ол улы зат судан
шөбінен жасалған сүрлемде 12 мг мөлшеріне дейін болады.
Дамуы. Синиль қышқылы басқа өсімдіктерде де кездеседі. Ол өсімдіктегі
цианглюкозиттердің гидролиз поцесінде түзіледі. Мұндай гидролиз не
өсімдіктердің өз ферменттерінің не малдың ас қорыту жүйесінің
ферментінің әсеінен болады. өсімдіктер кептірген кезде улылығын жояды,
тек кендір өсімдігіне сақталуы мүмкін. Синил қышқылының 1 мг мөлшері
малды өлтіріп жібереді. Ал жылқыларға 0,4-0,5 г жетіп жатыр. Ірі қара
малдар месқарында түзілген қышқылды кекірген кезде шығарып
отыратындықтан төзімді келеді.
Улануға әсер ететін жағдай клеткаларда оттегінің жеткіліксіздігінен
тіндердегі демалыс процесінің бұзылуы, қышқыл демалуға қатысатын
ферменттерді байлап тіндерді тотығу процесін жүргізбейді. Оттегінің
жеткіліксіздігі бірінші кезекте орталық нерв жүйесіне әсер етеді де
ондағы демалу қан айналу қаңғыма нерв орталықтарының қызметтерін бұзады.
Дем алудың тоқталуынан мал өліп кетеді.
Белгілері. Аурудың барысында үш сатыны байқауға болады. Бірінші
сатысында –диспноэтикалық саты-малдың демалысы жиілеп қиындайды,
тынышсызданады, кілегей қабықтары қызарған, ит пен шошқаларда құсу
байқалады.
Екінші –конвулсивтік сатысында эпилепсия құбылыстары байқалады, демалысы
әлсіз, терісінің сезімталдығы жоқ, кілегей қабықтары көгерген, демалысы
тоқтап мал өліп кетуі мүмкін. Сиырлар басын көтеріп, мойнын созып жерге
қарсы тұрып демалуға тырысады. Шошқалар ти тәрізді шоқиып отырып дем алады.
Өлекседегі өзгерістер. Кілегей қабықтары қатты қызарған, қан тамырлары
әсіресе құрсақ тұсында қанға толы сыртқы қабаты қанталаған, ас қорту
жүйесінде геморрагиялық қабыну, паренхималды ағзаларда дегенерация, өкпе
қызарған, ісінген бронхылар мен кеңірдектерде алқызыл көпіршіген сұйық.
Қан ұйымаған.
Ауруды анықтау. Малдың, асқазанының жынынан синиль қышқылын анықтау
керек.
Емі. Жіті түрде емдеуден нәтиже жоқ. Басқа жағдайда усыздандыру үшін
тиосульфат натриді қанға жібереді. Ол синиль қышқылымен қосылып родон
қосылыстарын түзеді. Оттегі жетіспегенде метилен көгін қолданады.
Венаның ішіне глюкоза жіберіледі. Натридің азот қышқылы тұзының 0,5-1
судағы ерітіндісін 1мг кг мөлшерінде венаның ішіне жіберуге болады. Ауыз
қуысы арқылы 3 күкірт қышқыл темір мен 5 көмір қышқыл натриді қосып 300-
500мл мөлшерінде береді. Марганец қышқыл калии ертіндісін де беруге болады.
Жүректің өкпенің жұмыстарын жақсартатын дәрілер береді. Жіті түрінде венаға
30 глюкозаға метилен көгі мен с витаминін қосып жібергеннің нәтижесі жақсы.
Емдеуді неғұрлым ертерек, бірінші клиникалық белгілері біліне бастасымен
жылдам арада қолдану керек.
Сақтандыру шаралары күдікті тамақты рационға енгізбеу, жайылымды
өзгерту. Циагенді заттары бар көк шөпті темір сульфатымен және натрий
гидрокарбонатымен усыздандыру керек.
Фотодинамикалық қасиеттері бар өсімдіктермен улану.
Көптеген өсімдіктердің фотодинамикалық қасиеттері бар. Ондай өсімдіктер
әсіресе гүл шашқан кезде, белгілі бір қолайсыз метеорологиялық жағдайда
бойларына күн сәулесінің әсерінен улы болып келетін филоэритрин затын
шоғырландырады.. ондай өсімдіктердің қатарына қара құмық, жоңышқа тары
және т.б жатады.
Қара құмықпен улану. Малдар бұл өсімдікті гүл шашып тұрған кезде, ашық
күндері жегенде уланады. Улы зат - филоэритрин ақ түсті малдар жиі уланады
деген деректер бар. Қой мен шошқалардың арімдіктердің хлорофлорасында
құрамында болады.
Дамуы. Филоэритрин Оргонизмде ол көбінесе теріде шоғырланады да
күнасында жиі кездеседі. Түзілген тотық тері рецепторларының қатты
тітіркендіреді. Теріде күйген тәрізді өзгерістер пайда болады. Тері
қызарады, ісінеді ауырсынғандық байқалады. Кейіннен күлдіреп іріңдейді.
Ауыр жағдайларда бұл өзгерістерге орталық нерв жүйесінің қызметтерін
бұзылуы қабаттасады.
Өлекседегі өзгерістер. Терінің зақымдалғанынан басқа бас ми қабының,
ішек қарынның кілегей қабығының қабыну белгілерін, бауырдың бүйректің
қызарып өзгергенін анықтауға болады.
Белгілері. Улы өсімдікті жегеннен кейін бірнеше сағаттан соң-ақ
малдардың терісінде бастапқыда бас терісінде құлақтың тұсында мойында
кейіннен бүкіл денесінен қызарған бөртпе пайда болады. әсіресе жүні жоқ не
аз жұқа жерлерінде жақсы білінеді. Олар қышиды мал үйкеленіп қасынады.
Кейіннен суланып жарылады да , жараға айналады. Кей кезде жараланған жер
қабыршақтанып, іріңдеп өлі еттенеді. Жараланған жердің терісі тығыздалып
бетінің қабы түсіп жара ашылады.кей малдардың ерін құлақтары толық түсіп
қалуы мүмкін. Ауырған малдың тәбеті нашарлап , күйі төмендейді. Әлсірейді
дене қызуы көтеріледі. Ас қорту жүйесінің қызметі бұзылады.
Барысы ауру көбіне жіті түрде өтеді. Жеңіл жағдайда рационнан улы
шөпті алғаннан кейін біртіндеп жазылып кетеді. өте ауыр жағдайда өлім
жітіммен аяқталады. Анықтау үшін негізгі клиникалық белгілеріне рационда
қара-құмықтың бар-жоғына, метеорологиялық жағдайына көңіл аудару керек.
Емі уланған малды қорада не көлеңкі жерде ұстайды. Рационды
қарақұмықтан тазалайды. өсімдік майын беріп малдың ішін өткізеді. Тұз
қышқылы қосылған сумен суғарады. Кофейн немесе камфора майын қолдануға
болады. Тамырдың ішіне новакайн ертіндісін жібереді. Жараны тазалап
майлы дәрілер жағады ихтиол карабол, салицил, цинкті ментол.
Сақтандыру шаралары. Жайылымды өзгерту қолдағы қара құмықтың малға
сабағын басқа азықтармен араластырып беру, тікелей күн көзінің сәулесінен
сақтандыру.
Жоңышқамен улану. Мал көп уақыт қызыл жоңышқаны жегенде уланады.
әсіресе балауса көк кезінде улы келеді.
Дамуы. Жоғарыда айтылған қарақұмықпен уланғанда сәйкес. Улы зат сол
филоэритрин.
Белгілері. Уланған малдың терілерінің пигментсіз жерлерінде әсіресе бас
жағында азуларында мойнында желініде аяғында қотыр пайда болады. Ол
қатты қышып мал тынышсызданады. Малың жалпы хәлі нашарлайды, ыстығы
көтеріледі.
Барысы. Ауру онша ұзаққа созылмайды. Жазып алуға болады.
Анықтау. Азықтың құрамы деректер мен клиникалық белгілері.
Емі. Қарақұмықпен уланғанда қолданылған емі мұнда да қолдануға болады.
Сақтандыру күн ашықта малды жоңышқалы жайылымға жаймаған жөн.
Жоңышқаны жеке бермей басқа шөптермен араластырып беру керек.
Тарымен улану.
Улану қойларда жиі кездеседі. Қазақстанда семей павлодар аудандарында
кездескен осындай улану жөнінде А.М Рахмановтың деректері бар. Улану
жайылымда , құрғақшылық жылдары , толық жетілмеген тары өскен
жайылымдарда тіркелген. Олардың бақылауы бойынша тек ақ түсті қозылар
ғана емес, қара қоңыр қозылардың ішінде де байқалған.
Клиникалық белгілері. Улану ас қорту жүйесінің жұмысынан бұзылуынан
басталады. Құлақтың тістің қастың тұстарында тері астында қатты
қышиды, жүні түседі серозды сұйық пайда болады кейде тері өлі
еттенеді. Ондай өзгерістер бірте-бірте көздің ауыздың мұрынның
кілегей қабықтарына да келеді. Осының салдарынан тамақ қабылдау су ішу
демалу процестері қиындайды. Кей кезде мал көрмей қалады. Сары аурудың
белгілері көрінеі. Ауырған малдың 70-80 –і өлім-жітімге ұшырайды. Жазылу
процесі өте ұзаққа созылады. Кей кезде өте жіті түрде өтіп нерв жүйесіне
өтеді. Бастың аяқтың бұлшық еттері қатты жиырылып , ауру мал құлайды басын
артқа қарай қайырап көпке дейін жатады.
Өлекседегі өзгерістер тері асты шелі ісінген, бас терісінің астында
дірілдеген инфилтрат,құлақ жарғақтары қалыңдаған, терісі сарғайып ,
геморрагиялық диатездің белгілері , кілегей қабықтары қызарған ас қорту
жүйесінде қабыну жабыршақ қарынның беттері ісінген, өкпе ісінген, қошқыл
түсті , кескенде көпіршіктенген сұйық , бауырдың көлемі ұлғайған, балшық
түстес, болбыр. Бүйректерде де сондай өзгерістер байқалады.
Емдеу сақтандыру шаралары қарақұмыықпен улануда көрсетілгендей.
Азық құрамындағы нитратпен улану.
Көптеген өсімдіктер, әсіресе азотты тыңайтқыштар қолданған жерде өскенде
, өзінің су барысында бойына нитраттады жинайды. Оған жататындар, бидай,
қара бидай, сұлы жоңышқа, қант қызылшасы, күнбағыс, жүгері. Т.б
Азықтың құрамында 0,6-1,5-нитрат болғанда мал уланады. Егер1,5-тен көп
болса , онда уланған мал өліп кетуі мүмкін.
Пісірілгеннен кейін баяу суытылған қызылшаны жеген малдардың улануы
жиі-жиі кездеседі. Мысал ретінде азық қызылшасымен улануды келтірейік.
Азық қызылшасымен улану.
Азық қызылшасын дайындап беру технологиясын дұрыс сақтамағанда
пісірілген не буланған қызылшаны өте баяу суытып бергенде шошқалардың
арасында көптеп уланғандық байқалады. Мұндай жағдайларда бактериялардың
әсерінен нитраттардың нитриттер түзіледі де олар көп мөлшерде жинақталады.
Бұл нитриттер қанға түсіп ондағы оксигемоглобиндерді метеоглобиндерге
айналдырады. Гемоглобин өзінің оттегін тасымалдау қабілетінен айырылады да,
тіндерге оттегі жетіспегендіктен оргонизмде аноксия құбылысы пайда болады.
Онымен қоса нитриттер орталық нерв жүйесін салдандырады. Ондағы қан
тамырларын кеңейтіп , қанның қысымын төмендетеді. Пісірілген қызылша 5-6
сағат тұрғаннан кейін улы болып шығады. 12-сағатта улылығы ең жоғарғы
нүктесіне жетеді. Ал шошқалаларда 0,16-0,2 гкг мөлшері уландырады.
Клиникалық белгілері. Жалпы жағдайы жабырғаңқы тамақ алмайды, қатып
қалғандай бір орнында тұра береді, не төсенішке қызып кіргісі келеді,
тынышсызданады. Бұлшық еттері дірілдейді , құсады сілекей ағады, кілегей
қабықтары, терісі бозарған, суық мұрын айнасы, құлақтарының ұшы көгерген ,
көбінесе жата береді. Тұрғанда шатаяқтап әрең тұрады. Қатты уланғанда мал
15-30 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін. өлер алдында дене қызуы
төмендейді . жаңа туған бұзаулар мен торайлар қосымша диспепсиямен
ауырады.
Өлекседегі өзгерістер. Қанның түсі қарайған, нашар ұйыды , өкпе сінген
қоңыр түсті, ішек қарынның кілегей қабығы қабығынан, қанталанған.
Асқазанның жынынан азот қышқылының иісі сезіледі. Бауыр мен бүйректердің
көлемі ұлғайып , қанға толы , әр жерлері қан талаған. Несеп қабы зәрге
толы.
Емі. Емдеудің ең басты мақсаты метеогемоглобиннің түзілуін
болдырмай қанның тотығу тотықсыздандыру процесін қалпына келтіру. Ондай
дәріге А.Я Лукиннің дереі бойынша метилен көгі жатады. Оны құлақтың тұсына
тері астына немесе құлақтың венасына 2-ті ерітінді ретінде 1млмг
мөлшерінде жібереді.
Шошқаларда құстыру үшін терінің астына апоморфинді жібереді. Сондай
–ақ кальциферолды, токоферолды тағайындаған жөн.
Сақтандыру шаралары. Мал азығының құрамындағы нитраттардың
мөлшерін ауық-ауық анықтап отыру қажет. Азық қызылшасын дұрыстап дайындап
беру керек. Пісіргенде жыдамырақ қайнатып толық пісіру керек қайнай
салысымен 30-минут қайнайды. Қайнату-пісіру процесі 3 сағаттан аспау керек.
Содан кейін ұзақ уақыт суытпау керек. Дайындалған қызылшаны сол күні ,
уақытында малға беріп үлгеру керек. Қайнатылатын қызылшаны топырақтан
тазалап, жуу керек.
Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану.
Кейбір өсімдіктердің құрамындағы ферменттерге ұқсас заттардың
оргонизмдегі витаминдердің алмасуына кедергі жасап, олардың
жеткіліксіздігін тудырады. Оған қырықбуынның бірнеше түрлері жатады.
Қырықбуынмен улану. Қырықбуын тамырлы көп жылдық өсімдік 40-қа
тарта түрлерінің 5-түрі улы болып келеді. Улы заттары. Алколойд
экзивитейн және сапонин тәріздес-экзивитионин. Оның улылығы кептірілген
түрінде де сақталынады. өсімдіктегі удың мөлшері 5- ке дейін барады.
Эквизитейннің түзілуін көбінесе қырықьуынның саңырауқұлақтармен
жарақаттануымен байланыстырады. Улану жылқыларда ірі қара шошқа қой
малдарында кездеседі. әсіресе жылқылар қатты уланып 70- ке дейін өлім
жітімге ұшырайды.
Дамуы қырықбуынның құрамында көп жылдық өсімдік 40-қа тарта
түрлерінің 5 түрі улы болып келеді. Улы заттары алколойд эквизитейн және
сапонин тәріздес-эквизитионин. Оның улылығы кептірілген түрінде де
сақталады. өсімдіктегі удың мөлшері 5-ен дейін барады. Эквизитейннің
түзілуін көбінесе қырықбуынның саңырауқұлақтармен жарақаттануымен
байланыстырады. Улану жылқыларда , ірі қара қой шошқа малдарында
кездеседі. әсіресе жылқылар қаты уланып 70-ке дейін өлім жітімге
ұшырайды.
Қырықбуынның құрамында фермент тиаминаза болады. Ол оргонизмдегі
тиаминді бүлдіреді де в витаминінің жеткіліксіздігін тудырады. Ол барып
нерв жүйесінің қызметінің апрып бұзылуына апарып соғады. Улы зат тиген
жерін тітіркендіру процесін тудырады. Қанға сіңіп жалпы оргонизмді
уландырады. Қабынудың белгілері асқорту жүйесінде бауырда бүйректерде
байқалады. Бауырда зат алмасу процесі ьұзылып паренхиматозды сары ауру
пайда болады. Бүйректерде нефрозға тән өзгерістер болады.
Өлекседегі өзгерістер. Асқазанның шелі сарғайған плевра іш
қуыстарында транссудат. Жүректің көлемі ұлғайған еті борсаң сұрғылт
түсті. Бауыр босаң, қара қошқыл түсті. Бүйректер ұлғайған асқазан мен
ішектер қабығынан кілегей қабықтары қанталаған. Сондай-ақ эпикард, эндокар,
плевра шажырқайлар да қанталанған. өкпелі , орта ми және жұлын қанға
толған.
Белгілері. Ірі қара малдың күйіс қайыру жоқ, іші өтеді, нәжіс қара
түсті, жағымсыз иісті. Дене қызуы төмен, несеп қызыл түсті, сирек бөлінеді.
Сиырлардың сүт беруі азайып барып тоқтайды. Сүт көк түсті , су тәріздес
майы өте аз. Арты аяқтары шатқаяқтанып кейде салданып қалады. Буаз
малдардың іш тастауы мүмкін. Жылқыларда нерв жүйесінің қызметі
бұзылады. Көзі аларып тынышсызданып, секіріп, бір орнында тұрақтамайды.
Артқы аяқтары қиралақтап қалады. Оны суретте басып сүріне береді. Жай
тұрғанда басы салбыраған көңіл күйі төмен. Жылқы малы көбінесе түрегеп
тұрады да артқы аяқтары толық салданғанда барып құлайды. Құлағанда бір
жақ жанына жатып алдыңғы аяқтарымен суға жүзген тәріздес қимыл жасайды.
Ал артқы аяқтары қимылсыз қалады. Бұлшық еттерінің тартылғаны байқалады.
Жүректің қызметі нашарлайды ішектің жиырылуы нашарлайды ішектің жиырылуы
үдей түседі, кілегей аралас нәжіс бөлінеді. Мал тез арада арықтай
бастайды. Аурудың барысы жіті және созылмалы түрде кездеседі.
Анықтау. Жалпы деректер жинау, ауруға тән клиникалық белгілеріне
көңіл аудару керек.
Емі рационнан қабырқынуды аластағаннанкейін ауру мал бірте-бірте,
өздігінен жазылып кетуі де мүмкін. Аурудың жазылуын жылдамдату үшін
венаға бірнеше рет 500-мг-ға дейін тиаминді құю керек. Ауыз қуысы арқылы
0,5 л соданың судағы ертіндісін береді немесе
Венаға 10 тиосульфат натриидің ертіндісі жылқыларды тыныштандырады.
Сақтандыру шаралары. Батпақты жерлерді құрғату, дренаждау,
известендіру, жемісті өсімдіктердің егу кезегін дұрыс ұйымдастыру,
қырықбуын бар жерге жылқы малын жібермеу.
Дұрыс дайындалмаған, уақытында берілмеген азықтармен уланулар өте
жоғары сапалы саналатын азықтарды дұрыстап дайындамағанда немесе
уақытында белгілі бір мөлшерде бермегенде малдардың арасында өте ауыр
түрде жүретін уланулар кездеседі. Сондай уланулардың бірнеше мысалына
тоқтайық.
Мақтаның күнжарасымен улану.
Көптеген ауылшаруашылық өнімдерін өндірісте өңдегенде олардығ қалатын
қалдықтары сірне суы, күнжара сықпа, болжыр және т.б малдарға қосымша
азық ретінде жиі пайдаланылады. Олардың көбінің құрамында улы заттар
болатындықтан малдардың улануларының бірден-бір себепкері себепкерлері
болатын естен шығармау керек. Міне сондай қалдықтардың қатарына мақтаның
күнжарасы да жатады. Ол мақта дәнінен май алғанда қалатын қалдық ,
малдарға жемнің орнына беруге болатын қосымша азық. Белок май , витаминдер
бар. Сонымен қатар бояғыш улы зат глюкозит, госсипол болады. Егер
малдың жемінің құрамына 0,2 госсиполы бар мақта күнжарасын 10 процент
мөлшерінде қосқанда малдар уланады.
Кейде төлдердің аналық малдардың сүті арқылы уланулары да кездеседі.
Госсиполдың малдың оргонизмінде жинақталып барып әсер ететін қасиеті
бар сондықтан да тәжірибе жүзінде мақта күнжара

1.2 Орталық нерв жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен
уланулар

Уланулардың клиикасы тек орталық нерв жүйесі жағынан ғана емес, сондай
ақ көбінесе ас қорыту жүйесі мен бүйректердің қызметтерінің бұзылуымен
асқынған түрде кездеседі.
У тамырмен улану - көлеңкелі , ылғалды жерде өсетін , көп жылдық
өсімдік. әсіресе өзен көл, арықтардың батпақты жағалауларында жиі өседі.
Кей жерлерде қалың болып өсіп өте ерте көктейді. өсімдік қазақстанның
барлық өлкелерінде де кездеседі.
Улы зат азотсыз цикутоксин ол өсімдіктердің барлық бөлігінде де
кездеседі. әсіресе өсімдіктердің тамыры улы болып келеді. Жас тамырда
0,2-ге , ал кепкен тамырда -3,5-ке дейін болады. Тамырдың улылығы
әсіресе жазғытұрым және күзде күштірек бөлінеді. Улану ірі қара малдарды
құнарсыз, көктемде әлі шөп өсіп жетілмеген жайылымға жағдайда жиі
кездеседі. өсімдіктердің 2-3 тамыры сиырларды, 1 тамыры қойларды
уландыруға жетіп жатыр.
Дамуы цикутоксин майлы ортада жақсы сіңеді және сондықтан
организмге жылдам тарайды, әсіресе нерв жүйесінің орталықтарына басымырақ
әсер етеді. Бас миға әсер еткенде дененің бұлшық еттері тартылып,
оргонизмнің қатты қозғандығы байқалады. Дем алу орталығының
салдануынан мал тұншығып өліп кету мүмкін.
Өлекседегі өзгерістер өлексе құрғақ , қан ұйымаған қара-қошқыл
түсті. Тері астында кілегейлі қабықтарда кейбір ағзалардың сыртқы
қабықтарында қанталағандық болады. өкпе ми ішкі бездер қызарып ісінген
кей жерлері қанталаған.
Белгілері. Ауру мал тынышсыз қатты қозғандық байқалады. Бұлшық еттері
дірілдейді, мес қарынның мен асқазанның газға толып кетуі ауыз қуысының
сілекейдің ағуы, жиі-жиі несеп пен нәжістің бөлінуі, тіркеледі. Бұлшық
еттердің дірілдеп тартылуы бас жақтан бсталып барлық денеге тарайды.
Кейде ауру мал бір жығылып бір тұрып жанталасады. Эпилепсия анық
білінеді. Осындай жанталастан кейін ауру мал әлсіреп барып тынышталады
да , көпке дейін орнынан тұра алмай жатып қалады. Дем алысы , тамыр
соғысы жиілейді. Бірақ әлсіз болады. Эпилепсия кезінде дене қызуы аздап
көтерілгенімен депрессия кезінде төмендегені байқалады. Шошқалардың
ерекшелігі олар құсады, бұл құбылыс оларды аман алып қалуға себебін
тигізеді.
Барысы көбінесе жіті түрде болады да мал жанталасып қиналған кезде
өліп кетуі мүмкін.
Ауруды анықтау үшін ауру мал туралы толық деректер жиюдың маңызы өте
зор. әсіресе жайылымда у тамырдың бар–жоғы . сондай- ақ клиникалық
белгілеріне де сүйене отырып ауруды анықтауға болады.
Емі әдейі уға қарсы дәрі антидот жоқ. Сондықтан уды ас қорту
жүйесімен тазалау керек. Ол үшін мес қарынды асқазанды КМПО
ертіндісімен жуады. Тіпті болмағанда оны кесіп ішін тазалайды . ауыз
қуысы арқылы сіңіретін заттар береді. Салдануға қарсы хлоралгидратпен
клизма қояды. 5-10 тұз қышқылын берудің нәтижесі жақсы . венаға
гемодез цититон тері астына лобелин жібереді. Ұйықтатып емдеу әдісін
қолданады.
Сақтандыру шаралары Малды күтушілер шөпті ажырата білулері керек. У
тамырды жайылымды жерде жою жұмысын ұйымдастырған жөн.
Темекімен улану бір жылық өсімдік сабағы 1 метрге дейін биіктікте
болады. Жапырағы ірі , түкті жабысқақ. Жапырағында бірнеше алколойдтар
бар. Олардың мөлшері 0,6- 8-ке дейін. Ең көп мөлшерде никотин кездеседі.
Оның мөлшерлі топырақтың ауа райының жағдайларына байланысты өзгеріп
отырады. Белгілі деректерге қарағанда никотин оңтүстік жақта құмды
балшықты топырақта өскен темекілерде болатыны көрінеді.
Дамуы никотин өте күті у. Ол жүрекке ішкі бездерге жағдай бұлшық
еттерге әсер етеді. Үлкен мөлшерде аздап қоздырғаннан кейін орталық
нерв жүйесін салдандырады. Вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық
тармағына әсері басымырақ болып келеді. Қаңғыма нерв тармағы арқылы
жүректің жұмысын ас қорту жүйесінің бездерінің сөл бөлінуін үдетеді.
Соның салдарынан сілекей ағу құсу іш өту құбылыстары пайда болады. Қан
тамырларын тарылтып , қан қысымын жоғарылаты.
Белгілері улану жіті түрде өтеді . алғашқы клиникалық белгілері
улы зат организмге түскеннен кейін бірнеше сағаттан кейін біліне
бастайды. Негізгі белгілері -сілекей ағу күйіс қайырудың жоғарылауы
іштің кебуі шаншу іш өту . ауру мал өте жабырқау , бұлшық еттері
дірілдеп тартылуға барады. Көздің қарашығы үлкейген демікпе пайда
болады. Тамыр соғысы әлсіз жүректің ырғақтығы бұзылады. Ірі қара малдар
500г-2кг жылқылар 300г -1,2 кг ұсақ малдар 50-100г темекінің жапырағын
жегенде уланады. Уланудың жеңіл түрі созылмалы болып , асқазан мен
ішектердің қабыну процесінің белгілерімен сипатталады. Ондай малдың
жазылуы 1-2 жұмаға дейін созылады.
Емі ең алдымен улы затты асқазан мен ішектерден тазалау керек.
Зонд арқылы жуу, іш өткізетін дәрілер беру. Ірі қара малдарға кей
кезде руминотомия жасауға тура келеді. Ауыз қуысы арқылы танин , емен
қабығының тұнбасын береді. Ауру малдың жағдайына қарап, аурудың
белгілеріне қарсы дәрілер қолдану керек.
Жусанмен улану көпжылдық 30-60 см биіктікте өсетін өсімдік. Жусан
барлық жерде бірдей улы болып келеді. Оның улылығына сыртқы ортаның
жағдайы әсер етеді. әсіресе улы болып келетін түрі теңіз жусаны.
өсімдіктің барлық бөліктері де улы болып келеді. 200-300 г құрғақ жусан
жылқыларды өлтіріп жіберуі мүмкін. Шөптің құрамында 2 жусан болғанда
уланудың созылмалы түрін байқауға болады.
Улы затты жусанның эфир майы және сантонинге ұқсас лактон турицин
бұл улар нерв жүйесінің улары. Нерв жүйесін қоздырады, көп мөлшерде
эпилептикалық салданудың ауыр түрін туғызады. Оған қосымша таурициннің
әсерін құсу, іш өту , жүрек қызметінің бұзылуы байқалады. Улану жусан аш
малдың оргонизміне түскенде жиі байқалады.
Белгілері улану жіті және созылмалы түрлерінде кездеседі,. Оргонизмге
түскен мөлшеріне қарай ауыр және жеңіл түрінде жылқылардың 20- не
дейіні шығынға ұшырайды. Негізгі клиникалық белгілері эпилепсияға ұқсас
салдану , тоникалық клоникалық тартылу танышталумен кезектесіп
отырады. Жалпы клиникалық белгілері жылқылардың тынышсыздануынан
басталады.
Ауру мал қорқақ , әлсіз нәрселерге қатты реакция береді. Еріннің
беттің еттері жыртындап тартыла береді де артынан ірі бұлшық еттердің
дірілдеп-қалшылдауымен жалғасады. Жылқы алдындағы кедергіге қарамай
алдыңғы аяқтарымен қабырғаға шапшиды., қиналып барып жақтары қарысып
аяқтары тартылады. Көздерінің қарашығы ұлғайып, дем алысы әлсірейді.
Тісін шықырлатып , басын еденге ұрғылайды. Аяқтарымен суда жүзу қимылдарын
жасайды. , тұруға ұмтылып қайта құлайды. Терлейді дене қызуы көтерлейді.
Жеңіл түрінде клиникалық түрінде клиникалық белгілері де жеңіл болып
ондай уланған жылқылар жазылып кетеді. Нәжіс жалаяқпен қапталған , қпнда
билибурбин.
Емі бұлшық еттердің тартыла жиырылуына қарсы күресу керек. Кілегейді
қайнатпаға хлоралгидрат қосып клизма қою керек. Жүрек жұмысын жақсарту
үшін тері астына кофейн, камфора жібереді. Ас қорту жүйесін тазалау үшін
терінің астына пилокарпин жібереді. Жылқының басына суық компрес қоюға
болады. Ауыз қуысы арқылы сода қосып береді.
Сақтандыру шаралары жылқының азығында жусанның болмауын қадағалау, улы
жусанды усыз жусаннан ажырата қиынға түсетіндіктен оларды тышқандарға
биологиялық сынау арқылы анықтауға болады.

1.3 Улы заттар және олардың организмге әсерлері жөнінде жалпы түсінік

Организмге улы заттардың түсуінен пайда болатын аурулар уланулар деп
аталады. Ондай улы заттар әр түрлі жолдармен түсуі мүмкін.
Ауылшаруашылығында , құрылыстарда қолданылатын улы химикаттардан
өндірістің улы қалдықтарынан азыққа қолданылатын өсімдіктердің
құрамындағы улардан .Мұндай улы заттар азықтарды тамақтандыруға
дұрыстап дайындамағанда, дайындалған азықтарды дұрыс сақтап , дер
кезінде бермегенде де пайда болуы ықтимал. Кей кезде улы заттар мал
азығына дайын түрінде араласып кетуі де мүмкін.
Мысал ретінде өсімдіктердің ауруларымен, оларға зиянды жәндіктермен
күресуде қолданылатын улы химикаттарды дұрыс пайдаланбағанда, дұрыс
сақтамағанда олардың мал азығымен, сумен араласып, олар арқылы оргонизмге
түсіп уландыруын келтіруге болады. Көп заттардың улылығы әр түрлі
жағдайларға байланысты болып келеді оның оргонизмге түскен мөлшеріне
басқа улы заттармен қоса әсер етуіне малдардың жалпы жағдайына кейбір
өте күшті улы заттардың белгілі бір мөлшері емдік әсер ететіні ал
оргонизмге зиянсыз кейбір заттардың көп мөлшері уландырып өлім жітімге
ұшыратуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн.
Көптеген улы заттар сыртқы ортада өте жай ыдырайды да, олар топырақта,
өсімдіктерде, малдардың, балықтардың аралардың оргонизмдерінде көпке дейін
сақталады.
Малдар организмінің әр түрлі улардың әсеріне сезімталдығы олардың түр
ерекшеліктеріне, әсіресе оргонизмнің жағжайына тікелей байланысты. Мысал
ретінде белоктың углеводтың витамин мен минералды заттардың
жетіспеушілігінің салдарынан зат алмасуы бұзылған оргонизмнің тезірек
уланғыш келетінін келтіруге болады.
Улы заттардың организмге тигізетін әсерінің негізі неде
Улы заттар оргонизм клеткаларымен түйілісіп оларға енгеннен кейін
клетка протоплазмасымен байланысып олардың молекулалық құрылысын және
қызметін бұзады. Бұл құбылыс оргонизмдердегі жалпы зат алмасу процесін
өзгертіп оның негізгі-негізгі, өмірге қажетті процестерін бұзады. Улардың
әсері жергілікті және жалпылай болып келеді. Олар жалпы оргонизмге
рефлекс немесе қан арқылы әсер етуі мүмкін. Кейбір улар белгілі бір
ағзалар мен тіндерге таңдамалы түрде әсер етулері де ықтимал.
Улардың мал оргонизміне әсері негізгі бір заңдылыққа бағынады.
Клеткалар мен ағзаларға удың әлсіз әсері олардың қызметтерін
қоздырады.
орташа әсері-тітіркендіреді
қатты әсері -қинайды , әлсіретеді.
өте қатты әсері-салдандырады.
Улардың әсері олардың ерігіштік қасиетіне тікелей байланысты. Суда
жақсы еритін улар ас қорыту сөлдерінде де жақсы ериді де , ондай
улардың әсері тез білінеді,әсіресе орталық нерв жүйесінің қызметіне.
Сондай ақ егер малдың асқазаны асқа толы болса, онда удың әсері де,
оргонизмге сіңіуі жай болады., кей кезде ондағы астың құрамына байланысты
усыздану процесінің жүруі де мүмкін. өсімдіктердің улылығы олардың өсу
жағдайларына даму сатысына да тікелей байланысты. Мысалы у тамырдың
улылығы жазғытұрым күштірек білінеді. Кейбір өсімдіктердің улылығы күн
көзінің сәулесінің әсерінен күшейе түседі.
Әр түрлі малдар улардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Орталық
нерв жүйесіне әсер ететін улардың әсері әр түрлі реакция береді. Орталық
нерв жүйесіне әсер ететін улардың әсері нерв жүйесінің жетілуі жоғарғы
сатыдағы малдарда басымырақ. Мысалы кекіре мен жылқылар уланады, ал ірі
қара малдар уланбайды. Үй жануарларын улардың әсеріне сезімталдығына
қарай мынадай қатарларға түзуге болады.
1.есек
2. қашыр
3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары туралы
Уытты заттар мен уланудың классификациясы
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары туралы ақпарат
Малдардың азықтардың құрамындағы улы заттармен улануы
Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану
Люпинмен улану
Өсімдіктерде кездесетін улы заттардың ауыл шаруашылық жануарлар түрлеріне қарай әсер ету ерекшелігі
Саңырауқұлақтар және микрорганизмдермен зақымданған азықтардың құрамына байланысты жануар организміндегі биологиялық үрдісті талдау. Улы өсімдіктермен уланудан сақтандыру іс-шаралары
Ағзадан удың бөлінуі
Пәндер