Малдарды зерттеген кездегі әртүрлі әдістер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I Кіріспе II Негізгі бөлім Жалпы зерттеу әдістері Жүйелерді зерттеу. Жүрек қан тамыр жүйесін зерттеу. III Кроссворд IV Бақылау сұрақтары V Қорытынды
VI Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Малдарды зерттеген кезде әртүрлі әдістерді қолданады. Барлық әдістер жалпы, қосымша және арнайы (инструменталды, зертханалық) болып бөлінеді. Жалпы әдістерді әрбір малға, ауруға байланыссыз міндетті түрде жасайды. Жалпы зерттеуді жасап болғаннан кейін ғана, дәрігер арнайы немесе қосымша тексеру әдістерін ұсынады. Клиникалық жалпы әдіс-тәсілдер. Клиникалық жалпы әдіс-тәсілдерге қарау әдісі (көру), пальпация (сипау), перкуссия (соғу, нұқу), аускультация (тыңдау) және термометрия (дене кызуын өлшеу) тәсілдері жатады. Жалпы зерттеу кезінде және де басқа аспаптар қолдану арқылы өткізеді.

Жануарларды жалпы зерттеу әдістері Малдарды зерттеген кезде әртҥрлі әдістерді қолданады. Барлық әдістер жалпы, қосымша және арнайы (инструменталды, зертханалық) болып бӛлінеді. Жалпы әдістерді әрбір малға, ауруға байланыссыз міндетті тҥрде жасайды. Жалпы зерттеуді жасап болғаннан кейін ғана, дәрігер арнайы немесе қосымша тексеру әдістерін ҧсынады. Клиникалық жалпы әдіс-тәсілдер. Клиникалық жалпы әдіс-тәсілдерге қарау әдісі (көру), пальпация (сипау), перкуссия (соғу, нұқу), аускультация (тыңдау) және термометрия (дене кызуын өлшеу) тәсілдері жатады. Қарау - inspectio - ең қарапайым тәсіл. Қарауды жарық жерде жҥргізеді. Малды қарап зерттеген кезде басынан аяғына дейін ҥстінен, артынан, жан-жақтан байқайды. Пальпация - palpatio - қолдың сезімі арқылы жҥргізілетін тәсіл. Пальпация сыртқы және ішкі тҥрлерге бӛлінеді. Сыртқы пальпация ӛз алдына беткейлік және терең болады. Беткейлік сыртқы пальпация кезінде алақанды тексерілетін жерге сипап, басып, дененің қызуын, ылғалдылығын, сезімталдығын және ауырсынуын анықтайды. Терең сыртқы пальпацияны бірге қосылған саусақтармен тексерілетін жерге перпендикулярлы қатты басып, ағзалардың кӛлемін, пішінін, консистенциясын, ҥстіңгі беткі қасиетін, ауырсынуын т.б. зерттеуге болады. Ішкі пальпацияны тік ішек арқылы құрсақ қуысының ағзаларын зерттеген кезде іске асырады. Ішкі пальпацияға ауыз, мұрын қуысын тексеру, ларингоскоп, риноскоп, эндоскоп аспаптармен қолданылатын тәсілдер жатады. Перкуссия - percussio - малдың денесін соққылау кезіндегі пайда болатын дыбыстардың өзгеруін анықтайтын тәсіл. Перкуссия тәсілі екі түрге бөлінеді: тікелей және жанама. Тікелей перкуссияны саусақтың ұшымен тікелей малдың ҥстінен соққылап жасайды. Жанама перкуссия дигиталды және инструменталды болады. Дигиталды перкуссия - бір қолдың саусағын малдың тексерілетін жеріне басып, екінші қолдың саусағымен оның ҥстінен соққылайды. Инструменталды перкуссияны жасаған кезде плессиметр аспабын малдың денесіне басып, ҥстінен перкуссиялық балғашықпен соққылайды. Аускультация - auscultatio -дене мүшелерінің қозғалысынан пайда болатын дыбыстарды тыңдау. Тыңдау үшін арнайы кұралдар пайдаланылады, яғни стетоскоп, фонендоскоп, стетофонендоскоп немесе малдың үстіне сүлгі жауып тікелей ққлақпен естиді. Термометрия - (грек сөзінен therme - жылу, metreo - өлшеу) - ауру малды зерттеген кездегі қажетті әдіс. Кейбір ішкі ауруларында дене қызуының жоғарылауы немесе тӛмендеуі клиникалық белгілерінен бұрын байқалады. Жұқпалы ауруларда жаппай (бірін қалдырмай) термометрияны ауырып қалған малдарды айқындап табу әдіс ретінде қолданады .

Жалпы зерртеуге малдың габитусын, кілегей қабықтарын, сыртқы лимфа бездерін, жүні мен терісін және дене қызуын өлшеу әдістері жатады. Габитус туралы түсінік. Габитус дегеніміз - малдың сыртқы түрі. Габитусқа мына сыртқы белгілері жатады: кеңістікте өзін-өзі ұстау қабілеті, дене құрылымы, қоңдылығы, дене бітімі (конституция), темпераменті (сыртқы әсерлерді сезгіштік).Малдың кеңістікте өзін-өзі ұстау қабілеті табиғи және амалсыздан немесе еріксіз болып бөлінеді. Мысалы, сау жылқы негізінен үш аяқтап тұрады, ал төртінші артқы аяғын алма-кезек алмастырып тұрады. Сау сиыр барлық уақытта төрт аяқтап тұрады, ал күйіс қайтарғанда бір жамбастап жатады. Түйе тұрғанда төрт аяқтап, ал күйіс қайтарып, демалған кезде шөгіп жатады. Ауру малда амалсыз жату немесе тұрып тұру белгілері кездеседі. Еріксіз тұрып тұру негізінен өкпе қабынғанда, жүрек қабы жарақаттанғанда, сіреспе ауруымен ауырғанда, еріксіз жатып қалу малдың аяқтары, омыртқа жұлыны зақымданып жарақаттанғанда білінеді. Еріксіз қозғалыстар малдың ми, мишық және есту мүшелері зақымданғанда болады.Дене құрылымы сүйек пен еттің жетілу дәрежесіне қарай анықталады. Малдың дене құрылымы күшті, орташа және әлжуаз болып бөлінеді.Малдың қоңдылығы жоғары, орта, ортадан төмен және арық болып бөлінеді. Арықтаудың ең ақырғы шегі кохексия деп аталады.Дене бітімі төрт түрге бөлінеді: сөлекет, нәзік, тығыз және борпас немесе болбыр. Сөлекет дене бітімді мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді, ауруға көп шалдықпайды. Нәзік дене бітімді мал өнімтал, жүйрік, сүтті және етті-жүнді болады. Болбыр бітімді мал мінезі жуас, тез семіреді, зат алмасу құбылыстары баяу жүреді. Тығыз дене бітімді мал әрі өнімді, әрі төзімді болып келеді. Тәжірибеде дене бітімді мықты мал, ауруға да берік, қажырлы, өнімді және терісі мен түгі тез жетіледі. Темперамент дегеніміз - малдың әр түрлі сыртқы әсерлерді сезгіштігінің тездігі мен реакция дәрежесі. Малда оны өткір(қызу) және флегматикалық(жасық) түрлері кездеседі. Тері мен тері асты қабаттарын тексеру. Тері мен тері асты қабаттарын зерттеген кезде қарау пальпация, перкуссия және сыналы тесуді жасау қолданылады, терінің жұқпалы аурулары болған жағдайда микроскопия пайдаланылады.Теріні тексеріп зерттегенде, ең алдымен терінің түгі мен түсін, ылғалдылығын, иісін, қызуын және серпімділігін анықтайды. Содане сол патологиялық өзгерістеріне көңіл аударады, яғни тері көлемінің үлкеюі (ісуі, сары су жиналуы, желденуі, қыртыстануы), бөртуі мен бүтіндігінің бұзылуы.Тері бүтіндігінің бұзылуына тырналу, сыдырылу, жырылу, тесілу, ойылуы және тыртықтанып бітуі жатады. Малға жақындау мен оны ұстау ережелері. Ауру малды жайлап сипап, ұрмай, соқпай, үркітпей және айқай-шусыз жақындар ұстау керек. Малға жақындау үшін әр малдың ерекщеліктерін білу қажет. Жылқыға алдыңғы жағынан таяп келіп, жүгеннің алқымынан ұстайды. Егер жылқы тыныш тұрмаса, онда жоғарға ерніне немесе құлақтың түбіне бұрау немесе қамшының бауын салып бұрайды, сондай-ақ аттың басын және алдыңғы бір аяғын жоғары көтеріп тұрады. Ірі қара малға мойынның жанына келіп екі қолмен мүйізден ұстайды , егер мал тынышсызданса, онда мұрын қуысының шеміршегін қолмен немесе мұрынға арналған қысқышпен қысады. Түйеге алдыңғы аяғының тұсынан өте сақтықпен таяп келіп ноқтадан ұстау қажет. Түйені шөгеріп, алдыңғы және артқы аяқтарын жіппен буып тасау керек. Тынышсыз түйелерге мұрындық кигізеді. Қой мен ешкілерді артқы аяғынан немесе мойнынан ұстайды. Тексеру кезінде мал иесі мойыннан немесе мүйізден ұстап тұрады. Итті тексерген кезде қандай жуас ит болсын, оған тұмылдырық кигізу қажет, егер тұмылдырық жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіндінің бір ұшын желкенің шоқтығынан байлау керек. Үй құстарын тексеру үшін бір қолмен қанатынан, ал екінші қолмен аяғынан немесе мойнынан ұстау қажет. Малдың кілегей қабықтарын зерттеу. Жалпы зерттеуде малдың конъюктивасын (көздің дəнекер қабығы), мұрын, ауыз жəне қынап кілеоей қабықтарын қарай арқылы тексереді.Терең жатқан кілегей қабықтарды тексеру үшін арнайы аспаптар қолданады ( риноскоп, рефлектор, ларингоскоп, қынап айнасы). Малдың кілегей қабықтарын зерттеренде түсіне, ылғалдылығына, ісуіне, іріңдеуіне назар аударылады. Сау малдың кілегей қабықтары ашық қызыл түсті, сəл сұрланған, іріңсіз жəне ісіксіз болады. Мал ауырғанда кілегей қабықтың түсі өзгереді, яғни қызарады, сарғаяды, көкшіл жəне бозғылт тартады. Жылқының кеңсірігінің кіленей қабығы - ашық қызыл, сіл көкшіл тартып тұрады. Қынаптық кілегей қабығы ашық қызыл, сəл ғана сарғыш тартып тұрады. Ірі қара малды көздің дəнекер қабығы ашық қызыл күңгірт, қынап, ауыз, мұрын кілегей қабықтары сəл сарғыш тартып тұрады. Кілегей қабықтың ісінуі мен қоймалжың іріңнің басып қалуы көбінесе ауыз, мұрын, көз кілегей қабықтары қабынғанда білінеді.Көзден жас, мұрыннан су, ауыздан сілекей жəне қынаптан сұйық зат ағуы оларлың кілегей қабықтары қабынғанда, ауыз жəне басқа ауруларда байқалады. Кілегей қабықтан аққан сұйық зат (экссудат) аурудың түріне, жітілігіне қарай шырышты, ұйыма жəне іріңді болып бөлінеді. Малдың лимфа бездерін зерттеу. Патологиялық процестің дамуында лимфа бездері көбінесе өзгерістерге ұшырайды, өйткені оларғы қабыну ошағынан инфекция қоздырушылар, токсиндер лимфа ағысымен келіп түседі. Кейбір жағдайларда лимфа бездерінің өзгеруі диагноз қойған кезде аурудың ең басты белгісі болып келеді ( сақау ауруында, лейкоз, жіті жұқпалы ауруларында).Бездерді қарап, пальпациялау кезінде олардың көлеміне (үлкендігіне), пішініне, жұмсақ-қаттылығына, қозғалғыштығына жəнее сол безді жауып тұрған терінің қызуына көңіл бөледі. Жылқының жақ асты, щап бездерін, сиырдың, қойдың, ешкінің жақ асты, жауырын алдындағы, шап жəне желін бездерін, иттің шап безін тексеруге болады. Лейкоз, туберкулез ауруларында барлық бездердің көлемі үлкейеді. Сол кезде басқа бездерді сипап табуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аурулардың синдромдары
ІШКІ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА РЕНГИНОЛОГИЯСЫМЕН пәніне арналған оқу-әдістемелік құралы
Көкірек қуысын зерттеудің клиникалық маңызы
Індетке қарсы шаралар туралы түсінік
Жануарлар гаметогенезі
Ветеринария тәжірибесінде қолданылып жүрген мал бруцеллезіне қарсы шаралар жүйесі
Дәрілік заттар түрлері
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының табиғаты және ауа-райының ерекшелігі
Жылқының сальмонеллез індетін алдын алу үшін біздің елде және шет елдерде
Індетке қарсы шаралар туралы
Пәндер