Малға жақындау ережелері мен ұстау әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Малға жақындау ережелері мен ұстау әдістері.
2. Ауру малды тексеру ережелері.
3. Жеке бастың қауіпсіздігі.

Малға жақындау мен оны ұстау ережелері. Ауру малды жайлап сипап, ұрмай, соқпай, үркітпей және айқай-шусыз жақындар ұстау керек. Малға жақындау үшін әр малдың ерекщеліктерін білу қажет. Жылқыға алдыңғы жағынан таяп келіп, жүгеннің алқымынан ұстайды. Егер жылқы тыныш тұрмаса, онда жоғарға ерніне немесе құлақтың түбіне бұрау немесе қамшының бауын салып бұрайды, сондай-ақ аттың басын және алдыңғы бір аяғын жоғары көтеріп тұрады. Ірі қара малға мойынның жанына келіп екі қолмен мүйізден ұстайды , егер мал тынышсызданса, онда мұрын қуысының шеміршегін қолмен немесе мұрынға арналған қысқышпен қысады. Түйеге алдыңғы аяғының тұсынан өте сақтықпен таяп келіп ноқтадан ұстау қажет. Түйені шөгеріп, алдыңғы және артқы аяқтарын жіппен буып тасау керек. Тынышсыз түйелерге мұрындық кигізеді. Қой мен ешкілерді артқы аяғынан немесе мойнынан ұстайды. Тексеру кезінде мал иесі мойыннан немесе мүйізден ұстап тұрады. Итті тексерген кезде қандай жуас ит болсын, оған тұмылдырық кигізу қажет, егер тұмылдырық жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіндінің бір ұшын желкенің шоқтығынан байлау керек. Үй құстарын тексеру үшін бір қолмен қанатынан, ал екінші қолмен аяғынан немесе мойнынан ұстау қажет.
Алдымен мал иесімен оның мінeзі, қисық әдеттері (тістеп алу, алдыңғы аяғымен тарту, теуіп калу, т.б.) жайлы деректер жинайды. Еркек малмен сылап-сипап, төзіммен жумыс iстey керек, ал асау малмен -- қатал және батыл болған дұрыс. Жақындағанда байқап, абай болған жөн, алайда қорқып тұрғанықды сездірмеу керек. Малды ұруға болмайды. Сенімді қатқыл адам дауысы малды тыныштандырады. Асау малмен жумыс жасағанда аса абай болу керек. Оның құлақ қимылына, көз қарасына көңіл аудару керек. Қабырғаға қысылып қалмайтындай малдық жанына тым жақын тұрмау керек. Аяқты бір-бірiнен сәл алшақ ұстаған жөн.
Еш уақытта жылқыға артынан, ал ipi қара малға артынан және жанынан жақындамау керек. Оларға алдынан алдын ала дауыстап, атын айтып, акырын маңдайынан сипап, мойнынан, арқасынан сипалап жақындау керек. Артқы аяқ маңындағы дене бөліктерін бірден сипау дұрыс емес. Егер катты ауырсынған жерлерді анықтау кажет болса, абай болу қажет. Малмен жұмыс шаруашылықта қолданылатын тәpтібін қатал қадағалау керек.
Жан-жануарлардың арасында таралған аурулардың ішінде жұқпалы аурулардың олар орны бөлек. Бұл топ аурулардың туындауына вирус, микроб, т.б. мөлтек денешіктер септігін тигізеді. Сондықтан олардың пайдаболу және таралу заңдылықтарын зерттеумен, күресшараларын жүргізумен індеттану ғылымы айналысады,Індеттану деген терминнің батыс елдеріндегі балама сөзі эпизоотология. Індет деп кез келген аурудын ауқымдытүрде аудан, облыс, мемлекет көлеміндегі мал арасында жайлаған қарқыны таралуын айтады. Сонымен бірге жұқпалы аурулар бірен-саран (спорадия) түрде, болмаса,бірнеше құрлықтарға таралуы мүмкін.
Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін арттырып, олардан алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасын жоғарлатуға бағыталған әртүрлі азықтандыру, суару, орналастыру, байлау, жаю т.б. технологиялық тәсілдердің жинағы - малдарды ұстау жүйелері деп аталады.

Габитус туралы түсінік. Габитус дегеніміз - малдың сыртқы түрі. Габитусқа мына сыртқы белгілері жатады: кеңістікте өзін-өзі ұстау қабілеті, дене құрылымы, қоңдылығы, дене бітімі (конституция), темпераменті (сыртқы әсерлерді сезгіштік).
Малдың кеңістікте өзін-өзі ұстау қабілеті табиғи және амалсыздан немесе еріксіз болып бөлінеді. Мысалы, сау жылқы негізінен үш аяқтап тұрады, ал төртінші артқы аяғын алма-кезек алмастырып тұрады. Сау сиыр барлық уақытта төрт аяқтап тұрады, ал күйіс қайтарғанда бір жамбастап жатады. Түйе тұрғанда төрт аяқтап, ал күйіс қайтарып, демалған кезде шөгіп жатады. Ауру малда амалсыз жату немесе тұрып тұру белгілері кездеседі. Еріксіз тұрып тұру негізінен өкпе қабынғанда, жүрек қабы жарақаттанғанда, сіреспе ауруымен ауырғанда, еріксіз жатып қалу малдың аяқтары, омыртқа жұлыны зақымданып жарақаттанғанда білінеді. Еріксіз қозғалыстар малдың ми, мишық және есту мүшелері зақымданғанда болады. Дене құрылымы сүйек пен еттің жетілу дәрежесіне қарай анықталады. Малдың дене құрылымы күшті, орташа және әлжуаз болып бөлінеді. Малдың қоңдылығы жоғары, орта, ортадан төмен және арық болып бөлінеді. Арықтаудың ең ақырғы шегі кохексия деп аталады.
Дене бітімі төрт түрге бөлінеді: сөлекет, нәзік, тығыз және борпас немесе болбыр. Сөлекет дене бітімді мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді, ауруға көп шалдықпайды. Нәзік дене бітімді мал өнімтал, жүйрік, сүтті және етті-жүнді болады. Болбыр бітімді мал мінезі жуас, тез семіреді, зат алмасу құбылыстары баяу жүреді. Тығыз дене бітімді мал әрі өнімді, әрі төзімді болып келеді. Тәжірибеде дене бітімді мықты мал, ауруға да берік, қажырлы, өнімді және терісі мен түгі тез жетіледі.
Темперамент дегеніміз - малдың әр түрлі сыртқы әсерлерді сезгіштігінің тездігі мен реакция дәрежесі. Малда оны өткір(қызу) және флегматикалық(жасық) түрлері кездеседі.

Габитусты зерттеу үлгісі.
Мал денесінің қойылымы (жағдайы)-өздігінен, табиғи, жатқан не тұрған, өзіне тән емес (басын артқа тартып жатуы, ит сияқты отыруы, 19 бақылаушы тәрізді тұруы т.б.), еріксіз қозғалыстар (тоқтамсыз алға, артқа, айналып, сағат тілі бағытымен т.б. жҥруі).
Дене бітімі - дұрыс (берік, жақсы), бұрыс (әлсіз, нашар). Ақаулар көрсетіледі.
Қоңдылығы - жақсы, қанағаттанарлықтай, канағатсыз, жөдеген, семіріп кеткен.
Конституциясы - дөрекі, нәзік, тығыз, босаңқы (тершең). Конституция түрі (жылқыларда) - астениялық, бұлшық етті, пикникалык.
Темпераменті (мінез-құлқы)- пысық, флегматикалық.
Мінезі - жуас, асау (ызақор).
Тері мен тері асты қабаттарын тексеру. Тері мен тері асты қабаттарын зерттеген кезде қарау пальпация, перкуссия және сыналы тесуді жасау қолданылады, терінің жұқпалы аурулары болған жағдайда микроскопия пайдаланылады.
Теріні тексеріп зерттегенде, ең алдымен терінің түгі мен түсін, ылғалдылығын, иісін, қызуын және серпімділігін анықтайды. Содане сол патологиялық өзгерістеріне көңіл аударады, яғни тері көлемінің үлкеюі (ісуі, сары су жиналуы, желденуі, қыртыстануы), бөртуі мен бүтіндігінің бұзылуы.
Тері бүтіндігінің бұзылуына тырналу, сыдырылу, жырылу, тесілу, ойылуы және тыртықтанып бітуі жатады.
Малдың кілегей қабықтарын зерттеу. Жалпы зерттеуде малдың конъюктивасын (көздің дəнекер қабығы), мұрын, ауыз жəне қынап кілеоей қабықтарын қарай арқылы тексереді.
Терең жатқан кілегей қабықтарды тексеру үшін арнайы аспаптар қолданады ( риноскоп, рефлектор, ларингоскоп, қынап айнасы). Малдың кілегей қабықтарын зерттеренде түсіне, ылғалдылығына, ісуіне, іріңдеуіне назар аударылады. Сау малдың кілегей қабықтары ашық қызыл түсті, сəл сұрланған, іріңсіз жəне ісіксіз болады. Мал ауырғанда кілегей қабықтың түсі өзгереді, яғни қызарады, сарғаяды, көкшіл жəне бозғылт тартады. Жылқының кеңсірігінің кіленей қабығы - ашық қызыл, сіл көкшіл тартып тұрады. Қынаптық кілегей қабығы ашық қызыл, сəл ғана сарғыш тартып тұрады. Ірі қара малды көздің дəнекер қабығы ашық қызыл күңгірт, қынап, ауыз, мұрын кілегей қабықтары сəл сарғыш тартып тұрады.
Кілегей қабықтың ісінуі мен қоймалжың іріңнің басып қалуы көбінесе ауыз, мұрын, көз кілегей қабықтары қабынғанда білінеді.
Көзден жас, мұрыннан су, ауыздан сілекей жəне қынаптан сұйық зат ағуы оларлың кілегей қабықтары қабынғанда, ауыз жəне басқа ауруларда байқалады. Кілегей қабықтан аққан сұйық зат (экссудат) аурудың түріне, жітілігіне қарай шырышты, ұйыма жəне іріңді болып бөлінеді.
Малдың лимфа бездерін зерттеу. Патологиялық процестің дамуында лимфа бездері көбінесе өзгерістерге ұшырайды, өйткені оларғы қабыну ошағынан инфекция қоздырушылар, токсиндер лимфа ағысымен келіп түседі. Кейбір жағдайларда лимфа бездерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малдарды зерттеген кездегі әртүрлі әдістер
Клиникалық жалпы әдіс-тәсілдері
Өндірістік - технологиялық практикасының есебі
Ауылшаруашылығы және үй жануарларын клиникалық зерттеу кестесі. Ауыру жағдайын анықтаудағы симптомдар мен синдромдар
ІШКІ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА РЕНГИНОЛОГИЯСЫМЕН пәніне арналған оқу-әдістемелік құралы
Сүт безінің жағдайын анықтау
Жылқы гастрофилезі
Қан айналу органдарының аурулары
Күйістілердің кебенек ауруы
Қысқартулар мен белгілер
Пәндер